Country report цифрлық медиалар картасы



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет38/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
8 4
5.3.  Телекоммуникациялар
5.3.1. Телекомдар мен жаңалықтар
Телекоммуникациялар  секторындағы  негізгі  ойыншы – «Қазақтелеком»  АҚ-ы 2010 жылдың 
жазында IPTV қызметтерін іске қосты. Ол қызметтер iD TV маркасымен көрсетіледі жəне бүгінгі 
күні нарықтағы жалғыз IPTV-қызметтер болып қалып отыр.  Осы кезде GSM-оператордың үшеуі 
де – Kcell, Beeline жəне Tele-2 –  3G қызметтерін ұсынады, бірақ олардың біреуі де əзірше ұтқыр 
теледидарды іске қоса қойған жоқ.
Қазақстанда 134 кабельдік  оператор – өздерінің  пакеттерінде  шетелдік,  ең  алдымен,  ресейлік 
телеарналарға ықылас білдіретін  жеке компаниялар. Кабельдік операторлардың ішіндегі негізгі 
ойыншылар – «Алма-ТВ», «Digital TV» жəне «ICON». 2000 жылдардың ортасында операторлар 
Алматы  қаласында  жəне  бірқатар  басқа  қалаларда  интернет  қызметтерін  көрсете  бастады. 
Олардың  кейбіреулері  жаңалықтар  контентімен  емес,  көбінесе  ойындар  мен  сауық-сайран 
контентімен алмасу үшін өз хабтарын құрған-ды. Операторлардың ешқайсысы жаңалықтардың 
меншікті онлайн-БАҚ-тарын немесе кабельдік телеарналар құрмады.
Соңғы  жылдары  кабельдік  желілер  бойынша  таратылатын  жергілікті,  белгілі  бір  дəрежеде 
шектеулі арналардың қарқынды өскені байқалды. Бұлар – жеке меншіктегі спорттық, музыкалық 
жəне  діни  арналар.  Мемлекеттік  «Мəдениет»  жəне  «Балапан»  тақырыптық  арналары  жерсерік 
арқылы  хабар  таратудың «OTAU TV»  ұлттық  желісі    жəне  көбінесе  кабельдік  операторлар 
бойынша таратылады. Жеке меншіктегі аймақтық телеарналар, əдетте, олар таратылатын ауданда 
кабельдік  операторлар  ұсынатын  пакеттерге  енгізіледі,  ол  кезде  реттеуші  құжаттарда  ондай 
талаптар болмайды. 
5.3.2. Телекоммунациялық  операторлардың  жаңалықтар  берушілерге 
қысым жасауы
Бұрын заңнама кабельдік операторлардан өз пакеттеріне жалпыұлттық арналарды енгізуді талап 
етпеген, сондықтан кейбір мемлекеттік арналар олардан бағдарламаларын таратқаны үшін ақы 
төлеуді талап ететін.  Кабельдік операторлардың пайымдауынша,  бұл контенттің ақысын салық 
төлеушілер  əлдеқашан  төлеп  қойғандықтан,  енді  тегін  берілуге  тиіс.
187
  Сонымен  қатар  кейбір 
кабельдік операторлар арналардан олардың бағдарламаларын таратқаны үшін ақы төлеуді талап 
еткен. Сөйтіп, мысалы, «Алма-ТВ» операторы бір коммерциялық арнадан айына 1,2 млн. теңге   
(8 мың АҚШ доллары) сұраған.
188
Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы  Антон 
Шин  айтқандай,  кабельдік  операторлар  мен  телеарналар  арасындағы  өзара  заңдық    қарым-
187  Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ., 
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
188 Tengrinews.kz, 
«Қазақстандық телеарналар «Алма-ТВ-да» бағдарлама орналастыру бағасын жоғары деп санайды», 2012 жылғы 
қыркүйектің 7-сі, http:///tengrinews.kz/ru/kazakhstan_news/220311 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 17-сі).


8 5
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
қатынастар  əрбір  жеке  жағдайда  жүргізілетін  келіссөздердің  нəтижесіне  байланысты.  Кейде 
хабар таратушылар операторларға олардың арналарын пакетке енгізгені үшін ақы төлеген, басқа 
жағдайларда  оператор  оны  өз  пакетіне  енгізгені  үшін  арнаға  ақы  төлеген.
189
    Əдетте,  ойыншы 
(кабельдік оператор немесе арна) қаншалықты ірі болса, контентті бергені немесе таратқаны үшін 
ақы талап ету ықтималдығы көбірек болады. Мысалы, міндетті қолжетімдік пакеті (ағылшынша – 
must-carry)  арналарының  тізбесі  бекітілген 2013 жылғы  қаңтарға  дейін,  төрт  мемлекеттік 
– «Хабар», «Қазақстан», «Ел  Арна»  жəне «Kazakh TV» арналарының  пакеті  үшін  аймақтық 
кабельдік оператор айына 22 мың теңге (145 АҚШ доллары) төлеген.
190
2010 жылы дау-дамай парламентке дейін жетіп, парламент депутаты Дарья Клебанова үкіметті 
кабельдік  операторлардың  қызметіне  бақылау  жасауға  шақырды.
191
  Сөйтіп, 2013 жылғы 
қаңтарда  үкімет  кабельдік  желілерде  таратылатын  міндетті  телеарналардың  тізбесін  бекітті 
(7.1.1.3-тармақты қараңыз). 
Бірқатар жағдайларда кабельдік операторлар шетелдік контентті сүзгіден өткізіп отырды. Мысалы, 
елде ресми түрде тыйым салынбағанмен, Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігінің компания-
дистрибуторларды  «жауапкершілік  танытуға»  жəне  «Борат:  Қазақстанның  даңқты  ұлтының 
пайдасына  Американы  мəдени  зерттеу»  атты  «қорлайтын  кинофильмді»  елде  көрсетпеуге 
шақырған  ескертуінде  айтылып  өтті.
192
  Бұл  фильмді  цензураға  (бақылауға)  алу  туралы  ресми 
ұйғарымның жоқтығына қарамастан, Шин мырзаның жорамалы бойынша, бұл жағдайда кабельдік 
операторлардың  өзіндік  цензурасы  немесе  фильмді  қайталап  көрсетуге  авторлық  құқықтың 
болмауы орын алған. Нақ осы өзіндік цензура операторларды өз пакеттеріне белгілі бір арналарды 
енгізуден  бас  тартуға  мəжбүр  етеді.  «Бірақ  авторлық  құқық  мəселесі  көбінесе  бағдарламалық 
пакеттен  тұтас  арналарды  немесе  бағдарламаларды  алып  тастауға  əкеліп  соқтырады», – дейді 
Шин мырза.
193
«БАҚ туралы» жəне «Жарнама туралы» ҚР Заңдары
194,195
 шетелдік телеарналардағы жарнамалық 
хабарламалардың  мазмұнына  (мысалы,  ішімдік,  темекі  жəне  тағы  басқаларының  теледидарда 
жарнамаланылуына)  шектеулер  қояды,  бірақ,  Шин  мырзаның    айтуынша,  олардың  сақталуын 
қадағалап  отыру  қиын.  Егер  келісім-шартта  рұқсат  етілсе,  кабельдік  операторлар  жергілікті 
189  Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ., 
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
190 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 8-і.
191 Tengrinews.kz, 
«Депутат мемлекетті кабельдік арналарды бақылауға алуға үндейді», 2010 жылғы қарашаның 12-сі, http:///ten-
grinews.kz/kazakhstan_news/68815/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның  7-сі). 
192 Gazeta.ru, «Көшпенді» – Бораттың  жауы», http://www.gazeta.ru/culture/2006/0925/kz_857491.shtml?kz857491 (қолжетімді  күн: 
2012 жылғы қазанның 19-ы).
193  Кабельдік операторлардың «Азия» Халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Алматы қ., 
2013 жылғы қаңтардың 4-і.
194  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы  шілденің 23-індегі  № 451-1 «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»  Заңы (2012 
жылғы қазанның 7-індегі өзгертулермен жəне толықтырулармен). Ары қарай – «Бақ туралы» ҚР Заңы. http://www.online.zakon.
kz/Document/?doc_id=1013966 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі). 
195  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы желтоқсанның 19-ындағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңы, http://www.online.zakon.
kz/Document/?doc_id=1045608 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау