Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет39/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
8 6
заңнамамен  тыйым  салынған  жарнаманы  өз  жарнамаларымен  ауыстырады. «БАҚ  туралы» 
ҚР  Заңына  сəйкес,  мерзімдік  басылымдар  өз  қызметтерін  бастамас  бұрын,  жергілікті  атқару 
органдарын эротикалық сипаттағы материалдардың жарияланатыны туралы хабардар етуге тиіс.
196
5.4.  Қорытынды
Қазақстанда  жиіліктер  үшін  нақты  бəсеке 1990 жылдардың  басынан  бері  болмаған.  Бəсекеден 
азат  саяси  жүйенің  орнатылуымен  бірге,  электрондық  БАҚ-тар  үкіметтің  тікелей  бақылауына 
түсті,  ал  кейбір  тəуелсіз  хабар  таратушылар  нарықтан  ығыстырылып  шығарылды.  Хабар 
тарататын БАҚ-тар бүгінгі таңда үкіметке немесе функционерлерге жəне билеуші топқа жақын 
бизнес-құрылымдарға  тиесілі.  Соңғы  бес  жылда  нарықта  пайда  болған  жаңа  телеарналар  мен 
радиостанциялар да биліктің бақылауына жатады деп саналады.
Он  жылдан  астам  уақыт  бойы  жиіліктерге  тəуелсіз  үміткерлер  болмады,  ал  жиілік  шоғырын 
бөлу үдерісі мемлекеттің араласуынсыз өтпейді. Конкурстардың өткізілуіне жауапты теле-радио 
хабарларын  дамыту  мəселелері  жөніндегі  комиссияны,  сірə,  қазіргі  уақытта  реттеуші  болып 
отырған Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне бағынатын саясаттанған институт деуге болатын 
шығар.
Дегенмен жерүсті хабар таратуға, атап айтқанда, кабельдік жəне жерсерік арқылы хабар таратуға 
балама  болып  табылатын  платформалардың  пайда  болуы – белгілі  бір  дəрежеде  мемлекеттің 
саясатында жиіліктер шоғырын бөлу бойынша шектеулерді азайтты.
Шамасы, жиіліктерді бөлу ережелері аналог хабар тарату заманында қолданыста болған ережелерге 
ұқсас болап қалар. Теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуға көшу барысында қоғамның 
мүдделері,  сірə,  ескеріле  қоймас.  Дəл  қазіргі  уақытта  əлі  күнге  дейін  «цифрлық  дивидендтің» 
қалай бөлінетіні айқын емес.
Егер  электрондық  БАҚ-тармен  жұмыс  істеудің  қалыптасқан  іс-тəжірибесі  сақталатын  болса – 
əсіресе  жиіліктер  шоғырын  бөлу  мəселесінде – азаматтық  қоғам  мен  бизнестің  шешімдер 
қабылдау  үдерісіне  қатысуы  үлесі  тым  мардымсыз  болмақ.  Теле-радио  хабарларын  таратуды 
дамыту жөніндегі комиссия құрамындағы саяси шарттан туған қателік биліктің үкіметтік емес 
ұйымдардың қатысуын кеңейтуге құлықсыз екенін дəлелдейді.
Қоғамның  теле-радио  хабарларын  цифрлық  тəсілмен  таратуға  көшу  жөнінде  өте-мөте  нашар  
хабардар  болуына  байланысты,  жоғарыда  аталған  мəселелердің    кең  де  ашық  талқылануы 
ықтималдығы тым аз.
 
196 «БАҚ туралы» ҚР Заңының 14-бабы, 2.1-тармақ.


8 7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
6. Цифрлық дəуірдегі медиа-бизнес  
6.1.  БАҚ-қа меншік құқы
6.1.1. Заңнамадағы өзгертулер
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына меншік құқын реттейтін жекелеген заңдар немесе 
заң нормалары жоқ. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның («БАҚ туралы» Заң) 5, 7 жəне 
8-баптары:  БАҚ-тардың  меншік  иелерінің,  редакторлардың,  баспагерлердің,  журналистердің, 
таратушылардың  құқықтары  мен  міндеттерін  айқындайды.
197
  Бір  мезгілде  жеке    тұлға  немесе 
заңды тұлға иелене алатын басылымдар саны шектелмеген. Тікелей иеленушілерді атап көрсетуді 
міндеттейтін заң нормаларының болмауы себепті, БАҚ нарығында ашық айқындық жоқ.
198
 
БАҚ-тардың  иелері  меншік  құқықтарын  қорғау  тұрғысында  қолданылып  жүрген  заңнамаға 
бағынады.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  (ары  қарай – Азаматтық  кодекс) 
сəйкес, барлық иеленушілер (медиа-бизнестің ғана емес, ұйымдардың да), жеке тұлғалар салық 
заңнамасын жəне монополияға қарсы заңнаманы қатаң сақтауға тиіс. Азаматтық кодекс сондай-
ақ меншік иелерін БАҚ иеленушінің
199
 үстемдік немесе басқадай басымдық жағдайынан (заңда 
басымдыққа ие жағдайдың анықтамасы жоқ)  залал шегуі мүмкін жеке тұлғаның жəне мемлекеттің 
құқықтары  мен  мүдделерін  құрметтеуді  міндеттейді.  БАҚ-тарды  осы  жағдайды  бұзғаны  үшін 
айыптау болған емес.
2004  жылы  Мəдениет,  ақпарат  жəне  спорт  министрлігі  «Қазақстан  Республикасындағы  сөз 
бостандығына кепілдіктер беру туралы» Заң жобасын əзірлеуге бастама көтерді. Бұл заң жобасының 
16-бабына сəйкес, медиа-компаниялар жыл сайын олардың иелері жəне меншік құрылымындағы 
197  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы  шілденің 23-індегі  № 451-1 «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»  Заңы (2012 
жылғы қазанның 7-індегі өзгертулермен жəне толықтырулармен; ары қарай – «БАЭҚ туралы» ҚР Заңы),  http://online.zakon.kz/
Document/?doc_id=1013966 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
198  Сонда. 6-баптың 1,2-тармақтары.
199  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 188-бап, http://www.pavlodar.com/zakon/index.html?dok=00002 (қолжетімді күн: 
2012 жылғы қазанның 3-і)


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
8 8
барлық өзгертулер туралы жариялап отыруға тиіс болған-ды. Аталған заң жобасы парламенттің 
қарауына берілмеді де, оны талқылау 2005 жылы тоқтап қалды.
200
БАҚ-тардың меншіктерін шоғырландыруға арнаулы шектеулердің болмауы Қазақстанның медиа-
нарығында  азғантай  ықпалды  адамдардың  басымдық  алуына  жеткізді.  Қазақстанның  медиа-
альянсының төрағасы Əділ Жəлилов көпшіліктің медиа-нарықты көбінесе «бəсекелес емес, əрі 
пайда  келтіруі  неғайбыл»  нарық  ретінде  сипаттаған  пікірімен  келіседі.
201
    «Медиа-стандарттар 
институты»  қоғамдық  қорының  сарапшысы  Ержан  Сүлейменовтің  сөзі  бойынша,  көпшілік 
БАҚ иеленушілері медиа-бизнеспен ақша табу мақсатында айналыспайды: «Олар – саясаттағы 
немесе өнеркəсіп саласындағы танымал  тұлғалар, сондықтан медиа саласындағы ірі жобалардың 
көпшілігіне саяси мүдделер түрткі болады».
202
Онлайн-БАҚ-тардың меншік иелерімен жағдай тіпті айқын емес. Қолданылып жүрген заңдарда 
интернет-ресурстың  иеленушісінің  кім  екені:  домендік  атаудың  немесе  сервердің  меншік  иесі 
туралы дəл анықтама жоқ. Бұл жағдай 2010 жылы, Қазақстанда мейлінше танымал CT.kz («Центр 
тяжести») онлайн-форумының екі иеленушісі осы интернет-ресурсқа деген өз құқықтарын сотта 
даулаған  кезде  айқын  байқалды.  Дмитрий  Зимин  бұл  форумды 2000 жылы  құрған,  бірақ 2007 
жылы жобаға Ержан Исабаевты шақырған. Олар бірлесе «New Line Media»  ЖШС-ін құрып, оған 
домен жəне «Центр тяжести» деген сауда маркасын тіркетті. 2009 жылы Д.Зимин «Центр тяжести» 
сауда  маркасын  өз  атына  қайтадан  тіркетіп,  Е.Исабаевты  серіктестіктен  шығарды. 2011 жылы, 
ұзаққа созылған сот істерінен кейін, тараптар келісімге қол қойып, соған сəйкес Е.Исабаевтың 
меншік  құқы  толығымен  қайтарылды.
203
  Бұл  жағдай  онлайн-ресурстарға  меншік  құқықтарына 
қатысты  нарыққа  қатысушылардың  барлығының:  үкіметтің,  жеке  тұлғалардың,  интернет 
пайдаланушылардың жəне БАҚ-тардың өздерінің арасында түсіністіктің жоқтығын көрсетті.
БАҚ-тарға  меншік  құқықтарын  реттейтін  заңнаманы  жетілдіру  мəселелері  жария  түрде  сирек 
талқыланады. «Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  Заңды
204
  талқылау  барысында  2010-
2011  жылдары  медиа  саласындағы  мемлекеттік  емес  ұйымдар  БАҚ-тар  нарығын    жеке-дара 
иемдену, яғни монополиялау мəселесін көтерген-ді. 2012 жылы, ЕҚЫҰ-ның бағалауы бойынша,  
«БАҚ  саласындағы  меншіктерді  шоғырландыру  мəселесін  қарамайтын»
205
  заң  қабылданғаннан 
кейін, азаматтық қоғам осы ережелердің қабылдануы үшін күресуді жалғастырды. Жақсыбаева 
200  Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы  шілденің 23-індегі  «Қазақстан  Республикасында  сөз  бостандығына  кепілдіктер 
туралы» Заң жобасы, http://www.natkaz.kz/doc/zp_svs.pdf (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы)
201  Қазақстанның Медиа одағының (альянс) төрағасы Əділ Жəлиловпен сұхбат, Алматы, 2010 жылдың қарашасы.
202 «Медиа  стандарттар  институты»  қоғамдық  қорының  сарапшысы  Ержан  Сүлейменовпен  сұхбат,  Алматы, 2010 жылдың 
қарашасы.
203  Nur kz, «Центр  тяжести»  айналасындағы  дау-дамай  аяқталды», 2011 жылғы  наурыздың 15-і, http://news.nur.kz/178890.html 
(қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
204  Қазақстан Республикасының «Теле-радио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы қаңтардың 18-індегі № 545-IV Заңы,  http://
online.zakon.kz/Document/?doc_id=31114820&mode=all (қолжетімді күн:2012 жылғы маусымның 12-сі).
205  А.Рихтер,  Қазақстан  Республикасының  «Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  Заңының  жобасына  түсіндірмелер (2011 
жылғы сəуір, сол жылғы қыркүйектегі толықтырулармен), 26-бет, http//www.osce.org/fom/85484 (қолжетімді күн: 2012 жылғы              
қазанның 3-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау