Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет48/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 0 6
«Интернет  туралы»  ҚР  Заңы  қабылданбастан  бұрын-ақ  мемлекет  онлайн-контентті  реттеуге 
тырысқан. 2007 жылы сайттарды жауып тастау сыбайлас жемқорлық істері туралы ақпараттың 
таралып кетуін тоқтату шарасы ретінде қолданылған. «Əділ сөз» қоғамдық қорының ақпараты 
бойынша, 2007 жылдың қазанында «Қазтелеком» АҚ-ы  жоғары орындарда отырған шенеуніктердің 
телефонмен сөйлескен сөздерін жазып алып таратқан төрт ірі: Zonakz.net, Kub.kz, Geo.kz жəне 
Inkar.info сайтын жауып тастады.
278
 Бұл фактілердің жұртшылыққа ашық əшкереленуі билікті өз 
атына сын айтылуының жолын кесу үшін заңнамалық шаралар қабылдауға мəжбүр етті.
Атап айтқанда, Kub.kz заңдық негіздерде жабылды.  Мемлекеттік реттеуші Kub.kz-тің тіркелуі 
қазақстандық  домен  сайтының  сервері  шын  мəнінде  елдің  шекарасынан  тыс  жатқаны  себепті 
кері қайтарылды: қазақстандық заңда бұған тыйым салынған.
279
 208 жылдың шілдесінде сайтта 
жарияланған  материалға  берілген  түсіндірме  үшін Posit.kz-ті  жабу  оқиғасы  орын  алды.  Бұл 
түсіндірме ұлтаралық араздық тудыру фактісі ретінде бағаланды.
280
 
Соған  ұқсас  мысал – танымал  блог-платформа LiveJournal алғаш  рет 2008 жылы  «Интернет 
туралы» Заң əлі күшіне енбей тұрғанда жабылған.
281
 2010 жылдың қарашасында сайт əкімшілігі 
Рахат  Əлиевтің  жоғарғы  орындарда  отырған  қазақстандық  шенеуніктердің  телефон  арқылы 
сөйлескен  сөздерін  жазып  алып,  сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  əшкерелейтін  құжаттарды 
жариялаған блогын «тоқтатып» тастады.
282
2011  жылғы  тамызда LiveJournal-ға  кіру  мүмкіндігі  тағы  да,  бірақ  бұл  жолы  сот  шешімімен, 
жабылып  қалды.  Сот  кейбір  аккануттардың  діни-экстремистік  бағыттағы  ақпарат  таратқанын 
айыптады.
283
 LiveJournal-дың  баспасөз  хатшысы  Светлана  Иванникова  «компанияның  нақты 
қандай эккаунттардың экстремистік екенін көрсететін жəне оларды алып тастауды талап ететін 
ешқандай ресми  хабарламалар алмағанын» мəлімдеді.
284
Заңгер  Əбділмəжит  Жұмағұловтың  пікірі  бойынша,  БАҚ-қа  қарсы  сотқа  талап-арыз  берместен 
бұрын, арызданушы сайттың əкімшілігіне жағдайды түсіндіріп хабарлама жолдауға жəне заңға 
278 «Əділ  сөз»  қоғамдық  қоры, «Интернеттің  жай-күйіне  мониторинг  жəне  Қазақстанда 2007 жылдың  қазанында  интернет 
пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуы», 2007 жылғы қазан, http://old.adilsoz.kz/index.php?lan=russian&id=702 (қолжетімді 
күн: 2013 жылғы қаңтардың 13-і).
279 Freeas.org, 
«Қазақстанда Бораттың артынан КУБ-қа тыйым салынды», 2007 жылғы қазанның 23-і, http://www.freeas.org/index/
stats.php?nid=7468 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 13-і). 
280 Zacon.kz, 
Бас  прокуратураның  баспасөз-релизі, 2008 жылғы  шілденің 4-і, http://www.zakon.kz//115515-o-priostanovlenii-sajjta-
www.posit.kz.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы  қаңтардың 13-і). 
281 Lenta.ru, 
«Қазақстанда  ТЖ-ға  қолжетімдік  тоқтатылды», http://lenta.ru/news/2008/10/09/kazakh/ (қолжетімді  күн: 2013 жылғы 
қаңтардың 13-і).
282  Ə.Нұрмақов, «Қазақстан: Livejournal екі жылғы тоқтаудан кейін іске қосылды», GlobaVoicesOnline, 2010 жылғы қарашаның 17-
сі, http://globalvoicesonline.org/2010/11/17/kazakhstan-livejounal-unblocked-after-2-years-of-fi ltering/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы 
қарашаның 1-і).
283 Neweurasia.net, 
«Қазақстан  діни  экстремизммен  күресу  мақсатында  сайттарды  жауып  жатыр», 2011 жылғы  қыркүйектің 9-ы, 
http://www.neweurasia.net/media-and-internet/kazakhstan-blocks-websites-to-battle-religious-extremism/ (қолжетімді  күн: 2012 
жылғы қаңтардың 24-і).
284 IFEX, 
«Livejournal 
порталы жəне бірнеше блог тоқтатылды», 2011 жылғы қыркүйек, http://www.ifex.org/kazakhstan/2011/09/02/
Liveiournal_suspended/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі). 


1 0 7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
қайшы контентті алып тастауды өтінуге тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, ол сайттың меншік 
иесіне немесе домендік есімге сұрау сала алады. Келесі қадам ҚР Бас Прокуратурасы немесе ҚР 
Ішкі істер министрлігі сияқты құқық қорғау орындарына шағымдану болмақ.
285
2012 жылдың сəуірінде Астана қаласының Есіл ауданының соты азамат Анатолий Утбановтың 
арызын  қарау  барысында  сайтты  жауып  тастаудың  заңдылығын  растады.  Аталған  азаматтың 
айтуынша, бүкіл сайтты жауып тастау дұрыс шешім емес, өйткені соттың шешімі блог-платформа 
аккаунттарының  біріне  ғана  қатысты  болған.  Сот  тыңдалымдары  барысында  Мəдениет  жəне 
ақпарат  министрлігінің  өкілі  осындай  іс-əрекеттердің  себебі  ретінде  жекелеген  аккаунттарды 
сүзуден өткізудің жəне алып тастаудың техникалық мүмкіндіктерінің жоқтығын айтып өтті, бірақ 
сонымен бірге ондай мүмкіндік 2012 жылдың шілдесінде пайда болуға тиіс екенін де хабарлады.
286
Əлі күнге дейін ондай технологияның іске қосылған-қосылмағаны туралы ресми мəлімдемелер 
жарияланбады.  ҚР  Қауіпсіздік  кеңесінің  өкілі  Тəңірберген  Бапанұлының  сөзі  бойынша, 2011 
жылдың қазанында экстремистік мазмұны болғаны үшін 125 сайт жабылған.
287
Медиалық  үкіметтік  емес  ұйымдардың  құқық    қорғаушыларын  интернет  пайдаланушылардың 
«де-факто» (іс  жүзінде)  журналистерге  теңестірілуі  ерекше  алаңдатып  отыр,  ал  «де-юре» (заң 
жүзінде)  бұл  екі  терминнің  айтарлықтай  айырмашылықтары  бар. «БАҚ  туралы»  ҚР  Заңы 
журналисті  материалдар  жинау,  өңдеу  жəне  дайындау  үшін  БАҚ-қа  жұмысқа  алынған  жеке 
тұлға  ретінде  айқындайды.  Құқық  қорғаушылардың  қаупі  бекер  болмай  шықты: 2013 жылдың 
қаңтарында интернет пайдаланушылардың екеуі «жала жапты» деген айыппен бір жылға шартты 
мерзіммен  сотталды. 2012 жылдың  маусымында  Алматы  қаласы  Жетісу  ауданының  Салық 
басқармасының  екі  қызметкері  ҚР  Қаржы  министрлігінің  Салық  комитетінің  төрағасы  Əнуар 
Жұмаділдаевтің блогында өздерінің басшыларын сыбайлас жемқорлық үшін айыптап, жасырын 
хабар  жариялаған.  Тексеру  барысында  құқық  қорғау  органдары  интернет-кафеде  орналасқан 
компьютердің (хабарлама сол компьютерден жарияланған) IP-мекен-жайын анықтаған. Хабарлама 
авторларын табу үшін интернет-кафенің бақылау камерасының бейнежазбалары тексерілген.
288
«Интернет  туралы»  ҚР  Заңының  заңға  қайшы  контенттен  тұратын  БАҚ-тардың  Қазақстан 
аумағында  таратылуын сот шешімімен тоқтататын екінші бір маңызды ережесі жұртшылықтың 
назарын  оншалықты  аудара  қоймады.  Бұл  ереже  шетелдік  сайттардың  ақпаратпен  толығуын 
отандық сайттармен қатар бақылауға мүмкіндік береді.
285 Nomad.su, 
«Интернеттегі жала жабу», 2013 жылғы қаңтардың 30-ы, http://www.nomad.su/?a=13-2013года01300007 (қолжетімді 
күн: 2013 жылғы ақпанның 6-сы). 
286 Zakon.kz, 
«Сот ТЖ-ның жабылуының заңдылығын растады», 2012 жылғы сəуірдің 18-і, http://www.zakon.kz/4485779-sud-pod-
tverdil-zakonnost-blokirovki-zhzh.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы  маусымның 6-сы). 
287 Tengrinews.kz, «Қазақстан 125 сайтты  жауып  тастады», 2011 ж.  қазанның 1-і, http://tengrinews.kz/kazakshtan_news/198106/ 
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 24-і). 
288 Nomad.su, 
«Интернеттегі жала жабу», 2013 жылғы қаңтардың 30-ы, http://www.nomad.su/?a=13-2013года01300007 (қолжетімді 
күн: 2013 жылғы ақпанның 6-сы). 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау