Country report цифрлық медиалар картасы



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет54/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54

1 1 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
сондай-ақ  оларға  шабуыл  жасау  орын  алады,  дегенмен  бұндай  əрекеттер 2000 жылдардың 
басымен салыстырғанда азайды.
БАҚ-тар 90 жылдардың  соңында  үкіметтің  жəне  биліктің  айналасындағы  топтардың  қатаң 
бақылауына  қойылған-ды.  Цифрлауға  көшкеннен  көп  нəрсе  өзгере  қойған  жоқ.  Теле-радио 
жиіліктерін  бөлу  шаралары  ашық  айқындықты  талап  етеді.  Теле-радио  хабарларын  цифрлық 
форматта  таратуға  көшу  үдерісі,  алдында  айтылғандай,  ерте  сатыда  тұр  жəне  қоғамдастықтың 
шектеулі қатысуымен іске асырылып жатыр.
Жаңалықтар  берудің  сапасы  ресми  насихаттың  ақпарат  кеңістігінде  қаншалықты  үлкен  орын 
алуы ретіне қарай төмендей береді. Билікке жақын БАҚ-тармен бəсекелес дейтіндей компаниялар 
іс жүзінде көңіл көтеретін ойын-сауық контентіне көбірек бағытталады.
Заң тұрғысынан реттеу сөз бен БАҚ бостандығын  шектеу жағына қарай бет алуды жалғастырып 
келеді. «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңын жəне оның заңдық күші бар  актілерін 
еркінше түсіндіру мүмкіндігі белгілі бір қауіп тудырады. Заңдардың бірқатары сөз бостандығына 
қосымша  шектеу  қояды.  Сонымен  қатар  үкіметтің  интернет-контентті  сүзгіден  өткізуіне 
мүмкіндік  беретін  ақпараттық-коммуникациялық  желілерді  реттеу  бойынша  бірқатар  заңдарға 
енгізілген түзетулердің де белгілі бір қаупі бар. Əртүрлі интернет-ресурстарды провайдерлердің, 
атап  айтқанда,  ұлттық  оператор  «Қазтелеком»  АҚ-ының  өз  еркінше  тежейтін  əрекеттері  орын 
алады.
Медиа-нарық  мемлекеттік  тапсырыстың  бекіп  орныққан  жүйесінің  салдарынан  бизнес  заңы 
бойынша жұмыс істемейді. Үкіметке жатпайтын немесе оның қырағы бақылауындағы БАҚ-тар 
меншік иесінің немесе демеушінің қаржыландыруына ғана сенім арта алады. Кері жағдайда, егер 
мемлекеттік  тапсырысқа  сенім  артпаса,  онда  олар PR-материалдар  мен  жасырын  жарнаманың 
басқа  түрлерінің  көмегімен  табыс  табады.  Бұндай  іс-тəжірибелердің  ешқайсысы  да  БАҚ-
ты  редакциялық  тəуелсіздікке  жеткізбейді  жəне  қоғамдық  пікірдің  айналасында  ақпараттың 
плюрализмін көтермейді.
8.2.  Ертеңгі БАҚ: алдағы мүмкіндіктер
Қазақстандық  БАҚ-тардың  саяси  ахуалдың  тұтқыны  болып  қалатын  ықтималдығы  басым.  
Парламенті осал, өзі күшті биліктің басымдығы, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға елеусіз 
ғана  қатысуы  жəне  шектеу  қоятын  заңнама – осының  бəрі  елдің  ақпарат  кеңістігінде  үлкен 
еркіндікке жəне плюрализмге деген саяси ерік-жігердің жоқтығын дəлелдейді.
БАҚ  өзінің  қызметін  реттейтін  заңдардың  əртүрлі  оқылуынан  зардап  шегуі  əбден  мүмкін. 
Медиа-заңнаманы талдауға салалық үкіметтік емс ұйымдардың қатысуы қазір үкімет үшін үлкен 
дəрежеде  ресми  ғана  сипат  алып  отыр,  əрі  болашақта  да  солай  болып  қалуы  ықтимал.  Медиа 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 2 0
саласындағы  өзгерістердің  көпшілігі,  əкімшілік  шешімдер  мен  меншік  иелерінің  құрамындағы 
өзгерістерді қоса алғанда, сірə да бұрынғыдай саяси уəждерге негізделетін болады.
Саяси  тоқыраудың  мүмкіндігі  медиа-активтерді  өз  меншіктеріне  сатып  алып  жатқан  таңдаулы 
топтардың нығаюы аясында елеулі тосқауыл болып табылады. Көпшілік жағдайларда БАҚ-тар 
үкіметтің бақылауында бола отырып, биліктің жаршысы  міндетін жалғастыра береді немесе, ең 
жақсы  дегенде,  бейтарап  ұстаным  ұстанады.  Алайда  аймақтарда  жағдай  басқаша  қалыптасуы 
мүмкін. Үлкен саяси еркіндік жағдайында тұтынушылар саясаттанған жалпыұлттық контенттен 
гөрі, жергілікті өзекті  жаңалықтарды құп көреді.
Цифрлауға көшу үдерісі 2015 жылға қарай аяқталуға тиіс, бірақ нормативтік-құқықтық базаны 
əлі де дұрыстап жасап, өңдей түсу қажет. Қазіргі жағдай үкіметтің ақпарат кеңістігін бақылауда 
ұстауды  сақтап  қалатын  ниетін  көрсетеді.  Цифрлау,  өз  кезегінде,  жаңалықтар  контентін 
берушілерге бақылау орнату үшін үкіметтің күш-қуатын нығайта түседі. Оның үстіне, қоғамдық 
мүдденің ескерілуі ықтималдығы аз: оның анықтамасын қазақстандық заңнама əлі күнге дейін 
ұғым деңгейінде бекіткен жоқ.
Кабельдік  желілерде, IPTV-да  жəне  жерсеріктік  хабар  таратуда  қолжетімді  шетелдік,  бірінші 
кезекте, ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі өздерінің берік шептерін сақтап 
қалады. Сонымен қатар үкімет жергілікті, əсіресе қазақ тіліндегі контентті дамытуға инвестиция 
салуды мемлекеттік БАҚ-тарды тікелей қолдау арқылы да,  мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша 
конкурстар арқылы да жалғастыра береді.
Дау жоқ, интернеттің енуі дəрежесі ұшқыр қарқынмен арта бермек. Жаңа медиа-жобалар пайда 
болады, алайда қазіргі саяси ахуал сақталған жағдайда, БАҚ-тардың азғантайлары ғана ақпаратты 
теңгерімді түрде беруді қамтамасыз ете алады. Интернет, қоғамдық пікірталастардың мейлінше 
еркін платформасы бола отырып, өзінің өзекті жəне жедел жаңалықтардың көзі ретіндегі рөлін 
күшейтеді.


1 2 1
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
9. Ұсыныстар
9.1.  САЯСАТ
9.1.1. БАҚ-қа қатысты саясат
9.1.1.1. Заңнама жəне цифрлауға көшуді реттеу
Қиындық 
Теле-радио хабарларын цифрлық тəсілмен таратуға көшу үдерісін реттейтін басты негіздемелік 
құжат, алдында айтылғандай, 2012 жылы қабылданған «Теле-радио хабарларын тарату туралы» 
ҚР  Заңы  болып  табылады,  бірақ  онда  азаматтық  қоғамның  тұжырымдамалық  ұсыныстары 
есепке алынбады. Бұл Заңда қоғамдық мүдде теле-хабарларын цифрлық форматта таратуға көшу     
кезінде айқындаушы бағалау өлшемі болып отырған жоқ. Кезінде бұл нормативтік құжат екіұшты 
түсіну қаупін тудыратын «тым жалпылама» құжат ретінде азаматтық қоғамның сынына ұшыраған 
еді, енді, бір жағынан, қатаң мемлекеттік реттеу нысанасына айналуы мүмкін. 
Ұсыныс
Мемлекет  цифрлауға  көшу  туралы  заңдық  күші  бар  актілерді  əзірлеуге  азаматтық  қоғамның 
қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Заңдық күші бар бұл актілер қоғамдық мүдденің негізге алынатын 
түсінігін  тəртіпке  келтіруге  тиіс;  мемлекет  БАҚ-тар  тəуелсіздігінің  белгілі  бір  кепілдіктерін 
беруге,  сонымен  қатар  нарықтың  барлық  қатысушыларына  қатысты  теңқұқылы  жəне  əділетті 
бəсеке ұстанымын сақтауға тиіс. ҚР Парламенті жанынан цифрлауға көшу мониторингін жүзеге 
асыру  мақсатында  үкіметтік  емес  ұйымдардың,  салалық  ойыншылардың  жəне  техникалық 
сарапшылардың қатысуымен кеңес беретін орган құрылуы қажет. 
9.1.1.2.  Теле-радио  хабарларын  цифрлық  тəсілмен  таратуға  көшу  туралы  
жұртшылықтың хабардар болуын көтеруге арналған ақпараттық науқандар  
Қиындық 
Эфирде  теле-радио  хабарларын  цифрлық  тəсілмен  таратуға  толық  көшуді 2015 жылға  қарай 
аяқтау  жоспарланған.  Осы  уақытқа  дейін  жұртшылықпен  жұмыс  істеу  үшін  толық  көлемді 
ақпараттық науқандар жүргізілмеді, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткен 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 2 2
пікірталастар  да  кең  қоғамдық  толқу  тудырмады.  Қоғамның  алдағы  өзгерістерден,  олардың 
мақсаттарынан, қарқындары мен нəтижелерінен хабардар болуы жəне түсінуі тым жеткіліксіз.
Ұсыныс 
Жұртшылықты цифрлауға көшудің негізгі артықшылықтары жəне цифрлық құрал-жабдықтарды 
пайдалану  бойынша  нақты  кеңестер  берілетіні  туралы  хабардар  ету  мақсатында,  Қазақстан 
Республикасының  Мəдениет  жəне  ақпарат  министрлігінің    жұртшылық  арасында  түсіндіру 
науқанын өткізгені маңызды. Министрлік цифрлауға көшу туралы ақпаратты əртүрлі ақпараттық 
платформалардың, əлеуметтік желілердің жəне арнаулы тақырыптық веб-сайттардың көмегімен 
таратуға тиіс.
9.1.2. ЖИІЛІК СПЕКТРІН БӨЛУ САЯСАТЫ
9.1.2.1. Теле-радио жиіліктерін бөлудегі айқындық
Қиындық
Бірқатар саяси шектеулерге байланысты аналог дəуірінде хабар таратуды лицензиялаудың айқын 
бағалау өлшемдері болмады, ал көбінесе нарықтың үкіметке жақын ойыншыларына артығырақ 
ықылас көрсетілді. Заңдар мен теле-радио хабарларын цифрлық жолмен тарату үдерісі толықтай 
үкіметтің  бақылауында  болғандықтан,  цифрлау  дəуірінде  мемлекеттік  телеарналардың  жəне 
билікке  жақын  тұлғалардың  өздерінің  ұтымды  артықшылықтарын  пайдаланып  қалуы  əбден 
ықтимал.
Ұсыныс
Цифрлау заманында «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына теле-радио жиіліктерін 
бөлудің бағалау өлшемдері мен іс-шараларының ашықтығына кепілдік беретін түзетулер əзірленуі 
керек.  Конкурстардың  шарттары  мен    өтінімдердің  түрлерін  Теле-радио  хабарларын  таратуды 
дамыту жөніндегі комиссия ашық дереккөздерде жариялауға тиіс.
9.1.2.2. Цифрлық дивидендті бөлу кезіндегі ашықтық шаралары
Қиындық
Үкіметтің «цифрлық дивидендтің» (теле-радио хабарларын таратудың цифрлық жүйесіне көшу 
нəтижесінде  босап  қалатын  жиілік  спектрі)  қалай  бөлінетіні  туралы  ақпарат  жарияламағаны 
сияқты, қоғамдық игілік деп танылған бұл ресурстың бөлінуі тақырыбына арналған кең қоғамдық 
пікірталастар да болмады.
Ұсыныс
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Көлік жəне коммуникациялар 
министрлігі  азаматтық  қоғам  мен  осы  саланың  өкілдерін  пікірсайыстарға  қатысуға  шақыра 
отырып, цифрлық дивидендті бөлу туралы ұсынысты жұртшылыққа жария етуге тиіс. 


1 2 3
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
9.2.  БАҚ-ты ЗАҢ ТҰРҒЫСЫНАН РЕТТЕУ
9.2.1. РЕТТЕУ
9.2.1.1. Реттеуші органның тəуелсіз болуы 
Қиындық 
Реттеуші органның үкіметке тəуелді болмауын қамтамасыз ететін механизмдер жоқ. Теле-радио 
хабарларын  таратуды  мемлекеттік  реттеуді    тəуелсіз  орган  емес,  Қазақстан  Республикасының 
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің бақылауындағы Теле-радио хабарларын таратуды дамыту 
жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Қоғамда сонымен қатар тəуелсіз реттеуші органға көшудің 
қажеттігі туралы пікірсайыстар да өтпейді.
Ұсыныс 
Медиалық үкіметтік емес ұйымдар бұл мəселеге қоғамдық мүддені көтеру мақсатында бірқатар 
адвокаттық  науқандарды  бастауға  тиіс,  сонымен  қатар  реттеуші  органның  тəуелсіз  мəртебесін 
қамтамасыз ететін заңдық ұсыныстарды да алға ілгерілетуі қажет.
9.2.1.2. Интернетті реттеу 
Қиындық
Ақпараттық-коммуникациялық желілерді реттеу мəселелері жөніндегі ұлттық заңнамаға бірқатар 
түзетулер қабылдаудың нəтижесінде, блогтар, чаттар жəне əлеуметтік желілер – пайдаланушылық 
контенті басым платформалар – БАҚ-тарға теңестірілді. Сөйтіп, қатаң бақыланатын бұқаралық 
медиалармен  қатар,  интернет-кеңістік  те  үкіметтік  реттеу  нысанына  айналды.  Заңнамадағы 
өзгертулер басқаша ойлауды интернетте тұншықтырудың құралы болды. 
Ұсыныс 
2009 жылы «Интернет туралы» деп аталатын ҚР заңына қарсы шыққан медиалық ҮЕҰ, БАҚ атынан 
мүдделі  тұлғалар,  интернет-бизнестің  өкілдері  жəне  пайдаланушы  белсенділер  интернеттегі 
əртүрлі жалпыұлттық пікірталастар алаңында, оның ішінде халықаралық деңгейде де, еркіндіктің 
болуы  туралы  мəселе  көтерулері  керек.  Интернет-контенті  жауып  тастау  жəне  сүзгіден  өткізу 
фактілері жария етілуге тиіс, ал олардың себептерін азаматтық қоғам айтуы қажет. Стратегиялық 
сот ауыртпалықтарын веб-сайттардың негізсіз жабылуына қарсы шығу шараларының бірі ретінде 
пайдалануға болады.
9.3.  ҚОҒАМДЫҚ БАҚ
9.3.1. ҚОҒАМДЫҚ ХАБАР ТАРАТУҒА КӨШУ 
Қиындық
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігер салуына қарамастан, үкімет қоғамдық хабар 
таратуды  ақыры  бастамады. «Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  ҚР  Заңында  Қазақстанда 
қоғамдық теледидар құруды тəртіпке келтіретін қандай да бір ережелер жоқ. 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 2 4
Ұсыныс
Азаматтық қоғаммен ынтымақтаса отырып, үкімет қоғамдық БАҚ-тардың қызметін реттейтін заң 
жəне тиісті заңдық күші бар актілер əзірлеуі, сондай-ақ  қоғамдық БАҚ-тарды олардың меншік 
түріне сай қаржыландыру шараларын реттейтін заңнамалық база қабылдауы қажет. Заң цифрлық 
заманның талаптарына жауап беруге жəне азаматтардың ақпаратты тұтынушыларға дəстүрлі жəне 
онлайн-форматтарда  қолжетімді    қоғамдық  БАҚ-тар  арқылы  алуға  деген  қажеттілігін  ескеруге 
тиіс.


1 2 5
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
      
      Диаграммалар:
1-диаграмма:  Қала жəне ауыл халқы (халықтың жалпы санының 
 %-тік көрсеткіші), 2009 ж.  ................................................................................ 14
2-диаграмма:   Этностық құрам (халықтың жалпы санының 
 %-тік көрсеткіші), 2009 ж.  ................................................................................ 14
3-диаграмма:  Қазақ жəне орыс тілдерін білу (халықтың жалпы санының 
 %-тік көрсеткіші), 2009 ж.  ................................................................................ 15
4-диаграмма:  Дін ұстану: (халықтың жалпы санының %-тік көрсеткіші),  2009 ж.  .......... 16
5-диаграмма:  Республикалық жетекші телеарналар көрермендерінің ауқымы 
(көрермендердің жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2011 ж.  ...................... 31
6-диаграмма:   Жаңалықтар бағдарламаларының күнделікті хабар таратудағы 
 
үлесі  (телебағдарламалардың жалпы санының %-тік көрсеткіші)  .............. 42
Кестелер:
1-кесте. 
Экономикалық көрсеткіштер  ............................................................................ 17
2-кесте. 
ТВ қабылдағыштармен жəне дербес компьютерлермен 
 
жабдықталған үй шаруашылықтарының саны, 2006-2010 жж.  .................... 19
3-кесте.  
Негізгі теледабылды қабылдайтын платформалар жəне цифрлауға 
 
көшу, 2006-2010 жж. .......................................................................................... 21
4-кесте.  
Интернет (абоненттер саны халықтың жалпы санының %-тік 
 
көрсеткішімен) пен ұтқыр байланыстың енуі (қолданыстағы 
 SIM-карта саны халықтың жалпы санының %-тік көрсеткішімен)   ............ 24
5-кесте.  
Күн сайын шығатын басылымдардың алдыңғы 10-дығының 
 
рейтингі, 2009-2011 жж.  .................................................................................... 28
6-кесте.  
Апталық басылымдардың алдыңғы 10-дығының рейтингі, 
 2009-2011 
жж.  .................................................................................................... 30
7-кесте.  
Ай ішіндегі ауқымы бойынша Қазақстандағы 
 
радиостанциялардың алдыңғы 5-тігі (тыңдармандардың жалпы 
 
санының %-тік көрсеткіші), 2008-2012 жж.  ................................................... 33
8-кесте.  
Бірегей пайдаланушылардың ай ішіндегі саны бойынша жаңалықтар 
 
сайттарының алғашқы 10-дығы, 2012 жылдың қазаны.  ................................ 35
9-кесте.  
Тұтынушыларды қамту ауқымының үлесі бойынша  
 
жаңалықтардың жетекші бағдарламалары, 2009-2011 жж.  ........................... 36
10-кесте.  
Бірегей пайдаланушылардың ай ішіндегі саны бойынша  
 
қазақстандық  интернет-ресурстардың алғашқы 10-дығы, 2012 ж.  ............. 50
11-кесте.  
Қазақстандық интернет пайдаланушылар арасында танымал 
 
əлеуметтік желілердің алғашқы 10-дығы, 2012 жылғы тамыз  ...................... 52


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 2 6
«Цифрлық медиалар картасы» зерттеуі төмендегі елдерде жарияланған:
24.  Босния-Герцеговина
25.  Черногория
26.  Грузия
27.  Нигерия
28.  Колумбия
29.  Хорватия
30.  Словения
31.  Қытай
32.  Перу
33.  Чили
34.  Испания
35.  Кения
36.  Болгария
37.  Үндістан
38.  Франция
39.  Эстония
40.  Қазақстан
41.  Малайзия
42.  Пəкістан
43.  Словакия
44.  Чехия
45.  Мысыр
46.  Сингапур
1.  Румыния
2.  Таиланд
3.  Мексика
4.  Марокко
5.  АҚШ
6.  Швеция
7.  Ресей
8.  Литва
9.  Италия
10.  Германия
11.  Латвия
12.  Сербия
13.  Нидерланды
14.  Венгрия
15.  Албания
16.  Молдова
17.  Жапония
18.  Аргентина
19.  Оңтүстік Африка
20.  Түркия
21.  Ливан
22.  Македония
23.  Польша
Ескерту. Деректер 2013 жылғы қарашаның 4-інде алынған.


Ары қарайғы ақпарат:
Open Society Media Program
Open Society Foundations
7th Floor Millbank Tower, 21–24 Millbank
London SW1P 4QP, United Kingdom
mappingdigitalmedia@osf-eu.org
www.mappingdigitalmedia.org
www.soros.org/initiatives/media
Мұқаба дизайнін жасаған: Ahlgrim Design Group
Mapping Digital Media – «Ашық  қоғам»  қорының  Медиа  бағдарламасының 
(Open Society Media Program) жəне  Ақпараттық  бағдарламасының (Open 
Society Information Program) жобасы.
«Ашық қоғам» қорының Медиа бағдарламасы 
(Open Society Media Program)
Медиа  бағдарлама  тəуелсіз  кəсіби  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  жұртшылықтың  ақпаратқа 
жəне  қоғамдағы  мəселелерді  талқылауға  қолжетімдігін  беретін  аса  маңызды  құралдар  ретінде 
қолдаудың дүниежүзілік бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама аясында тəуелсіз БАҚ жəне 
олардың  желілерінің  қызметі  мен  дамуын  күллі  дүние  жүзі  бойынша  қолдау  жүзеге  асырылады 
жəне  медиа  саласындағы  саясатты  жақсарту  бойынша  ұсыныстар  əзірленіп,  сапалы  да  батыл, 
əрі  коммерциялық  тұрғыда  табысты  журналистикаға  септігін  тигізетін  заңнамалық  шарттар  құру 
мақсатында БАҚ саласындағы заңдардың сапасын көтеру жөніндегі іс-шаралар атқарылады.
Ашық  айқындық  ұстанымдарын  жəне  мемлекеттің  қоғам  алдындағы  есептілігін,  журналистердің 
сыбайлас  жемқорлық  мəселелерін  қарауға  белсенді  атсалысуын  алға  ілгерілету  мақсатында 
Бағдарлама аясында журналистік зерттеулер де іс жүзіне асырылады.
«Ашық қоғам» қорының Ақпараттық бағдарламасы
(Open Society Information Program)
Бағдарлама  аясында  білімдерге,  қоғамдық  байланыстарға  қоғамның  қолжетімдігінің  кеңеюіне, 
сондай-ақ «цифрлық дəуірде» азаматтық құқықтар мен еркіндіктің білдірілуін қорғауға жан-жақты 
көмек  көрсетіледі.  Оның  үстіне,  дамушы  елдерде  əлеуметтік  тұрғыда  шектелген  топтар  мен 
жекелеген  азаматтардың    ақпараттық  қажеттіліктеріне  ерекше  назар  аударылады.  Бағдарлама 
аясында  жаңа  технологиялар  халықаралық  жəне  ұлттық  деңгейде  азаматтық  белсенділер 
топтарының  ашық  қоғам  үшін  ұмтылыстарында  олардың  күш-жігерлерін  қуаттау  үшін 
пайдаланылады.
 
«Ашық қоғам» қоры (Open Society Foundations)
Ашық қоғам» қоры əртүрлі елдерде демократияның дамуына септігін тигізеді. Əлемнің 70-тен астам 
елінде  қоғамдастықпен  ынтымақтаса  отырып, «Ашық  қоғам»  қоры  заңның  жоғары  тұруын  жəне 
адам  құқықтарының  сақталуын,  жұртшылықтың  өзін  білдіріп  танытуы  еркіндігін  жəне  əлеуметтік 
игіліктерге  теңдей қолжетімдігін қуаттайды.

жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау