9 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
бойынша жұмыс істей бастағанын, бірақ экономикалық дағдарыс ол үдерістің жолын бастала
салғанда-ақ кескенін атап көрсетті. Нəтижесінде, көптеген басылымдар банкроттыққа ұшырады,
ал қалғандары өздерінің бəсекеге қабілеттілігі мен тəуелсіздіктеріне залал келтіре отырып, жан
сақтауды үйренді.
Біріншіден, маркетинг пен жарнама бөлімдері көп қысқартылды. Бүгінгі күні жарнамадан түсетін
табыстар БАҚ-тардың жалпы бюджетінің 15 проценттен 40 процентке дейінгі көлемін құрайды.
233
2009 жылы 60 республикалық жəне аймақтық басылымның бас редакторларының пікірлеріне
жасалған шолу БАҚ иелерінің маркетинг бөлімдері қызметкерлерінің 50 процентке жуығын,
ал жарнама бөлімдерінің қызметкерлерін 70 процентке дейін қысқартқандарын мəлімдеді.
234
Бұл қысқартулар бизнес-үлгілердегі өзгерістерді дəлелдейді. Жарнамадан түсетін табыс азайып
кеткендіктен, БАҚ-тар қаржыландырудың басқадай, орнықтырақ көздеріне – мемлекеттік
тапсырыстарға немесе ірі мемлекеттік жəне жеке ірі компанияларға, сондай-ақ БАҚ-тардың
аттары аталмайтын жасырын иеленушілеріне жүгіне бастады.
Ақысы төленген материалдарға тəуелді болудың артуы – қазақстандық БАҚ-тардың бизнес-
үлгілеріндегі екінші бір елеулі өзгеріс. Көбінесе жарнама материалдарының үлкен бөлігі БАҚ-
тарға орналастырылғанда жарнама ретінде көрсетілмейді. Қарауылова ханым БАҚ-тардың
жарнамаларды орналастырған кезде демеушілік материалдар мен басқа контент арасындағы
айырмашылықты ескермейтініне алаңдаушылық танытады:
«Ақысы төленген, ерекше ескерту белгілері жоқ жарияланымдар тəжірибесі БАҚ-тардың
негізгі активіне, яғни олардың беделіне нұқсан келтіреді. Əрі бұл ақпарат тұтынушыларды
жаңылыстырады. Мемлекеттік тапсырыстар негізінде орналастырылған материалдар
редакциялық материалдар ретінде емес, арнаулы таңба-белгілерімен жариялануға
тиіс».
235
6.4. Қорытынды
Соңғы жылдары орын алған өзгерістердің екі маңызды бағыты – үлкен активтердің саяси шағын
топпен біріккен азғантай иеленушілердің қолдарында шоғырлануы жəне БАҚ-тардың мемлекеттік
тапсырыстарға тəуелділігінің артуы болып отыр. БАҚ-тарға меншік құқықтарының сақталып
отырған ашық айқынсыздығымен бірге, бұл еркін нарықтың қаржы дағдарысына дейін əбден
айқын көрінген дамуын тежеді.
Бүгінгі күні медиа-нарықта үкімет немесе билікке жақын топтар басымдық алып отыр. Көпшілік
БАҚ-тар қаржыландыруды мемлекеттік тапсырыс түрінде алады. Мемлекеттік тапсырыс алудың
233 Қазақстан Баспасөз клубының президенті Ə-Қарауыловамен сұхбат, Алматы қ., 2011 жылғы қаңтардың 21-і.
234 Қазақстанның медиа нарығын дамытудың «Медиа құрылтай-2009» деп аталатын 2-конференциясының материалдары, 2009
жылғы қарашаның 25-і, Алматы қ., 2010, 9-бет.
235 Қазақстан Баспасөз клубының президенті Ə-Қарауыловамен сұхбат, Алматы қ., 2011 жылғы қаңтардың 21-і.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
9 6
шарты – ол мемлекеттік саясатты қолдау болып саналады, ал бұл журналистердің зерттеулер
жүргізуге жəне «өткір» тақырыптарды көтеруге деген кəсіби ынтасын жояды. Қоғамдық ұйымдар
мемлекеттік тапсырысты бірауыздан бұқаралық ақпарат құралдарындағы тəуелсіздікті жəне
плюрализмді құртушы деп санайды.
Зерттеу жүргізілген кезеңде Қазақстанның медиа-нарығында сапалы жаңалықтар контенті
өндірісін ынталандыратын жаңа бизнес-үлгілер пайда бола қойған жоқ.
БАҚ-тарды интернетке көшіру – БАҚ-тар мен олардың меншік иелерінің арасындағы өзара қарым-
қатынастар өзгешелігінің айтарлықтай өзгерістеріне келтірмеді. Дəстүрлі БАҚ-пен салыстырғанда,
онлайн-БАҚ меншігінің құрылымы реттеуге аз ұшырағанмен, ашық емес. Жаңалықтарға арналған
интернет-ресурстар да мемлекеттік тапсырыстар алушылар болып табылады.
9 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
7. Саясат, заңнама жəне реттеу
7.1. Мемлекеттік реттеу
7.1.1. Теле-радио хабарларын цифрлық форматта таратуға көшу
«Женева-2006» (GE06) келісіміне қол қойылғаннан кейін, цифрлық форматта хабар таратуға көшу
үдерісі Қазақстанда оншалықты қарқынды жүре қоймады.
236
2010 жылдың жазына дейін цифрға
көшудің тəртібін белгілейтін екі бағдарламалық құжат қана: «Қазақстан Республикасының ақпарат
кеңістігінің бəсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы»
237
жəне «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы» қолданыста болды.
Олар эфирлік жерүсті цифрлық хабар таратуға көшуді 2015 жылға дейін аяқтауды көздейді.
238
2011 жылы үкімет «Қазақстан Республикасының Байланыс жəне ақпарат министрлігінің 2011-2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспарын» бекітті: онда ел аумағының 95 процентін қамтитын
цифрлық форматта жерүсті теле-радио хабарларын таратуға көшу жоспары белгіленген.
239
Бұл
құжат цифрлауға көшу үшін жауапкершілік екі реттеуші орган: Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
мен Көлік жəне коммуникациялар министрлігіне жүктелген 2012 жылдың қаңтарында күшін
жойды. Ол министрліктердің əрқайсысы кейіннен өз стратегияларының тізбесін əзірледі.
Цифрлық теле-радио хабарларын таратуға көшу үдерісінің басты негіздемелік құжаты болып 2012
жылы қабылданған «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы саналады.
240
Азаматтық
236 PTForum,
«2006
жылғы Женева келісіміне (GE06) шолу», Осло қ., 2006 жылғы қазанның 16-сы, http://www.nettvett.no/ikbViewer/
Content/Jan-Doeven-CEPT.pdf/?documentID=50378 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 15-і).
237 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігінің бəсекеге қабілеттілігін дамытудың
2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» 2006 жылғы тамыздың 18-індегі № 163-Жарлығы, http://www.zacon.kz/
kazakhstan/141566-ukaz-prezidenta-respubliki-kazakhstan.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 8-і).
238 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы» туралы 2010
жылғы ақпанның 1-індегі № 922-Жарлығы, http://www.zacon.kz// 162098-strategicheskijj-plan-razvitija.html (қолжетімді күн: 2013
жылғы қаңтардың 8-і).
239 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігінің 2011-2015 жылдарға
арналған стратегиялық жоспары туралы» 2011 жылғы қаңтардың 29-ындағы № 43-қаулысы. http://www.kazpravda.kz/_pdf/
feb11/120211 decision.pdf (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 8-і).
240 Қазақстан Республикасының 2012 жылға қаңтардың 18-індегі № 545-IV «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заңы, http://
online.zakon.kz/Document/?doc_id=31114820 (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 8-і).
Достарыңызбен бөлісу: |