Country report цифрлық медиалар картасы



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет37/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
8 2
5.1.3. Жиіліктер үшін бəсеке 
Жиіліктерді бөлу іс-шарасын үкімет бақылап отырған жағдайда Қазақстанда нарықтық бəсекенің 
орнауы ықтималдығы тым мардымсыз. Қазіргі қалыптасып отырған саяси ахуалда жаңалықтардың 
əртүрлілігіне  үміт  арту  қиын.  Билеуші  топтың  саяси  қарсыластары  жəне  оның  сыншылары  іс 
жүзінде 2000 жылдардың басында хабар тарату БАҚ-тарынан шеттетілді. Теле-радио хабарларын 
таратудың  цифрлық  тəсілін  іске  қосу –  орталықтандырылған  үдеріс  болып  табылады.  Оны 
ұлттық  та,  жергілікті  де  деңгейде  дабыл  берудің  жерсерік  жəне  жерүсті  желілерінде  үстемдік 
етіп отырған, теле-радио хабарларын таратудың ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ-ы жүзеге 
асырады. Оның үстіне, «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңы «Қазтелерадио» АҚ-ына 
жиіліктерді  конкурс өткізбей-ақ пайдалану құқын беріп отыр.
180
5.2.  Цифрлық платформаларға қолжетімдік
5.2.1. Техникалық стандарттар
Хабар  таратудың  цифрлық  тəсіліне  көшу  бойынша  тұжырымдаманың  болмауына  қарамастан, 
2010  жылдың  сəуірінде  құрамында  мемлекеттік  шенеуніктердің,  бірқатар  сарапшылар  мен 
Қазақстан  ұлттық  теле-радио  хабарларын  таратушылар  қауымдастығының  (ҰТҚ) 21 өкілі  бар 
жұмыс  тобы  жерүсті  хабарларын  таратудың DVB-T2 форматын  ұсынды.
181
  Нəтижесінде,  ТМД 
елдерінде  (Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан)  қабылданған DVB-T форматын  енгізудің  бұрынғы 
жоспарлары алынып тасталды.
Жұмыс тобының отырысын басқарып өткізген сол кездегі байланыс жəне ақпарат министрі Сəкен 
Сəрсенов  таңдауды  «цифрға  көшу 2012-2014 жылдары  іске  асатындықтан,  қазіргі  заманға  сай 
форматты енгізудің дұрыстығымен» түсіндірді.
182
2010 жылдың қарашасында Алматы мен Астанада DVB-T форматына тестілеу жүргізілді, бірақ 
DVBT-2-ні тестілейтін негізгі аймақ болып өзінің əр алуан географиялық рельефіне  байланысты 
Қарағанды  облысы  таңдалып  алынды.
183
 2010 жылғы  желтоқсанның 27-інде  жерүсті  теле-
радио хабарларын тарату жөніндегі комиссия DVBC-2 форматын – кабельдік, DVB-T2/MPEG-4  
форматын – жерүсті, ал DVBS-2 форматын жерсерік арқылы хабарлар тарату үшін мақұлдаған.
184
180 «Теле-радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңының 42-бабы, 6-тармағы.
181 «Қазақстан  ҰТҚ-ының» 2010 жылғы  қаңтардың 8-індегі  сараптамасы  (көшірмесі  «Қазақстан  ҰТҚ-ы»  атқарушы  директоры 
Ш.Жақсыбаевадан алынды, 2013 жылғы қаңтардың 13-і).
182  Астана қаласындағы  2010 жылғы сəуірдің 9-ындағы кездесу туралы ақпарат, «Қазақстан ҰТҚ-ының пресс-релизі (көшірмелері 
Ш.Жақсыбаевадан алынды).
183 «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 8-і.
184  Жерүсті теле-радио хабарларын тарату жөніндегі комиссияның 2010 жылғы желтоқсанның 27-індегі  № 007-934, 07-121-хаттамасы 
(көшірмесі «Қазақстан ҰТҚ-ы» атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевадан алынды).


8 3
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
5.2.2. Цифрлық платформалардың гейткиперлері
Цифрлық форматта хабар тарату бастапқы сатысында тұрғандықтан жəне оның көптеген егжей-
тегжейлері анық болмағандықтан, мультиплекстерге қолжетімдік беретін ұйымдардың құрылымы, 
олардың  хабар  таратушылармен  өзара  қарым-қатынастарының  ұстанымдары,  сондай-ақ  бұл 
тəжірибенің аналог заманында болғаннан айырмашылықтары қандай болатыны туралы айту қиын. 
Алғашқы екі мультиплекстің құрамын үкіметтің бақылауына жататын комиссияның ұсыныстары 
негізінде үкімет əзірлейтін болғандықтан, сірə,   міндетті пакеттің құрамын (ағылшынша – must-
carry) жəне еркін қолжетімдік мультиплексін (ағылшынша – FTA-package)  техникалық мəселелерге 
жауапты  «Қазтелерадио» АҚ-ымен бірге үкімет бақылауға алатын болар. Бүгінгі күні, егер жеке 
меншіктегі хабар таратушылар өздерінің мультиплекстерін іске қосуды ойластырса, үкіметтің сол 
жеке хабар таратушылардың қызметіне  қандай дəрежеде бақылау жасауға тартылатынын бағалау 
қиын. 
5.2.3. Дабыл беруші желілер
Аумағының  үлкен  көлемдері  жəне  жерүсті  цифрлық  хабар  таратудың  балама  желісін  құруға 
жұмсалатын  орасан  көп  шығын  Қазақстанда  жалпыұлттық  деңгейде  немесе  елдің  көпшілік 
облыстарында жұмыс істейтін балама операторлардың пайда болуы ықтималдығын азайтады. Бұл 
«Қазтелерадио» АҚ-ын дабылдар беру саласындағы табиғи монополиске айналдырады. Алайда 
«Қазтелерадио»  АҚ-ы  басқармасының  төрағасы  Абай  Қадыралиев  Қазақстанның  монополияға 
қарсы заңнамасының дабыл беруші желілерге қолжетімдіктің жоғары тарифтерін белгілеуге жол 
бермеу үшін пайдаланылатынын айтады.
185
Бүгінгі  күні  аймақтық  хабар  таратушылардың  дабылдар  берудің  жергілікті  желілерін  құра 
алатыны  анық  болмай  отыр. «Қазтелерадио»  АҚ-ының  Стратегиялық  даму  департаментінің 
төрағасы    Валентина  Ключникова  толықтай  мемлекет  меншігіндегі  «Қазтелерадио»  АҚ-ының 
конкурстық  негізде  өздерінің  желілеріне  мультиплекстің  жеке  операторына  қолжетімдікті 
«мемлекеттің  ақпарат  саясатына  жəне  заңнамасына  қарсы  келмейтін  шартпен»  бере  алатынын 
жоққа шығармайды.
186
Кабельдік  жəне  жерсеріктік  хабар  таратудың  артып  отырғанын  ескере  келгенде,  жерүсті  хабар 
тарату желісі алдағы уақытта танымалдығынан айырылып қалуы ықтимал.
185  Internews Kazakhstan, «Қазақстан хабар таратудың жаңа форматына көшуге дайындалуда. Бұның қалай іске асатыны  жайында 
С.Сəрсенов  пен  А.Қадыралиев  айтып  берді». 2012 жылғы  мамырдың 11-і,  http://www.internews.kz/newsitem/11-05-2012/18527      
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 19-ы).
186 «Қазтелерадио»  АҚ-ының  Стратегиялық  даму  департаментінің  төрағасы  В.Ключниковамен  сұхбат,  Алматы  қ., 2013 жылғы 
қаңтардың 10-ы. 


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау