4 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
аккаунты жоқ, бірақ танымал тележүргізушілері өздерінің жеке беттерінде тұрақты түрде
хабарларын жазып отырады.
«Қазақстан» телеарнасының сайтында бейне-контенттерді көрсетіп отыру қызметтері жақсы
дамыған, əрі «Қазақстан» теле-радио корпорациясына кіретін RSS таратылымы мен БАҚ-тарға
сілтемелер бар. Сайтта материалдарға түсініктемелер беретін опция да жоқ. Əлеуметтік желілерде
аккаунттардың бар екеніне қарамастан, Twitter мен Facebook көбінесе көрермендермен қарым-
қатынастың қосымша құралы ретінде емес, бейне-материалдарды таратудың балама əдістері
ретінде пайдаланылады.
Baq.kz жаңалықтар порталы мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылып
отырса да, – мемлекеттік медиа-конгломераттардың бірде-біреуімен байланысы жоқ портал.
«BAQ» қазақтілді 94 БАҚ контентін біріктіреді.
81
(Оның атауы – қазақ тіліндегі «бұқаралық
ақпарат құралдары» деген сөз тіркесінің қысқарған түрі).
Қазақтілді БАҚ-тарды біртұтас онлайн-платформада біріктіру идеясы қазақ тіліндегі жаңалықтар
контентін онлайн-алға ілгерілетуге жəне оның танымалдығын арттыруға бағытталған. Алайда бұл
сайттың нақ осы үдерістерге ықпалы əзірше соншалықты айқын көрініп тұрған жоқ: 2012 жылғы
наурыздың 16-сында Baq.kz сайты аса танымал қазақстандық онлайн-ресурстардың рейтингінде
76-орынды алып, ал дəстүрлі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары сайттарының арасында
20-орынға ие болды.
82
2.1.3. Цифрлау: мемлекеттің қатысуы
Мемлекеттің цифрлық тəсілмен хабар таратуға көшуге байланысты жоспарлары туралы егжей-
тегжейлі ақпарат халыққа жария етілмеді. «Қазтелерадио» АҚ-ының 2012 жылғы қаңтарда өткізген
«Қазақстанда цифрлық теле-радио хабарларын таратуды дамытудың болашағы» атты тұсаукесер
таныстыруы ғана жоспарланған инвестициялар жайында біршама мағлұмат береді. Келтірілген
деректерге сəйкес, үкімет хабар тарату желісін дамытуға 51,358 млрд. теңге (шамамен 340 млн.
АҚШ доллары) бөлген, оның ішінде 25,8 млрд. теңге (17,2 млн. АҚШ доллары) жерсеріктік
антенналар мен мультиплекстердің құрал-жабдықтарына жұмсалатын болады.
83
Мемлекеттен демеуқаржы
84
алатын БАҚ-тардың онлайн дерекқорын құрған «Солтүстік Қазақстан
Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қорының (ҚҚ) деректері бойынша, 2012 жылдың шілдесінде
бөлінген 152 млн. доллар қаражаттың аса қомақты бөлігі – 133 млн. доллардан астамы үш ұлттық:
«Хабар», «Қазақстан» жəне «Мир» телеарналарының арасында бөлінген.
85
81 Қараңыз: http://www.baq.kz (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
82 Қараңыз: http://www..zero.kz (қолжетімді күн: 2012 жылғы наурыздың 16-сы).
83 «Қазтелерадио» АҚ-ы, «Қазақстанда келешекте цифрлық теле-радио хабарларын таратуды дамыту», Алматы қаласындағы
конференцияда таныстыру, 2012 жылғы қаңтардың 10-ы (баспа нұсқасына рұқсат берілген).
84 Қараңыз: http://legalmediacenter.kz//2012-04-10-02-31.html (қолжетімді күн:2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
85 Т.Михайлова, «Мемлекеттік тапсырыс БАҚ-тарға бұйрық ретінде беріледі», «Республика», 2012 жылғы тамыздың 15-сі, http://
respublika-kz.com/news/politics/24645 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 1-і).
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
4 6
2.1.4. Қоғамдық БАҚ жəне хабар таратудың цифрлық тəсіліне көшу
Мемлекеттік БАҚ-тарды дамыту туралы қолымызда санмен көрсетілген деректер болмағанмен,
олардың əлеуетті көрермендерінің саны елдің медиа-кеңістігінде жаңа телеарналардың пайда
болуы себепті ғана артып отырмағанын, сонымен қатар олардың интернетте де берік шептер
алып отырғанына да байланысты көбейіп жатқанын пайымдауға болады. Жетекші мемлекеттік
телеарналар дабылы Қазақстан аумағының кем дегенде 85 процентін қамтиды. Енді жерсеріктік
«OTAU-TV» арқылы елдің шалғай аймақтарында да телекөрермендер телехабарлар көру
мүмкіндігіне ие болды (2.1.2-тармақты қараңыз).
2.2. Қоғамдық мүдделердің қамтамасыз етілуі
2.2.1. Қоғамдық теледидар құрудың болашағы
Азаматтардың Қазақстанда қоғамдық теледидар құруға көзқарастарын білдіретін қоғамдық
пікірлердің əлеуметтік зерттеулері жоқ. Соған байланысты біз жетекші медиа-сарапшылармен
бірқатар сұхбаттар өткізуге, сонымен қатар осы мəселе бойынша БАҚ-тардағы материалдарға
талдау жасауға мəжбүр болдық. Сарапшылардың пікірлері бойынша, қазақстандықтардың
көпшілігі үшін қоғамдық хабар тарату тұжырымдамасы түсініксіз. Одан өзге, міндетті абоненттік
ақы төлеуді олар қисынсыз санайды. О.Кациев мырза бұл мəселеге қоғамдық мүдделіліктің үлкен
емес екенін айтады:
«Жалпы, қоғамдастық осындай БАҚ құруға мүдделі емес, өйткені одан қандай да бір
пайда көріп тұрған жоқ. Осы мəселеге қатысты қоғамдық пікірсайыстарға, əдетте,
оппозиция, үкімет, үкіметтік емес ұйымдар жəне журналистер ғана қатысады.
Алайда үкімет оған өздігінен мүдделілік танытпайды, өйткені ондай БАҚ-тардан өзінің
ақпараттық саясатына, президенттің айналасындағыларға қауіп-қатер төнетіндей
көреді. Теледидар – ол Қазақстандағы ақпараттың негізгі көзі, ал əлдекімге бірдеңе
айтуға мүмкіндік беру, əрі ол кезде оны бақыламау – олар үшін қорқынышты.
86
Бізбен əңгімелескендердің бірі шенеуніктердің қоғамдық хабар таратудың дүние жүзінде бар
үлгілері жайында мағлұматтары аз екенін айтты. «Internews Kasakhstan» атқарушы директоры
Маржан Елшібаева қоғамдық БАҚ құрудың болашағы туралы 2012 жылдың мамырында өзінің
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің үлкен лауазымды өкілімен болған əңгімесі жайында
былай деді:
«Біз оған тікелей қоғамдық теледидар туралы сұрақ қойдық, ал ол: «Жоқ», – деп жауап
берді. Əрі: «Біз, əрине, көпшілікке танымал көптеген тұлғаларды, азаматтық қоғамның
өкілдерін қоғамдық ТВ құруға шақыра аламыз, бірақ бұл, шын мəнінде, алдау болмақ», –
86 Орталық Азия бойынша «Internews Network» өкілдігінің аймақтық директоры Олег Кациевпен сұхбат. Алматы, 2011 жылғы
шілденің 20-сы.
Достарыңызбен бөлісу: |