Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
5 2
2012 жылдың сəуірінің өзінде олардың саны 435 020-ға дейін көбейді, ал жарты жыл өткенде
олардың саны 616 120-ға жетті. Сөйтіп, 18 ай ішінде Facebook-та қазақстандықтардың ауқымы
екі еседен артық болды.
92
Əлеуметтік желілер қарым-қатынас жасау жəне көңіл көтеру үшін
ғана емес, кəсіби тұрғыда ақпарат алмасу, сондай-ақ жаңалықтарды жариялау, талқылау үшін де
кеңінен пайдаланылады (3.1.3-тармақты қараңыз). Барлық веб-сайттардай, бірнеше қазақстандық
ресурс та кең танылып, таралып жатқанмен, Қазақстаннан пайдаланылатын əлеуметтік желілердің
көпшіліктері АҚШ-та немесе Ресейде орналасқан.
11-кесте
Қазақстандық интернет пайдаланушылар арасында танымал
əлеуметтік желілердің алғашқы 10-дығы, 2012 жылғы тамыз
93
949596979899
Атаулар
Ел
Қазақстандағы
пайдаланушы-
лар саны
Қазақстандағы
пайдаланушылар
арасындағы Alexa.
com рейтингі
Қазақстандағы
интернет пайдала-
нушылардың
жалпы саны, %-пен
Moi Mir (Mail.ru)
Ресей
2,500,000
94
1
39.2
Odnoklassniki.ru
Ресей
1,250,000
95
8
25.2
Vkontakte (Vk.com)
Ресей
2,500,000
96
5
23.3
Youtube.com
АҚШ
дерек жоқ
3
20.7
Facebook.com
АҚШ
616,120
97
9
14.5
Twitter.com
АҚШ
дерек жоқ
16
7.37
Fotostrana.ru
Ресей
дерек жоқ
23
5.95
Kiwi.kz
Қазақстан
483,304
98
26
5.48
Centr Tyazhesti (Ct.kz) Қазақстан 324,210
99
126
2.84
My-hit.ru
Ресей
дерек жоқ
108
2.77
Дереккөздер: Kazcontent.kz, «2012 жылдың тамызындағы əлеуметтік желілердің алдыңғы 10-дығы» (қамту);
Alexa.com
(Қазақстан үшін елдер рейтингі); Б.Қисықов, «Қазақстандық емес интернет», Vласть.kz,
http://vlast.kz/?art=407
(қолжетімді күн:2013 жылғы сəуірдің 17-сі); SocialBakers, «Қазақстанда Facebook-ты
пайдалану статистикасы», http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/kazakhstan (қолжетімді күн:
2013
жылғы сəуірдің 17-сі); Kiwi.kz; Центр тяжести (ct.kz).
92 «Қазақстанда Facebook-ты пайдалану статистикасы», SocialBakers, http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/Kazakhstan
(қолжетімді күндер: 2011 жылғы наурыздың 31-і, 2012 жылғы сəуірдің 11-і жəне 2012 жылғы қазанның 20-сы).
93 11-кестеде Қазақстанда 2012 жылы көбірек пайдаланылған əлеуметтік желілердің танымалдығы рейтингтері Казконтент АҚ-
ының пайдаланушыларды қамту жөніндегі деректеріне сəйкес беріліп отыр. http://kzcontent.kz/rus/top_10_socialnyh_setey_za_av-
gust_2012/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 29-ы). Қосымша деректер көздері сілтемелерде көрсетілген.
94 Б.Қисықов, «Қазақстандық емес Қазнет», Vласть.kz, 2012 жылғы мамырдың 11-і. http://vlast.kz/?art=407 (қолжетімді күн: 2013
жылғы сəуірдің 17-сі). (ары қарай – «Қазақстандық емес Қазнет»).
95 Б.Қисықов, «Қазақстандық емес Қазнет».
96 Б.Қисықов, «Қазақстандық емес Қазнет».
97 «Қазақстанда Facebook-ты пайдалану статистикасы», SocialBakers, http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/kazakhstan
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 21-і).
98 «Белсенді пайдаланушылар саны», «Статистика» Kiwi.kz, http://kiwi.kz/statistics/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 21-і).
99 Центр Тяжести, http://ct.kz (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 21-і).
5 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Əлеуметтік желілерді пайдаланатын қазақстандықтардың саны туралы деректерді салыстыра
отырып, əртүрлі дереккөздердің цифрларын біріктіру керек болды. Оның үстіне, ол мағлұматтар
əрдайым жаңартыла бермейді. Дегенмен елде қандай əлеуметтік желілердің өзгеше кең танылып
үлгіргендері туралы айқын білуге болады.
Əлеуметтік желілердің ішіндегі көбірек танымалдыққа жеткендері, əдетте, сайттардың алдыңғы
30-дық тобына кіреді. Alexa.com деректері бойынша, Mail.ru «Moi Mir» əлеуметтік желісімен
(аптасына – 2,5 млн. пайдаланушы)
100
аса танымал интернет-ресурстардың бірінші жолында
тұр. Алайда бұл сайт трафигінің көлемі, жинақтала келгенде, Mail.ru-дың барлық қызметтерін
пайдаланушылар санын білдіреді. «Менің əлемім» («Мой мир») бойынша жеке статистика
берілмейді.
Əлеуметтік желі Vkontakte.ru көп жағдайда Facebook-пен ұқсас жəне орыстілді пайдаланушылар
арасында ең танымал интернет-ресурстардың қатарына жатады. Vkontakte-ге тіркелген
қазақстандықтардың саны шамамен 1 320 000-ға жеткен, оның 46 проценті белсенді пайдаланушы
болып отыр.
101
Facebook тəрізді, Vkontakte де пайдаланушыларға өз «достарының» тобын құруға,
топтарға қосылуға, хабарламалар жолдауға, ойындар ойнауға жəне т.б. мүмкіндік береді. Екі сайт
та, əдетте, Alexa.com-ның алдыңғы 10-дық тобына кіреді.
Ресейлік əлеуметтік желі Odnoklassniki.ru əлеуметтік жаңалықтарды таратуда немесе талқылауда
үлкен рөл атқармайды, дегенмен онда 3 миллионға жуық пайдаланушы тіркелген, олардың ішінде
40 проценті – белсенді аккаунттар.
102
Yandex-тің «Мой круг» əлеуметтік желісі тіркелген 73.000
пайдаланушысы барын хабарлағанмен, бірақ олардың қаншасының белсенді екенін нақтыламайды.
«Мой мир» сияқты, «Мой круг» та Yandex-тің электрондық поштасына біріктірілген.
Иеленушісі ресейлік азамат болып отырған америкалық блог-платформа Livejournal орыстілді
пайдаланушылар арасында күшті шептерді сақтаған. Екі жыл уақыт жабылып қалған ол 2011
жылдың басында Alexa.com рейтингінің алдыңғы 20-лығы тобында қайтадан пайда болды.
Бұрын Livejournal блогерлер саяси мүдделері бойынша қоғамдастықтар құрған, географиялық
бағыттары бойынша бірігіп, жергілікті жаңалықтар мен мəселелерді талқылаған, Қазақстандағы
ең алдыңғы, əрі ең танымал интернет-ресурс болған-ды. Алайда бүгінгі күні Livejournal сайтта
орналастырылған жекелеген саяси блогтарға бола қайтадан тоқтатылуына байланысты онлайн-
платформалардың алдыңғы 10-дығына кірмейді (егжей-тегжейлі 7.1.2.2-тармақтан қарауыңызға
болады).
Twitter жеткілікті дəрежеде жылдам танымалдық алып келе жатыр жəне Alexa.com рейтингіне
сəйкес Қазақстаннан ең көп пайдаланылатын сайттардың алдыңғы 20-лығы тобына кіреді.
Қазақстандықтар аккаунттарының тұрақты артып отырған саны арасында: саясаткерлердің
100 Mail.ru
PR-менеджері Я.Морозовамен электрондық пошта арқылы сұхбат, 2011 жылғы наурыздың 28-і.
101 Қазақстандағы Vkontakte жəне Odnoklassniki порталдарының өкілі Михаил Ковалевпен электрондық пошта арқылы сұхбат, 2011
жылғы қаңтардың 11-і.
102 Бұл да сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |