Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет27/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
6 0
«Қазақстан азаматтарының елдің қоғамдық, əсіресе саяси өміріне қатысу мүмкіндіктері   
заң  тұрғысынан  шектеулі», – деп  санайды  Медникова  ханым. – Мысалы,  бейбіт 
жиналыстарға  деген  құқық  азаматтардан  алдын  ала  жергілікті  билік  органдарынан 
рұқсат алуды талап ететін заңмен шектеулі. Азаматтық белсенділер тобының қандай 
мəселені  көтеретініне  байланысты,  азаматтар  құқық  қорғау  органдары  тарапынан 
қудалау нысанына айналуы мүмкін».
116
Белсенділер  интернетті азаматтық бастамаларды алға ілгерілету құралы деп санайды:
«Онлайн-коммуникациялар  қазақстандық  азаматтарды  жұмылдыру  мүмкіндігін 
кеңейтті. Адамдар енді мүдделері бойынша топтарға біріге де, онлайн-талқылауларға 
қатыса  да,  қиындықтарды  хабарлай  да,  онлайн-талаптар  ұйымдастырып,  қол  қоя  да 
алады», – дейді Медникова ханым.
117
3.3.  Қорытынды
Қазақстандықтар интернеттің қызметтерін белсенді пайдаланады: əлеуметтік желілер жұртшылық 
арасында ақпарат тарату үшін ғана емес, елдің əлеуметтік, саяси жəне мəдени өмірін талқылау 
үшін  де  пайдаланылады.  Жетекші  БАҚ-тар  үшін  де  əлеуметтік  желілер  өздерінің  тұрақты 
пайдаланушылары бар маңызды коммуникациялар арнасына айналды. Алайда интернетке енудің 
салыстырмалы төмен деңгейіне байланысты, қоғамдық маңызы бар ақпаратты тарататын онлайн-
қоғамдастықтардың кең ауқымды пайдаланушыларының интернетке қолжетімдігі дəрежесі тым 
шектеулі.
Оның  үстіне,  қазіргі  жағдайдың  қоғамның  ақпараттандырылуына  қаншалықты  септігі  тиетінін 
бағалау  қиын.  Əлеуметтік  желілер  өздерінің  пайдаланушыларының  шептерін  біріктіре 
отырып, сөз жоқ, өзекті жаңалықтарға жол ашады. Қазақстанда азаматтық журналистика əлі де 
нашар  жетілгенмен,  ақпараттық  технологиялардың  дамуының  нəтижесінде  пайдаланушылар 
жаңалықтарды кросс-постингтің көмегімен тарата бастады, сол арқылы жаңалықтарды талқылау 
дағдысын қалыптастыратын болды.
Қазақстандық  блогерлер  мен  белсенділер  əлеуметтік,  əсіресе  саяси  мəселелерді  көбірек 
талқылайды,  бірақ  қарым-қатынас  орнатумен  ғана  шектелмейді.  Кейбір  азаматтық  белсенділер 
көбінесе  интернет-ресурстарды  пікірлестерді  біріктіру  жəне  жұртшылықтың  назарын  өзекті: 
интернетті заң тұрғысынан реттеуден – мұқтаждарға қаражат іздестіру, күн тəртібіндегі көкестесті 
міндеттерді  талқылауға  дейінгі  мəселелерге  аудару  үшін  пайдаланады.  Əлеуметтік  желілердің 
тікелей  ықпал  етуі  дəрежесінің  қаншалықты  екенін  анықтау  қиын,  өйткені  онлайн-ортадан 
өзге, өзекті мəселелер де баспа жəне электрондық БАҚ-тарда талқыланады. Соған байланысты 
116 «Қазақстанның  жастарға  арналған  ақпарат  қызметі»  қоғамдық  қорының  бас  директоры  Ирина  Медниковамен  электрондық 
пошта арқылы сұхбат, 2012 жылғы қазанның 27-сі.
117  Бұл да сонда.


6 1
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
маңызды  саяси  жəне  əлеуметтік  мəселелердің  шешіміндегі  нəтижелерді  қандай  да  бір  нақты 
онлайн-ресурсқа жатқызу оңай емес. Интернет-технологиялардың азаматтық бастамаларды алға 
ілгерілетудегі айқын қатысуының мысалдары ретінде ең алдымен тікелей интернетте басталып, 
содан кейін ғана офф-лайн ортада қоғамдық толқу тудырған акцияларды атауға болады.
Цифрлық  теңсіздік  жағдайында  интернет  пайдаланушылардың  көпшілігі  жастар  жəне  ірі 
қалалардың тұрғындары болып отыр. Азаматтық белсенділер, əдетте, белгілі бір шамада  шүбəлана 
отырып,  қоғамның  нақты  іс-əрекеттерге  баруына  онлайн-белсенділіктің  түрткі  болатынына 
сенеді, өйткені қазіргі қалыптасып отырған саяси жағдайда азаматтық белсенділіктің кез келген  
түрі шектеулі. 


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
6 2
4.  Цифрлық медиа жəне журналистика
4.1.  Журналистер жəне жаңалықтар редакциялары
4.1.1. Журналисты
Мультимедиа қызметтері журналистердің кəсіби қызметінің бөлінбес бөлшегіне айналды: жұмыс 
тəжірибесі  əртүрлі,  тіпті 20 жылға  дейін  жететін 12 қазақстандық  журналиспен  жүргізілген 
сауалнама  қорытындысы осындай.
Сауалға тартылғандардың бірқатары цифрлық технологиялардың журналистерге жаңалықтарды 
жинау,  өңдеу  жəне  тарату  ісінде  көп  көмегі  тиетінін  атап  өтті.  Тележурналист  Əйгерім 
Ағылтаеваның  пікірі  бойынша, «көбірек  көңіл  бөлуге  болатын  адамдардың  өмірінен  алынған 
қиындықтар туралы баяндайтын блогерлердің арқасында біз елдегі хал-ахуал жайында көбірек 
білетін болдық».
118
 Басқаша айтқанда,  блогерлер қазақстандықтардың жетекші БАҚ-тарда көрініс 
таппаған  қиын  мəселелері  туралы  қосымша  ақпарат  та,  балама  түсіндірме  де  береді.  Зерттеу 
барысында сауалнамаға қатысушылар цифрлық технологиялардың бір мезгілде журналистердің 
жұмысына көмектесетін, əрі бір мезгілде олардың материалдарының қажетті сұранысқа ие болуын 
көтеретін қызметімен келісетіндіктерін білдірді. Біріншіден, журналистердің ақпаратты əртүрлі 
дереккөздерден  қашықта  отырып-ақ  жинап  алуына  болады.  Екіншіден,  жаңа  технологиялар 
материалдарды  жылдам  жазу,  түзету  жəне  жолдау,  үшіншіден,  жедел  түрде  оқырмандар 
мен  сарапшылар  арасынан  пікірсайыс  алаңын  ұйымдастыру  мүмкіндігін  береді.  Сонымен 
қатар  журналистерде  ақпаратты  тұтынушыларға  дəстүрлі  жəне  онлайн-платформалар (UGC-
ресурстарды қоса алғанда) арқылы жеткізу, сондай-ақ ақпаратты онлайн-мұрағатта сақтау сияқты 
көптеген мүмкіндіктер пайда болды.
Журналистер, еңбектерінің жеңілдеуімен қатар, жаңа қиындықтарға тап болады. «Радио NS-тің 
бас редакторы Татьяна Раудың ойынша, ақпаратты қашықтан жинап жəне сұхбат алғанда, олардың 
материалдары жүзбе-көз қарым-қатынас орнату факторынан айырылады:
118 «Қазақстан» телеарнасының негізін салушылардың бірі, редактор жəне диктор Ə.Ағылтаевамен сұхбат, Алматы, 2012 жылғы 
қазанның 12-сі.


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау