ҰБТ-ға дайындау туралы жадынама
ҰБТ-ға сапалы дайындау бойынша негізгі бағыттар мен ұсыныстар
ҰБТ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының және түлектерінің білім сапасын бірыңғай бағалау материалдары арқылы мемлекеттік аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға көмектеседі. Түлектердің оқу жетістіктерін бағалау және білім беру мекемесінің шынайы рейтингін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Алайда күтілген нәтиже мен алынған ҰБТ нәтижесінің айырмашылығы білім бөлімдерінің жұмыс жүйесінің төмендеуін, осыған орай білім сапасын арттыруда жасалған жұмыстардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.
Емтихан материалдарының құпиялылығы сақталатындықтан оқу жоспары бойынша пәндерден неліктен төмен дәреже көрсеткендігін анықтау қиындық тудырады да, орта мектептердің педагог қызметкерлері кінәлі болып табылады.
Сондықтан ҰБТ нәтижесіне бәрінен бұрын педагогтардың сапалық құрамы, жүргізілетін жұмыс жүйесі, таңдаған пән бойынша уақытылы бағытталған жұмыс, жекелеп оқыту технологиясын тиімді қолдану және білім беру үрдісінде оқушының қызығушылығын қалыптастыру әсер етеді.
Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жұмыс жасағанда пәнді жүргізу әдісіне уақыт талабына сай көңіл аудару қажет: білімді, өздігінен ойланатын, пәнді таңдағанда бағытталуға қабілетті жекелеп оқыту әдісін қолдануды күшейту тестілеу технологиясы сияқты маңызды.
Мемлекеттік тексеруге дайындалу - бұл педагогтардың кәсіби құзіреттілігі және пәндерді әр буындар бойынша сәйкестендіре жүргізуі, жалпы педагогикалық ұжымның жоспарлы және жүйелі қызметін ҰБТ-ға дайындалу технологиясын жоспарлы түрде орта буыннан бастау.
ҰБТ-ға дайындау барысында білім беру ұйымының материалдық және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етілуі ерекше орын алады.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша қызметті жоспарлау барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:
І. Диагностиалық кезең:
1. Жеке тақырыптар бойынша «төмендеуді» анықтау мақсатында сынама тестерінің қорытындысын талдау.
2. Әр аптадағы жекеше жұмыс:
А)пән бойынша кеңес беру;
Б)әңгімелесу
І І.Практикалық кезең:
А) тест жинақтарымен жұмыс
Б)электрондық тесттермен жұмыс
В)таңдау курсы және факультатив бойынша жекелеген сабақтарға баруы;
Г) сынама ҰБТ таспыруы
І І І. Бақылау кезеңі.
А) тақырыптар бойынша бақылау тесті
Б)түзету жұмыстарын жүргізу
Үш деңгей бойынша оқушылармен қажетті жұмыстар жүргізіледі: дарынды балалармен,
орташа
екпінділермен;
оқушыларды психологиялық күйзеліс жағдайынан шығару;
оқушыларды ҰБТ комиссиясына апелляциялық тексеруге беру формасымен таныстыру;
ҰБТ-ға даярлаудың сапасын жетілдіру тенденциясы.
Оқытушылардың ҰБТ-ға дайындау сапасын арттырудағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және талқылау (әңгімелесу, дөңгелек үстел, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысы, семинарлар және.т.б.)
ҰБТ-ға дайындау жүйесіне инновациялық технологияны енгізу және іс-тәжірибе алмасу.
ҰБТ-ға жеке-дара дайындау сапасын жоғарылату жүйесін үлгілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу. ҰБТ-ға дайындық сапасына бақылауды іске асыру және пәндерді оқытудағы нақты аспектілерін реттейтін жадынама әзірлеу және апробациядан өткізу.
Даярлауға бағытталған, оқу курстарын әзірлеу.
Пәндер бойынша ҰБТ-ға даярлаудың проблемалары бойынша оқу материалдарын қалыптастыру.
Пән мұғалімдеріне ақпараттық қолдау жасау.
Ұйымдастыру жұмысының нәтижелілігіне және сапасына талдау жасау, жоғарғы буын оқушыларын, яғни мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестацияға даярлау бойынша білім беру ұйымдарының жұмысында қалыптасқан бағыттар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Білім бөлімімен бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысына әсер ететін, ұстап тұратын факторлардың шеңбері анықталды:
Сабақ уақытында бағдарлама материалдарын қайталауды тиімсіз ұйымдастыру;
Мұғалімдердің қызметіндегі өнімді әдістемелік оқытудың басымдылығы;
Қойылған бағаның әділетсіздігі;
ҰБТ-ға даярлау кезінде оқушыларға дифференциалды қатынас, оқушымен жекеше жұмыстың жеткілікті ұйымдастырылмауы;
Үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыста мұғалімдердің ғылыми-теориялық білім деңгейінің жеткіліксіздігі;
Оқушылардың белгілі бір категориясында ББД қалыптасу деңгейінің, оқу әрекеті тәсілдерінің жеткіліксіздігі;
Педагогттардың аналитикалық мәдениетінің әлсіздігі;
«Үздік куәлік» және «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алуға үміткерді бірыңғай ұлттық тестке даярлау бойынша педагогтардың жекеше жұмыстарының жеткіліксіздігі;
Білім беру мекемелеріндегі төмен сапа көрсетуінің себебі болып табылатын:
Оқуға оңды көзқарастағы оқушылармен жұмыс нәтижесінің жоқтығы;
Мұғалімдердің оқушы білімін объективті бағаламауынан сапа көрсеткішінің жоғарылауы;
Оқушылармен жекеше жұмыс ұйымдастырудың жеткіліксіздігі.
ҰБТ тапсыру сапасын арттыруға кедергі келтіретін факторлар
Әдістемелік бірлестік аясында және жеке педагогтардың ҰБТ-ны болжау-талдау қызметінің әлсіздігі, мұғалімдердің аналитикалық мәдениет деңгейінің жетіспеушілігі;
Мұғалімдердің үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыста педагогика және психология бойынша ғылыми-теориялық білім деңгейінің жеткіліксіздігі, жекеше жүйенің болмауы;
Оқыту формасы және өнімді әдістерді меңгеруі;
Оқыту үрдісінде педагогикалық инновациялық технологияны қолдануда тиімділігінің жеткіліксіз деңгейі және ҰБТ-ға даярлау үрдісінің техникалық және ақпараттың жағынан нашар қамтамасыз етілуі;
Әр мұғалімнің өзін-өзі үздіксіз жетілдіру, өздігінен жүзеге асыруға ынтасының жеткіліксіздігі;
ҰБТ-ны өткізу және ұйымдардағы психологиялық қолдаудың әлсіздігі;
Тест тапсырмаларын құруға арналған әдістемелік талаптар
ҚР БҒМ талаптарына сәйкес тест тапсырмалары аралық мемлекеттік бақылау үшін келесі критерийлерге жауап беруі тиіс:
- тапсырма жабық түрде болуы тиіс.
- тапсырма лексикалық және стилистикалық жағынан сауатты түрде құрылуы тиіс;
- тапсырманың мазмұны шынайылық және ғылымилық талаптарға және оқу бағдарламасына, білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.
- нұсқалардың дұрыс жауаптары талас туғызбауы тиіс (жалпы орта білім беретін мектептері үшін ҚР БҒМ рұқсат берген оқулықтар бойынша жасалуы тиіс).
- сұрақта толық аяқталған бір мағына болуы, тапсырманың сұрағында негізгі сұрақпен байланысы аз кіріспе фразалар, қайталаулар және мәліметтер болмауы керек.
- тапсырма оқылған материалдар бойынша тест тапсырушының пікірін анықтау үшін емес, материалды меңгеру деңгейін бағалауы қажет.
- тапсырма бірыңғай стильде құрылуы қажет, (жауап қойылған сұрақтың логикалық аяқталуы болуы тиіс).
- тапсырма сұрағының мағынасы бірыңғай талапқа бірден-бір жауапты таңдау болуы тиіс.
Тест тапсырмасының сұрағындағы ақпарат жеткілікті болуы, бірақ артық болмауы тиіс.
Тапсырмалар жаңа ғылыми-статистикалық материалдарды есепке ала отырып құрылуы, жауаптың дұрыс нұсқасындағы даталар мен цифрлар ешқандай күмән тудырмауы және ҚР БҒМ жалпы білім беретін мектептер үшін ұсынған оқулықтан алынуы керек.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша ұсыныстар
1. Оқу жылының басынан бастап бірнеше жылғы тест жинақтарының базасын пайдалана отырып, тақырыптарды қайталауды ұйымдастыру.
2. Жаңа тақырыпты оқытуды және бекітуді тест жинақтарының базасын өтіліп отырған тақырыпқа сәйкес пайдалана отырып жүргізу.
3. Күрделілігі жоғары тапсырмаларды мұғаліммен бірге талқылау.
Қандай-да бір нәрсеге дайын болу деп- нақты бір әрекетті орындауға мүмкіндік беретін игерілген білім, дағды, іскерлік, сапалардың кешенін түсінеміз.
Оқушылардың емтиханды ҰБТ түрінде тапсыруға дайындығын келесідей құрамды бөліктерге жіктеуге болады:
- ақпараттық дайындық (емтихандағы мінез-құлық ережелері, бланктерді толтыру тәртібі туралы хабардарлық және т.б.);
- пәндік дайындық немесе мазмұндық дайындық (белгілі бір пән бойынша дайындық, тест тапсырмаларын шешу дағдысының болуы);
- психологиялық дайындық (дайындық жағдайы-«бел буу», белгілі бір мінез-құлыққа іштей бел буушылық, мақсаткерлік іс-әрекетке бағыттылық, емтихан тапсыру сәтіндегі табысты әрекет үшін тұлғаның мүмкіншіліктерін бейімдеу және белсендіру).
Берілген компаненттерге бағыттала отырып, ҰБТ-ға дайындықтың өзекті мәселелеріне мыналарды жатқызамыз:
- оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
- білім сапасының мониторингі;
- психологиялық дайындық.
ҰБТ және ОЖСБ бойынша нормативті-құқықтық құжаттар
* ҰБТ бойынша құжаттар;
* ҚР БҒМ, ШҚО ББ, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бұйрықтары;
* Мектеп бойынша ішкі бұйрықтар;
* Жоспарлар (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, психолог, сынып жетекшісі );
* Кеңес беру кестесі;
* ҰБТ-ны өткізу ережесі;
* Баллдарды аудару шкаласы;
* Оқушылардың ҰБТ-ның мәліметтер базасына қажетті құжаттары.
2. Мониторинг
Өткен жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мұғалім мен оқушының көрсеткіш рейтингісі
Сыныпқа мінездеме
Оқушылардың сауалнама қорытындысы ( таңдау пәні, таңдау мамандығы т.б.)
Байқау тестілеудің өткізілу кестесі
Әр бақылау тестілеудің кейін аралық тесттің қорытындысы және ұсыныстар
Байқау тест қорытындысы бойынша әрбір оқушының пәндерден даму деңгейінің динамикалық өзгерісін сызып , саралап отыру
3. «ҰБТ-ға дайындық» мұғалімнің жеке ұсыныс папкасы.
ҰБТ өткізу жолдары
Пән бойынша сыныпқа мінездеме
Жұмыс жоспары
Кеңес беру кестесі
Кеңеск е келген оқушылардың тіркеу журналы
Аралық тесттің қорытындысы бойынша элементтік талдау және тақырыптық тест, күрделілігіне қарай тесттер жиынтығы;
стандартты емес, бағдарламадан тыс сұрақтардың жауаптары;
оқушылардың ҰБТ-ға дайындау мен өткізудің әдіс-тәсілдері (кеңес беру, жекелей жұмыс, арнайы тапсырма жұмыстары т.б.);
4. ҰБТ-ға дайындық бұрышының мазмұны
Ағымдағы жылдың ҰБТ-ға өткізу ережесі
ҰБТ-ға дайындық жөніңдегі мектептің жұмыс жоспары
Мұғалім меноқушылардың өткен жылғы қорытынды рейтингісі
Кеңес беру кестесі
Алдын-ала алынған тестілеу кестесі мен қорытындылары
Психолог кеңестері
Оқушыға арналған ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсыныстар
Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсыныстар
Бекітемін:
Мектеп директоры:
Тестілеуді өткізу жайында кеңестер:
1. Тестілеуге бір күн қалғанда ештеңе істемеуге тырыс . Егер сен бірдеңені оқымасан, тырысып қажеті жоқ. . Дем ал, көңіл көтер және алда тұрған тестілеу жайында ұмытуға тырыс.
2.Тестілеу алдында міндетті түрде ұйқынды қандырып ал.
3. Міне,сен аудитория есігінің алдындасың. Сабыр сақта! «Бәрі жақсы болады! Менің қолымнан келеді» деп ішіңнен бірнеше рет қайтала.
4. Өз-өзіңді ретке келтір. Ойыңды жинақта.
5. Аудиторияға «Менің қолымнан келеді» деген оймен батыл кір.
6. Ыңғайлы отыр, арқаңды тік ұста. Өзіңнің қалғандарынан биік, ақылды және сенің қолыңнан бәрі келетіндігі жайында ойла. Өз-өзіңді сабырлы ұста. Басына келген ойларды кері итерме, ондай кезде керісінеше толқуың көбейеді. Аяғында саусақтарыңды алақандарыңа жұмып ал.
7.Толқудан арылу үшін келесі жаттығуларды жаса:
-жайласып отыр;
-мұрын арқылы терең дем ал (4-6секунд)
-деміңді ұста(2-3секунд)
8.Сұрақтарың болып ,ойыңды бөлмеу үшін тест парағын толтыру жайындағы айтылып жатқандарды мұқият тыңда.Саған бәрін үсіндіреді: бланкты қалай толтыру керек, қандай әріптермен және қалай жазу керек, мектебіңнің коды және т.б.
9.Сені қоршағандар жайында ұмыт. Сен үшін қазір тек сағат, тест және жауап толтыру бланкысы ғана бар. Тездет бірақ асықпа. Тапсырманы мұқият аяғына дейін оқы. Асығыстың әсерінен тапсырманың басын оқып аяғын өзің аяқтай салғандықтан қате кетеді.
10.Барлық сұрақтарды қарап шық. Өзің нақты білетін сұрақтардан баста. Сонда ғана сен сабырға келіп жұмыс ритміне кірісесің. Барлық тесттарда сен нақты білетін сұрақтар бар, тек қана ойыңды жинақта.
11.Жаңа сұраққа келгенде алдындағы сұрақ жайында ұмыт, себебі тесттардағы сұрақтар бір-бірімен байланысты бола бермейді.
12.Қарастырып отырған сұрағыңдағы сенің ойыңша
13. егер сен жауап берген жауабыңа күмәнданып отырсаң саған таңдау жасау қиын. Өзіңнің ішкі түйісігіңе сен.
14.Жұмысыңды тексеру үшін уақыт қалдыр себебі сен байқасай қалған қателіктер болуы мүмкін.
15. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ, есіңде болсын, іс жүзінде бұл мүмкін емес. Анығында тесттік тапсырмалардың қиындығы максималға жетеді,ал жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70% орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |