Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»


Тестілеу кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек



жүктеу 6,11 Mb.
бет9/15
Дата17.11.2017
өлшемі6,11 Mb.
#572
түріБюллетень
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Тестілеу кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек:

Киім тым ашық болмау керек. Тым ашық түстерден алшақ болыңыз, ондай түсті киімдер тестілеу кезінде қарым-қатынасқа түсетін адамдарда және сізде қарсы эмоциялар тудыруы мүмкін. Әрқашан өз сезімдеріңді бақылауда ұстауды ұмытпа. Артық ештеңе болмасын! Ал тестілеуден кейін – қалағаныңды істе!



Сұрақтарың болып ,ойыңды бөлмеу үшін тест парағын толтыру жайындағы айтылып жатқандарды мұқият тыңда.Саған бәрін үсіндіреді: бланкты қалай толтыру керек, қандай әріптермен және қалай жазу керек, мектебіңнің коды және т.б.Аса мұқият бол!!! Сен қалай тыңдасаң жауабыңның дұрыстығы соған байланысты.

Жауап бланкысын баспа әріптермен толтырасын. Кейбір әріптердің қалай жазылатынына назар аудар. саған тестирования бастауының алдында Мәліметтер бөлігі кодпен жазылатын формасын айтады.

Бланктағы түзетулер болдырмау керек.

Толтыру бланкысындағы кейбір өзгерістер болса, сізге міндетті түрде айтады.

Жауап парағын алған кезде сен оз берген жауабыңмен танысып шығуға құқылысың. Егер келіспесең, тестілеуден кейін 3 күн өтпей аппеляцияға бересің.

Тестілеуді көп табысты орындау үшін тапсырмаларға көзіңді бір жүгіртіп шық.

Егер жауапты білмесең қалдырып кет, қайтып келіп ойланарсың.

Егер уақытқа үлгермей қалсан, өз ішкі түйісігіңе сен де осы болады-ау деп белгілеп шық.

Сені қоршағандар жайында ұмыт. Сен үшін қазір тек сағат, тест және жауап толтыру бланкысы ғана бар. Тездет, бірақ асықпа. Тапсырманы мұқият аяғына дейін оқы.Уақыт тығыздығы сенің жауабыңа әсер етпеу керек. Сұрақты мұқият оқы. Жауап беру үшін екінші рет қайталап оқы/ қателік жібермеу үшін/.

Барлық сұрақтарды қарап шық. Өзің нақты білетін сұрақтардан баста. Сонда ғана сен сабырға келіп жұмыс ритміне кірісесің. Оңайынан баста

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрен. Есіңде болсын

Барлық тесттерде сен нақты білетін сұрақтар бар, тек қана ойыңды жинақта.Бір сұраққа қадалып отырып, қалғанына уақыт жетпей қалды деп балл жинай алмай қалу ақымақтық.

Сұрақты мұқият оқы. Асығыстың әсерінен тапсырманың басын оқып аяғын өзің аяқтай салғандықтан қате кетеді.Бұл ең оңай сұрақтан қателік жіберудің әдісі.

Жаңа сұраққа келгенде алдындағы сұрақ жайында ұмыт, себебі тесттердеғі сұрақтар бір-бірімен байланысты бола бермейді. Ереже бойынша алдыңғы сұрақта пайдаланған білімің келесіне көмектеспейді тек кедергі жасайды.



Ата-аналарға: балаларға емтиханға даярлыққа қалай көмектессе болады.
1.Баланың емтиханда алатын балл санына қобалжымаңыз және емтиханнан шыққан соң баланы сынап мін тақпаңыз. Балаңызға балл санының мүмкіндіктерінің өлшеуіші емес екендігін айтып, санасына жеткізіңіз.

2. Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын арттырмаңыз – бұл оның тест нәтижелеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Балаға қобалжу ата- аналарынан беріледі, егер үлкендер жауапты сәтте өздерін сабырлы ұстай алмаса, онда бала өзінің жас ерекшелігіне байланысты күйзеліске ұшырауы мүмкін.

3. Балаңызға қолдау көрсетіңіз, бәрі жақсы болады дегенге сендіріңіз.

4. Өзіне сенімділігін арттырыңыз, бала сәтсіздіктен қорқады.

5. Баланың денсаулығына көңіл бөліңіз, сізден басқа оның денсаулығының нашарлағанын ешкім байқамайды. Шамадан тыс шаршауына жол бермеңіз.

6. Баланың дайындық режімін қадағалаңыз, дайындық арасында демалыстың қажет екенін түсіндіріңіз.

7. Үйде дайындалуға қажетті жағдайларды , орынды дайындаңыз. Басқалардың бөгет жасамауын қадағалаңыз.

8. Тамақтануына назар салыңыз: ой еңбегімен айналысқанда құнарлы, витаминге бай тағамдар болуы керек. Балық, ірімшік, жаңғақ және т.б мидың жұмысын жақсартады.

9. Балаға дайындық уақытын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

10. Баланы емтиханға дайындалу тәсілімен таныстырыңыз. Қысқаша кестелер, жазбалар оқып отырған материалыңды еске жақсы сақтауға көмектеседі. Негізгі формулаларды қағазға жазып, жазу үстелінің үсіңгі жағына, төсектің басына іліп қоюға болады.

11. Әр сабақтан әртүрлі нұсқалы тесттерді дайындаңыз. Бұл баланың тестпен жұмыс істеп үйренуіне қажет.

12. Тестпен жұмыс кезінде уақытты мөлшерлеп,тиімді пайдалану әдісіне үйретіңіз. Бұл баланың қобалжымай, өзіне сенімін арттырады.

13. Емтиханның алдында баланың толыққанды демалуына жағдай жасаңыз, ол демалып, дұрыс ұйықтауы керек.

Ең бастысы: баланың қобалжуын басып, дайындыққа қажетті жағдай жасаңыз.



Құрметті түлектер!

Жаттығыңыз!

Неғұрлым көп тест шешсеңіз, соғұрлым тәжірбие жинайсыз. Қазір көптеген тесттер жинағы жауаптарымен сатылады. Мұндағы тапсырмалар нақты тестте де кездесуі мүмкін. Көптеген тапсырмалар бір – біріне ұқсас, тек сандарынан айырмашылық жасайды.



Асығыңыз!

Тестті ез шешіп үйренуге жаттығыңыз. Тапсырмаларды орындағанда жылдамдығыңды арттырып отырыңыз.



Кейінге қалдыр!

Түсінбеген ,қиын сұрақтарыңызды тастап кет. Оған уақытыңды кетірме.



Дәл табу!

Егер сенде дұрыс деп тапқан жауабың болмаса, көзіңді бірнеше секундқа жұмып,ештеңені ойламауға тырыс. Бірінші басыңа қандай жауап келеді, соны белгіле. Негізі ішкі түйсік жақсы нәрсе.

Шығарыңыз!

Кейбір тестті шеше отырып, жауаптың сәйкес келмейтінін байқасаңыз, сол тақырыпқа келмейтінін сызып отырып дұрыс жауапты табуға болады.



Бір тапсырма туралы ғана ойла!

Кез келген тапсырманы орындағандабір нәрсені ғана ойлауға тырыс. Сәтсіздікке қобалжымаңыз, әлі де уақыт бар.



Тапсырманы аяғына дейін оқыңыз!

Тапсырманың бастапқы екі сөзін оқып бұрын кездескен сұрақ екен деп көпшілік оқушы қате жібереді. Мұндайды болдырмау үшін тапсырманы аяғына дейін байыппен оқып шығыңыз!



Қайғырмаңыз! Егер сіз тестті шешіп үлгермесеңіз, қайғырмаңыз. Мүмкін сіздің балыңыз кейбір балаға қолжетімсіз болады.

Екі кезең.

Тестті шешу екі кезеңнен тұрады. Бірінші, өзің білетін сұрақтарды шешу. Екінші, білмеген сұрағыңа қайта орал!


ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
«Уақытты босқа кетірме» Сен білетін материалды қоя тұр да қиындарынан бастап оқы. Содан кейін қалған уақыттың бөлігінде білетініңді қайта бір қарап шығып біліміңді бекітіп ал.

«Уақытты тиімді пайдалан». Жаңа және қиын материалды миың тыныққан соң барып оқы.

Бір нәрсені есте сақтау үшін берілген материалды жатар алдында кешке бір қарап шық та таңертең кайта бір қарап шық.

Нәтижелі есте сақтау үшін барлық әдістерді пайдалану керек: дауыстап та, көзбен де тиіпті қимыл іс әрекеттермен де байланыстырып оқып көру керек. Әрқайсысына өз әдісін тауып алуға болады.

«Ойша жоспар». Тақырыпқа жоспар құрып оқу жаттағаннан әлдеқайда тиімді. Дайындық кезінде әрқалай оқуға болады. Егер емтихан ауызша болса онда топпен дайындалған жақсы, егер жазбаша болса сұрақтармен жұмыс істеу пайдалы.

Әрқашан денсаулығыңды бағала. Денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ. Әрқашан уақытында тамақтан. Таза ауада серуендеуді ұмытпа. Жақсылап дем алу керек, ұйқыңды қандыр. Ешқашан емтихан алдында түнге дейін отырмаңыз.



Міне,сен аудитория есігінің алдындасың. Сабыр сақта! «Бәрі жақсы болады! Менің қолымнан келеді» деп ішіңнен бірнеше рет қайтала. Дем алуды ұмытпа,жайласып отыр,мұрын арқылы терең дем ал (4-6секунд),деміңді ұста(2-3секунд).

Оқу процесінде ұлттық бірыңғай тестке жүйелі даярлау тәжірибеден
Мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестке даярлау мақсаты :

- сөйлеу, қарым-қатынас мәдениеті , ғылыми-зерттеушілік дағдылары қалыптасқан



  • базалық білімнің жоғары деңгейімен қаруланған, білімін өмірде шығармашылықпен қолдана білетін

  • ақпаратты құралдар арқылы білім кеңістігіне шығатын, қажетті білім алу дағдысы қалыптасқан

  • өзін-өзі жетілдіруге қабідетті, өз бетінше білімін тереңдету тәсілін меңгерген, білімін саналы саралай білетін

  • әлеуметтік, азаматтық белсенділігі, құзырлылығы, танымдық іс-әрекеті, өмірлік адамгершілік айқындамалары жоғары

  • салауатты өмір салты, дене тәрбиесіне саналы көзқарас, қиындықтар жеңу дағдысы, құқықтық санасы,адамгершілік, дүниетанымдық көзқарасы жетілген

  • денсаулығын нығайта білетін, кез-келген ортаға бейімделгіш, өз Отанын сүйетін түлек - лицей бітіруші түлек тұлғасын даярлау



2013-2014 оқу жылында Бірыңғай Ұлттық тестілеуіне дайындық жұмыстарының іс-шаралар жоспары.


Іске асу мерзімі

Бағдарлама кезеңдері

Өзара іс - әрекет

I.Дайындық кезеңі

Тамыз -

Қыркүйек



  • Материалдар дайындау.

  • Сынып тәрбиешілерімен әңгімелесу.

  • Бағдарлама бойынша жоспар дайындау.

Педагог-психолог



II. Ақпараттық – диагностикалық кезең

Қыркүйек- қазан




  • Сынып тәрбиешілеріне жыл көлемінде «Оқушыларды моральді психологоиялық қолдау» бағдарламасы бойынша жұмыс құрлымы жайлы ақпарат беру

- Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысында кездесетін кедергілер туралы ақпарат беру.

-Түлектердің тұлғалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру

- Тұлға қасиеттерін диагностикалау.

- Республика көлеміндегі және шетелдік жоғарғы оқу орындары туралы ақпарат беру, мамандықтармен таныстыру



Тәрбиеші

Педагог-психолог



III. Талдау кезеңі

Қазан




  • Диагностиканың нәтижелерін өңдеу және талдау

  • Әр оқушының тұлғалық ерекшелігі бойынша мәселені талқылау, оқушымен жұмыс




Педагог-психолог

Оқушылар


IV. Жалпылаушы кезең


қараша – желтоқсан

  • Оқушыларда кездескен қиындықтарды анықтап, ҰБТ ұстанантын стратегияларды анықтау.

  • Тұлғаның өзіне сенмділігін арттыруға ықпал ету

  • Оқушыларға, ата – аналарына ҰБТ мәселесі бойынша кеңес беру.

Педагог-психолог

оқушылар


Тәрбиеші

Ата - ана



V. Қорытынды кезең нәтижелілік талдауы

Сәуір - мамыр



  • Өз мазасыздығын, қорқынышын жеңе білген, психологиялық денсаулығы жақсы, өмірлік стрестік жағдайларға қарсы тұра алатын тұлға қалыптастыру.

  • Бағдарлама бойынша жұмыстың қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» психологтың, тәрбиешілердің, әкімшіліктіңқатысуымен.

Тәрбиеші

Әкімшілік

Педагог-психолог


Мектеп бойынша 15-20 күнде бір рет арнайы кесте бойынша кезекшілер тағайындала отырылып, байқау тест алынады. Қорытындысы пән мұғалімі- оқу ісі меңгерушісі, пән мұғалімдері – оқушы,оқушы - оқу ісі меңгерушісі бағытында талданып,кеткен кемшілік, білімнен кеткен олқылықтар сараланып, ары қарай меңгерілмеген тақырыптарды арнайы кстк бойынша жетілдіруге бағыт-бағдар беріледі. Мектеп бітірушілердің көпшілігі берілген уақытта үлгірмедік деген уажды көп айтатындықтан , әр пәнге кететін уақытты есептеу мақсатында байқау тест алып , сараладық. Төменде бір үлгісін беріп отырмын.



Уақыт бойынша ҰБТ- ға негізделе алынған байқау тестке саралау 11 А сыныбы


Орташа мәні

Математика


Қазақ тілі


Орыс тілі


Қазақстан тарихы

Таңдау пәні

Физика

Биология

География

Дүние тарихы

Кеткен уақыт

40,1

14,1

18,5

18,8

33,2

27,6

15

40

Балл

22

24

21

23

20,4 /19оқушы/

21 /3оқушы/

20 /1 оқушы/

20 /1 оқушы/

Баға

4,9

4,95

4,9

4,9

5

4,9

4

4

11 Б сыныбы

Орташа мәні

Математика


Қазақ тілі


Орыс тілі


Қазақстан тарихы

Таңдау пәні

Физика

Биология

География

Дүние тарихы

Кеткен уақыт

41

13,1

22,5

18,7


39

23

10,5

-

Балл

22

23

19

21

19 /6 оқушы/

19,6 /5оқушы/

23 /2 оқушы/

-

Баға

4,9

5

4,9

4,7

4,5

4,4

5

-

Тест қорытындысына тоқталсақ, 3,5 сағат/210 минут/ 5 пәнге 42 минуттан кетеді деп есептесек,оқушылардың көпшілігі математика пәніне 55 минуттан 43 минутқа дейін 11 оқушы тиісті уақыттан артық пайдаланған. Ал, қазақ тіліне орташа 13,5минут, орыс тіліне 20,5 минут, қазақстан тарихына 18,7 минут, физикаға 36 минут, биологияға 20,3 минут, географияға 12,8 минут, дүние тарихына 40 минут кеткен. Саралай келе математикадан 43-55 минут , физикадан 47-54 минут пайдаланған оқушылардың математика, физика пәндерінен дайындығын күшейтуді қажет етеді. Сонымен бірге таблицаға көңіл бөлсек, төмендегі оқушыларға көрсеткіштері негізінде көп дайындық керек екендігі негізделеді.



р/с

Оқушының аты-жөні

Пән аты

Пайдаланған уақыты

Балл саны

Бағасы

1

Маулбаева Гүлшат

математика

52

19

4

2

Мырзақанова Ғазиза

математика

45

19

4

3

Серікқанова Әсел

физика

48

15

4

4

Сүлтанова Самал

физика

47

19

4

5

Серікбаева Меруерт

қаз тарихы

54

20

4

6

Маутқанова Гүлнұр

орыс тілі

54

14

4

Жоғарыдағы таблица бойынша уақытты көп жіберіп, төмен балл жинаған оқушылармен қандай тақырыптардың меңгерілмей қалғандығын анықтай отырып, қосымша теориялық білімдерін жетілдіру бағытында жұмыс істелуі қажет


  • ҰБТ кезінде мектеп бітіруші:

  • Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеу керек;

  • Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарланады;

  • Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз (орныңыздан айқайлап сұрамаңыз). Сұрақтарыңыз тапсырма мазмұнына байланысты болмауы керек, сіздің емтихан материалдарымен жұмысқа байланысты сұрақтарыңызға ғана жауап беріледі;

  • Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

  • Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

  • Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

  • Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеріп шығу үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

    • Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Сізге Ұлттық бірыңғай тестілеуде

сәттілік тілейміз!

МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ




Ұлттық бірыңғай тестілеу

1. Өтініш беру уақыты

  • ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2014 жылдың 10 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.

  • Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат.

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді)

  • Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

  • мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.


2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

  • ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және ЖОО-ға қабылдаудың Тпптік ережесіне сай таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша өткізіледі.

  • ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

  • Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.

  • ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

  • Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

  • ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.


3. Емтихан мерзімі

  • Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

4. Емтихан уақыты

  • ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.

  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

  • Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады.

5. Апелляция

  • Бітіруші тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін тек өзі беруі керек және өтініш апелляциялық комиссиямен бір тәулік мерзімінде қаралады.

  • Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.

6.Аттестатқа бағалар қою

  • Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі

р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3

(қанағат)

4

(жақсы.)

5

(үздік.)

1

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15

Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

16

Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау