Нєтижеге баѓыттап, саралап оќыту арќылы білім сапасын кµтерудегі педагогикалыќ ±жымныњ ж±мысы



жүктеу 2,14 Mb.
Дата13.11.2018
өлшемі2,14 Mb.
#19139

Нәтижеге бағыттап, саралап оқыту арқылы білім сапасын көтерудегі педагогикалық ұжымның жұмысы.

Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманашвилли, В. Давыдов, Л. Занков зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Жоғарыдағы тақырыптаға педагогикалық кеңестің мақсаты:


  • Педагогикалық ұжымның сабақта саралап оқыту әдістері арқылы әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік беріп, қабілетіне сәйкес жағдай жасауды бақылау;

  • Деңгейлік жұмыстарды жеке тұлғаға бағыттай отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды сыныптан тыс сабақтар мен үйірмелерде қолдану мүмкіндіктерін байқау;

  • оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жұмыстарын анықтау.

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогкиалық ұжыммен келесідегідей жұмыстар жүргізілді.

♦ сабақтарда саралап оқытуды бақылау мақсатында педагогикалық ұжымның сабақтарына қатысылды;

♦ пән мұғалімдерімен дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарлары жасалды;

♦ пәндік апталықтардың, сыныптан тыс шаралардың саралап оқытуға әсері бойынша байқаулар жасалынды;

♦ педагогикалық ұжымнан деңгейліп оқытудың қолданылуы туралы сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

♦ мектеп оқушыларынан сауаланамалар алынып, сараптама жасалды.

Саралап деңгейлеп оқыту оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау.

Педагогикалық кеңес мақсатына орай шығармашылық топтар анықталды. Шығармашылық топқа арналған тапсырмалар:

№1 топ. «Жаңалық жаршылары» әдісі

«Тәуелсіз мектеп басылымын» құрастыру. Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, «Саралап оқытудың-инновациялық тәсілдері» тақырыбында мақала жазу. Қажетті тірек сөздер ұсыну.

Керекті сөздер: орындауға құлшынысы, Видеоролик, көңіл күйі, таңдаулы, оңтайландыруға мүмкіндік, әрбір оқушы тапсырма, жаһандандыру инновациялық тәсіл, өздігінен дамуы, жеке тұлғаға айналуы, Еуропалық білім стандарт, үй тапсырмалары, қашықтан оқыту, әлемдік оқыту деңгей,

рейтинг-ұпай – балл жинау, келесідегідей тапсырмалар.

№2 топ. «Қос шеңбер және сыртқа» әдісі.

Берілген ұғымдарды нәтижеге бағыттап, саралап оқытудағы маңыздылығына орай шеңбердің ішіне және ортасы мен сыртына қарай орналастыру.

Ұғымдар: ынтымақтастық, жаппай сұрау, бейімділгі, жеке-дара ерекшеліктері, тиімді стратегиялар, мұғалімнің күнделікті ізденісі, сабаққа мұқият әзірлену, формативті бағалау, рейтинг-ұпай – балл жинау, қабілетіне сену, стандартты меңгерту, үй тапсырмасын деңгейлеу, оқушыны ынталандыру, мұғалімнің түсіндіруі, қызықты тапсырмалар, монологтық жауаптар, танымдық тапсырмалар, іскерлік ойындар, тапсырмаларды өз бетімен орындау, бағыт беру, баяндау, қабілетті оқушыларды оқыту.

№3 топ. «Баспалдақ» әдісі.

Маңыздылығына орай баспалдақтарға орналастыру.



Жеке карточкалар беру, реферат жазу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын беру, арнаулы жоспар, әр оқушының білім дәрежесін зерттеп отыру, сабақтарда рефлексия жүргізу, кері байланыс орнату, ата-аналармен байланыс жасау, сыныптан тыс үйірмелер мен шараларды өткізу, зияткерлік ойындар өткізу, пәндік немесе сыныптық кіші олимпиадалар ұйымдастыру, диагностика жасау.

№4 топ. «Мұғалім тұлғасы» модель құрастыру.

«Нәтижеге бағыттап, саралап оқытудағы мұғалімнің тұлғасы» тақырыбында модель құрастыру. Мұғалім қандай болу керек? (Суретпен, кестемен, сызбамен беруге болады)

Шығармашылық топтардың жауаптарын тыңдау және талқылау.


Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогикалық ұжымнан (http://referat911.ru сайтынан) сауалнама алынды.

№1 сауалнамаға 1-5 дейінгі бағалау қою ұсынылып, келесідегідей бағыттар берілді: мұғалімдердің сабақта деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдануы, деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескеруі, оқушының өз қабілетіне сенуіне жағдай туғызуы; оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу; жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстарды ойластыруы; деңгейлік жұмыстар арқылы оқушыны ынталандыруы; саралап оқытуда пәнге қызығушылығын және таным белсенділігін арттыруы қай дәрежеде.



Сауалнама нәтижесінде төмендігідей диаграмма шығарылды:

Диаграммадан байқалғандай сауалнаманың бірде бір бағыты «5» ұпай жинамады. Ендеше, мектеп ұжымына нәтижеге бағыттап саралап оқытудың маңыздылығын жүйелеу қажеттілігі туындауда. Сауалнамада берілген бағыттар бойынша келесідегідей қорытынды шығарылды: пән мұғалімдерінің тапсырмаларды жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстарды ойластыруын (4,5), оқушының өз қабілетіне сенуіне жағдай туғызуын (4,4) біршама жақсы деңгейде екендігін байқатса; орта нәтижені деңгейлік жұмыстар арқылы оқушыны ынталандыруы, (4,2) деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдануы, (4) саралап оқытуда пәнге қызығушылығын және таным белсенділігін арттыруы (4) бағыттарын көрсетті. Төмен нәтижені деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескеруі, оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу бағыттары анықталды. Мұндай нәтижемен біз білімді жаттанды түрде алатын, ойын дәлелдеп, тұжырым жасай алмайтын, көпшілік арасында өз көзқарасын жеткізуде қиналатын, білімге бейтарап қарайтын оқушылар даярлаймыз. Ендеше пән мұғалімдеріне әлемдік озық білім жүйесінде сабақтарда қолданып отырған рейтингтік бағалау мен формативті бағалауды енгізіп, сол арқылы оқушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін білетін жұмыс түрлерін ұйымдастыруымыз керек.

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай мұғалімдерден №2 сараптама кестесі алынды. Сараптама кестеге тиістіні белгілеу үшін келесідегідей параметрлер ұсынылды:



  • Саралап оқыту арқылы оқушының өз білімін бағалай білуіне жетелеу;

  • Деңгейлік оқытуда сөзжұмбақтар, қызықтыратын тапсырмалар қолдану;

  • Деңгейлеп оқытуда жұптық және топтық форманы да пайдалану;

  • Іскерлік ойындар мен трениентерді деңгейлеп жүргізу;

  • Сыныптан тыс және үйірме жұмыстарында жүйелі қолдану;

  • Карточкалық тапсырма арқылы жүргізу, үнемі нәтижесін хабарлау.

Бағыттар

жиі

кейде

сирек

Саралап оқыту оқушының өз білімін бағалай білуіне жетелеймін

8

10




Деңгейлік оқытуда сөзжұмбақтар, қызықтыратын тапсырмалар қолданамын

13

3

2

Деңгейлеп оқытуда жұптық және топтық форманы да пайдаланамын

11

6

1

Іскерлік ойындар мен трениентерді деңгейлеп жүргіземін

2

12

4

Сыныптан тыс және үйірме жұмыстарында жүйелі қолданамын

8

10




Карточкалық тапсырма арқылы жүргіземін, үнемі нәтижесін хабарлаймын

13

4

1

Сауалнама нәтижесін диаграммамен көрсетсек:


Диаграммадан байқалғандай сауаланамадан келесідегідей қорытынды шығарылды: саралап оқытуда мұғалімдер неғұрлым жиі қолданатын тәсілдер сөзжұмбақтар, қызықтыратын тапсырмалар қолдану, жұптық және топтық форманы пайдалану бағыттарын белгілесе, «кейде» деген бағыт бойынша көп іскерлік ойындар мен трениентерді деңгейлеп жүргізу және сыныптан тыс, пәндік үйірме жұмыстарында жүйелі қолдану бағыттары басым болды. Дегенмен, сауалнама нәтижесінде сирек қолданатын тәсілдердің болуы да мектеп ұжымында саралап оқытудың маңыздылығын жетілдіру қажеттілігін байқатты. Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Сондықтан педагогикалық ұжымға оқушылардың жеке тұлғасын зерттей оқытуды дамыту қажеттілігі туындап отыр. Егер әр мұғалім күнделікті сабаққа жан-жақты даярланып, ертеңгі күні қай оқушымен қандай жұмыстар жүргізуді күнделікті қарастырып, жүйеліп отырса, оқушылардың пәнге деген құлшыныстары, мұғалім еңбегіне деген құрмет, өзіне сенімділік пайда болады.

Осы мақсатпен мектеп оқушыларынан педагогикалық кеңес тақырыбына сай сауалнама алынып, тиістіні белгілеуі ұсынылды:



Оларға сабақтарда жеке тапсырмалар берілуі, қабілеттердің ескерілуі, қызықтыратын тапсырмалар ұйымдастырылуы, пәнге қызығушылығын арттыратын тапсырмалардың болуы, саабқта және үйде өз бетімен орындай алатын тапсырмалар болуы, іскерлік ойындар мен қызықты жұмыстар жүргізілуі. Сауалнамаға орта буыннан және жоғарғы буыннан 8,10,11-сынып оқушылары қатысты. Сауалнама нәтижесінің кестесі:

Бағыттар

жиі

кейде

сирек

Сабақтарда жеке тапсырмалар беріледі

9

21




Сабақтағы тапсырмаларда оқушылардың қабілеттері ескеріледі

23

4

3

Қызықтыратын тапсырмалар сабақтарда қолданылады.

13

15

2

Тапсырмалар менің пәнге қызығушылығымды арттырады.

16

11

3

Сабақтарда және үйде өз бетімше жасай алатын тапсырмалар беріледі.

17

9

2

Сабақта іскерлік ойындар мен қызықты жұмыстар жүргізіледі.

10

18

3

Диаграммалық көрсеткіш түрінде қарастырсақ:

Оқушылар өз сауалнамаларында неғұрлым «жиі» ретінде тапсырмаларда оқушылардың қабілеттері ескерілетіні (23) белгіленсе, «Кейде» деген ұпайдан жеке тапсырмалар беруді (21) белгілеген. Содай-ақ, іскерлік ойында мен қызықты жұмыстар (18) екені анықталды. Барлық бағыттар бойынша «сирек» жауаптары кездеседі. Сондықтан пән мұғалімдеріне оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне, ынталандыруға, оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына, оқушының өз білімін бағалай білуіне бағытталған тапсырмалар жүйесін жүйелі енгізу қажет.

Оқушылардың қай пәндерден деңгейлік тапсырмалар ұйымдастыратынын анықтау мақсатында сәйкестік тестілеуі алынды. Келесідегідей бағыттар қамтылды: жеке тапсырмалар жиі берілетін, Қызықты тапсырмалар ұйымдастылатын, қызықтыратын жұмыстар берілетін, қай пәннен тапсырмаларды өз бетіммен жасай алатынын, оқушы белсенділігі мен сенімін арттыратын тапсырмалар қолданылатын пәндер бойынша жауаптарын жазды.


бағыттар


Пәндер және көрсеткіші.

математика

Қазақ тілі

әдебиет

химия

информатика

физика

Ағылшын тілі

география

тарих

Орыс тілі

биология

Барлық пәндер

Жеке тапсырмалар жиі берілетін пән

14

11

6

3

1

6

1

3

5




3

3

Қызықты тапсырма ұйымдастылады

12

6

2

1




3

2

10

1

2

1

4

Тапсырмалар мені қызықтырады

8

2

2

4

1

3

3

7

5




2

3

Тапсырманы өз бетіммен орындаймын

5

4

3

2

1

1




3

2




3

11

Белсенділігімді, сенімімді арттырады

9

7

5

2




2

2







1

4




Жеке тапсырмалар жиі берілетін пәндер ретінде оқушылар математика, қазақ тілі пәндерін, қызықты тапсырмалар ұйымдастырылатын пәндер ретінде математика, география пәндерін, тапсырмаларды өз беттерімен орындай алатын пәндер ретінде барлық пәндерді атаса, сабақта белсенділіктері мен өздеріне деген сенімділіктерін арттыратын пәндер ретінде математика, қазақ тілі пәндері жазылған. Оқушылар жоғарыдағалар сұрақтар бойынша ішінара аталған пәндер қазақ әдебиеті, химия, физика, ағылшын тілі, тарих, биология сабақтарын көрсеткен. Сондықтан, пән мұғалімдеріне деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау және инновациялық әдіс-тәсілдерді жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Сыныптан тыс жұмыстар мен пәндік үйірмелер білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді. Қыркүйек, қазан, қараша айларында тіл сабақтарынан, дене шынықтыру, математика, физика сабақтарынан пәндік апталықтар ұйымдастырылды. Апталақтардың жоспарларында және өткізілген шаралардан деңгейлеп оқытудың мүмкіндіктері байқалды. Апталықтарда жекеленген оқушылардың қабілеттерін дамытатын, жетілдіретін тапсырмалар жүйесі қарастырылған. Дене шынықтыру пәнінен «көңілді старт», жанұялық сайыс өткізілсе, математикадан ұйымдастырылған «қызықты қоңырау кезіндегі ойындар», «қызықты сөзжұмбақтар мекені», «кім тапқыр?», «Миф» қабырға газетінің сайысы, «Логикалық есептер мекені», «Зейінділер мен зерделілір» атты танымдық ойындарға оқушылар белсенділікпен қатысып, пән мұғалімдері олардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыра білді.



Педагогикалық кеңеске даярлық кезеңінде мектеп ұжымынан Кембриждік мұғалімдер жетілдіру курстары бағдарламасы бойынша қуатты педагогикалық құралдарды қолданып (7 модуль) жасалған жоспарлары тексерілді. Пән мұғалімдері Жұмағұлова А.М., Отарбаева Р.Ч., Жампеисов Е.Т., Жампеисова К.И. сондай-ақ, тәжірибе кезеңінде зерттеу тобы құрамына кірген Ахметова Ш.Қ., Турсиянова Н.А., Таукенов Р., Абенова А.Ә., Шоматова Ә.А., Азылханова А.Б. өз сабақтарында деңгейлеп оқытудың инновациялық түрлерін іс-тәжірибелеріне модульдарға ықпалдай кіргізе білді. Зерттеу сабақтарының (Lessu stady) тиімділігі аудандық семинарда көрсетіліп, талқыланды. Болашақта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру арқылы деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтауды жүйелеу керек.

Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогикалық ұжымның сабақтарына қатысылды. Шоматова Ә.А. 10-сыныпта өткізілген «Спорт» тақырыбындағы сабағында мұғалім оқытудың жаңа тәсілдерін АКТ арқылы ұтымды қолданып, сабақ мақсатының толық орындалуына бағытталған жұмыс түрлерін ұтымды жүргізді. Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы деңгейлеп оқытуды басты назарда ұстады. Сынып оқушыларының сабаққа түгелдей қызығушылықпен және белсенділікпен қатысуын қамтамасыз етіп, жекеленген, топтық, фронтальды оқыту түрлерін қолданды. Дидактикалық сәттер сабақ тығыздығын барынша арттырып, пәнді сапалы меңгертуге әсер етті. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда тақырыптық-көрнекілік, жартылай іздену әдістері пайдаланылды. Сабақ мазмұнын байыта отырып, саралап оқытуда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруға бағытталған ауызша монологтық сөйлеу, диалогқа түсу, тиісті тілдік қолданыстарды қою, аударма жасау жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, мұғалімге 10-сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып, өзіндік зерттеу жұмыстарын сабақтарға қолдану қажеттілігі байқалды. 11-сыныпта өткізілген «Етістік тұлғалары» сабағында Әсел Асқарбековна теориялық материалдың практикада қолдануға баса назар аударып, нәтижеге бағытталған оқу тәсілдерін сабақ бойында әр оқушыға жеке тапсырмалар берумен, олардың өздік жұмыстармен айналысуын ұйымдастырып, таратпа материалдар арқылы жүргізді. Жұмыстар ағылшын тілінен оқушылардың арнайы оқу дағдыларын дамытуға, білімді жинақтауға бағытталды. Презентациялық слайттар ұтымды қолданылып, тапсырмалардың бірте-бірте күрделене түсуін, жекеленген жұмыстардың басымдылығын арттыру тиімді жүргізілді. 6-сыныпта өткізіген «Тағам түрлері» тақырыбындағы сабақта оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етуге бағытталған «ойды жалғастыру», сөйлемді салыстыру, берілген суреттерді үш бағанға бөліп орналастыру жұмыстарын оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұғалім тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардың өз бетімен жұмысты нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететінін ескере отырып жұптарға дұрыс жауаптарды таңдау, сөздер мен сөз тіркестерін бөліп орналастыру, мәтінді қолданып жазба жұмыстарын жасау ұтымды ойластырылды. Оқушыларға үй тапсырмасын деңгейлеп беру арқылы оқу жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туғызды. 9-сыныпта өткізілген «Интернетті қолдану» тақырыбындағы сабақта Әсел Асқарбекқызы барлық жұмыстар оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін, қабылдау мүмкіндіктерін есескеріп, үлгерімі төмен оқушыларды үнемі назарда ұстады. Сабақ мақсатына сай оқушыларды ұйымдастырудың барлық формаларын ұтымды қолданып, қосымша мәліметтер арқылы сабақ мазмұнын байытып оқушылардың қызығушылығын туғыза білді. Оқушыларға берілген тапсырмалар олардың біліктілігі мен дағдысын дамытуғы бағытталып, диалогқа түсу, конструкцияны дұрыс құру, сөйлем құру, сұрақтарға жауап беру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, мұғалімге деңгейлеп оқыту түрлерін қолдануда неғұрлым оқушының белсенді әрекетін жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін, сондай-ақ косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұратын тапсырмалар жүйесін қарастыру қажеттілігі байқалды.

Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Мұндай тапсырмаларды пән мұғалімдері Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Жампеисов Е.Т. ұтымды қолдана алатындары байқалды. Мұғалімдер Ченваева З.Қ., Ахметова Ш.Қ. , Таукенов Р.Т. оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын жұмыстарға баса назар аударып, қабілетті оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасай біледі. Дегенмен, деңгейлік жұмыстарды жүргізуде оқушы қабілеттерін ескеру арқылы сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану қажеттілігі Дамухан М., Бисатова Ғ.Ш., Айтқазина А.К. жетілдіру керек. Мұғалімдер арасында деңгейлік жұмыстар арқылы оқушыны ынталандыдыратын мұғалімдер Жампеисов Е.Т., Мейменбаева Ә.Ж., Азылханова А.Б., Турсиянова Н.А., Касенова Г.Е., Нұрсалова Н.Қ., Нұрсалова М.Қ., Абенова А.Ә. тәрізді мұғалімдерді атауға болады. Мұндай жұмыстарды Раджанова Ж.Р., Шоматова Ә.А., Айтқазина А.К. әлсіз екені байқалды. Деңгейлеп, саралап оқытудың нәтижелі жолды үй тапсырмасының деңгейлеп берілуі. Жақсы ойластырылған үй тапсырмасы оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туғызып, олардың білімді игеруге деген ынтасын арттыра түседі. Мұндай тапсырмаларды қазақ тілі, әдебиет, алгебра сабақтарынан көруге болады, ал пән мұғалімдері Бисатова Ғ.Ш., Дамухан М., Раджанова Ж.Р., Касенова Г.Е., Нұрсалова Н.Қ. үй тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді жолдарын жан-жақты қарастыру қажет. Нәтижеге бағыттап саралап оқытудың тағы бір ұтымды жолы оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағалау арқылы оларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жою болып табылады. Мұндай жұмыстар қазір әлемдік білім беруде формативті бағалау түрлерін қолдану мен рейтингтік-ұпай балл жинау әдістері арқылы жүзеге асырылуда. Оқушы сабақ барысында өзінің әр қадамын жіті қарастыра отырып, өзінің қай деңгейде тұрғанын есепке алады. Жүйелі жүргізілген мұндай жұмыстардан соң оқушылар әр сабақ сайын табыс критерийлерін құра алатын болады. Мұндай жұмыстарды Таукенов Р., Турсиянова Н.А., Абенова А.Ә., Раджанова Ж.Р., Жұмағұлова Ә.М., Отарбаева Р.Ч. тәрізді мұғалімдер ұтымды қолдануда. Дегенмен, педагогикалық ұжымға бұл тәсілді тереңірек қарастырып, пәнді сапалы меңгертуде тиімді болу жолдарын жетілдіру керек. Сабақтарда оқушылардың бірнеше деңгейде жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын мұғалімдер Абенова А.Ә., Отарбаева Р.Ч., Турсиянова Н.А. екендері байқалса, басқа мұғалімдерде мұндай жұмыстар әлссіз жүргізілетіні байқалды.

Нәтижеге бағыттап, саралап оқыту барысында оқушылардың танымдық процестерді тани білуіне бағытталған жеке бас икемділігі мен қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді. Нәтижесінде олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады. Мектеп ұжымында оқушыларды сабақ барысында, сыныптан тыс шаралар мен үйірме жұмыстарында кіші олимпиадалар мен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу әлсіз жүргізілуде, көбінесе сабақтарда рефераттар жазу және қорғаумен шектелуде, сондықтан мектеп ұжымында осындай жұмыстарды жоспарлап, іс-тәжірибеге енгізу керек.

№1. Керекті сөздер: орындауға құлшынысы, Видеоролик, көңіл күйі, таңдаулы, оңтайландыруға мүмкіндік, әрбір оқушы тапсырма, жаһандандыру инновациялық тәсіл, өздігінен дамуы, жеке тұлғаға айналуы, Еуропалық білім стандарт, үй тапсырмалары, қашықтан оқыту, әлемдік оқыту деңгей, рейтинг-ұпай – балл жинау, келесідегідей тапсырмалар.

№1. Керекті сөздер: орындауға құлшынысы, Видеоролик, көңіл күйі, таңдаулы, оңтайландыруға мүмкіндік, әрбір оқушы тапсырма, жаһандандыру инновациялық тәсіл, өздігінен дамуы, жеке тұлғаға айналуы, Еуропалық білім стандарт, үй тапсырмалары, қашықтан оқыту, әлемдік оқыту деңгей, рейтинг-ұпай – балл жинау, келесідегідей тапсырмалар.
№2. Ұғымдар: ынтымақтастық, жаппай сұрау, бейімділгі, жеке-дара ерекшеліктері, тиімді стратегиялар, мұғалімнің күнделікті ізденісі, сабаққа мұқият әзірлену, формативті бағалау, рейтинг-ұпай – балл жинау, қабілетіне сену, стандартты меңгерту, үй тапсырмасын деңгейлеу, оқушыны ынталандыру, мұғалімнің түсіндіруі, қызықты тапсырмалар, монологтық жауаптар, танымдық тапсырмалар, іскерлік ойындар, тапсырмаларды өз бетімен орындау, бағыт беру, баяндау, қабілетті оқушыларды оқыту.
№2. Ұғымдар: ынтымақтастық, жаппай сұрау, бейімділгі, жеке-дара ерекшеліктері, тиімді стратегиялар, мұғалімнің күнделікті ізденісі, сабаққа мұқият әзірлену, формативті бағалау, рейтинг-ұпай – балл жинау, қабілетіне сену, стандартты меңгерту, үй тапсырмасын деңгейлеу, оқушыны ынталандыру, мұғалімнің түсіндіруі, қызықты тапсырмалар, монологтық жауаптар, танымдық тапсырмалар, іскерлік ойындар, тапсырмаларды өз бетімен орындау, бағыт беру, баяндау, қабілетті оқушыларды оқыту.

№3. №3 топ. «Баспалдақ» әдісі.

Маңыздылығына орай баспалдақтарға орналастыру.

Жеке карточкалар беру, реферат жазу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын беру, арнаулы жоспар, әр оқушының білім дәрежесін зерттеп отыру, сабақтарда рефлексия жүргізу, кері байланыс орнату, ата-аналармен байланыс жасау, сыныптан тыс үйірмелер мен шараларды өткізу, зияткерлік ойындар өткізу, пәндік немесе сыныптық кіші олимпиадалар ұйымдастыру, диагностика жасау.
№4 топ. «Мұғалім тұлғасы» модель құрастыру.

«Нәтижеге бағыттап, саралап оқытудағы мұғалімнің тұлғасы» тақырыбында модель құрастыру. Мұғалім қандай болу керек? (Суретпен, кестемен, сызбамен беруге болады)

№3 топ. «Баспалдақ» әдісі.

Маңыздылығына орай баспалдақтарға орналастыру.



Жеке карточкалар беру, реферат жазу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын беру, арнаулы жоспар, әр оқушының білім дәрежесін зерттеп отыру, сабақтарда рефлексия жүргізу, кері байланыс орнату, ата-аналармен байланыс жасау, сыныптан тыс үйірмелер мен шараларды өткізу, зияткерлік ойындар өткізу, пәндік немесе сыныптық кіші олимпиадалар ұйымдастыру, диагностика жасау

Тамыз айында өткізілген педагогикалық кеңес қаулысының орындалуы турады.

Педагогикалық ұжымға оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында шығармашылық құзіреттілікті пайдалана отырып, білім сапасын жетілдіру қаулысы бойынша ұжым жұмысы тексерілді. Функционалдық сауаттылық оқу, жазу, математикалық дағдыны дамыту жолдарын қарастыру болғандықтан барлық сыныптардан бақылау, тест, жазба жұмыстары алынды. Орта буынға өткен 5-сынып оқушыларының математикадан бақылау жұмысының қорытындысы бойынша оқушылар 88% үлгерім, 54% білім сапасын байқатты. ООД 58%-ы құрады. Оқушылар бөліндіні бөлшек түрінде жазу, бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру, теңдеу шешу, бөлшекті қысқарту тапсырмаларын жақсы деңгейде орындағанмен, бөлшектерді ең кіші, ең үлкен ортақ бөлімге келтіру тапсырмаларынан қателер жіберген. Бейінді оқытудағы 10-сынып оқушылары 80% үлгерім, 60% білім сапасын, ООД 60% құрап стандарттың жеткілікті деңгейін байқатты. 10-сынып оқушылары тригонометриялық өрнектерді ықшамдау, қарапайым теңдеулер шешу, біртектес тригонометриялық теңдеулер шешу тапсырмаларын жақсы орындағанмен, тригонометриялық формуланы түрлендіру арқылы шешілетін теңдеулерден және осындай теңсіздіктерден қателер жіберген. Негізгі орта мектеп курсын аяқтаушы 9-сынып оқушылары математикадан алынған жазба жұмысының нәтижесінде 88% үлгерім, 58% білім сапсын көрсетті. Оқушылар арифметикалық прогрессияның бірінше мүшесін, айырмасын, қосындысынтабу, берілген тізбектердің прогрессия болатынын дәлелдеу тапсырмаларын жақсы меңгергендерін байқатты. Алайда, сынып оқушылары геометриялық прогрессияны жүйемен шешу арқылы белгісіз элементтерін табу жұмыстарынан қателер жіберген. Осы сыныптан алынған биология пәнінен алынған бақылау нәтижесінде оқушылар Мендельдің қолданған әдісі, жыныс хромосомалары, маргон теориясы, ген, генетип, фенотип тақырыптарынан берілген тапсырмаларды жақсы деңгейде орындағанмен, мендель заңдарынан есептер шығару, гегетика ұғымдарынан қателер жіберген. 8а сыныбынан алынған физика пәнінен жүргізілген бақылау нәтижесінде оқушылар 63% үлгерім, 56% білім сапасын байқатты. Пәннің орташа оқытылуы 46%-ы құрап, мемлекеттік стандарттың сынаулы деңгейін байқатты. Оқушылар негізінен қозғалтқыштардың п.ә.к. табу, заттың газ және бу күйінде істелетін жұмыстарды жақсы деңгейде орындағанмен, суды қайнатуға жұмсалатын жылу, қайнау және буланғандағы толық жылу, ыдыс ішіндегі суды қайнатудағы жылу мөлшерін табу тапсырмаларынан қателер жіберген. Биология пәнінен 6а сыныбынан функционалдық сауаттылықты анықтауға байланысты алынған жазба жұмысының нәтижесінде оқушылар 94,5 % үлгерім, 61% білім сапасын көрсетті. Бақылау барысында оқушылар жасуша құрылысы, ұлғайтқыш құралдар, көбею, тамыр, гүл, сабақтар құрылысы тақырыптарын жақсы меңгергендерін байқатса, керісінше тамыр жүйесі, органикалық заттардың түзілуі, қоректену ерекшелігі тақырыптарынан қателер жіберген. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын тексеру мақсатында бастауыш сыныптардың және 5-сыныптың оқу жылдамдықтары тексеріліп есепке алынды, қорытындысы шығарылды. Оқушылардың мәтінді қатесіз оқи білуі, түсінгендерін мазмұндап айта білулері, мәнерлеп оқулары қадағаланды. Нәтижесінде әлі де оқушылардың оқу машықтарын жетілдіру жұмыстарын қарастыру қажеттілігі байқалды. Педагогикалық ұжымға оқушылардың оқу деңгейлерін көтеру мақсатында барлық пән мұғалімдері мәтіндермен жұмыс істеу, мәтінге өзіндік талдау жасату, оқылғандағы негізгі ойды тапқызып мазмұндату жұмыстарын жүргізу керектігі байқалды.

Педагогикалық кеңестің қаулысына орай мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін жетілдіру үшін заманауи технологияларды қолдана отырып, нәтижеге бағыттай оқытудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектептегі барлық пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс жоспарларын жасады. Қаулыға және жоспарға сәйкес математика, физика пәндерінен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарына арналған әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес тақырыбына сәйкес әкімшілік тарапынан математика пәні мұғалімі Абенова А.Ә., физика пәні мұғалімі Дамухан М. сабақтарына қатысылып, талдау жасалынды, ұсыныстар берілді.
жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау