Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
292
таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларға
сәйкес ассоциациялар туғызады.
Контекстуалды аударма
Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша
ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы.
Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің
мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді. Бұл тәсілдің
мәні – сөздікте берілген сөзді контекстке, логикалық жағынан байланысты сөзбен алмастыру.
Тілдік бірлікті алмастыру
Кейбір ғалымдар бастапқы мәтінде берілген лингвомәдени бірлікті аударма тіліндегі тілдік
бірлікпен алмастырады, бұл сонымен қатар, «реалияны алмастыру» тәсілі деп те белгілі. Алайда,
осындай алмастыру сөзді бүкіл мәтіннен оқшаулайды. Осындай жағдайда шартты аударылып жатқан
немесе аудармашымен ұсынылған сөздің ұлттық нақышы жоғалады. Басқа мәдени бірліктерді
қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын
автордың ойынша маңызды
емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.
Сипаттамалы аударма
Сипаттамалы аударма қолданылған кезде лингвомәдени бірліктің мазмұны ашылады. Егер
аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол
осы тілдік бірлік нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Сонымен, лингвомәдени бірліктерді аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның
алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға
кемістік келтіру немесе мәдени тілдік бірліктің мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту.
Жоғарыда аталған тәсілдердің өз артықшылықтары мен кемшілік тұстары бар. Мәселен,
транслитерациялау тәсілін қолдануда шет тіліндегі сөздің колориті сақталады, бірақ, кей кездері
оқырманға жақсы таныс болмаған жағдайда, түсініктеме беру қажеттігі туындайды. Мағынасы жақын
сөздермен аударуда оқырманға түсіндіріп жатудың керегі жоқ, бірақ та, транслитерациялауда,
калькалауда шет тілін білмейтін оқырманға аударылатын сөздің немесе
сөз тіркесінің мағынасын
дұрыс аша бермейтін жайттар кездеседі. Осы жағдайда сипаттау немесе түсіндіру арқылы аудару
тәсілін қолданған жөн.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-
тіршілік суреті сақталған. Қандай да бір тіл болмасын оның ұлттық сөз қоры халық мәдениетін,
менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды және мәдени өмір көріністерінің айнасы
болып табылады.
Әлемдік аренада өз орнын енді тауып, халықтарға танылып келе жатқан қазақ елінің ұлттық құн-
дылықтары мен мәдени өмірі жүзге таныс болғанымен мыңға бейтаныс. Өзге ел қазақты қазақтың
әлемдік ұлы тұлғалары арқылы, әлемге танымал үздік көркем туындылары арқылы танып білері хақ.
Өзге ұлт өкілдері қазақтың өткені мен бүгінін тек аударма нұсқасынан оқып біледі. Аударманың бұр-
малануы не нақты жеткізілмеуі ұлттың рухы мен мәдени құндылықтарының деңгейін төмендетеді.
Көркем аудармада ұлттық мәдени тілдік бірліктерді аудару аудармашыдан
шығармашылық пен
терең экстралингвистикалық білімді талап етеді. Аударма үдерісінде өзге тілде мағынасы мен
мазмұнын жеткізу қиын лексикалық бірліктерді зерттеп-зерделеу аудармада сол елдің тілі, мәдениеті,
тарихы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігін шынайы түрде жеткізуге жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс, 1984. – 398 с.
2 Қайдар Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. – Алматы, 1985. – №10. – 103 б.
3 Воробьев В.В. Лингвокультурология (Теория и методы). – М.: Изд-во Российского ун-та дружбы народов,
1997. – 332 с.
4 Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы
лингвомәдени сараптама). Ф.ғ.д. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. – Алматы, 2004. – 180 б.
5 Комиссаров В.Н. Общая теория перевода. – М.: Учебное пособие, 1999. – 336 с.
6 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы: Ақыл кітабы, 1997. – 178 с.
Б.М. Мизамхан
1
, А.Б. Жаксылыкова
2
1,2
Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана,
г. Алматы, Казахстан