Сабақ
|
Әдебиеттік оқу
|
«Теспе» жалпы орта мектебі
|
Күні
|
|
Бастауыш сынып мұғалімі
Боранбай Гүлмира Төрешқызы
|
Сынып
|
3
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
И. Крылов «Шегiртке мен құмырсқа»
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Мәтінде берілген негізгі ойды түсініп, ертегіге талдау жасау, кейіпкерлерге сипаттама беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар ертегі мазмұнын түсініп оқиды;
|
Оқушылардың басым бөлігі ертегіге қатысты нақыл сөздерді өмірде қолдана алады;
|
Кейбір оқушылар ертегіге өзіндік талдау жасау арқылы шегіртке мен құмырсқаға толық сипаттама береді, іс-әрекеттерін талдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар өзгелердің пікірін тыңдап, өз ойын толық, түсінікті жеткізе алады.
|
Ертегідегі тәрбиелік мәні бар сөздерді таба алады.
|
Жұпта «Шегіртке неліктен қыс мезгіліне тағам жинамайды?» деген сұраққа ауызша жауап береді.
|
Әр оқушы ертегідегі сөзді пайдаланып, кейіпкерлерге мінездемені жазбаша береді.
|
Алдыңғы тақырып:
|
Е.Салықов «Күзгi орманның көрiнiстерi»
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз.
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 мин
|
Оқушылармен амандасу. Жайлы ахуал туғызу. Еңбек жайлы мақалдарды құрастыру арқылы 4 топқа бөліну, әр топ спикерлерін сайлау. Топ спикерлеріне бағалау парағын тарату.
Оқушы
|
Үй тапсырмасы
|
Топтық жұмыс
|
Дәптермен жұмыс
|
|
Орта баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ ережесін еске түсіру.
Сабақта өзін және өзгелерді «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайтынын түсіндіріп, бағалау критерийлерімен таныстыру.
|
Мәтінді толық түсініп, сұрақтарға толық жауап бере алды.
|
|
Мәтін мазмұнын біледі, бірақ сәл толықтыруды қажет етеді, сұрақтарға берген жауабын әлі де толықтыруды қажет етеді.
|
|
Тақырып төңірегінде түсінігі бар, ойын жүйелі жеткізе алмады, сұрақтарға берген жауабы шашыраңқы.
|
|
Еңбек етсең-емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Көз қорқақ, қол батыр.
Еңбекшілдің қарны тоқ.
Топ ережесі:
тәртіп, белсенділік, кезекпен сөйлеу, өзгенің пікірін тыңдау қажет.
|
Ортасы
Үй тапсырмасын сұрау 10 мин.
Мақсат қою 2мин.
Жаңа сабақ
2 мин
5 мин
10 мин
2 мин
5 мин
|
Үй тапсырмасын сұрау:
Е.Салықов. «Күзгi орманның көрiнiстерi» мәтінін әр топтан 1 оқушыдан мазмұндайды, салып келген орман суреттерін қорғайды.
Топтар мәтін бойынша сұрақтар қояды.
Үй тапсырмасы бойынша топтар бір-бірін бағалайды.
-Топқа бөлінгенде құрастырылған мақалдарды дауыстап оқып, мағынасын ашайық.
-Бұл мақалдардың негізгі тақырыбы не деп ойлайсыңдар?/проблема тастау/
-Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болады? /Еңбекқорлық пен жалқаулық туралы/
«Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбындағы ертегінің авторы-Иван Андреевич Крылов.
Автор жайлы мәлімет:
Иван Андреевич Крылов (13 ақпан 1769 жылы Мәскеу -21 қараша 1844 жылы Санкт-Петербург) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын.
Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. Өзі өмір сүрген замандағы жалқау, алаяқ, жемқор, мақтаншақтарды сынға алып, әшкере етуді мақсат еткен сатиралық «Рух жаршысы», «Көрермен» журналдарын шығарып тұрды. Ұлы Абай ақын Крыловтан барлығы 13 мысал аударған.
Топтық жұмыс: Ассоциация жасап қорғау:
Құмырсқа мен шегіртке туралы не білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс:
«Шегіртке мен құмырсқа» мысал-ертегіні оқушыларға тізбектей оқытып таныстыру.
Сергіту сәті.
Құмырсқалар мен шегірткелер туралы бейнежазба көрсету.
Дәптермен жұмыс. «Ортадағы қалам» стратегиясы. Ертегідегі сөздерді пайдаланып, шегіртке мен құмырсқаға мінездеме-сипаттама беру. /ортаға бұрын тасталған қалам иесі топ атынан сипаттамасын оқиды/.
|
https://kk.wikipedia.org/wiki/Иван_Андреевич_Крылов
А3 форматы, маркерлер.
оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=vYy70H5rWz4
https://www.youtube.com/watch?v=MQD7fSTBlGg
|
Аяқталуы-4мин
Кері байланыс:
Бағалау:
Үйге тапсырма:
|
«Гүл күлтесі» әдісі.
Берілген гүл суретінің күлтелерін көгілдір, сары, қызыл түстермен бояу.
Көгілдір-түсіндім, орындай алдым.
Сары –түсінбегенім, орындай алмағаным болды.
Қызыл-түсінбегенім көп, қолымнан келмеді.
Топ спикерлерінің бағалауы. Мұғалімнің талқылауы, бағалауы.
«Шегіртке мен құмырсқа» ертегісін мәнерлеп оқу, рөлге бөліп орындауға дайындалып келу. «Еңбекқор құмырсқа» тақырыбына өлең құрап келу.
|
|
Саралау
|
Пәнаралық байланыс, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс
|
|
Қазақ тілі, дүниетану
|
Рефлексия
Оқу мақсаты орындалды ма?
|
Оқу мақсаты орындалды.
|
Бүгін оқушылар не білді?
|
Оқушылар мысал-ертегі мазмұнын түсінді, құмырсқа мен шегірткеге мінездеме бере алды.
|
Сабақтағы ахуал қалай болды?
|
Сабақтағы ахуал жайлы, оқушылар белсенді болды.
|
Жоспарлы саралау шаралары тиімді болды ма?
|
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
|
Берілген уақыт ішінде үлгердің бе?
|
Уақытты тиімді пайдалана алдым.
|
Жоспарға қандай түзету енгіздің?
|
Жоспарға түзету енгізбедім.
|
Қорытынды бағалау
Қандай 2 нәрсе табысты болды?
1.Оқытуда АКТ-ны пайдаланғаным тиімді болды.
2. Кері байланысты сәтті берді.
Қандай 2 нәрсе сабақты дамыта алды?
1. Ертегі кейіпкерлерінің табиғаттағы тіршілігін бейнежазбадан көрсеткенім сабақты дамыта алды.
2. Бейнежазбадан ертегі кейіпкерлерінің тіршілігін көргеннен кейін сипаттама беру табысты болды.
Менің келесі сабағыма әсер ететін сынып туралы, не жекелеген оқушы туралы не білдім?
Сыныптағы оқушылардың құмырсқадай еңбекқор болғылары келетінін байқадым.
Достарыңызбен бөлісу: |