Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет338/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   361
file20200121044531 (1)

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
308
«Алма-ТВ» қанатын кеңге жая бастады. 1998 жылы Ақтау, Қарағанды және Өскемен қалаларында, 
2002 жылы Атырау, Семейде филиалдары ашылды. 2006 жылдан бастап «АЛМА-ТВ» брэндінің 
географиясы тіпті әсерлі бола бастады. Олар астаналық, сонымен қатар Шымкент қаласы аймағына 
және «Айна-ТВ» кабельдік телевидениесі жергілікті операторымен франчайзинг келісім-шарты 
негізінде шықты. Сол 2006 жылы компания Павлодар қаласында кезекті филиалын ашты. Филиал 
ашылған сәттен бері «АЛМА-ТВ» кабельдік телевидениесін павлодарлықтардың едәуір бөлігі жылы 
қабылдады. Компанияның келешек жоспары – «АЛМА-ТВ» – әр үйге» корпоративтік стратегиясын 
жүзеге асыру аясында Қазақстанның ірі қалаларының барлығына жылжу болып табылады. 
Компанияның тарихы – түпкілікті пайдаланушы үшін барынша мол қолайлы жағдайды 
қамтамасыз ететін, техникалық шешімдерді серпінді дамытудың жарқын мысалы. Телекоммуни-
кацияның қазақстандық нарығына байыпты қатысушы ретінде көрінген олар басынан бастап 
тұтынушыға қызметтің кеңейген кешенін ұсынуға бағыт алды. Компания осындай мақсатпен қазірде 
жүйелік инфрақұрылымды модернизациялауды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні «АЛМА-ТВ» – кабельдік 
телевидение мен мәліметтерді беретін қазақстандық операторлар арасында көшбасшы. Компания 
аналогтық форматпен дүние жүзінен 70-тен астам телеарнаны және 100-ден астам арнаны сандық 
түрде ретранслациялауды жүзеге асыруда. Программа пакеттері халықтың әр түрлі қауымы мүддесін 
ескере отырып, қалыптасуда. Бұлар – көркем фильм, балалар, жаңалық, спорт, ғылыми-танымдық, 
музыкалық арналар. «АЛМА-ТВ» тұтынушылары – Еуропа, АҚШ, Жапония, Түркия, Қытай, Ресей 
және Қазақстанның бизнесі өкілдері дайындаған бағдарламаларды көреді. Кабельдік Интернет 
қызметін пайдаланушылар оның қолайлы екендігін бағалай алды: әрқашан желісі бос телефон, 
жылдам режимді таңдау мүмкіндігі, қосылыстың беріктігі, қолжетімді тарифтер. Компания 
абоненттері қосымша Интернет-сервис – электрондық пошта, ойындық серверлер, Web-сайттарды 
құру жолдарын да қарастыруда. 
Жақын келешекте оның қатысу географиясын одан әрі ұлғайту ғана емес, ең алдымен телекомму-
никациялық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қолдана отырып, компанияның техникалық 
қайта жарақтануын жүзеге асыру – негізгі әрі қолжетімді міндеттердің бірі болып табылады. 
Компания Алматы қаласында кабельдік жүйенің абоненттеріне де, жеке қондырғы (MMDS) пайда-
ланушыларына да қолжетімді болатын сандық телевидение қызметін белсене жүзеге асыруда. 
Дегенмен, осы арада телеэкрандағы тіл мәдениетінің құнарлылығын төмендетіп алмаймыз ба деген 
мәселенің де күн тәртібіне шығуы көкейге қонымды. “Тіл мәдениетінің коммуникативті сапасы деген 
ұғымды дұрыстық, тазалық дәлелдік, үйлесімділік, бейнелік, мәнерлілік, көпшілік тілдің түсініктілігі 
мен әрекеттілігі деп түсінеміз. Тіл мәдениеті ұғымы шеңберінде адресаттың нақтылы жағдайда 
алдына қойған міндеттеріне сай игі әсер ете алуы сынды қасиеттердің бірлігі түсіндіріледі” [4, 75 б.]. 
Демек, телеэкранда жаңа үлгідегі қалыпта да жүргізушілердің ауызекі сөйлеу үдерісінде осы айтыл-
ған жайттардың бәрін дерлік ескеруі қажет екендігін басты назарда ұстау керектігі айқындалған. Ал 
өз кезегінде сандық телевидение қазақстандықтардың кең қауымына ақпараттық саланың техноло-
гиялық жетістіктеріне жетуіне, коммуникация саласында сапаның жетекші әлемдік стандарттары 
деңгейіне шығуға, телевизия аудиториясының біртұтас жаһандық жүйесіне және жоғары дамыған 
елдерге тән хабарлаудың осы заманғы кешендері клиенттері ретінде тұғырлануға мүмкіндік береді.
Сандық хабарлар ұсынатын қызметтің саналуандығы абоненттерге жайлы демалыс пен жеңіл 
орындалатын жұмыс процесі туралы арманын толық жүзеге асыруға жол ашады. Абоненттеріне 
сандық телевидениенің қызметін таңдаудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады: бір немесе бірнеше 
тақырыптық программалар пакетін қосудан бастап, кейбір қызықты арналарға ие болуға дейінгі 
мүмкіндіктерге кең жол қалайды. Жақын келешектегі жоспарларда интербелсенді тапсырыс (алдын-
ала хабарлау бойынша бейне көру, қолайлы уақытта қызықтыратын жаңалықтарды қайталап көру, 
аралық оқыту, т.б.) қызметін ұсыну. Қызмет көрсету және тұтынушыларға сервистік қызмет ету 
деңгейінің жоғары сапасы, қазақстандық телекоммуникация рыногында жетекші тұғырды нығайту 
мен сақтау – одан әрі күресте компанияның басты артықшылығы болып қала береді. 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау