ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕНІҢ ЖАС ҰРПАҚҚА БЕРЕР ТӘЛІМІ
Аңдатпа
Мақалада автор Отан ұғымының мәні, отансүйгіштік тәрбиенің тұлға үшін маңызын қарастырады. Жерге,
Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру жолдары әлеуметтік проблема ретінде қарастырылады. Тұлғаны
тәрбиелеуде отансүйгіштік қасиеттің рухани-адамгершілік сапаны дамытудағы орны сөз етіледі. Мектептердегі
әдебиет пәнін оқыту, оқушылардың кітап оқу мәдениеттерінің өсуі ерекшеліктерін анықтау. Қазақ
мектептерінде әдеби шығармаларды оқу және талдау, оқыған материалды қабылдау қабілеттерін анықтау
мақсатымен бақылау, шығарманың кейіпкер бейнелері жүйесін зерттеу, проблемалық талдау.
Сондай-ақ, оқу нәтижелерін, біліктіліктері мен қосымша машықтарын бағалаудың атқаратын рөлі атап
көрсетіледі. Көркем әдебиетті шынайылықты танудың өзіндік ерекшелігі бар иллюстрация ретінде қабылдау
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
239
амалдары қарастырылады.
Мақалада оқыту қорытындыларының ғылымилық, тарихилық, халықтық ұстанымдары, жүйелілік, өлшемді
жоспарлық пен мазмұндық бірлігі, ұстаздың атқаратын рөлі, көркемдік, шынайылық деңгейі қарастырылады.
Түйін сөздер:
көркем әдебиет, оқыту әдістемесі, оқуға деген қызығушылық, оқу мәдениеті, талдау, ұстаным,
оқыту үрдісі
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында қалыптасқан жаңа адам
бостандық үшін күш жігерін аямайтын, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық сын-сынақтардан
өтіп, өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат
алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, жеке тұлғаның бойына қазақстандық
отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда өзекті мәселелер талқыланған биік мінбелерден
замананың түйткілді тұстарын тарқатуға қатысты өзінің өміршең ой-пікірлерін батыл ортаға салып
келеді. Өз еліне деген сүйіспеншіліктің көрінісі, әлем жұртының көкейіндегі арман да, мақсат та
біздің Елбасымыз арқылы айтылды.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне,
Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де
қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары
болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек», – деп атап өткен болатын.
Елбасы өз жолдауында: «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір
сүргенді артық көретіндей,өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір
азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс. Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына,
қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз,
онымен мақтанамыз. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді
тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»
деген болатын.
Бауыржан Момышұлының «Лениншіл жас», 3 қараша, 1967 жылғы жазған «Отан» атты
мақаласында: «Отан деген түсінік адамның ұғымына ананың ақ сүтімен бірге сіңеді. Ата баласын
әлдилейді. Ағалары мен апалары баланы аймалайды. Тіл үйретеді. Сүйінуді үйретеді, күйінуді
үйретеді. Бұл – ұя. Ұяда не көрсең – ұшқанда соны аласың. Отан – ошақ басынан басталады. Менің
Отаным әуелі – менің зергерлікті кәсіп еткен әкем, мені ана орнына арқасына салып көтеріп өсірген
әпкелерім еді. Ауылдас ағайындар. Көкпар тартысқан шалдар. Айнала асқар таулар. Сылдырап аққан
бұлақтар. Азынап соққан ақ боран. Көмкерілген кемпірқосақ. Бұл – менің туған ауылым. Бұл менің
Отаным еді. Ес білгенде мен осыны түсіндім.Еңбектеуге жараған балаға ит жейдесі тар болады.
Тірлікте де сондай той. Туған ауылдан басқа жерлер барын біле бастайсың. Туған аудан, облыс,
республика... ұлы Отан», – деп түсіндіреді.
“Отан” арабтың “ватан”, яғни “өлке” деген сөзiнен шыққан [1].
Асыл дініміз Исламда бес нәрсені: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай
қорғау – салиқалы һәм сауапты амал, ізгі іс, – деп атап көрсетеді. Тәлімі мол бір хадисінде
пайғамбарымыз Мұхаммед
(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
: «Екі көз ақыретте тозаққа
күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап,
шекара күзеткен көз», – деген. Бірде сахаба пайғамбарымыз Мұхаммедтен
(Алланың оған игілігі мен
сәлемі болсын)
: «Уа, Расулалла, ең абзал амал не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі: «Шекараны,
Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру…», – деп жауап берген [2].
Профессор Құлбек Ергөбектің «Туған жердің топырағы» тақырыбында namys.kz. порталында
жарияланған мақаласында туған жердің қадіріне жету үшін эфиопия елінің дәстүрін баяндайды:
Еуропалық екі оқымысты Эфиопияға арнайы сапармен келіпті. Олар Эфиопияның тау-тасын қалдыр-
май аралап танысыпты. Асқар тауын, жосылған жолын, өзен-көлдерін мұқият картаға түсіріпті.
Қауесет жерде жатқан ба, хабар императорға жетіпті. Еуропалықтардың өз елін картаға түсіріп
жүргенін білген император олардың қасынан екі елі қалмайтын қосшы қосыпты. Еуропалықтар араға
жылдар салып ісін аяқтайды. Сол сәтте баяғы қосшы императорға келіп, мән-жайды баяндайды:
– Оқымыстылар бар көрген-білгенін қағазға түсірумен болды, – дейді ол. – Ніл өзені бастауын,
өзендердің таудан қалай құлап ағарын бақылады. Тауда алтын мен күмістің қаншалық екенін
байқады. Жосылған жолдар түгілі соқыр соқпақтарға дейін картаға түсіріп алды.
Император қонақтардың қандай іс тындырғанын түсінді. Елдеріне аттанғалы тұрған еуропа-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
240
лықтарды көргісі келгенін айтып, шақыратын шапқыншы жіберді. Оқымыстыларды жылы жүзбен
қарсы алған император оларды аста-төк дастарханда күтіп, қонақ етіп, баға жеткісіз қымбат
сыйлықтар тартады. Жағалауға дейін олардың аяғын жерге тигізбей император қызметшілері аса зор
құрметпен жеткізіп салды. Қонақтардың да көңілі шат еді.
Еуропалықтар корабльге отырар сәтте оларды императордың қызметшілері тоқтатты. Аз аялдап,
аяқ киімдерін шешуді өтінді. Сөйтті де қонақтардың бәтеңкелерін қағып-сілкіп, мұнтаздай етіп
тазалап, өздеріне қайтарды. Ғаламда жоқ тосын дәстүрге таңқалған қонақтар:
– Бұларың қандай дәстүр? – деді.
– Сіздер мұнда алыс та алып мемлекеттен келдіңіздер, – дейді сонда императордың қызметшісі, –
Эфиопияның әлемдегі ең сұлу ел екенін көздеріңізбен көрдіңіздер. Туған жер – біздің асылымыз.
Туған жер топырағына егін егіп, тіршілік етеміз. Малымызды туған жер нәріне жаямыз. Шаршап-
шалдықсақ туған жер төсіне аунап-қунап демаламыз. Бауырлар көз жұмса – туған жер қойнына
тапсырамыз. Сіздер тау-тасты аралағанда, орман-тоғайды кезгенде көрген жолдар мен сан түрлі
соқпақтарда ата-бабаларымыздың ізі жатыр сайрап. Біз де, біздің ұрпақтарымыз да сол жолдармен
жүреді, сол соқпақтармен армандарға беттейді.
Эфиопия жері – біздің Анамыз. Эфиопия жері – біздің Атамыз. Туған жер – біздің Бауырымыз.
Эфиопия топырағы – соның бәрінен де жоғары, бәрінен де асыл, біздегі бар байлықтан да қымбат.
Туған жер топырағына баға жетпейді. Сондықтан да туған жер – туған топырақтың титімдей
қиыршығын да жат жұрттықтарға қимаймыз. Бәтеңкелеріңізді қағып-сілкіп жатқанымыз сол…[3].
Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Патриоттық сезім мен моральдық ерік-жігерлік қасиет – Отан
идеяларын түсіну, оның бүгінгісі мен болашағын ойлау, оған деген сүйіспеншілік, мақтаныш, алғыс
сезімі, жауына деген өшпенділік, Отаны үшін жанын беру сезімі арқылы жасөспірім шағында өзін-өзі
таниды, өз беделін бекітеді осы арқылы тәрбиеленеді», – деп есептейді.
Қорыта келгенде, Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, Отанды қорғаудан
және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылық-
тардан басқа да жалпы азаматтық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып
табылады. Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз
болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және
қандай патриот болып шығатыны толғандыратын мәселе. Патриотизмді халықтың табиғатына жақын,
өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді, әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан
бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар, патриотизм сонымен үйлескенде ғана қазақ елінің
жастарының отансүйгіштік қасиеті артады. Осы орайда Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық
нақты ахуалдар: өсу, реформалар, даму» атты Елбасы жолдауынан үзінді келтірсек:
Достарыңызбен бөлісу: |