Ботаника Оқу әдістемелік құралы



жүктеу 13,44 Mb.
бет25/35
Дата18.12.2017
өлшемі13,44 Mb.
#4787
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Жұмыс барысы

  1. Тұрақты препарат пен практикум суреттерін пайдаланып, микроскоп арқылы зерттеп, хламидомонаданың кұрылысының суретін салу.

  2. Вольвокс құрылысын тұрақты препараттан немесе зерттелетін судан микроскоптың көмегімен анықтап, суретін саласыз.

  3. Тұрақты препараттан микроскоп арқылы хлорелланың құрылысын зерттеп, цитоплазма, хроматофор, ядро суретін салу.

  4. Улотрикстың жіпшесінің бөлігін микроскоп арқылы зерттеп, бірнеше жасуша құрылысының суретін саласыз.

5 Қорытынды ретінде зерттелген өкілдердің жалпы сипаттамасын, маңызын жазу.

Хламидомонада туысы 6ip жасушалы дөңгелек, сопақ, ұршық және т.б. пішінді, монада құрылысты ағза. Хламидомонада талшығын зерттеу үшін 2 пайыздық йодпен не метил кегінің ерітіндісімен бояңыз.

Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрi 2 мм-ге жететін ценобиальды балдыр. Екi талшығы арқылы қозғалады. Вольвокс жасушалары ұсақ және де ipi болып келеді. Құрылысы жағынан хламидомонадаға өте ұқсас.

Хлорелла туысы бір жасушалы, кішкене табақша пішіндес. Микроскопией зерттеген кезде құрылысына, мөлшеріне, формасына көңіл аударыңыз. Хлорелла хлорококқе өте ұқсас.

Улотрикс туысының жасушалары біркелкі цилиндр пішінді, жалғыз ядросы бар. Тұщы суларда су астындағы затқа түссіз төменгі жасушасы -ризоиды арқылы бекінеді. Улотрикспен танысу үшін фиксацияланған материалды қолданасыз.
Жасыл балдырлар - Chlorophyta

Класс Сифондылар - Siplionophytceae

Өкілдері Кладофора - Cladophora

Класс Тіркеспелі - Conjugatophyceae

Өкілдері Спирогира - Spirogyra

Жасыл балдырлар - табиғатта көп тараған, жиі кездеседі. Оларға бір жасушалы, қауымды, көп жасушалы тарамдалған және тармадалмаған жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Жасуша қабықшасы целлюлоза мен пектин заттарынан тұрады. Кейбір өкілдерінің жасуша қабықшасы болмайды. Ол цитоплазманың қалыңдаған бөлімі плазмалеммамен қапталған не болмаса перипластан құралады. Жасушалары цитоплазма, ядро, хлоропласт, пиреноид және вакуольден тұрады. Цитоплазмада бір немесе бірнеше хлоропласт болады. Жасыл балдырлардың көпшілігінде жасуша бір ядролы, кейде көп ядролы. Монада құрылысты түрлерінде жиырылғыш вакуолі, қызыл көзшесі, екі тең талшығы болады.

Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағашты мекендейді.

Жұмыс барысы


  1. Кладофора жіпшесін микроскоптың көмегімен зерттеп, қауымның жалпы құрылысының суретін салу.

  2. Үлкен үлкейткішпен жеке жасушаны қарастырып, кладофора жасуша құрылысының суретін саласыз.

  1. Микроскоптың кіші және үлкен үлкейткішімен спирогираның құрылысын зерттеп, жасуша органоидтарын салу. Конъюгация үрдісіне көңіл аударып, суретін саласыз.

  2. Қорытынды ретінде өкілдердің биологиясын, құрылыстарының ерекшеліктерін жазасыз.

Кладофора туысы көп жасушалы, тарамдалған жіптесінді балдыр. Жасушасы көп ядролы, хлоропласты, шұрықталған, пирениодты, қабықшасы целлюлозды. Қолмен ұстағанда қатты. Микроскоппен жақсы көру үшін йодпен бояңыз. Крахмал күлгін түске боялады.

Спирогира туысының жасушалары біркелкі, цилиндр пішінді, онда бір немесе бірнеше лента тәрізді оралма орналасқан хлоропласты бар. Бір ірі ядросы, көптеген пиреноиды болады. Сыртқы жасуша қабықшасы пектин затынан, ішкісі - целлюлозадан тұрады. Сондықтан қолмен ұстағанда жұмсақ, сусымалы болып тұрады. Жасуша құрылысымен танысу үшін аквариумдегі жас материалды да пайдалануға болады. Пиреноидты көру үшін препаратты йодты калий ерітіндісімен бояңыз. Ал ядроны көру үшін спиртте тұрған материалды пайдалану қажет. Ол үшін препаратты ашудас каротинімен не гематоксилин бояуымен бояу қажет.


Диатомды балдырлар - Bacillariophyta

Класс Пеннаттылар - Pennatophyceae

Өкілдері Пиннулярия - Pinnularia

Диатома - Diatoma

Диатомды балдырлар бөліміне көбінесе таяқша пішінді бір жасушалы және қауымды, микроскопиялық, күрделі құрылысты ағзалар жатады. Жасушаның ішкі жағынан пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы берік сауыт қаптап жатады. Жақтаудың үлкенін эпитека, кішісін - гипотека деп атайды. Жасушасы бір ядролы, хлоропласты бірден бірнешеуге дейін барады. Пластинкалы, сирек дән тәрізді хлоропластарында бір, кейде бірнеше пирениодтары болады. Жасушаның формасы оның орналасуына байланысты. Диатомды балдырлардыц қозғалысы күрделі процесс, олардың қозғалыс қызметін атқаратын талшықтары болмайды, оны тігістері атқарады. Қор заты ретінде май тамшылары, сирек волютин және хризоламинарин цитоплазма мен вакуолінде жиналады.

Диатомды балдырлар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы вегетатиті көбейеді. Жынысты көбею көршілігінде конъюгация сияқты изогамия, анизогамия, кейбіреулерінде оогамия арқылы болады. Планктонды түрде тіршілік ететін диатомды балдырларда ұсақ 8-ден 16-га дейін түзілетін микроспоралр арқылы көбейетіні анықталды. Микроспоралар талшықты не талшықсыз болады.


Жұмыс барысы

  1. Пиннулярияның тірі өкілдерін микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен зерттеп, эпитека мен гипотека құрылыстарын салу.

  2. Микроскоптың көмегімен диатоманың жасуша құрылысын зерттеп, суретін салу.

  3. Қорытынды ретінде өкілдердің жалпы сипаттамасын жазып, неліктен тігісті және тігіссіз болып бөлінетінін түсіндіру.

Пиннулярия туысы бір жасушалы, қозғалғыш, эллипс пішіндес созылған, екі жақтаулы, шеті дөңгеленіп келетін балдыр. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса, онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Ішкі кіші жақтау гипотека, оны жауып тұратын сыртқы жақтау - эпитека деп аталады. Сауыттың ішінді жатқан жассушаның орта бөліміндегі көлденең цитоплазмалық көпіршеде ядро жатады. Жақтаудың бүйір жағына қарай ірі пластинкалы екі хлоропласт орналасады, көпіршенің екі жағындагы бос қуысты жасуша шырынына толы вакуоль алып жатыр. Онда қор заты май тамшылары, волютин түйіршіктері жиналады.

Диатома жасушалары лента немесе иректелген тізбек құрйтын ағза. Сыртқы пішіні жағынан қауым табеллярияға ұқсас. Одан бүйір жағынан ұзын, тік бұрышты жасушалардан, ал жақтау жағынан сопақ пішінді және көлденең жолақтарының болуы арқылы айырылады.


Қоңыр балдырлар - Phaeophyta

Класс Фэозооспоралылар - Phaeozoosporophyceae

Өкілдері Ламинария - Laminaria

Бөлім Қызыл балдырлар - Rhodophyta

Класс Бангиялылар —Bangiophceae

Өкілдері Порфира - Porphyra

Қоңыр балдырлар көп жасушалы көпшілік уақытта теңіз түбінде ризоидтары арқылы бекініп тіршлік ететін, басым көпшілігі микроскопиялық, күрделі құрылысты өсімдіктер. Қоңыр балдырлардың денесі жіп тәрізді, дихотомиялық бұтақталған лента тәрізді, пластина пішінді, талломдардың қарапайым келетін түрлерімен бірге құрылысы күрделі «сабақ», «жапырақ», тәрізді бөліктерден тұратын түрлері де көп. Күрделі құрылысты формаларының талломдары қарапайым түрдегі ассимиляциялаушы, қор жинаушы, механикалық және өткізгіш ұлпаларға бөлінген. Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасы екі қабаттан - іші целлюлозды, сырты пектинді қабықшадан тұрады. Цитоплазмасында бір ядросы, қарапайым түрлерінде пластикалы, лента пішінді бірнеше, ал күрделі құрылыстарында дән тәрізді көптеген хлоропластары болады. Пиреноидтері өте уақ, оптикалық микроскоппен көрінбейді. Қор заты ретінде полисахарид - ламинарин, манит және майлар жиналады.

Талломдардың кездейсоқ жағдайларда жұлынып кетуі арқылы вегетативтік көбейеді. Екі талшықты зооспоралар және моно немесе тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі изогамия, гетерогамия және оогамия.

Қызыл балдырлардың көпшілігі көп жасушалы, күрделі құрылысты, теңіздерде, мұхиттарда өсіп, су астында ну орман құрайды. Күрделі морфологиялық және анатомиялық құрылысты болуларымен бірге өте сирек бір жасушалы және қауымды формалары да кездеседі. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі ірі өсімдіктер, ұзындығы бірнеше сантиметрден метрге дейін барады. Бұлардың 6000-ға дейін түрі белгілі.

Қызыл балдырлардың сыртқы пішіні әртүрлі, олардың ішінде жіптесінді, пластинкалы, «сабақты», «жаппырақты», қабықты, көпіршік және маржан пішіндес формалары бар, олардың тармақталуы әртүрлі. Қабықты талломдары бар түрлері тасқа не басқа балдырларға жабысып өседі. Маржан пішіндес формаларының ұлпасына кальций тұздары сіңген.

Қызыл балдырлардың жасуша қабықтары екі қабаттан: ішкі целлюлозды, сыртқы пектинді. Қарапайым құрылыстары бір ядролы, күрделі құрылысты түрлері көп ядролы, хлоропластары жұлдыз, лента, линза және дән тәрізді болады. Кейбіреулерінің талломында жұқа кутикула болады. Қарапайым құрылысты түрлерінде пиреноидтары бар. Цитоплазма жасушаның қабырғалық қабатына қарай орналасады, ортаның өзгерісіне сезімтал келеді. Қызыл балдырлардың көбеюі көп жақты аса күрделі процесс. Бұлар әртүрлі жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюлері де әртүрлі, күрделі құрылысты келеді. Вегетативтік көбеюі бір жасушалы және қауымды формаларда жасушаның екіге бөлінуі не бірнеше тума жасушалардың пайда болуы арқылы болады.


Жұмыс барысы

1 Ламинарияның құрылысымен және сыртқы пішінімен гербарий көмегімен танысып, суретін салу. Ламинарияның көбеюінің схемасын сызыңыз.



  1. Гербарий көмегімен порфираның сыртқы құрылысын зерттеп, суретін салу. Порфираның көбеюінің схемасын сызыңыз.

  2. Қорытынды ретінде ламинария мен порфираның жалпы қысқаша түрде сипаттамасын жазыңыз.

Ламинария туысы күрделі құрылысты, ұзындығы 60 метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Жыныссыз көбеюі зооспора, жынысты көбеюі оогамия арқылы болады. Ламинарияның өзі диплоидты спорофит.

Порфира туысының сопақ пішінді нәзік талломы бір-екі қатар жасушалардан құралған. Жасуша қабықшысында саңылауы болмайды, жұлдыз пішінді 1-2 хлоропласттары, бір ядросы мен пиреноиды болады.

Препарат дайындау үшін порфира гербарийінің шетінен кесіп алып, зат шынысына салыңыз. Бір тамшы су тамызып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші көрсеткішімен жұқа жерін іздеп, ұлғайтқыштың үлкеніне түсіріп, вегетативтік жасушаның құрылысымен танысып, суретін салыңыз. Порфираның морфологиясымен гербарий арқылы танысыңыз.

Саңырауқұлақтар - Mycophyta (Fungi)

Саңыраукұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіңдегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Жер жүзінің барлық белдеулеріне кеңінен таралған: топырақта, суда, ағаш діндерінде, тірі және өлі ағзалардың денесінде, т.б. тіршілік етеді.

Саңырауқұлақтардың өсімдікке, жануарларға тән белгілері бар. Саңырауқұлақтар өсімдік сияқты бір орыннан қозғалмайды; қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді, тарамадалады; жасушасында қалың қабықшасы болады; қоректік заттарды жануарлар сияқты пайдаланбай, өсімдіктер сияқты бүкіл денесімен сорады. Олардың жануарларға тән белгілері: жасушасының қабықшасы қатты хитиннен тұрады, жануарлар сияқты дайын органикалық заттармен қоректенеді, фотосинтез жүрмейді (себебі пластидтері жоқ).

Көпшілік саңырауқұлақтардың вегетативті денесі жіпшелерден (гифалардан) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып жіпшумақ (мицелий) деп аталатын саңырауқұлақ денесін құрайды. Саңырауқұлақтардың жеке жасушасының құрылысы - қабықшадан, цитоплазмадан, ядродан, ал ересек жасушасының ортаңғы бөлігін ірі вакуоль алып жатады. Вакуоль жасуша шырынына толы болады. Саңырауқұлақтардың жасушаларында қор заты ретінде ешуақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликоген жиналады. Кейбір саңырауқұлақтарда әртүрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі.






34 - сурет. Эвроциилер. А - пеницилл; Б - аспергилл: 1 - конидиялары бар көп жасушалы таллом; 2 - конидиялары бар бір жасушалы таллом; 3 - стеригма; 4 - клейстотеций кесіндісі.
Саңырауқұлақтардың түсі жасуша қабығында, цитоплазмада, вакуольде болатын пигменттерге байланысты.

Саңырауқұлақтар бүршіктер, вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.

Саңырауқұлақтар бөлімі келесі класстарға бөлінеді: төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар - хитридиомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер; жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар - аскомицеттер, базидиомицеттер, дейтеромицеттер.

Класс Оомицеттер - Oomycetes

Өкілдері Картой фитофторасы - Phytophthora infestans

Класс Зигомицеттер - Zygomycetes

Өкілдері Мукор - Mucor mycedo

Оомицеттер оогамия жыныс процесінің болуымен сипатталады. Ұрықтанудың нәтижесінде түзілетін ооспора оогонийдің ішінде бос жатады және қалың қоңыр қабығы бар. Оомицеттердің екінші бір басты ерекшелігі -гифаларының қабығы целлюлозадан тұрады, хитиндері болмайды. Басым көпшілігі сулы ортада тіршілік етуіне байланысты, зооспора арқылы көбейеді. Аздаған түрлерінде зооспораларының бір талшығы болса, .басым көпшілігі екі талшықты болады. Бұл талшықты зооспоралардың арасында филогенетикалық байланыстың бар екендігін анықтау қиын. Оомицеттер классынды эволюция -құрлықта тіршілк етуге қарай көшуіне байланысты біртіндеп, конидиялар арқылы жыныссыз көбеюге ауыса бастағандығы байқалады.

Зигомицеттер ерекше зигогамиялы жыныс процесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процесі гаметаларға бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметанги деп аталатын жасушаларының бір -біріне құйылуы арқылы болады. Зооспора құрмайды. Қозғалмайтын эндогенді жолмен түзілген споралар немесе конидиялар арқылы жынысыз көбейеді. Жасуша қабықшалары целлюлозалы емес, хитинді болып келеді. Зигомицеттерге 500-дей түр жатады, оларды бірнеше қатарға бөледі.


жүктеу 13,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау