«Менің тәжірибем» айдарына Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары Сатекова Жанар Сапиолдақызы Физика пәнінің мұғалімі



жүктеу 70,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі70,5 Kb.
#24377

«Менің тәжірибем» айдарына

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары
Сатекова Жанар Сапиолдақызы

Физика пәнінің мұғалімі

«Серебрянка №4 қазақ

орта мектебі» ММ

Физика және астрономия пәндері – жаратылыстану- математика бағытындағы білім беру жүйесіндегі адам мен техника және табиғат туралы біртұтас түсінік қалыптастыратын маңызды пәндердің қатарына жатады. Жаңа ғасырдың жаңа талаптарына жаңаша көзқараспен қарауды, ғылым мен техника жетістіктеріне бойұсынып, үйренуді, оқып-біліп отыруды талап етеді.

Сондықтан, оқушылардың қоршаған ортаны, рухани, мәдени құндылықтарды және сол өмірдегі адамның орнын дұрыс түсінуі үшін физика саласындағы білімдерінің терең болғаны ләзім.

Физика пәні бойынша оқушылар білімін байыту үшін оны терең меңгертіп, оқу белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қазіргі білім беру технологиясын және әдістерін дұрыс таңдап пайдалану мақсат. Мұғалімнің жеке тұлғасы, эрудициясы, оқушылармен қарым - қатынасы, әдістемелік шеберлігі, білімі мен біліктілігі – әр оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі.Оқу процесі кезіндегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынас өзекті мәселе, оқушыға деген сенімділікті нығайтуды көздейді. Керекті әдісті дұрыс қолдану үшін оқушыны жете білу керек. Пән мұғалімдерінің мазасын алған жайт оқушылардың аталған пәнді оқып – үйренудегі ынтасының төмендеп кетуіне себеп болатын оқу материалының құрғақ сөзбен берілуі, материал көлемінің үлкендігі, жоғарғы деңгейдегі ғылымилығы, сондай – ақ әр топтағы оқушылардың жеткілікті дәрежеде оқып – үйренуіне ауырлық туғызатыны сынды мәселелер.

Сабақты ұйымдастырғанда әр оқушы (міндетті түрде әр оқушы) өз іс - әрекетінің жемісті болатынын сезінетіндей сенім қалыптастыру арқылы оқушы жұмысына жетекшілік етуге қол жеткізуді көздеген жөн.

Табыс – тұлғаның қалыптасуының бастапқы шарты. Жұмысы оңға басса оқушы жақсы көңіл – күйде, ризашылық сезімде болады. Мектеп үшін бұл өте маңызды шарт. Егер оқушының ісі табысты болмаса, оның өзіне деген сенімі жоғала бастайды.

Үнемі болатын сәтсіздіктер оқушының оқуға деген қызығушылығын жоғалтады. Тәжірибелі ұстаздар мұны жақсы біледі.Олар ешқашан да оқушының сәтсіздігін бетіне баспайды, жөнді – жөнсіз ескертулер жасамайды, екіліктермен қорқытпайды. Керісінше, сәтсіз жағдайда қалған оқушыны қолдап, оны демеп, шамалы жетістігін көтермелеп, қолпаштайды. Оқушылар мақсаттарын жүзеге асыра алса, қызығушылықпен, қанағаттана іс атқарса, бір – бірлеріне көмектессе, үйлеріне риза болып қайтса, оқуға деген ынталары күшейеді.

Өзімнің сабақтарымда осы аталған принциптерді бұлжытпауға тырысамын, оқушылардың оқу белсенділіктерін қолдаймын, олардың осы үрдістегі көңіл – ауанын қалт жібермеуге тырысамын, шаршаған кездерін дер кезінде байқап, басқа жұмыс түрлеріне көшемін, мақсат - олардың іскерлік қабілеттерін жоғалтпау. Жетінші сыныпта оқушылар алғаш рет физика пәнімен бетпе – бет келеді, жаңа пән әрине, оларға қиыншылық туғызады. Оқушылардың осы пәнге бейімделуін жүйелі түрде жүргіземін, мысалы, бұл сыныптың оқушылары физикалық аспаптарды алғаш рет көріп, қолдарына ұстауға қызығады, олардың бұл тілегіне қарсылық жасамаймын, әр аспаптың атқаратын қызметін, ерекшілігін, зиянды – зиянсыздығын, т.б. түсіндіремін.

Оқушының білімін бағалау ісінде аталған сыныпта азды – көпті мәселелер туындайды. Мысалы, материалдың ауырлығы және ғылымилығы оқушыға алғаш кездесетін қиындық, олар бірден жоғары баға алуға дайын емес. Осындай жағдайда төмен бағаланған оқу материалын оқушы кейінірек жоғары баға алу үшін қайыра тапсырам десе, оған үнемі жағдай жасалынып отырады. Оқушы осындай талпыныстан кейін әділ, жоғары баға алса, алғашқы бағалардың күші жойылатыны ескертіледі. 7 – сынып бойынша пәнге қосалқы материалдар:жұмыс дәптері (Сәрсенбаева Ә.Н.), тестер жинағы оқушыларға пәнді оқып – үйренуге айтарлықтай көмек көрсетеді. Біздің мектеп биылғы оқу жылынан бастап оқытудың компьютерлік технологиясына көшті. Бұл арада соңғы үлгімен жабдықталған физика кабинетінің атқаратын ролі мейлінше зор. Интерактивті тақта алдындағы сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығына игі әсер етуде.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетімен және топ болып жұмыс атқаруға баулу жағдайында сайыс сабақтарын өткізу өте қолайлы. Дәстүрден тыс бұл сабақтарда «Зат және оның құрылысы» тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру міндеттерін жүзеге асыруға болады.Осы тұрғыдан сабақтың бір үлгісін ұсынғанды жөн көрдім.



Сабақтың тақырыбы: «Зат және оның құрылысы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Зат және оның құрылысы» тарау бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденампыздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қайталау сұрақтары. «Кім жылдам?» Дұрыс жауабын берген оқушыларға жетондар беріледі.

- Қайсысы физикалық денеге жатады? Кітап, пышақ, болат, алюминий, ұшақ, балауыз, фарфор, шыны аяқ, қорғасын.

  • Қайсысы затқа жатады? Сызғыш, дәптер, стақан, бұранда шеге, қаламсауыт, қарындаш.

  • Қайсысы физикалық құбылыстарға, затқа, физикалық денелерге, құралға, физикалық шамаға, физикалық шаманың өлшемін білдіреді? Минут, оттек, ай, таразы, жел, температура.

  1. Тестпен жұмыс (интерактивті тақтамен көрсету)

  1. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі қайсы?

А) атом В) молекула С) бактерия

2) Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі қайсы?

А) атом В) молекула С) бактерия

3) Газдағы немесе сұйықтықтағы мөлшері кіші /1мкм/ бөлшектердің ретсіз қозғалыстары қалай аталады?

А) броуындық қозғалыс В) диффузия С)хаос

4) Көлемін сақтай отырып, пішінін өзгерту кезіндегі заттың күйі қандай?

А)қатты В)сұйық С)газ

5)Тұрақты көлемі мен нақты пішіні жоқ күйді қалай атайды?

А)қатты В)сұйық С)газ

6) Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?



А) А) броуындық қозғалыс В) диффузия С)температура

  1. Практикалық тапсырма (жұптық). Физикалық аспаптардың құнын анықтау (мензурка, таразы, сағат, сызғыш, транспортир, динамометр, термометр)

  2. Сөзжұмбақ шешу (интеративті тақтамен жұмыс)
















4


































7

м

о

л

е

к

у

л

а
















е





































н













6













1

ф

и

з

и

к

а




қ







2

д

и

ф

ф

у

з

и

я




а













3

т

е

р

м

о

м

е

т

р










5

в

а

к

у

у

м




т



















8

а

т

о

м




ы








  1. Табиғат туралы ғылым.

  2. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстар саласынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы.

  3. Жылудың тепе – теңдігін анықтайтын құрал.

  4. Дененің көлемін өлшейтін құрал.

  5. Ауасыздық.

  6. Зат қай күйінде өз пішіні мен көлемін сақтай алады?

  7. Бірнеше атомдардың өзара байланысуы.

  8. Бөлінбейтін өте кішкентай бөлшек.

6. Релаксация.

Музыка әуені арқылы тамаша табиғат суреттері ашылып, өмірлік маңызды сөздер жазылған беттер көрсетіледі /Компьютер арқылы./

Оқушылар сол сөздер бойынша қорытынды жасайды.


  1. Бағалау, қорытындылау.

  2. Үйге тапсырма: Заттың күйлерінің молекулалық моделін макет түрінде жасап әкелу.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда төмендегідей әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады:

  • Ауызша әдіс.

  • Практикалық әдіс.

  • Проектілеу әдісі.

  • Өзіндік жұмыс әдісі.

  • Сын тұрғысынан ойлау әдісі.

  • Саралап – деңгейлеп оқыту әдісі.

Қалыпты сабақтармен салыстырғанда сын тұрғысынан ойлау әдісімен ұйымдастырылған сабақтың бірнеше ұтымды жақтары бар.

  • Белсенді ойлау іс-әрекеттері арқылы оқушылардың жаңа білімді меңгеруі, табиғат құбылыстары туралы білім байлығы нығайтылады.

  • Оқытушы мен оқушы арқылы оқу процесінде рефлексия жүзеге асырылады.

  • Бағалау оқушының өзімен және мұғаліммен жүргізіледі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша ұйымдастырылған сабақ үш кезеңнен тұрады:

  • Ой қозғау (оқушылар өз білімдерін жинақтап, өтілетін тақырып туралы ойлана бастайды)

  • Тану (жаңа ақпарат туралы оқушылар өздерінің түсініктерін құрайды)

  • Ойлану (рефлексия, оқушылар жаңа ақпарат туралы ойланып жаңа алған білімдерін бекітеді)

Оқушылардың бірлескен жұмысы жұпта немесе шағын топтарда ұйымдастырылады және ол келесі маңызды дағдыларын жүзеге асыруға бағытталады:

  • Өз бетімен оқу материалын оқып меңгереді.

  • Шығармашылығын дамытады.

  • Өз ойын басқа оқушыларға айтады.

  • Естиді және ақпаратты алады, жете түсінеді.

  • Өзіндік бақылау жүргізеді.

Ой қозғау кезеңінде дәлдеу – анықтау сұрақтары қойылады: миға шабуыл, «Ия – Жоқ», «Білемін, білгім келеді».

Тану кезеңінде оқулықпен жұмыс жасалынады.Оқушылар сабақ қорытындысында «Білемін», «Үйрендім», «Білгім келед» жауап іздейді. Оқылғанды жұппен талқылауға болады.

Сынып ұжымындағы эксперттер мен қызметкерлер бірігеді де жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп және сыныптастарын үйретуге мүмкіндік береді. Мысалы, тірек конспектілерін салыстырып, есеп шығаруға, тәжірибе жасауға пайдаланады.

Белгілі бір тараудан соң жасалынатын диагностикалық талдау арқылы оқытудың белсенді әдістерін қолдану оқушылардың білім сапасына оңды әсер ететінін көрсетті. «Планеталардың қозғалысы», «Күннің жылдық қозғалысы» сияқты астрономия пәнімен байланысқан тақырыптарда сабақтар сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ұйымдастыруға болады.



Сол сияқты деңгейлік саралап оқыту технологиясында әр оқушының қабілеті диагностиканың нәтижесінде анықталады, ...Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, бір – бірімен сайысып алға ұмтылды. Әлсіздер өзін - өзі сынап қарауға үйренеді, өзіне деген сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынтасы арта түседі. Білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда олардың өздеріне міндеттер жүктеу тиімді.Үй тапсырмасының теориялық сұрақтарын оқушылар бір – біріне айтып, бірін – бірі бағалайды. Сол кезде білімі орташа немесе нашар оқитын оқушының білімін тексеруге тырысамын. Бағалауды оқушының жұмыс жасау белсенділігін ескере отырып бағалау парағына «+», «-» деп белгілеймін, сабақтың соңында «+», «-» - ты есептеп, қорытынды шығарамын. Егер оқушы қиналса, оған жеңілдетілген тапсырма беріледі. Кейін оқушы деңгейлік тапсырмалардың келесісін орындауға кіріседі. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде меңгереді. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылады. Бағалау парағы бойынша оқушылар өз білім дәрежесін анықтап, даму мониторингін құруға мүмкіндік алады. Мониторинг бойынша мұғалім әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізіледі. Осы жағдайда оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді, ал мұғалімге нашар оқитын оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік туады.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
жүктеу 70,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау