Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі


Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#13110
1   2   3

5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
      40. Жұмысты аяқталғанда пайдаланылған жабдықтарды қауіпсіз тоқтатуды, ажыратуды қамтамасыз ету қажет.

      41. Денсаулық пен жеке қауіпсіздікке қауіп тудыратын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы табылған жағдайда әуе кемесінің командиріне, ал кейін ұйым басшысына хабарлайды.

      42. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне, ұйым басшысына хабарлауы қажет.

      43. Электр қыздырғыш аспаптарда зақымданудың пайда болуы жағдайында оларды тез электр желісінен ажырату және болған оқиға туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы қажет; зақымдалған электр жабдығын ұшуда одан әрі пайдалануға немесе жөндеуге тыйым салынады.

      44. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.

      45. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      46. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.
      Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      47. Кезекші жұмыс аяқталғанда қолын сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.

      48. Жұмыс уақытында белгілі болған барлық ақаулықтар мен кемшіліктер туралы және оларды жоюға қабылданған шаралар туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау және ұйым басшысын хабардар ету қажет.

Қазақстан Республикасы     

Ивестициялар және

даму министрiнiң

2017 жылғы «___» ___________
бұйрығына 4-қосымша

Азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық
1. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың
жалпы талаптары
      1. Осы Азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгілік нұсқаулық) бортсеріктер үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы (бұдан әрі - ұйым) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.

      2. Бортсеріктер - бұл оқу, аттестациялау, дербес жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі, және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша талаптар қойылатын кәсіп.

      3. Бортсеріктерінің жұмысына арнайы оқудан, тағылымдамадан өткен және әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсетуге даярланған, әуе кемесінің тұрмыстық, апаттық-құтқару, оттегі мен өртке қарсы жабдықтарын пайдалана білетін, апаттық жағдайда экипаж мүшелерінің өзара әрекеттері бойынша міндеттерін білетін, алғашқы дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсете білетін 18 жастан жас емес тұлғалар жіберіледі.

      4. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:

      1) кіріспелік нұсқаулаудан;

      2) жұмыс орнында дербес жұмысты бастаудан алдыңғы бастапқы нұсқаулаудан;

      3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қайта нұсқаулаудан - үш айда бір реттен артық емес;

      4) нұсқаулық талаптары бұзылған жағдайда немесе отыз күнтізбелік күннен астам ұшу жұмысының үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан (жеке немесе барлық бригадамен) өтуі тиіс.

      Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба бортсерік куәлігінде жасалынады.

      5. Нұсқаулаудан өтпеген немесе еңбекті қорғау жөнінде қанағаттандырмайтын білімді көрсеткен тұлға жұмысқа жіберілмейді.

      6. Денсаулық жағдайын бақылау үшін бортсеріктер белгіленген тәртіпте азаматтық авиацияның дәрігерлік-ұшу сараптау комиссиясында медициналық куәландырудан өтеді.

      7. Науқастану, көңіл күйінің нашарлау, ұшудан алдыңғы жеткіліксіз демалуы жағдайында әуе кемесінің командиріне өзінің жағдайы туралы хабарлайды және медициналық көмекке көрінеді.

      8. Жұмыстарды орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдері: ұшу уақытының, ұшудан алдыңғы және ұшудан кейінгі демалыс нормаларын сақтауы, резервте тұрған уақыты режимдері мен тағы басқаларды сақтауға міндетті.

      9. Жұмысты орындау кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы ұшақтар, тік ұшақтар, арнайы автокөліктер мен өзі жүретін механизмдер;

      2) жұмыс істеп тұрған авиақозғалтқыштардан ауа мен газ ағындары, сондай-ақ оған түскен тастар, құм мен басқа да нәрселер;

      3) ауа сору ағындар (авиақозғалтқыштардың пысылдау аумағы);

      4) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналатын бұрандалары;

      5) жылу мен желдету газ ағызатын машиналардың ауа-газ ағындары;

      6) ұшақтың және оның жабдықтарының (тұрмыстық және апаттық-құтқару жабдықтары, люктердің, люкшелердің және сол сияқтылардың жабылмаған қақпақшалары) шығып тұрған бөліктері;

      7) жоғары тайғанақтық (траптың, әуеайлақтың тұрақ орындары мен жабындыларының беті мұздану, ылғалдану мен майлану салдарынан);

      8) ұшақтың тұрақ орнының бетінде тұрған нәрселер (шлангтер, кабельдер, жерлендіру арқандары және басқалар);

      9) биіктігі бойынша қоршалмаған құламаның жақын орналасуы (мысалға, ұшақтың кіре беріс ашық есіктері), сондай-ақ әуе кемелерінің жабылмаған люктеріне түсу мүмкіндігі (ұшудан алдыңғы қызмет көрсету уақытында);

      10) қысымның құлауы (биіктеу мен төмендеу алу кезінде);

      11) жұмыс аумағының ауасында оттегі құрамының жеткіліксіздігі;

      12) тұйықталуы адам денесі арқылы болуы мүмкін электрлік тізбегіндегі кернеудің арттырылған мәні;

      13) жоғары температураға дейін қыздырылған су, қайнаған су, ыстық бу (борттық тамақты даярлау кезінде);

      14) тұрмыстық жабдықтардың, саймандар мен құрылғылардың өткір жиектері (соның ішінде консерві пышағы, асхана аспаптары), сондай-ақ сынған ыдыстар мен шөлмектер;

      15) деңгей артқан шу мен тербелістер;

      16) ауаның артуы немесе төмендеу температурасы мен ылғалдылығы;

      17) жұмыс аумағының, әуе кемесінің тұрақ орындарының, перронның жеткіліксіз жарықталғандығы;

      18) әуе кемесінің бортындағы өрт немесе жарылыс;

      19) психоэмоциональдық ауыртпалықтар.

      10. Жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғау құралдары міндетті пайдаланылады.

      11. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталады және жолаушылар тарапынан бұзушылықтарға жол берілмеуі тиіс (әуе кемесінің тұрақ орындарында темекі тартпау, ашық отты пайдалануға және сол сияқтылар).

      12. Қызметкерлердің немесе жолаушының жарақаттануы, жабдықтардың, құрылғылар мен саймандардың ақаулығы жағдайында әуе кемесінің командиріне, ұйым басшысына болған оқиға туралы хабарлайды және оқиғаның жағдайын, егер ол айнала үшін қауіп төндірсе, сақтайды, ал зардап шеккендер болған кезде алғашқы көмек көрсетеді.

      13. Бортсеріктер үшін міндетті талаптар алғашқы көмек көрсете білу мен борттық дәрігерлік дәріханашылықты пайдалана алуы болып табылады.

      14. Жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдаудан алдын қолды сабынмен мұқият жуу қажет.



2. Жұмыстың басталуынан алдыңғы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
      15. Бортсеріктер ұшудан алдын медициналық қараудан өтеді.

      16. Жұмыс басталардан алдын және барлық жұмыс уақыты бойында тиісті болатын түзеу арнайы киімдерді және арнайы аяқ киімдерді пайдалануы міндетті.

      17. Бекітілген жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      18. Сонымен қатар жұмысты орындау үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын олардың түзеулігін алдын ала тексере отырып даярлауы тиіс.

      19. Жұмысты бастардан алдын жұмысты орындау кезінде қолданылатын барлық саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      20. Әуеайлақ аумағы бойынша бортсеріктер автокөліктермен орын алмастырады. Ерекше жағдайларда жаяу орын алмастыру кезінде сигналдық көкірекшені пайдалануы (жарқырағыш элементтері бар) және мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) тек арнайы тағайындалған маршрут бойынша жүру;

      2) айналадағы жағдайдың өзгеруін бақылау, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлардағы (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқты) және тәуліктің қараңғы уақытындағы;

      3) авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан автомобильдің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау;

      4) жоғары қауіптілік аумақтардың маңында (жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар және ұшақтардың айналудағы әуе бұрандалары мен тік ұшақтардың көтергіш бұрандаларының аумақтарында, жердегі және борттық радиотехникалық құралдарының антеннасының сәулеленуі, әуе кемелерін рульдеу мен сүйреу, әуе кемесінде арнайы көлік пен механизация құралдарын маневрлеу, ұшаққа отын құю, тиеу-түсіру жұмыстары және басқалар), сондай-ақ жолдың жүру бөлігінде абайлылықты сақтау және сақ болу, әуеайлақ аумағындағы тегіс емес және тайғақ жерлерге көңіл бөлу.


      Қозғалтқыштан газдың шығу бағытынан 50 м кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 м кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың радиолокациондық станцияларының жұмысы кезінде 20 м кем; қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған тік ұшақтан 50 м кем қашықтықта болу қауіпті.

      21. Бортсеріктер ұшудан алдыңғы даярлық үдерісінде мынадай қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет: 

      1) тұрақ бойынша орын алмастыру кезінде әуе кемесінің қасында тұрған шлангтерге, кабельдерге, арқандарға, әуеайлақ қыздырғыштарының түтік құбырына, беріктеу негіздерге, арбаларға, баллондарға және басқа да бұйымдарға сүрініп және соқтығысып қалмау үшін абайлылықты сақтау;

      2) жарақат алудан құтылу үшін әуе кемесінің төмен орналасқан бөлігінің қасынан қозғалу кезінде сақ болу. Әуе кемесінің фюзеляжының астында қозғалуға тыйым салынады;

      3) шығу есіктерінің шектеу белдіктерінің түзеулігін және олардың беріктігін, ұшақтық дауыс зорайтқыш құрылғының жұмысын және бортсеріктердің экипажбен телефондық байланысын тексеру;

      4) жолаушылар салонын қарау, ұшудан алдыңғы қызмет көрсетуден кейін онда қалып қойған бөтен нәрселердің, ашық люктердің жоқтығына көз жеткізу;

      5) кілем жабындыларының дұрыс бекітілгендігін және онда қатпарланудың жоқтығына көз жеткізу;

      6) электр су қайнатқыштарының бекітілу сенімділігін тексеру қажет.

      22. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын жұмыс баспалдақтары мен сатыларды пайдалануға және жүк автомашинасының кузовына, электрокарлар платформасы мен көтергіш механизмдерге көтерілуге тыйым салынады.

      23. Жолаушыларды отырғызуды және түсіруді бастаудан алдын траптың тазалығына, траптың үстіңгі алаңымен әуе кемесі есігінің табалдырығының арасындағы қашықтық белгіленген нормаларға сәйкестігіне, олардың деңгейінің тура келуіне көзбен шолу арқылы көз жеткізілуі керек.


      Орнатылған шектеуші белдіктерді шешуге тек отырғызу мен түсіру кезінде рұқсат етіледі. Экипаж мүшелері мен әуе кемесіне қызмет көрсетуші техникалық персоналды өткізу үшін белдік шешіледі және тез қайтадан орнатылады.
      Трапты келісілмеген айдау жағдайында ол туралы экипаж мүшелері мен ұшақты тастап шығуы қажет жердегі қызметтердің қызметкерлері ескертіледі. Екі трап орнатылған әуе кемелерінің тек артқы есігіндегі трапты айдауға рұқсат беріледі.

      24. Жолаушылар салоны мен ұшақтың жоғарғы сөресіне көлемді және ауыр қол жүктерін орналастыруға жол берілмейді.

      25. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жағдайларды қоспағанда жолаушылар салонынан жүк бөлмесіне жүретін люктерді пайдалануға тыйым салынады.

      26. Жабдықтардан табылған барлық ақаулықтар мен басқа да кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) хабарлайды және олар жойылғанға дейін жұмысқа кіріспейді.

      27. Өндірістік санитарияның талаптары сақталуы қажет.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау талаптары
      28. Жұмыстарды ұйым бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бортсеріктердің жұмыс технологиясына сәйкес орындалады.

      29. Ұшақтың екпін алу кезі мен ұшудан кейін 5 - 7 минут бойы қызмет орындарында болуы және осыған қарастырылған байлау белдіктерімен байланған болуы жөн.

      30. Барлық ұшу бойында ұшақ салонында сигнал беру мен жарық көрсеткіш тақталардың түзеулігіне және жолаушылардың қол жүктерінің дұрыс орналасуына бақылауды жүзеге асырылады, негізгі, қосалқы, қызметтік есіктер мен апаттық люктердің ашылу әрекеттеріне жол берілмейді.

      31. Жұмыс уақытында өзінің жұмыс орнын таза ұстайды.

      32. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлердің қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды сақтайды.

      33. Әуе кемесінің бортында жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелерін сақтауы бақыланады және талап етіледі және осы ережелерді бұзу бойынша мүмкіндік беретін әрекеттерден олар ескертіледі.

      34. «Байлау белдіктерін тартыңыз» деген жарық көрсеткіш тақтасы жанған кезде бортсеріктер осы талаптардың жолаушылардың орындауын тексереді, осыдан кейін өздерінің жұмыс орындарын алады және байлау белдіктерін тартады.

35. Барлық электр қыздырғыш аспаптар олардың тікелей тағайындалуы бойынша пайдаланылады.

      36. Духовкалы шкафта тамақты қыздыру бойынша жұмыс кезінде күюден қорғауды қамтамасыз ететін ыстық ылғалға төзімді қолғапты (биялайды) пайдаланғаны жөн.

      37. Электр су қайнатқышта шай мен кофені қайнатуға, сондай-ақ электрлік духовкалы шкафта сұйықтықтарды қыздыруға тыйым салынады.


      Қажет болған жағдайда электр су қайнатқыштың қақпағын ашуға тек оны электр желісінен ажыратқаннан кейін 10 минут өткеннен кейін мүмкін болады.

      38. Электр су қайнатқышынан ыстық суды құю тек шүмегі арқылы жүзеге асырылады. Оқыс жағдайлардан болдырмау үшін электр су қайнатқыштың жоғарғы қылтасы арқылы құюға тыйым салады.

      39. Шөлмектер мен консерві банкаларын ашу үшін жұмыс берушімен берілген түзеу және осыған арналған құрылғылар мен саймандар пайдаланылуы керек.

      40. Жолаушыларға тамақтарды тарату кезінде мынадай талаптарды орындау қажет:

      1) жолаушыларға қызмет көрсету тек түзеу жабдықтармен жүргізіледі;

      2) жолаушыларға арбамен қызмет көрсету екі бортсерікпен жүргізіледі. Арба жақсы жабылатын есіктері мен жұмыс істейтін тоқтатқыштары бар түзеу күйде болуы тиіс;

      3) арбасыз қызмет көрсету кезінде салонға бір уақытта екі табақтан (ланч-бокстан) артық алып жүрмеуі, лас табақтарды (ланч-бокстарды) жинау кезінде төртеуден көп алмау жөн.

      41. Әуе кемесінің күшті турбуленттік аумаққа жақындағанда әуе кемесінің командирінің хабарлауы бойынша және»"байлау белдіктерін тартыңыздар" деген көрсеткіш тақтаның жануы кезінде тамақ пен сусындарды тарату, кәдесыйларды сату тоқтатылады, жолаушылардың өздерінің орындарын алуы және байлау белдіктерін тартуы ескертіледі, қол жүктері мен жеке заттардың құлауын алдын алу бойынша шаралар қабылданады, осыдан кейін өз орындарына барып және байлау белдіктерін тартуы жөн.

      42. Оттегі жабдықтарын пайдалану кезінде жарылыстың болуын болдырмау үшін оттегі мен майдың кез келген байланысын болдырмау қажеттігін есте ұстайды, сондықтан оттегі жабдығымен жұмысты тоң май мен майдың ізі жоқ таза қолмен жасаған жөн.

      43. Әуе кемесіне отырғызудан алдын барлық тұрмыстық аспаптардың электрмен қоректендірулерін ажыратылады және олардың бекітілуінің беріктігі тексеріледі.

      44. Отырғызудан алдын бортсеріктер барлық жолаушылар байлау белдіктермен тартылғанын тексеруі және өздері өз орындарын алуы мен байлау белдіктерімен тартылуы жөн.
4. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
      45. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзуларын тапқан жағдайда әуе кемесінің командиріне, ал кейін ұйым басшысына хабарлайды.

      46. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне, ұйым басшысына хабарлауы қажет.

      47. Электр қыздырғыш аспаптарда зақымданудың пайда болуы жағдайында оларды тез электр желісінен ажырату және болған оқиға туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы қажет; зақымдалған электр жабдығын ұшуда одан әрі пайдалануға немесе жөндеуге тыйым салынады.

      48. Әуе кемесінің бортында өртті (түтінді) табу кезінде бортсеріктер өртті сөндіруге тез кірісу, болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы және жолаушылар арасындағы үрейлердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауы қажет.

      49. Ұшақтың салонындағы өртті сөндіру үшін тасымалданатын от сөндірушілер қолданылады.

      50. Жердегі ұшақтағы өртті жою кезінде борттықтан басқа әуеайлақта бар өрт сөндіру жердегі құралдарын қосымша пайдаланған жөн.

      51. Зардап шегушіге алғашқы көмек тез және тікелей оқиға болған жерде, жарақатты тудырған себептерді жойғаннан кейін жылдам көрсетілуі тиіс.
5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
      52. Ұшақтан трапқа тек трапты айдап келу мен айдап кетуге жауапты тұлғаның пәрмені бойынша оның соңғы орнатылуынан кейін шығу керек.

      53. Әуе кемесін тұраққа отырғызғаннан кейін шығу есіктеріндегі өздерінің орындарын барып және траптың орнатылуын бақылайды, трапқа шығу кезінде жолаушыларға көмек көрсетеді.

      54. Соңғы жолаушы шыққаннан кейін есіктерге шектеуіш белдіктерді орнатқан жөн.

      55. Сақтандырғыш шараларды сақтай отырып трап бойынша түседі, тұтқадан ұстауы және қадамын бірнеше баспалдақ арқылы жасамауы қажет.

      56. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      57. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.

      58. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.



      59. Жұмыс аяқталғанда қолды сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.

      60. Жұмыс уақытында белгілі болған барлық ақаулықтар мен кемшіліктер туралы және оларды жоюға қабылданған шаралар туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау және ұйым басшысын хабардар ету қажет.
жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау