Ақмола облысы Бурабай ауданы Тақырыбы: «Ыдыстар» Қазақ тілі мұғалімі



жүктеу 99,5 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі99,5 Kb.
#1538

Ақмола облысы

Бурабай ауданы



Тақырыбы: «Ыдыстар»

Қазақ тілі мұғалімі:

Тлеубаева Г. М.


Щучинск қаласы

«Ақбота» бөбекжайы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ыдыстар»

Мақсаты: 1. Білімділік: балалардың ыдыстар, олардың қолданысы туралы білімдерін толықтыру. Ыдыс түрлерін дұрыс атауға үйрету.

2. Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамыту, салыстыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: жұптық, топтық жұмыста өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: кесе, тәрелке, қасық, шанышқы, шайнек, пышақ, тақтай, оқтау, қантсалғыш, сүтқұйғыш.

Көрнекілігі: слайд, үлестірме суреттер, кестелер, суреттер, тақталар, ыдыстар, ойыншық ыдыстар.

Пәнаралық байланыс: “Таным”, “Шығармашылық”, “Денсаулық”,

“Әлеумет”.



Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің қызметі

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

  • Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келген екен. Олармен амандасайық.

  • Балалар, мен сендерге бір ертегіден үзінді айтып берейін. Сендер Қызыл телпек туралы ертегіні білесіңдер ме? Қызыл телпек үнемі әжесіне қонаққа келіп тұрады. (пердені ашу, үстел басында әжесі отырады).

  • Бұл Қызыл телпектің әжесі. Әжемен амандасайық. (Қызыл телпек себетпен жанына келеді). Балалар, бүгін де Қызыл телпек әжесіне келген екен.

Қызыл телпек:

  • Әже, мен сізге тәтті тоқаш әкелдім.

Әжесі:

  • Күнім сол!

  • Балалар, қараңдаршы, Қызыл телпек әжесіне тәтті тоқаштар әкелген екен. Әжесіне бергісі келеді. Оны қайда салады? (балалар жауабы)

  • Олай болса, Қызыл телпекке тәрелке берейік.

Қызыл телпек:

  • Әже шай құйып берейін.

Әжесі:

  • Рахмет, жарығым!

  • Балалар, шай құю үшін Қызыл телпекке не қажет? (балалар жауабы)

  • Онда, оған шайнек пен кеселер берейік.

Қызыл телпек:

  • Әже, қант салып берейін.

Әжесі:

  • Сала ғой.

  • Балалар, ал, қант салу үшін не қажет? (балалар жауабы)

  • Ендеше, қасықтар берейік. Енді Қызыл телпен әжесімен бірге шай ішсін, біз кедергі жасамайық. Қоштасайық.(пердені жабу)

  • Біз Қызыл телпекке қандай заттарды бердік?

  • Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Бүгінгі ҰОӘ-нің тақырыбы «Ыдыстар».

Қонақтармен амандасады.
Көріністі тамашалайды.

Ойларымен бөліседі.

Сұраққа жауап іздестіреді.

Пікірлерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ізденуші-ұйымдастырушы



І. Жаңа тақырып.

- Балалар, енді экранға қарап, ыдыстардың түрлері туралы білімдерімізді еске түсірейік. Мен қандайда бір ыдыстың қызметін, не белгісін айтамын, сендер оны атайсыңдар және сол ыдыс экранда пайда болады.



  • Бұл ыдысқа шай құямыз (кесе).

  • Бұл ыдысқа тамақ саламыз (тәрелке).

  • Бұл ыдыспен тәрелкедегі тамақты алып жейміз (қасық).

  • Бұл ыдыспен салат жейміз (шанышқы).

  • Бұл ыдыстарды қолданып, анамыз нан турайды (тақтай, пышақ).

  • Бұл затпен анамыз нан жайыды (оқтау).

  • Бұл ыдысқа басбармақ салады (табақ).

  • Бұл ыдыстардың біреуінде қант, біреуінде сүт тұрады.

  • Бұл ыдыстан шай құяды (шайнек).

ІІ. Жұптық жұмыс: «Орнын тап».

  • Балалар, жақсы жауап бердіңдер. Енді, сендердің қаншалықты естеріңде сақтағандарыңды тексергім келеді. Ол үшін жұптасып, екі-екіден тапсырма орындаймыз. Мен сендерге торкөздері бар парақтар мен жеке суреттер таратамын. Әр балада суреттер болады.

  • Енді, мен ыдыстардың атауларын кезекпен айтып тұрамын, сендер мен айтқан ретпен торкөздерге суреттерді орналастырасыңдар. Соңында экран арқылы әр жұп өз жұмысын тексеріп, қателірі болса, түзетеді.

ІІІ. Сергіту сәті.

Дастарқанды жаямын,

Ыдыстарды қоямын.

Ас ішкен соң соңында,

Өзім жинап аламын.

Ақылды бала боламын,

Ыдыс-аяқ жуамын.

Сүртіп-сүртіп, жақсылап,

Қатар-қатар қоямын.

ІҮ. Слайдпен жұмыс.

- Балалар, енді экранға қарайық. Алдымен заттарды өзара салыстырайық.

Сөз тіркестері: үлкен қасық, кішкентай қасық, оюлы тәрелке, гүлді тәрелке, ұзын оқтау, қысқа оқтау.

- Енді, суретке қарап, сөздерді тәуелдеп айтайық.



  • Менің қасығым-сенің қасығың-оның қасығы.

  • Менің тәрелкем-сенің тәрелкең-оның тәрелкесі.

  • Менің оқтауым-сенің оқтауың-оның оқтауы.

- Енді, осы сөздерді көпше түрде айтып үйренейік.

  • Қасық-қасықтар.

  • Тәрелке-тәрелкелер.

  • Оқтау-оқтаулар.

Ү. Шығармашылық тапсырма: «Дастарқан жаямыз».

- Балалар, сендер «Үш аю» ертегісін білесіңдер ме?

- Бүгін біз үш аюға арнап дастарқан жаямыз.Ол үшін топтасып жұмыс жасаймыз. Әр топқа мен сурет беремін. Мұнда тағамдар салынған кейбір ыдыстар бар. Бірақ, басқа керекті ыдыстар жоқ екен. Сол ыдыстарды суреттердің ішінен тауып, дастарқан үстіне желімдейсіңдер. Ол үшін мен тақтаға нұсқаулық ілемін. Сол бойынша сендер қай ыдыстың қанша болу керек екендігін қарайсыңдар. Әр топтар бір бала суреттерді табуға жауап береді. Қалған балалар желімдейді.

Қызметіне, белгісіне қарай өздері білетін ыдыстарды табады.

Жаңа тақырыппен танысады.

Жұптасып тапсырманы орындайды.

Торкөздерге ыдыстарды ретімен орналастырады.

Өздерін тексереді.

Сергіту сәтін орындайды.

Слайд арқылы мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.

Суреттегі ыдыстарды салыстырып, сөз тіркесін құрайды.
Ыдыс атауларын үш жақта тәуелдеп айтады.

Сөздерге көптік жалғауын жалғайды.

Топтасып шығармашылық тапсырманы орындайды.


Рефлексивті коррекциялау-шы

«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

- Балалар, енді бүгінгі тақырыпты қорытындылау үшін бір ойын ойнайық. Ортаға төрт бала шығып, экраннан ары барып тұрады. Отырған балалар экранда шыққан ыдыстың атауын айтады, төрт балаға төрт сурет шығып отырады. Ортадағы блалар өзіне айтылған сөз бойынша төрдегі үстелден ыдысты тауып, жылдам алып келеді. Келесі тағы төрт бала шығады. Осылайша барлығымыз бүгінгі тақырыпты қайталап шығамыз.

- Балалар, көңіл-күйлерің қандай?

- Олай болса, өзіміздің жақсы көңіл-күйімізбен бізге келген қонақтармен бөлісейік. (смайликтерді қонақтарға тарату)

- Осы сабақтан сендерге естелік сыйлық бергім келеді.



Төрт баладан ортаға шығып, өздеріне айтылған ыдысты тауып әкеледі.




Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: ыдыстардың түрлерін атайды, салыстырады, тәуелдеп,

көпше түрде айтады.



Талапты болу: тапсырмаларды дұрыс орындауға талпынады.

Қолынан келуі керек: сұраққа жауап береді, ыдыстарды ажыратады.
жүктеу 99,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау