Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы



жүктеу 130,45 Kb.
бет3/4
Дата02.11.2022
өлшемі130,45 Kb.
#39980
1   2   3   4
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы

3. ҚОЛДАНУ
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді.
Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Шәкірт ұстаздың көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек. Педагог тек шешiмге емес, шешу процесiнiң барысына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.



Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



  • Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді.

  • Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.

  • Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, проблемалық

  • ситуация т.б.




  • Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу.

  • Кітаппен жұмыс.






4. ТАЛДАУ
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:

  • Бүтіннің бөліктерін ажырату;

  • Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау;

  • Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.

Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді.


Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi. Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi.
Талдаудың түрлерi:
1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.



Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті



Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату.

  • Топтық талқыға салады, ойланады.

  • Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді.







жүктеу 130,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау