5. ЖИНАҚТАУ (синтез)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа ұрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлерi:
1. Шығармашылық жанрлар: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу: мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер: ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау.
|
Ойлап табады,байланыстырады,
шығарады. Ойын түйіндейді.
Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
|
6. БАҒАЛАУ
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек:
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
- сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан.
Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу. Оқушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Материалдың өзі үшін керектігін,құндылығын, керекті-
сін анықтау, пайымдауға бағыт беру.
Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау.
|
Бағалайды,талқылайды.
Өз пікірін айтады.
|
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы
Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыруына тірек болатын төмендегі жүйелерін дамытады:
Шығармашылық әрекет;
Проблеманы көре білу;
Болжай білу;
Жаңашылдықты ендіру;
Өз жұмысының бағдарламасын жасау;
Рефлексиялай алу;
Шығармашылық ойды іске асыру үшін
идеяларды тудыра алу.
Достарыңызбен бөлісу: |