Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет7/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

11 
 
- жақсы сыртқы бейне (киім, шаш үлгісі); 
- еңбекқорлық, кеңпейілділік, ықыластылық. 
Ресепшн  қызметкері  клиенттен  оның  келу  мақсатын  нақтылауға  жəне  қажет 
болған жағдайда тиісті бөлімдерге жіберуге міндетті. 
Ресепшнде  жəне  күту  аймағында  сауалнамалардың  кемінде  30  данасы  болуы 
тиіс. 
Жұмыспен  қамту  орталығы  қалада  орналасқан  болса  немесе  күні  бойы 
қабылдауда клиенттердің үлкен ағыны болса, ресепшнде бірнеше қызметкерлер болуы 
тиіс. 
Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  аймағы  –  бұл  жұмыс  іздеуші  «Жұмыс»  интернет-
порталы (Enbek.kz) арқылы ЖҚО-ның ең танымал қызметтері – түйіндеме орналастыру 
жəне бос жұмыс орындарын іздеуге тікелей қол жеткізе алатын орын. 
Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  аймағында  кеңесшілер  (немесе  жұмыс  іздеушілермен 
жұмыс бойынша менеджерлер) жұмыс істейді. 
Өзіне-өзі  қызмет  көрсету  аймағындағы  қызметкерлердің  басты  мақсаты  – 
жұмыспен қамту орталығының қызметтері туралы клиенттерге ақпарат беру, сондай-ақ 
клиентерге «Жұмыс» интернет-порталымен жұмыс істеуде көмек көрсету жəне үйрету. 
ЖҚО  қызметкері  жұмыс  іздеушіге  «Жұмыс»  интернет-порталын  (Enbek.kz) 
пайдалану  мүмкіндіктері  мен  ережелері  туралы  айтып  беруге,  егер  жұмыс  іздеушінің 
қызығушылығы болса, интернет-портал арқылы түйіндемесін орналастырып, бос жұмыс 
орнын табуды ұсынуға міндетті. 
Қызметкер  клиенттерді  «Жұмыс»  интернет-порталында  жұмыс  істеуді  үйретуге 
міндетті. 
ЖҚО  қызметкері  клиенттерге  жұмыс  іздеушілердің  (2-қосымша)  жəне  жұмыс 
берушілердің 
(3-қосымша) 
электронды 
«Еңбек 
биржасын» 
қолдануы 
туралы 
ескертпелерді ұсына алады. 
Қызметкер  «Жұмыс»  интернет-порталын  пайдалану  жұмыс  іздеушілерге 
ыңғайлы,  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік  беретіндігі  туралы  ақпаратты  жеткізу  керек, 
себебі    жұмыс  іздеуші  кезекте  тұрып  уақытын  өткізбейді,  ал  ақпаратты  іздеу  бірнеше 
минут ішінде жүзеге асырылады. 
 
3.4  Болжау бөлімнің жұмыс қағидалары 
Болжау бөлімі – негізгі қызметі аймақтағы еңбек нарығының ары қарай дамуының 
ықтимал баламаларын анықтау жəне зерттеу болып табылатын ЖҚО-ның құрылымдық 
бөлімшесі. Болжамдар жасаған кезде бөлім қызметкерлері аймақтағы еңбек нарығының 
конъюнктурасына əсер ететін факторлардың үрдістерін анықтауы керек. 
Болжау бөлімі əр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеп жəне талдаудан 
өткізіп,  оны  клиенттер  мен  ЖҚО-ның  басқа  құрылымдық  бөлімшелері  үшін  қажетті 
ақпаратқа айналдырады. 
Болжау  бөлімі  ақпаратты  серіктестердің  кең  ауқымымен  өзара  əрекеттесу 
арқылы  жинайды.  Осы  мақсатта  ол  «Атамекен»  ӨКП  жəне  жергілікті  атқарушы 
органдармен үнемі байланыста болады. 
«Атамекен»  ӨКП  өңірдегі  жұмыс  берушілердің  өтініштері  негізінде  жасалған 
жергілікті еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат бере алады. 
Жергілікті  атқарушы  органдары  да  аймақтың  əлеуметтік-экономикалық  талдауы 
негізінде  жергілікті  еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  мамандықтар  туралы  ақпарат  бере 
алады. 
Болжау  бөлімі  халық  саны,  білімі  жəне  кəсіби  дайындық  саласындағы  қызметі, 
жұмыс күшінің, жұмыспен қамтудың, жұмыссыздықтың жəне кəсіпорындардың мөлшері 
мен  құрылымына  қатысты  мемлекеттік  статистикалық  органдардың  ақпараттарын 
пайдаланады. 


12 
 
Орта  жəне  ұзақ  мерзімді  перспективада  сұранысқа  ие  жұмыс  орындары  (бос 
жұмыс орындары) бойынша  ақпарат көзіболуы мүмкін: 
- мемлекеттік жəне үкіметтік бағдарламалар; 
- бұқаралық ақпарат құралдары; 
- кəсіби бірлестіктер; 
- жұмыс берушілермен жеке байланыстар. 
Сонымен  қатар,  ЖҚО  да  бағалы  ақпарат  көзі  болып  табылады,  оның  негізінде 
аймақтағы еңбек нарығының жай-күйі туралы болжам жасауға болады. 
Мəселен, ЖҚО «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс 
орындары  туралы  ақпаратты  нақты,  уақтылы  жəне  үздіксіз  тіркейді.  Сонымен  қатар, 
«Еңбек  нарығы»  ААЖ  «Жұмыс»  интернет-порталымен  өзара  біріктірілген,  яғни 
«Жұмыс»  порталында  орналастырылған  ақпарат  «Еңбек  нарығы»  ААЖ-да  да  қол 
жетімді.  Әрине,  ЖҚО-ның  ішкі  ақпараты  еңбек  нарығының  өзгерістегі  жағдайын 
толығымен  сипаттауға  мүмкіндік  бермейді,  алайда  ол  оның  кейбір  процестері  туралы 
түсінік  бере  алады.  Бұл  еңбекке  деген  сұраныс  пен  жұмыс  күшінің  ұсынысының 
қысқамерзімді ауытқулары туралы пайдалы ақпаратты бере алады. 
Бұл  ақпарат  еңбек  нарығының  белгілі  бір  сегментінің  үрдісін  болжау  үшін 
пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпарат өте маңызды, əсіресе шағын аудандар үшін. 
Аймақтың  ағымдағы  деректерін,  экономикалық  жəне  демографиялық  ақпаратын 
үйлестіре пайдаланып, Болжау бөлімінің мамандары бірқатар деректер дайындайды: 
- ортамерзімді  кезеңде  аймақ  экономикасы  секторларының  дамуы  туралы 
ақпарат; 
- мамандықтар  бойынша  жұмыспен  қамтуға  қатысты  сипаттамалар  мен 
болжамдар; 
- адами ресурстардың сипаттамалары; 
- өңір экономикасы салаларының (секторларының) сипаттамасы; 
- жалақы жəне жұмысқа орналасу жағдайлары туралы мəліметтер; 
- сұранысқа ие мамандықтар тізбесі; 
- əлеуетті жұмыс берушілердің тізбесі; 
- кəсіби дайындық облысындағы қызмет көрсетушілер туралы ақпарат; 
- жəне басқалар. 
Бұл ақпарат ЖҚО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында пайдаланылады, 
ол сыртқы пайдаланушыларға да дайындалуы мүмкін. 
Кəсіптік  бағдарлау  бөлімінің  мамандарына  əртүрлі  мамандықтардың  даму 
келешегі  туралы  ақпарат  қажет,  соның  негізінде  олардың  жұмыс  іздеп  жүрген 
адамдарға,  сондай-ақ  студенттер  мен  оқушыларға  жұмысқа  орналасудың  ағымдағы 
жəне күтілетін перспективалары туралы ақыл-кеңес беруге мүмкіндігі болады.  
Жұмыс  берушілерді  қолдау  бөлімінің  мамандары  облыс  экономикасының 
құрылымы,  ең  көп  бос  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз  ететін  қарқынды  дамып  келе 
жатқан  салалардың  келешегі,  мамандықтар  мен  біліктілік  деңгейі  бойынша  жұмыс 
күшіне  болашақ  сұраныс  туралы  ақпаратқа  мұқтаж.  Осы  мəліметтерге  сүйене  отырып, 
Жұмыс  берушілерді  қолдау  қызметі  жұмысқа  орналастырудағы  делдалдық  үшін  берік 
негіз  қалыптастырады,  жұмыс  берушілермен  мақсатты  жұмыстың  жəне  серіктестіктің 
стратегиясын қалыптастырады. 
Оқу  бөлімінің  мамандарына  оқу  бағдарламаларын  қалыптастыру,  мониторинг 
жүргізу жəне білім беру ұйымдарымен келісім-шарт жасау үшін орта жəне ұзақмерзімді 
кезеңдерде  жұмыс  күшіне  деген  сұраныс  пен  ұсыныстың  ықтимал  деңгейі  туралы 
ақпараттар қажет. 
Жұмыс  іздеушілерге  тұрғылықты  жері  бойынша  жұмыс  күшіне  сұраныс  пен 
ұсыныс, жақын аудандардағы ұйымдардың орналасуы туралы ақпарат қажет. Осындай 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау