17
базасындағы жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздар арасынан үміткерлер іріктеуді
қамтамасыз етеді;
- жұмыс іздеушілер жарияланған бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуға келіскен
жəне олардың қойылған шарттарға сəйкес келген жағдайында ЖҚО жұмыс берушіге
іріктелген жұмыс іздеушілердің мəліметтерін (түйіндемелерін) жібереді, ол мəліметтер
«Жұмыс» порталында жұмыс берушiнің «Жеке кабинетінде» көрсетіледі;
- жұмыс берушінің жұмыс іздеушіні жұмысқа алғанғандығы расталған жағдайда,
сəйкес бос жұмыс орны «Жұмыс» порталынан жəне «Еңбек нарығы» ААЖ-дан алынып
тасталады.
4-диаграмма. Халықты жұмыспен қамту орталықтары, жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілердің
«Еңбек биржасы» - еңбек нарығының ақпараттық базасында өзара əрекеттесуі
14. «Жұмыс» порталының жұмысына жұмыс іздеушілердің қатысу тетігі
келесідей:
- жұмыс іздеушілер жеке мəліметтерін «Жұмыс» порталының «Жеке
кабинетінде» өзідері орналастырады. Бұл ақпарат «Жұмыс» порталында бірден еркін
қолданыста орналастырылады жəне бір уақытта «Еңбек нарығы» ААЖ-ға беріледі;
- тиісті ауданның (қаланың) ЖҚО-сы «Еңбек нарығы» ААЖ-ға тіркелген жұмыс
іздеушілерге бос жұмыс орындарын
іріктеуді қамтамасыз етеді;
- бос жұмыс орындары жұмыс іздеушілердің қажеттіліктеріне сəйкес келген
жағдайда, ЖҚО олардың деректерін (түйіндеме) жұмыс берушіге жібереді, бұл туралы
жұмыс
іздеушіге
«Жұмыс»
интернет-порталындағы
«Жеке
кабинет»
арқылы
хабарланады.
15. Жұмыс іздеушілермен жұмыс бойынша менеджерлер, жұмыс берушілермен
жұмыс бойынша HR-промоутерлер немесе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы
кеңесшілер клиентерге клиенттерге жұмыс іздеушілердің (2-қосымша) жəне жұмыс
берушілердің
(3-қосымша)
электронды
«Еңбек
биржасын»
қолдануы
туралы
ескертпелерді ұсына алады.
16. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – «Еңбек биржасын», соның
ішінде «Еңбек нарығы» ААЖ бен «Жұмыс» порталын сүйемелдеуді ЕХӘҚМ «Еңбек
ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қамтамасыз етеді.
6. Жұмыс іздеушілердің жеке деректері
17. ЖҚО қызмет көрсету процесінде белгілі болған жұмыс іздеушілердің жеке
деректері «Жеке деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 21 мамырдағы Заңына сəйкес үшінші тұлғаларға жариялануға жатпайды.
19
3-тарау. Жұмыспен қамту орталығының əкімшілік рəсімдері
1. Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеушінің өтініш
білдірген кездегі халықты жұмыспен қамту орталығының құрылымдық
бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) əрекет ету тəртібі
21. Қызмет көрсетуді бастаудың негізі - ЖҚО жұмыс іздеушінің жеке өтініші.
22. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің қабылдаушысы жұмыс іздеушіні қарсы
(қабылдауын)алуды өткізеді, жұмыс іздеушінің ЖҚО келу мақсатын анықтайды жəне
ЖҚО өтініш берген жұмыс іздеушілердің ағындарынажыратадыі.
Қабылдаушы жұмыс іздеушіге кезекті өту туралы электрондық хабарландыру
жүйесіне билет береді жəне жұмыс іздеушіні өзін-өзі қызмет көрсету аймағына немесе
жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің консультантына немесе жұмыс іздеушілерді
қолдау бөлімінің жұмыс іздеушілерімен жұмыс жөніндегі менеджеріне жібереді.
Қабылдаушыдан ЖҚО қызметтерінің көрсету тəртібі туралы ақпарат алу кезіндегі
жұмыс іздеушінің дербес түрдегі өтініш берудегі күту уақыты 10 минуттан аспауы керек.
2. Жұмыс іздеушіні өзіне-өзі қызмет ету аймағына бағыттаған кездегі
халықты
жұмыспен
қамту
орталығының
құрылымдық
бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) əрекет ету тəртібі
23. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жұмыс іздеуші «Жұмыс» интернет-
порталының (Enbek.kz) көмегімен бос жұмыс орындары туралы мəліметтерді қамтитын
бос жұмыс орындарының деректер базасынан лайықты деген жұмыс түрлерін өздігінен
таңдайды.
Жұмыс іздеушінің лайықты жұмысты таңдауы кезінде мамандық, лауазым,
қызмет түрі, кəсіби дайындық пен біліктілік деңгейі, жұмыс тəжірибесі жəне дағдылары,
қарсы көрсетілімдер жəне қолжетімді жұмыс жағдайлары мен түрлері туралы кеңестер,
жұмыс орнының көліктік қолжетімділігі, жұмыс іздеушінің іздеген жұмысына қоятын
талаптары (жалақы, жұмыс уақыты, орналасқан жері, еңбек сипаты, лауазымы,
мамандығы), сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қызметтерін орындауға жəне үміткерге
қоятын
талаптары ескеріліп, жүзеге асырылады.
24. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жұмыс іздеуші кəсіптік диагностика
тестінен өздігінен өте алады.
25. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің
кеңесшілері жұмыс іздеушілерге ақпараттық қолдау көрсетеді:
- «Жұмыс» интернет-порталымен (Enbek.kz)
жұмыс істеу бойынша;
- кəсіптік диагностика тестінен өту бойынша.
26. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің кеңесшілері жұмыс іздеушіге халықты
жұмыспен қамту саласы туралы толық жəне жан-жақты ақпарат береді.
Бір жұмыс іздеушіге берілетін кеңес берулердің ұзақтығы мен саны шектелмейді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жəне жұмыссыздарды тіркеу кезінде
халықты
жұмыспен
қамту
орталығының
құрылымдық
бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) əрекет ету тəртібі
27. Жұмыс іздеуші жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджеріне жеке басын
куəландыратын құжатты көрсетеді.
Жұмыс іздеуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелуге келісімін береді.
Менеджер жұмыс іздеушіні «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркейді. Ол үшін менеджер
«Тіркеу журналы» шағын жүйесінде жұмыс іздеушінің жұмысқа орналастырудың жеке
картасын (ЖОЖК) толтырады.
Менеджер жұмыс іздеушінің ЖСН-ін жұмысқа орналастырудың жеке картасына
енгізеді жəне деректерді тексеру үшін мемлекеттік органдарға тапсырыс жібереді.