Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет8/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

13 
 
ақпараттың  болуы  жұмыс  іздеуде  негізделген  шешімдер  қабылдауға  жəне  жұмыс 
орындарына қол жеткізудегі теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Жұмыс  берушілер  үшін  еңбек  нарығы  туралы  ақпарат  персонал  жалдау 
стратегияларын əзірлеуге көмектесуі мүмкін. 
 
3.5  Кəсіптік бағдарлаушы жұмысының қағидалары 
Кəсіптік  бағдарлау  процесінде  кəсіптік  бағдарлаушы  адамдармен  əңгімелесу 
арқылы  олардың  дағдыларын,  қалауларын,  жеке  ерекшеліктерін  анықтайды,  қолайлы 
жұмысқа  орналасу  мүмкіндіктері  туралы  жəне  жұмысқа  орналасу  үшін  қандай  оқу 
курсын немесе кəсіби дайындықтан өту керектігі туралы хабардар етеді. 
Кəсіптік бағдарлаудың мақсаты: 
- адамға ары қарай еңбек жолын саналы түрде таңдауға көмектесу; 
- адамды  қажетті  сенімді  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  жəне  еңбек  нарығының 
əрекет ету механизмін түсіндіру; 
- адамның  нақты  қызығушылықтары  мен  мүмкіндіктері  негізінде  білім  жəне 
кəсіптік дайындыққа қатысты талаптар туралы ақпарат беру. 
Кəсіптік  бағдарлау  адамның  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  бағалауға 
мүмкіндік беретін психологиялық тестілеуден де тұруы мүмкін. Мұндай сынақты əдетте 
кəсіби психолог немесе арнайы даярлықтан өткен адам өткізеді. 
Тиімді кəсіптік бағдарлау – өте күрделі жəне жауапты іс. Кəсіптік бағдарлаушыдан 
диагностикалау дағдылары, оқыту мен кəсіптік дайындық жүйелерін жақсы білу, сондай-
ақ жергілікті жəне ұлттық еңбек нарықтарымен толық таныстық талап етіледі. 
Кəсіптік  бағдарлаушы  қай  мамандықтарға  сұраныс  өсіп,  қайсысына  төмендеп 
жатқандығын  білуі  тиіс.  Бұл  өте  маңызды,  себебі  қазіргі  таңда  еңбек  нарығындағы 
өзгерістердің  қарқындылығына  байланысты  ұзақмерзімді  перспективада  кейбір 
мамандықтар 
бойынша 
жұмыспен 
қамту 
мүмкіндіктерін 
болжау 
бұрынғымен 
салыстырғанда əлдеқайда қиын. 
Кəсіптік  бағдарлаудың  бірден-бір  ерекшелігі,  бір  жағынан,  тұлғаның  жеке 
ерекшеліктері  мен  қажеттіліктері,  екінші  жағынан  –  еңбек  нарығы  ескеріліп, 
азаматтарды  мамандық  таңдауға  саналы  түрде  қарауға  дайындайтын  жүйе  болып 
табылады.  
Кəсіптік  бағдарлау,  сонымен  бірге  аймақтағы  еңбек  нарығының  жағдайы  туралы 
топтық  кəсіби  ақпаратты  кеңес  берулерді,  семинарлар,  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер 
жəне  азаматтардың  əр  түрлі  мамандықтар  өкілдерімен  ЖҚО  алаңында  кездесулерін 
ұйымдастыруды көздейді. 
 
 


14 
 
2-тарау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс тəртібі 
 
1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын қызметтер 
1. ЖҚО келесі қызметтерді ұсынады. 
Азаматтар үшін: 
- өтініш  білдірген  тұлғаларды  жұмыс  іздеп  жүрген  адам  жəне  жұмыссыздар 
ретінде тіркеу; 
- лайықты жұмыс іздеу жəне жұмысқа орналасуға жəрдемдесу; 
- қысқамерзімді кəсіптік оқытуға жіберу
- кəсіптік бағдарлауды жүргізу; 
- əлеуметтік  жұмыс  орындарына,  қоғамдық  жұмыстарға,  жастар  практикасына 
(уақытша жұмыс орындарына) жіберу; 
- микрокредит бойынша кеңес беру; 
- жұмыс  күшінің  ұтқырлығын  арттыру  үшін  адамдардың  ерікті  түрде  қоныс 
аударуына жəрдемдесу;
4
 
- атаулы нысандағы əлеуметтік көмек көрсету.
5
 
Жұмыс берушілер мен инвесторлар үшін: 
- қажетті қызметкерлерді іріктеуге көмектесу. 
ЖҚО қызметтері тегін көрсетіледі. 
 
2. Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарында  көрсетілетін  қызметтер 
жəне олардың жұмысы туралы азаматтарға ақпарат беру тəртібі 
2. Жұмыспен қамту орталығы ұсынатын қызметтер туралы ақпарат тікелей ЖҚО-
ның  ғимараттарында,  сонымен  бірге  телефон  байланысы  құралдарын,  электронды 
хабарлауды,  есептеуіш  жəне  электрондық  техникаларды  қолдану  арқылы,  ЖҚО  мен 
жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  жəне  əлеуметтік  бағдарламалар  басқармаларының 
(бөлімдерінің)  ресми  интернет-ресурстарында,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
жариялау,  ақпараттық  материалдарды  (брошюралар,  буклеттер  жəне  т.б.)  басып 
шығару арқылы таратылады. 
ЖҚО-ның  қызметтері  жəне  оларды  көрсету  рəсімдері  туралы  ақпарат  ақысыз 
беріледі. 
3.  ЖҚО-ның  қызметкерлері  телефон  қоңыраулары  жəне  ауызша  өтініштерге 
жауап  беру  кезінде  азаматтарды  қызықтырған  сұрақтар  бойынша  сыпайы  жəне  жан-
жақты  ақпарат  береді.  Телефон  қоңырауына  берілген  жауап,  азамат  немесе  жұмыс 
беруші  қоңырау  соғып  тұрған  орган  атауы,  қоңырауды  қабылдаған  қызметкердің  аты, 
тегі,  əкесінің  атын  жəне  лауазымы  туралы  ақпаратты  қамтуы  тиіс.  Сөйлесу  уақыты  10 
минуттан аспауы керек. 
4.  Таратылатын  ақпараттық  материалдар  (брошюралар,  буклеттер  жəне  т.б.) 
ЖҚО-ның  азаматтарды  қабылдауға  арналған  бөлмелерінде,  ақпараттық  залдарда, 
қызмет көрсету залдарында, ЖҚО қызметтері көрсетілетін басқа да жерлерде болады, 
бос  жұмыс  орындары  жəрмеңкелерінде,  оқу  орындары  мен  орталықтарында 
таратылады,  басқа  да  орындар  мен  мекемелерде  орналастырылады  (мысалы, 
жергілікті  атқарушы  органдарда,  халықты  əлеуметтік  қорғау  органдарында,  оқу  жəне 
медициналық  мекемелерде,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарында,  Бірыңғай 
жинақтаушы зейнетақы қорының органдарында жəне т.б.). 
5.  ЖҚО  ғимараттарында  орналастырылатын  ақпараттық  стендтерде  келесі 
ақпарат болады: 
                         
4
 ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен бекітілген 
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын қараңыз 
5
 Атаулы əлеуметтік көмек тағайындау тəртібін қараңыз 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау