кезінде қолданылатын хош иісті аминдер
анилин бояғыштарын, нитрозаминдерді өндіру,
нитриттер, қайталама аминдер, афлатоксиндер
зең өнімдері. Бейорганикалық заттар
хлор, қорғасын, кадмий, бериллий, асбест сияқты.
Биологиялық немесе онковирустар. Олар кіріктірілген
адам жасушасының геномы және оны тудырады
трансформация.
13. Жедел және созылмалы кәсіптік аурулар.
Жедел және созылмалы уланулар дамуы мүмкін. Жедел уланулар өндірісте сирек кездеседі, олар негізінен апат жағдайларында, сынап зауыттарында қазандар мен пештерді тазалау кезінде болуы мүмкін. Жедел уланулар кезінде сынап ағзадан шығатын мүшелер мен жүйелердің: бүйрек, асқазан-ішек жолы, сілекей безі зақымдануының көріністері басым болады. Мысалы, уланғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ (5-24 сағат) әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, жоғары тыныс жолының қабыну құбылысы пайда болады, ауыз қуысының шырышты қабығы, қызыл иектің жаралануымен жүретін сынап стоматиті, қатты ішінің ауыруы, қан араласып ішінің өтуі, тіпті бүйрек тіндерінің өліеттенуіне дейін баратын уланудан болған нефропатия дамиды. Сондай-ақ орталық жүйке және жүрек-қан тамыры жүйелерінің функционалдық жағдайында өзгерістер байқалады.
Сынаптан созылмалы уланулар аз дозаларымен улану кезінде аурудың белгілері айқын емес: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, есте сақтаудың төмендеуі, тез қажу, ұйқы ырғағының бұзылуы, қолын созғанда саусақтарының дірілдеуі, қызыл иектен қан шығуы, тістерінің тез бүлінуі, етеккір-анабез гормондары циклінің бұзылуы, лейкопения және басқалар байқалады. Уланудың бұл бастапқы сатысы микромеркуриализм (меркурий, грек тілінен – сынап дегенді білдіреді) деп аталады.
Сынаптан уланудың айқын сатысы – меркуриализм – әдетте сынаптың жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде ұзақ уақыт ағзаға әсер етуі кезінде байқалады. Уланудың көрінісінде сынаптың әсерінен болған энцефалопатия түріндегі жүйке жүйесінің зақымдануы бірінші байқалады, онымен асқазан-ішек жолының, бүйректің зақымдануы да қатар жүреді.Жоғарыда көрсетілген микромеркуриализмдегі функционалдық өзгерістер қарқындылау және тұрақты болады. Тремор ірі болады, тек қолда ғана емес, сонымен қатар қабаққа, тілге, аяққа, ауыр жағдайларда бүкіл денесіне таралады. Ол дәл қимылдар орындауын, қағаз жазуын қиындатады. Жазуы танымастай өзгереді. Аурудың психикасы өзгереді. Барған сайын күшейе беретін тұрақты бас ауыруы, күйгелектік, ашушаңдық және күйзеліс жағдайы аясында бұл адамға тән емес жасқаншақтық, ұялшақтық, қорқақтық, өзіне- өзі сенімсіздік (сынаптық эретизм) пайда болады, бұл ми қыртысы-қыртыс астылық қызметінің айқын бұзылуымен байланысты. Ауыр психикалық ауытқулар есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, шизофрения тәрізді синдроммен білінеді. Кейде есінен танып қалатын жағдайлар, эпилепсия сияқты есінен танумен және тырысып қалуы, қояншық тәрізді есінен айырылу,еттерінің құрысып жиырылуы мүмкін.
Асқорыту мүшелерінде сынаптың әсерінен болған стоматит, гингивит, гастрит, энтерколит байқалады. Тамаққа тәбеті болмайды, тамақтануының шұғыл нашарлауына байланысты анемия, күрт арықтауы мүмкін. Тыныс алатын ауада сынаптың мөлшерінің жоғары болуы әйелдерде жүктілік барысының бұзылуына, өздігінен түсік тастауына, жаңа туылған нәрестелердің арасында өлім- жітімнің көп болуына әкеп соғады.
Сынаптан уланудың бұл сатысы тіпті ұзақ уақыт қарқынды емдегеннің өзінде де қайтымсыз деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |