Қарастырылатын сұрақтар: Қоршаған орта, табиғи орта, географиялық орта, геологиялық орта, тіршілік ортасы, экологиялық орта, әлеуметтік орта. Мақсаты: Қоршаған орта туралы түсінік беру Дәріс мазмұны:
1. «Қоршаған орта туралы ілімнің» негізгі мақсаттары мен міндеттері. Басты экологиялық проблемаларды шешудегі қоршаған орта туралы ілімнің алар орны.
2. Қоршаған ортаның негізгі компоненттері.
3. «Қоршаған орта туралы ілім» пәнінің экология және басқа пәндермен байланысы.
Әдебиеттер: Степановских, 5-52; Асқарова Ұ.Б. 9-177; 254-255;
1. «Қоршаған орта туралы ілімнің» негізгі мақсаттары мен міндеттері. Басты экологиялық проблемаларды шешудегі қоршаған орта туралы ілімнің алар орны.
«Қоршаған табиғи орта» туралы негізгі түсініктер табиғат қорғау және оны тиімді пайдалану мақсатында өзара байланысты міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты туындады. «Қоршаған орта» - (environment - окружающая среда, англ., энвайронментология) термині қазіргі уақытта кең таралған және жиі қолданылатын термин, барлық мемлекеттердің табиғат қорғау бағдарламаларында түрде қолданылады. Қоршаған орта ғылымының зерттеу нысаны - табиғат компоненттері және сондай-ақ адам қолымен жасалған барлық объектілер.
ЮНЕСКО анықтамасына сәйкес, «қоршаған орта» деп адам әрекет ететін, қолданатын, әрекеттесу барысында пайдаланатын және икемделетін дүние (әлем) бөлігін атайды. «Қоршаған орта» терминін адамның шаруашылық әрекеті мен табиғаттың өзара әрекеті жүйесінде көңіл бөлінетін объектпен үйлестіре қолданған жөн, мысалы қоршаған табиғи орта. «Қоршаған орта» терминінің ең көп қолданылатын анықтамасын Н.Ф.Реймерс берді.
2. Қоршаған ортаның негізгі компоненттері.
Адамды қоршаған орта бір-бірімен байланысқан 4 компоненттен тұрады:
а) нағыз табиғат ортасы немесе алғашқы табиғат;
б) агротехникалық орта немесе екіншілік табиғат (квазитабиғи орта);
в) жасанды орта немесе үшіншілік табиғат (артетабиғи орта);
г) әлеуметтік орта.
Квазитабиғи орта – адам өзгерткен (мәдени) табиғи ландшафтар және қолдан жасалған агроценоздар (баулар мен парктер).
Артетабиғи орта – таза техникалық тұрғыдан жасалған адамдардың жасанды (ғимараттар, имарат, асфальт жол, жасанды жарық т.б.) мен табиғи элементтерден тұратын (ауа, табиғи жарық т.б.) ортасы.
3. «Қоршаған орта туралы ілім» пәнінің экология және басқа пәндермен байланысы.
Қоршаған орта туралы ілім пәні кешенді ғылым болып табылады, биология және экология ғылымдарынан бөлініп шықты. Қоршаған ортаны қорғау ғылымы басқа көптеген ғылымдармен тікелей байланысты: биология, география, медицина, әлеуметтану, құқық, химия, физика, экономика т.б., табиғат пен қоғамның сан алуан құбылыстарын зерттеп, барлық ғылымдардың жетістіктері мен деректеріне сүйенеді. Жоғарыда аталған пәндерден басқа астрономия, геология, ауыл шаруашылық және техникалық ғылымдармен де байланысты.
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табиғат пен қоғамның құбылыстарының өзара байланыстылығы мен бірі біріне әсер етуі жатады. Бірі бірімен өзара байланысқан қоршаған орта элементтері арасында тура және тікелей; тұрақты және уақытша байланыс болады. Бұл құбылыстар мен байланыстар қоршаған орта мен қоғамға адам әрекетін ескере отырып сандық және сапалық талдау жасалынып жүргізіледі.
Ең ірі байланыс жүйесі болып қоғам – тірі және өлі табиғат арасындағы байланыс есептеледі. Бұл байланыс зат және энергия айналымы түрінде жүзеге асады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Қоршаған орта ғылымының зерттеу нысаны
Организмдерге әсер ететін қоршаған ортаның барлық элементі қалай аталады?
Қоршаған орта компоненттерін атаңыз.
Квазитабиғи ортаға не жатады?
Қазіргі кезде Жер бетінде нағыз табиғат ортасы қандай жерлерде кездеседі?
№2 дәріс, 1 кредит сағат
Тақырыбы: Жер – тірі материяның тіршілік ету орны.
Қарастырылатын сұрақтар: Галактика, Күн жүйесі, планеталар, мантия, ядро, материктік жер қыртысы, мұхиттық жер қыртысы, астеносфера, магнит өрісі, магниттік диполь, магниттік полюс, магниттік меридиан және ауытқушылық. Мақсаты: Жер планетасының негізгі сипаттамаларымен және эволюциясымен танысу, Жердің ішкі құрылысы, гравитациялық, магнит өрістері туралы түсінік беру; Дәріс мазмұны:
1. Күн жүйесінің құрамындағы планеталар сипаттамасы.
2. Жердің ішкі құрылысы.
3. Жер қабаттары.
Әдебиеттер: Шубаев, 28-39;
1. Күн жүйесінің құрамындағы планеталар сипаттамасы.
Галактиканың иерархиялық ұйымдастырылуы төмендегідей:
Жер → Күн жүйесі → Біздің Галактика → Галактикалар жиынтығы → Метагалактика → Әлем.
Қазіргі түсінік бойынша Жер ядросы Күн жүйесінің дамуының бастапқы стадиясында металл бөлшектердің (негізінен темір) аккрециясы (соғылу, жабысу) әсерінен пайда болған.
Күн – бұл алып жұлдыз. Күн жүйесінің планеталарын зерттеу мақсаты - Жер планетасы туралы жаңа ғылыми деректер алу үшін. Күн жүйесінде 9 тоғыз планета бар: олардың ең жақыны Меркурий, ал ең алысы – Плутон. Ең алып планета – Юпитер.
Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.
2. Жердің ішкі құрылысы.
Биосфера және географиялық қабық сипаты мен қасиеттері Жердің терең қабатындағы құбылыстармен де тығыз байланысты. Қоршаған орта ғылымы жердің ішкі құрылысын тікелей зерттемегенмен, көптеген құбылыстарды түсіндіру үшін бұндай білімдер қажет, әсіресе геофизика және геология ғылымының мәліметтері.
Жер планетасы ядро, мантия, жер қыртысы деп аталатын 3 қабаттан тұрады. А.П.Виноградовтың схемасы бойынша планетамыздың беткі қабаты жер қыртысы деп аталады. Жер қыртысы материктік немесе континентальдық және мұхиттық болып бөлінеді. Сейсмикалық зерттеулер мен ауырлық күшін есептеулер жер қыртысы мен мұхиттық жер қыртысының айырмашылығы болатынын көрсетті.
Мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы небәрі 5-7 км шамасында болады, ал материктік жер қыртысының қалыңдығы 35-70 км-ге дейін жетеді.
Жер қыртысы мантиядан Мохорович сызығы арқылы бөлінген. Мантия 3 қабаттан тұрады: сыртқы немесе жоғары, орта немесе ортаңғы және төменгі немесе ішкі, 2900 км-ге дейін созылып жатыр. Сыртқы мантия магний және темірден тұратын – дуниттерден құралған. Одан әрі қарай дуниттер тығыздалып габброға айналады. Жер қыртысына өткенде тығыздық пен температура азаюы салдарынан габбро өзгеріп базальтқа айналады.
Жоғары мантияның 100-350 км қабатында астеносфера қабаты орналасқан. Астеносфера қабатының ерекшелігі тығыздығы төмен және қоймалжың болып келеді. Жоғары мантияның 100-700 км тереңдігінде астеносфера қабаты орналасады, мұнда заттар балқыған күйде болады. Вулкандар мен жер сілкіну ошақтары орналасады.
Астеносфераның жоғары қабатында жататын жоғары мантияның жер қыртысымен қоса алғандағы бөлігін литосфера деп атайды. Литосфера - Жердің тас қабығы. Жердің центрінде ядро орналасқан (кесте 1).
2900 км тереңдіктен бастап мантиядан төмен 6371 км-ге дейін жер ядросы орналасқан.
Ядроның орташа радиусы 3500 км, сыртқы және ішкі (ядрошық) қабаттарға бөлінеді. Ішкі ядро шамамен 4980 км тереңдікте орналасқан. Жер ядросында заттар өте жоғары атмосфералық қысым және температура жағдайында болады. Ядро төңірегіндегі температура 4000-5000оС шамасында болады деген болжам бар, жер ядросының маңында қысым 1,4 млн атмосфераға, ал оның нағыз центрінде 3,5 млн атмосфераға жетеді. Мұндай температура мен қысымда ядро қабаттарын түзетін заттардың қасиетін білу өте қиын, шамамен темірден тұрады деп есептеледі.
3. Жер қабаттары;
Географиялық қабықтың және оның ірі құрылымдық бөліктерінің негізгі параметрлері:
Жер беті ауданы – 510,2 млн.км2, соның ішінде мұхиттар 361,1 млн км.2 (70,8 %) ауданды алып жатыр, ал құрлық үлесі - 149,1 млн.км2 (29,2%). Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі құрылымдық-генетикалық бөліктері - материктер деп аталады. Олар: Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка; Антарктида және Австралия. Құрлықтың орташа биіктігі 840 (870) м, ал мұхиттардың орташа тереңдігі – 3600 (3704) м. Жер шарында 4 мұхит бар: Тынық, Атлант; Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит. Солтүстік Мұзды мұхит арқылы барлық меридиандар өтеді. Жер бетіндегі ең биік Эверест шыңының биіктігі – 8848 м. Мариан шұңғымасының тереңдігі – 10924 м. Таулардың ең биік нүктесі шың деп аталады.
Географиялық қабықтың массасын дәл анықтау мүмкін емес. Төменде Марков және басқалар, 1978ж. мәліметтері келтірілген:
Жер – 5,976х1024
Литосфера – 3х1022
Үгілу қабығы – 1,8х1021
Гидросфера – 1,4х1021
Атмосфера – 5,15х1018
Тірі зат – 6,4х1015
Географиялық қабық – 3,2х1021
Кесте 1 – Жер ядросы мен қабаттарының сипаттамасы
Аты
|
Қалыңдығы, км
|
Көлемі, 1027см3
|
Орташа тығыздығы, г/см3
|
Салмағы, 1027 г
|
Салмағы, %
|
Атмосфера (стратосферамен бірге)
|
50...80
|
≈0,008
|
1,2х10-3
(2х10 -6)
|
0,000005
|
0,00009
|
Гидросфера (орташа)
|
3,8
|
0,00137
|
1,03
|
0,00141
|
0,024
|
Литосфера
|
30,0
|
0,015
|
2,8
|
0,043
|
0,7
|
Мантия
|
2870,0
|
0,892
|
4,5
|
4,054
|
67,8
|
Ядро
|
3471,0
|
0,175
|
10,7
|
1,876
|
31,5
|
Жер «тұтас алғанда)
|
6371,0
|
1,083
|
5,527
|
8,974
|
100
|
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Бүкіл әлем мен аспан денелерінің құрылымы мен дамуы туралы ғылым қалай аталады?
Қазіргі заманғы телескоптармен бақылауға ғана мүмкін болатын жұлдыз жүйесінің жиынтығы қалай аталады?
Күн жүйесіндегі ең ауыр планетаны ата;
Күн жүйесіндегі ең жеңіл планетаны ата
Жердің ең жеңіл қабаты.
Жер массасының ең көп бөлігін қандай қабат алып жатады
Жер планетасының диаметрі қанша?
Литосфераның орташа тығыздығы қанша?
Жер планетасының орташа тығыздығы қанша?
№3 дәріс
Тақырыбы: Жер – тірі материяның тіршілік ету орны.
Достарыңызбен бөлісу: |