Мақсаты: Гидросфераның ластануы мен оның алдын алу шараларымен таныстыру. Дәріс мазмұны:
1. Табиғи және ластанған сулардың химиялық құрамы.
2. Су қажеттілігінің мөлшері.
3. Су проблемалары
Әдебиеттер: Геренчук, 26-27, 30-32; Шубаев, 40-46; Степановских, Общая экология, 178-182; Асқаров, 208-224;
Дүние жүзінде ғылыми техникалық прогрес дамуына орай су қажеттілігінің мөлшері артуда. Су қажеттілік мөлшері мемлекеттердің экономикалық дамуына байланысты. Дамушы елдерде жылдық су пайдалану мөлшері жан басына шаққанда - 150-200 м3, индустриальды дамыған елдерде 500-600 м3, тіпті 1500 м3 мөлшерінде болады.
Мысалы 1 тонна мұнай өндіру үшін 0,4-тен 24 текше метр су пайдаланылады. Ал 1 тонна болат өндіруге – 300 м3, 1 т қағаз алуға 900 м3, 1 т капронға 5600 м3 су пайдаланылады. Қуаттылығы 1 млн квт болатын жылына жылу электр станциялары 1,2-1,6 км3,су жұмсаса атом электр станцияларында 3,5 км3 жұмсалады. 1 млн халқы бар қалада күніне 0,5 млн м3 су пайдаланылады. Суды ең көп қажет ететін сала болып ауыл шаруашылығы саналады. Дүние жүзінде пайдаланылған судың 71 пайызы ауыл шаруашылығы үлесіне, 23 пайызы - өндіріске, ал 6 пайызы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық үлесіне келеді. Ауыл шаруашылығында суды ең көп қажет ететін дақыл болып күріш саналады.
Қоршаған ортаның адам қоғамына тигізер әсері өте күрделі және сан-салалы. Адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы, қоғамдық байлығын жан-жақты пайдалана отырып, әр түрлі өндіріс қалдықтарымен жер мен суды және атмосфераны ластап, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде.
Әр-түрлі өндірістердің екпінді дамуына байланысты ХХІ ғасырдың басына дейін шайынды қалдық сулардың көлемі 6000 км3 жетіпті. Осындай көп мөлшердегі суды тазаламай қоршаған ортаға лақтырып тастау өкініші кетпес жәйттерге әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстандағы су көздері де өндіріс қалдықтарымен ластануда. Жалпы Жер бетінде жалпы су пайдалану жылына 2600 км3 тең, бұл гидросферадағы қалпына келетін тұщы судың 6 пайызы ғана болып саналады. Жер шарында тұщы су жетіспеушілігі проблемасы олардың әр түрлі таралуына және судың ластану проблемасына байланысты. Тұщы су айналымының негізгі бөлігі болып өндірістік және тұрмыстық шаруашылық сулар есептеледі. Жылына осы мақсатқа 600-700 км3 су пайдаланылады. Олардың мөлшері 130-150 км3 қайтымсыз, яғни толық пайдаланылған, ал шамамен 500 км3 мөлшері сарқынды немесе ақаба сулар түрінде табиғи (өзендер, көлдер, теңіздер) немесе жасанды су объектілеріне (су қоймалары, тоғандар) немесе жергілікті жер рельефіне ағызылады.
Сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жергілікті жер рельефіне ағызылатын сулар. Түрлі өнеркәсіптердің суды қажеттілік мөлшері әр түрлі болады.
Ақаба суларды механикалық тазарту тұндыру алаңында өтеді.
Ақаба суларды биологиялық тазарту биофильтр мен аэротентер тәрізді қондырғыларда өтеді.
Таза сапалы су проблемасы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және өндірісті дамыту үшін басты проблеманың біріне айналуда. Ең сапалы су болып табиғи су саналады.
Сондықтан таза су проблемаларын шешудің басты бағыты болып су экожүйелерін сақтау, суды үнемдеп пайдалану, су ресурстарының жетіспеушілігін жою, су сапасын жақсарту және халықтың су пайдалану мөлшерін нормативтік талаптарға сәйкестендіру саналады.
Қазіргі уақытта өзен экожүйелері елеулі дәрежеде ластанғандықтан, олардың антропогендік қысымға төтеп беру қабілеті, өздігінен тазару потенциалы төмендеуде. Сондықтан да өзен экожүйелерінің экологиялық жағдайын жақсарту таза су проблемаларын шешудің басты бағыттарының бірі болып саналады. Таза су проблемасын шешу - кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты жүргізілетін шара. Жаңа суүнемдегіш технология, аз қалдықты және экологиялық зияны аз шикізаттардың пайдалану, су тазартатын қондырғыларды енгізу су проблемаларын шешудің бағыттарының бірі болып саналады.
Орташа су пайдалану көрсеткіші әсіресе ауылдық елді мекендерде (тұрғылықты пунктерде) тәулігіне 30-40 л шамасында байқалады. Ол норма бойынша 30-50 л/тәулігіне болу керек. Ең аз сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші Шыңғырлау ауданында (бір адамға есептегенде тәулігіне 20-30 л су) байқалады. Қалыпты жағдайда адам тәулігіне 2,5-3,0 л су пайдаланады. Егер су пайдалану 6-8% төмендесе бас айналу, әлсіздік пайда болады, судың 15-20% төмендеуі ағзаларда қайтымсыз өзгерістерге әкеледі, адам есінен тануы мүмкін. . Мысалы: адамның ағзасындағы су мөлшері 10-12% кемісе адам әлсіреп, аяқ – қолы қалтырап дірілдеп, ал 20-25% кемісе өмір сүруін тоқтатады.Сусыз адам тек қана бірнеше тәулік өмір сүре алады.
ХХІ - ғасырда жер шарының тұрғындарының 60% астам бөлігінде таза судың жетіспеушілігі байқалады. Егер қазірден бастап табиғаттағы осы бір баға жетпес байлықты сақтау бағытында шаралар қолданбаса 2032 жылы жер шары халқының жартысынан көбіне таза су жетіспеушілігі байқалады.
Сондықтан Халықаралық бағдарлама БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасында (ЮНЕП) «2 млрд-тан астам халықты таза сумен қамтамасыз ету проблемасы» маңызды күн тәртібінде тұрған қоршаған ортаны қорғау проблемаларының бірі ретінде қаралатыны айтылған. Су ресурстарының, соның ішінде табиғи судың жетіспеуі, тіпті жер шары халқының болашақта өмір сүруін анықтайтын әлеуметтік және табиғи фактор екендігі ерекше атап көрсетіледі. Жыл сайын 22 наурызда Дүниежүзілік Су ресурстары күні немесе Су күні атап өтіледі.
Өзендер тасымалдайтын шөгінділер аллювий деп аталады. Метеорологиялық бақылауда жауын-шашын мөлшері мм-мен есептеледі. Су ортасында заттардың шекті рауалды концентрациясы (ПДК) мг/л есептеледі.
Су қоймаларының ластануының түрлері: химиялық, бактериялық, радиоактивті, механикалық, жылулық.
Су қорын тікелей реттеудің кең таралған түрі – су қоймаларын салу.
Қорғасын, сынап, кадмий тәрізді ауыр металлдар су экожүйесіне өте зиянды.
Су құрамында ағаш, металлолом, құрылыс материалдары кездесуі ластанудың механикалық түріне жатады.
Фитопланктондар дүние жүзілік мұхитта күн энергиясының көп бөлігін сіңіріп жинақтайды.
3. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микрорганизмдер;
- химиялық ластану: улы және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
- физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды (ақаба су) өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер: тұрғын үй коммуналды шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру; халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар - химиялық ластану көздері.
Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мысалы, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, жылы жай зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Негізгі ластаушы көздері мыналар: өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар; химиялық заттар және тыңайытқыштар; тұрмыстық қалдықтар; жер асты суымен жалғанатын құбырлар; ірі құрылыс учаскелері; сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Су ресурсының тапшылығы Қазақстандағы маңызды экологиялық проблемалардың бірі. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр.
Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Мұнаймен уланудың қауіптілігі, оның концентрациясының өсуімен үдей түседі. Мұнайдың судағы 1 мг/м3 мөлшері, өзінің улылық қасиетін білдіре бастайды. Ал мұнайдың концентрациясы 200-300 мг/л болғанда, судағы экологиялық тепе-теңдіктер бұзылып, теңізде және өзендерде мекендейтін балықтардың кейбір түрлеріне және фаунасына қауіп төнеді.
Теңіз құқығы туралы БҰҰ 3-ші конференциясы 1973-1982 жж. аралығында 10 жылға созылды. 1982 жылдың желтоқсанында Монтео-Бей (Ямайка) қаласында конференцияның қорытынды актісіне қол қойылды. 120 мемлекет өкілдері осы конвенцияға қол қойды. Теңіз құқығы туралы конвенция 500-ден астам бап пен ережеден тұрады.
Территориальдық сулардың 12-мильдік шегі белгіленіп, 200-мильдік экологиялық аумақтың және халықаралық кеме қатынасы үшін бұғаздар мен ашық теңіздер қолдану тәртібі белгіленді. Архипелаг мемлекеттердің құқығы жайлы да бап бар. Континентальдық қайраңның сыртқы шекарасы анықталып, одан шеткері теңіз түбінің байлықтары адамзаттың игілігінде екені атап көрсетілді.
Қазақстан Халықаралық көлдер және трансшекаралық суағындарын пайдалану және қорғау туралы келісімге (Хельсинки, 1992 ж.) қосылды. Дегенмен басқа Орталық Азия елдері бұл конвенцияға қосылмағандықтан траншекаралық өзендердің ағынын тиімді пайдалануға кедергі келтіруде, «ластаушы - төлейді» принципінің орындалмауда.
Ќоршаған ортаны қорғау саласында әлем елдері арасындағы әріптестікке негізделген бірќатар келісім шарттар хатталды. Сондай ќұжаттардың бірі 1971 жылдың 2 акпанында Иранның Рамсар ќаласында жасалған келісім шарты. 1975 жылы өз күшіне енген бұл конвенцияға бүгінгі күнге дейін 150-ге тарта мемлекеті мүше. Аталмыш құжаттың басты қағидасы - сулы-батпақты жерлерді және онда мекендейтін құстарды қорғау. 2006 жылы желтоқсан айында Мемлекет басшысының жарлығымен еліміз сулы-батпақты жерлер туралы конвенцияны ратификациялауға ќол жеткізді. Ал 2007 жылы ақпан айында Рамсар конвенциясы аясында Иран Ислам Республикасының Парсы шығанағындағы портты қала Бендер-Аббаста (Хормозгон провинциясы) аймақтың оқу орталығын құру, Батыс және Оңтүстік Азиядағы сулы-батпақты жерлерді зерттеу жөніндегі стратегияны талқылауға қатысты келелі кеңес өтті.
Елімізде 850-ге тарта өзен, 48 мыңға жуық көл және 4 мыңдай су қоймасы бар. Қазақстанның басты су артериясы болып Ертіс өзені саналады. Қазақстанда Шардара, Бұқтырма, Қапшағай тәрізді жасанды су қоймалары бар.
Халықаралыќ және ұлттық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің статусы белгіленді. Ондай статусқа Теңіз-Қорғалжын және Ырғыз-Торғай жерлері лайық деп табылды. Бұл тізімге кірмесе де Алакөл-Сасықкөл (Алматы облысы), Науырызым көлі (Қостанай облысы), Іле өзенінің арнасы (Алматы облысы), Сары-Қопа көлдер жүйесі (Қостанай облысы) тиісті дәрежеде қорғалатын болады.
Осы конвенцияны жүзеге асару мақсатында Қостанай облысында «Жарсор-Орқаш» республикалық деңгейде қорықша ұйымдастыру жоспарланған.
Таза су мәселесі мемлекеттердің қалыпты дамуының кепілдігі, сондықтан халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі, олардың нормативтік талаптарға сәйкес келуі, суды үнемдеу технологиясы, суды қайта пайдалану мүмкіндігі т.б. мәселелері теориялық негіздеу негіздеп талдауды қажет ететін мәселе.
Таза су мәселелері барлық ұйымдар, ғылыми қызметкерлер және бұқараның қатысуымен шешілетін мәселе. Сондықтан бұқараның экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, табиғат қорғау қызметін насихаттау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу арқылы көптеген экологиялық мәселелерді шешуге болады. 2006 жылы санитарлық-экологиялық айлық кезінде су қорғау аймақтарында 336,0 тонна көлемінде 1,9 га жер қоқыстан тазартылса, 2008 жылы санитарлық-экологиялық айлық кезінде су қорғау аймақтарында 10430,5 тонна көлемінде 8,27 га жер қоқыстан тазартылды.
Таза су проблемаларын шешу аспектілері экономикалық, ұйымдастыру, құқықтық, экологиялық мәселелерді қамтиды. Сондықтан су шаруашылығын басқаруды, су ресурстарын қорғауды мемлекеттік тұрғыдан реттеу керек. Таза су проблемасын шешуде төмендегі мәселелерге көңіл бөлу керек:
1) Су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту және су экожүйелерін қорғау. Қазіргі кезде көптеген су шаруашылығы объектілерінің баланстық бағыныштылығы және қаржыландыру көзі реттелмеген. Су көздерін қорғай бір ғана шаруашылық немесе ауыл, аудан көлемімен шектелмейді. Су бассейніне жататын аймақтардың бірлескен әрекеттері арқылы шеілетін мәселе.
2) Транзитті өзендерді қорғау мәселелері тіпті бірнеше мемлекет аралық келісім негізінде ғана шеілетін мәселе. Қазақстан Республикасының өзнедерінің көпшілігі транзитті болып саналады: Ертіс, Сырдария, Жайық т.б.
2008 жылдың 29-30 қазан аралықтарында Батыс Қазақстан облысында «Жайық бассейні: экология, мұра, трансшекаралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сонымен қатар Жайық өзені трансшекаралас бассейінінің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелерін білу мақсатында ҚР мәжіліс Парламентінің көшпелі отырысы болып өтті.
3) Жаңа суүнемдегіш технология, аз қалдықты және экологиялық зияны аз шикізаттардың пайдалану. су тазартатын қондырғыларды енгізу;
Таза су бағдарламасына сәйкес облысымыздың Омега зауыты отандық «Таза су» су тазарту қоңдырғыларының бірнеше модификациясын шығарады. Бұл қондырғылар еліміздін көптеген аймақтарында қолданыс тапқан. Мысалға «Таза су» қондырғылары мемлекеттік лизинг бағдарламасына сәйкес 2007 жылы 25 қоңдырғы, 2008 жылы 92 дана, ал келесі жылы 172 данасы өңдіру көзделіп отыр. Бұл облыс аймағындағы кәсіпорынның халық арасындағы беделін көрсетеді.
Таза су құрылғысы жер бетіндегі және жер сты суларын тазартуға арналған.
Су тазарту технологиясы келесі процестерден тұрады: түссіздендіру, жұмсарту, тұзсыздандыру, темір, марганец және ауыр металл тұздарынан тазарту және залалсыздандыру Әрбір құрылғы қолдану шартарына сәйкес жобалаған, олар таза су көлемі, бастапқы судың химиялық анализына байланысты жұмыс жасайды.
Құрамындағы 800-900 мг/дм³ артық емес тұз мен судын кермектігі 8 мг-экв/ дм³ дейінгі бастапқы су тазартуына қалқымалы бөлшектерді тазартуға арналған фильтр, су жұмсарту үшін Na-катионитті фильтрлер, сорбциондық көмір фильтрлерде органикалық бөлшектер тазартылады және ультракүлгін стерилизаторларда су заласыздандырылады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
№22 дәріс, 1 кредит сағат
Тақырыбы: Литосфераның құрылысы, құрылымы және даму заңдылықтары
Достарыңызбен бөлісу: |