Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Қарастырылатын сұрақтар: геоид, кардиоид, үш ості эллипсоид



жүктеу 1,12 Mb.
бет10/24
Дата09.11.2018
өлшемі1,12 Mb.
#18693
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Қарастырылатын сұрақтар: геоид, кардиоид, үш ості эллипсоид.

Мақсаты: Жер планетасының негізгі сипаттамаларымен танысу;

Дәріс мазмұны:


1. Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін басқа планеталар қатарында.

2. Жердің формасы мен мөлшері.

3. Күн мен түннің және жыл маусымдарының ауысу және олардың тірі организмдерге әсері.

Әдебиеттер: Шубаев, 40-46; Степановских, Общая экология, 178-182;
1. Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін басқа планеталар қатарында.

Жер – Күн жүйесінің 9 палнетасының бірі болып саналады. Орташа радиусы – 6371 км. Мөлшері бойынша Шолпан планетасына сәйкес келеді. Ал Меркурий, Марс және Плутон планеталарының радиусы шамамен 2 есе аз болса, ал басқа Күн жүйесінің планеталары 3,4... 11 есе артық (кесте 2). Жердің орташа тығыздығы – 5,52 г/см3, Шолпан – 5,0...5,9, Марс – 3,9, Меркурий – 5,4. Қалған планеталардың тығыздығы 4...6 есе кем.

Кестеден тек Жер планетасында ғана адам және тірі организмдер тіршілігіне қажетті бос оттегі бар екенін байқаймыз. Жер планетасында ғана су ерітінді сұйық күйде ғана кездеседі.
2. Жердің формасы мен мөлшері.

Жер-планетасы Күн жүйесінің 3-планетасы. Басқа планеталарға қатарында орналасуына қарай Жердің тығыздығы, ал мөлшеріне қарай массасы байланысты болады.

Біз өмір сүріп отырған Жер планетасы бұдан 4,5-5,0 млрд жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте мол тараған газ, шаң тозаңдардың өз ара тартылыс күшінің әсерінен пайда болған деген жорамал бар. Газ, тозаңдардың эволюциялық даму процесінде олардың жаңадан пайда бола бастағанда планета центріне қарай тартылуы, яғни гравитациялық жіктелуі Жерді геоид тәріздес түрге келтірген. Жер планетаның радиусы Rэкваторлық – 6378164 м, Rполярлық 6356799 м, Rорташа 6371030 м. Жердің 1 градус меридианы ұзындығы  =1о111,2*103 м. Осындай геоидтың көлемі V = 1083*1018м3 (1,083*1012 текше км немесе шақырым), ал оның массасы М = 5,976*1024 кг-ға тең (597,4*1025грам). Осындай масса ғана Жер атмосферасын ұстап тұра алады. Гравитациялық күш жоғары болған сайын, атмосфера массасы мен көлемі де жоғары болады.

Жер бетінің ауданы - 510,2*1012 м2 (510,2 млн. шаршы км ), оның ішінде мұхиттар мен теңіздер ауданы – 361,1*1012 м (362 млн км2), құрлық ауданы – 149,1 (148)*1012 м2 (149,1 млн.км2).

Тығыздық дегеніміз массаның осындай көлемге сәйкес су массасына қатынасы. Жер планетасын құрайтын заттардың орташа тығыздығы  = 5,517 г/см3 немесе граниттен екі есе тығыз, ал оның беткі қабаты, жер қыртысының орташа тығыздығы – 2,65-3,3 г/см куб.

Күннің тартылыс күшінің салдарынан жер оны эллипс тәрізді орбитаның бойымен 29,77*103 м/с орташа жылдамдықпен айналып отырады. Экватор нүктесінде тәуліктік жылдамдық айналуы - 465 м/с, Жердің бұрыштық айналу жылдамдығы 7,29*10-5 с-1. Күн мен Жердің центрінің ара қашықтығы орташа 149,6*109 м, перигелийде (2 қаңтар) - 149,6*10 м, афелийде (4 июль) 149,6*109 м. Жыл ұзақтығы 365 тәулік 5 сағ 48 мин 46 с.

Жер-планетасының серігі – Ай. Ай радиусы 384400 км эллипс орбитамен Жерді айналады. Жердің өз осінен айналу қозғалысына әсер етіп тарту құбылысын туғызады, атмосфера циркуляциясы мен мұхит суының қозғалысына әсер етеді. Ай әсерінен Жер жылдамдығы 1 млрд жылда 6 сағатқа баяулайды.

Жерге төмендегідей қозғалыс түрлері тән: өз осінен айналу, Жер-Ай жүйесі ретінде Күнді айнала қозғалу. Онымен қоса жер планетасы Күн системасымен бірге Галактика центрінен де айналады. Планетамыздың Галактика центрінен айнала мерзімі 220 млн жыл. Жер өз осінен айналады. Жердің тәуліктік айналу ұзақтығы – Т = 1440 мин = 86400 с.

Жердің Күннен қашықтығы негізгі энергетикалық параметр – Жерге келіп түсетін Күн сәулесінің мөлшерін анықтайды. Жерге Күн сәулесінің екі млрд-тан бір бөлігі ғана жетеді. Осы энергия мөлшері Жер бетінде өтетін барлық процесстер мен термодинамикалық жағдайды реттеп отырады.
3. Күн мен түннің және жыл маусымдарының ауысу және олардың тірі организмдерге әсері.

Күн теңелу күндері: Солтүстік және оңтүстік жарты шарда 21 наурыз, 23 қыркүйек. Өсімдік гүлдерінің ашылуы және жабылуы тәрізді биологиялық құбылысқа тәуліктік ритм тән, ал маусымдық ритмге - бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу үшін теңізден өзендерге миграциясы, теңіз моллюскаларының раковиналарын ашуы және жабуы, ағаштар мен бұталардың гүлдеуі және жапырағын түсіруі, құстардың жылы жаққа ауысуы тәрізді құбылыстар жатады.



Жерде қыс және жаз маусымының байқалу себебі - Жердің Күнді айнала қозғалуына және Жер осінің орбита жазықтығына еңістігіне байланысты. Жердің өз осінен айналуының географиялық салдары - күн мен түннің ауысуы. Жердің Күнді айнала қозғалуының географиялық салдары - жыл мезгілдерінің ауысуы.
Кесте 2 – Күн жүйесі планеталарының салыстырмалы сипаттамасы


Планета

Диаметр, км

Күннен орташа қашықтығы, млн.км

Орбиталық айналу периоды

Өз осінен айналу периоды

Айналу осінің көлбеулігі

Серіктерінің саны

Салыстырмалы массасы (Жер массасы 1-ге тең болғанда)

Тығыздығы (су тығыздығы 1-ге тең)

Атмосферасы

Беткі температура, оС

Меркурий

4880

57,9

88 тәул.

59 тәул.

28о

0

0,055

5,4

Жоқ

Күндіз түнде

Шолпан

12258

108,2

224,7 тәул.

243 тәул.,

кері

3о

0

0,815

5,2

СО2

Бұлттар -33, қатты беті 480

Жер

12756

149,6

365,26 тәул.

23сағ 56мин 4с

28о27'

1

1,000

5,52

N, О2, СО2, Ar, H2O

Грунт беті 22

Марс

6774

227,9

687

24сағ 37мин 23с

23о59'

2

0,108

3?9

СО2, Ar(?)

Қатты беті

-23

Юпитер

142800

778,3

11,86

9сағ 30мин 30с

3о05'

13

317,9

1,314

H, He

Бұлттар

-150

Сатурн

120000

1427

29,46

10сағ 14мин

26о44'

11

95,2

0,704

H, He

Бұлттар

-180

Уран

51800

2870

84,01

11сағ

кері

82о05'

5

14,6

1,21

H, He,CH4

Бұлттар

-210

Нептун

40500

4497

164,8

26сағ

28о48'

2

17,2

1,67

H, He,CH4

Бұлттар

-220

Плутон

5800

5900

247,7

6тәул., 9сағ

?

0

0,1(?)

2(?)

Белгісіз

-230(?)


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Қысқы күн тоқырау күндерін атаңыз.

Жазғы күн тоқырау күндерін атаңыз.

Күн теңелу күндерін ата.

Жердің центрінде не орналасқан.

Жер бетіндегі ең биік Эверест шыңының биіктігі қанша?

Жерде қыс және жаз маусымының байқалу себебі?
4 дәріс

Тақырыбы: Жер планетасының химиялық құрамы.


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау