Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет23/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
общеобязательных стандартов образования

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      10. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:
      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы 
білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру
бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;


      2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді
зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік 
практикадан өтуді;
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған, модульдік 
бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді;
      4) аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
      біліктілік (разряд, сынып, санат);
      күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғары деңгейін;
      орта буын маманы біліктілігін;
      5) оқыту аяқталғаннан кейін қолданбалы бакалавр (кіші инженер) біліктілігін беруді 
көздейді.
      Бұл ретте, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты 
бойынша құрылады.
      11. Орта білімнен кейінгі білімнің мақсаты:
      1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді 
қалыптастыру;
      2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және 
сабақтастығы;
      3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие 
процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;
      4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік 
құзыреттерді игеруі.
      12. Орта білімнен кейінгі білім берудің құндылықтары:
      1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік 
білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;
      2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды
қамтамасыз ететін білім, іскерлік пен дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;


      3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, 
қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін 
шешуге дайындық.
      13. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі 
білім беру ұйымдарының:
      1) циклдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 30 %-ға дейін 
және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, жалпы білім беретін пәндерден басқа 
әрбір пән (модуль) бойынша 30 %-ға дейін (оқытудың дуальді нысаны кезінде жалпы кәсіптік, 
арнайы пәндер (модульдер), өндірістік оқыту және өндірістік практика циклдері үшін оқу 
материалын меңгеруге бөлінген оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін) өзгерту;
      2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, 
әдістерін таңдау;
      3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерден басқа, пәндер (
модульдер) және практика бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын 50 %-ға дейін өзгерту. 
Жұмыс берушілердің талаптары бойынша жалпы кәсіптік және арнайы пәндер цикліне міндетті оқытуға
арналған жалпы сағаттар санын сақтай отырып, қосымша пәндер (модульдер) енгізу;
      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық 
аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдау мүмкіндігі бар.
      14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар білім беру 
ұйымдары айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен 
сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
      15. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары
техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық 
және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ
қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән 
бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.
      16. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:
      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;
      2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды
;
      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді;


      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды қамтиды.
      Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылығы мен оқу 
полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.
      Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу 
полигондары мен өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пәндер оқытушысының, өндірістен 
келген білікті маманның басшылығымен жүзеге асырылады.
      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс 
орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
      Кәсіптік практикадан өту кезеңінде біліктілік емтиханын тапсырумен бірге білім алушының 
бір немесе бірнеше ұқсас біліктіліктерді игеруі көзделеді.
      Кәсіптік практика аяқталғанда білім алушыға қол жеткізілген кәсіптік біліктілік деңгейі (
разряд, сынып, санат) беріледі.
      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу 
бағдарламаларында айқындалады.
      Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пәндер бойынша, жалпы кәсіптік және 
арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, 
курстық және дипломдық жобалау) міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын 
құрауы тиіс (жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық пәндерді ескермегенде).
      Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары 
білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60 %) кәсіпорын базасында 
өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
      17. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен 
оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, 
аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, кәсіптік 
практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен 
қамтамасыз етіледі.
      18. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      19. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық
құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары 
мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.


      20. Орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде оқу мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру 
бағдарламаларымен айқындалады.
      21. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында көрсетілетін орта білімнен кейінгі 
білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік 
деңгейінің күрделігіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және 
күндізгі оқу нысаны кезінде:
      1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу 
мерзімін;
      2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін
құрайды.
      22. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының 
көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті 
көлемінің 30 %-ын құрайды.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау