Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет21/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
общеобязательных стандартов образования

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 
 (алғашқы ресми 
№ 292
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
      1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан 
әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының 
 сәйкес 
Заңына
әзірленді және орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен 
кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім 
беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.


      2.Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі 
ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
      2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті 
орындауға даярлық деңгейі;
      3) оқу жоспарының моделі – орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі 
инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
      4) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі 
немесе оқыту кезеңі;
      5) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін 
ұйымдастыру тәсілі;
      6) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша 
оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
      7) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпылама параметрлерін (
мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі)
айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
      8) білім беру бағдарламасы – оқыту мақсаттарын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру 
процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың
өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
      9) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын
шешу қабілеттілігі;
      10) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыстың 
түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық дағдылар мен
құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
      11) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің (
модульдерінің) тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың 
негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлық 
деңгейін бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымы әзірлейтін құжат;
      12) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу 
бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні (модулі) үшін орта білімнен кейінгі 
білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;


      13) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандықтар мен 
біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің (модульдерінің) тізбесі мен көлемін 
белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
      14) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша 
меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
      15) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің (модульдерінің) жиынтығы;
      16) дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең 
болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын ұсына 
отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен 
ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
      17) кредиттік оқыту технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының 
көлемін сәйкестендірілген өлшем бірлігі ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді (
модульдерді) таңдауы және өз бетінше жоспарлауы негізіндегі оқыту;
      18) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы" бакалавр біліктілігін
бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
      19) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын 
меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
      20) эксперименталдық білім беру бағдарламалары – оқытудың жаңа технологияларын сынақтан 
өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған бағдарламалар.
      3. "Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар" деген бөлімде орта білімнен 
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына, базалық, кәсіптік құзыреттерге және білім беру 
ұйымдарында білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілген.
      4. "Білім беру ма змұнына қойылатын талаптар" деген бөлімде білім беру бағдарламаларының 
мақсаты, құндылығы, мазмұны, іске асырылуы мен құрылымы және орта білімнен кейінгі білім беру 
бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімдері айқындалған.
      5. "Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар" деген 
бөлімде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін 
міндетті оқу уақыттарының көлемін бақылау нысаны көрсетілген.
      6. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ мыналарға
:
      1) оқу-бағдарламалық құжаттарға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс 
жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына;


      2) білім беру бағдарламаларына;
      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен басқа да 
нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау