Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет19/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
общеобязательных стандартов образования

4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
      24. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына
кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
      25. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына 
кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген 
көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
      ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, 
практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери
тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.
      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің 
ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери 
мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша 
кәсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кәсіпорындарда практикадан өте алады.
      Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.
      Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу 
тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және консультациялар емтихандар мен курстық және
дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер бойынша
, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу 
рәсімдеріне арналып жоспарланады.
      Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын 
бақылаудың мынадай түрлері:
      аралық аттестаттау;
      білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
      әскери мамандықтарды қоспағанда, кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру
көрсетіледі.
      Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша 
емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
      Бақылау жұмыстары пәнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.


      Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқу жұмысының бір 
түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. 
Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық 
жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
      Барлық пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып 
табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
      Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, 
емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі.
      ӘАОО үшін барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу көзделген, оның негізгі нысаны 
емтихан болып табылады.
      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, 
математика және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан 
өткізуді көздейді
      Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (әр оқу курсынан кейін) нақты 
мамандық бойынша қол жеткізген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып санат) беріледі.
      Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын 
меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
      білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
      кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
      ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пән бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.
      Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы 
бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында 
өткізіледі.
      Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында 
өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихан
тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және 
қорғау, немесе арнайы пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып 
дипломдық жұмысты орындау және қорғау.
      Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге 
бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай айқындалады.


      Мамандықтар бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру (бұдан әрі –
КДДББ) екі кезеңнен:
      1) кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша теориялық тестілеуден;
      2) біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.
      КДДББ ӘАОО-да өткізілмейді.
      Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан 
аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың 
ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.
      26. Оқу пәндерін зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын
курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
      Арнайы пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген 
пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды және келешектегі кәсіптік 
қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялау 
мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әлеуметтік-экономикалық пәндер 
циклі 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен орта буын мамандарын даярлауда іске 
асырылады. Осы циклдің жекелеген пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен интеграциялануы 
мүмкін.
      ӘАОО-да әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың 
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орта буын мамандарын даярлау кезінде іске асырылады.
      "Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан 
асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт 
секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша 
бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
      ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және 
аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына байланысты). Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан
кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде 
көзделеді.
      Алғашқы әскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай бөлінеді, оның ішінде 36 сағат оқу-дала 
(лагерьлік) жиындарын өткізуге беріледі. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы "Алғашқы әскери 
дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
      Оқу-дала (лагерьлік) жиындары өткізілетін орынды денсаулық сақтау органдарымен және 
төтенше жағдайлар басқармаларымен келісім бойынша қалалық және облыстық білім беру органдары 
айқындайды.


 
Техникалық және кәсіптік білім 
берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына
қосымша

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау