Практикалық сабақ 5: Шетел тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
Мақсаты: Тақырып бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету,өз ойын нақты дәлелдеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтижеге бағытталған оқушылардың ақыл-ой әрекетін проблеманы шешу арқылы ұйымдастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Оқытудың сөздік, репродуктивтік, эвристикалық, ішінара-ізденіс, зерттеу әдістері. Грамматикалық аударма әдісі, Пальмер әдісі, тура әдіс, қазіргі әдістер.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Берілген тапсырманы мұқият оқып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасау.
Оқу құралында, монография, басылымдарда берілген материалдарды, негізгі мектепке арналған ағылшын тілі оқулығын зерттеу.
Қажетті әдебиеттерден оқытушының нұсқауы бойынша конспект жазу.
Практикалық тапсырмаларды оқытушының нұсқауы бойынша орындау.
Өзіңді бақылау сұрақтары және сабақты бекіту сұрақтары бойынша тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |