2) білім беру ұйымдарындағы
қорытынды аттестаттау;
3) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі.
Пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім,
іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
Бақылау жұмыстары пәндерді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша оқу жұмысының бір
түрі ретінде қарастырылады және оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі
курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба)
жоспарлауға рұқсат етіледі.
Барлық пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу,
емтихан болып
табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен,
емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін білім алушылардың даярлық деңгейін
бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы
бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында
өткізіледі.
Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша
білім беру ұйымдарында
өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және (немесе) арнайы пәндер
бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты
орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра
отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау
нысаны мен оны өткізуге
бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан асырылмай айқындалады.
Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру (бұдан әрі – КДДББ) екі кезеңнен
:
кәсіптік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша теориялық тестілеуден;
біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.
Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау
көзделеді.
Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
1) біліктілік (разряд, сынып, санат);
2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.
КДДББ нәтижелері бойынша біліктілік комиссия шешімінің хаттамасы негізінде біліктіліктің
тиісті деңгейлері және белгіленген нысандағы сертификат беріледі.
Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жарақталған өндірістік
алаңдарда,
зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.
Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан
аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның
көзделген біліктілік деңгейіне байланысты 1 айдан 3 айға дейін жоспарланады.
25. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын
курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген
пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды
және келешектегі кәсіптік
қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялау
мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әлеуметтік-экономикалық пәндер
циклі 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен орта буын мамандарын даярлауда іске
асырылады. Осы циклдің жекелеген пәндері жалпы кәсіптік және арнайы пәндермен интеграциялануы
мүмкін.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан
асырылмай (мамандыққа байланысты)
жоспарланады, олардың 2 сағаты екінші курстан бастап спорт
секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша
бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
Алғашқы әскери дайындыққа 100 сағаттан асырылмай, оның ішінде 36 сағат оқу-далалық (
лагерьлік) жиындарды өткізуге беріледі. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсы "Алғашқы әскери
дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Оқу-далалық (лагерьлік) жиындар өткізілетін орынды денсаулық сақтау органдарымен және
төтенше жағдайлар басқармаларымен келісу бойынша қалалық және облыстық
білім беру органдары
айқындайды.
Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: