Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет18/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
общеобязательных стандартов образования

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      11. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:
      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы 
білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру
бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
      2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді
зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік 
практикадан өтуді;
      3) жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған 
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді;
      4) ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы 
гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери 
тағылымдамадан өтуді көздейді.
      12.Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:
      1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді 
қалыптастыру;
      2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және 
сабақтастығы;


      3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие 
процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;
      4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік 
құзыреттерді игеруі.
      13. Техникалық және кәсіптік білім берудің құндылықтары:
      1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік 
білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;
      2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды
қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;
      3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, 
қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін 
шешуге дайындығы.
      14. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдары:
      1) циклдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 30 %-ға дейін 
және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 30 %-ға дейін
және өндірістік оқыту үшін 50 %-ға дейін өзгертуі;
      2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, 
әдістерін таңдауы;
      3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын жалпы білім 
беретін пәндер бойынша 30 %-ға дейін және арнайы және жалпы білім беретін пәндер (модульдер), 
өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін өзгертуі мүмкін. Жұмыс 
берушілердің талаптары бойынша жалпы кәсіптік және арнайы пәндер цикліне міндетті оқытуға 
арналған жалпы сағаттар санын сақтай отырып, қосымша пәндер (модульдер) енгізуі;
      4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу және білім алушыларды аралық 
аттестаттау нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауы мүмкін.
      15. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар, білім 
беру ұйымдары айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен 
сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
      16. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруды базалық жоғары, 
техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін әрі педагогикалық 


және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлар, сондай-ақ
қажет болған жағдайда базалық жоғары немесе техникалық, кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән 
бейініне сай келетін өндірістен келген білікті мамандар қамтамасыз етеді.
      17. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:
      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;
      2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды
;
      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өтуді;
      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;
      5) ӘАОО-да әскери тағылымдамадан өтуді қамтиды.
      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу 
шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен орындалатын, 
сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.
      Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу 
полигондарында және өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пән оқытушысының, өндірістен 
келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.
      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс 
орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
      ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық 
және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығу кезінде,
далалық жорықтар кезінде өткізу жоспарланады, теориялық оқу процесінде алынған білімдерді 
бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен 
кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс 
оқу жоспарларында, оқу процесінің жұмыс кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс 
бағдарламаларында айқындалады.
      Практикалық даярлық (білім беру ұйымы айқындайтын пәндер бойынша, жалпы кәсіптік және 
арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, 
курстық және дипломдық жобалау) міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын 
құрауы тиіс (жалпы білім беретін және әлеуметтік-экономикалық пәндерді ескермегенде).


      ӘАОО-да кәсіби практика және әскери тағылымдама міндетті оқытудың оқу уақыты жалпы 
көлемінің кемінде 40%-ын қамтуы тиіс.
      Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары 
білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60%)кәсіпорын базасында 
өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
      18. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен 
оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, 
аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, кәсіптік 
практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен 
қамтамасыз етіледі.
      19. Оқу процесін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      20. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық
құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары 
мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
      21. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен 
анықталады.
      22. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарында көрсетілетін техникалық және кәсіптік 
білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік 
деңгейінің күрделілігіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және 
күндізгі оқу нысаны кезінде:
      1) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 
10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай 
оқу мерзімін;
      4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін
;
      5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзімін;
      6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары 
білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 
10 ай оқу мерзімін құрайды.


      23. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақытының 
көлемі тиісінше 70 %-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін көзделген оқу сағатының тиісті 
көлемінің 30 %-ын құрайды.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау