40. "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану", "Өзін-өзі тану" оқу
пәндерінде іске асырылады.
41. "Адам және қоғам" білім беру саласы пәндерінің мазмұны "Адам –Қоғам" жүйесі
шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Пәндердің мазмұны қоғамдық
қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы
өзара қарым-қатынастарын танып-білуге; өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға,
отбасындағы, жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға;
қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге; әр білім алушының
өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да
халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін дамытуға, өз қылығы үшін жеке басы жауапкершілігін
ұғынуына, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға
деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.
42. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Бейнелеу өнері", "Еңбекке баулу"
және "Музыка" пәндері арқылы жүзеге асырылады.
43. "Технология және өнер" білім беру саласы пәндерінің мазмұны бейнелеу өнері мен
музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруға, қазақтың ұлттық
өнеріне, салты мен дәстүріне және әлемдегі басқа халықтардың өнеріне де құрметпен қарауға
тәрбиелеуге; бейнелеу өнерінен, көркем және техникалық еңбектен көркем іс-әрекеттің алуан түрін
жасап шығаратын машық пен дағдыларды дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық дағдыларды
дамытуға; дүниені түрлі көру-тактильдік және музыкалық құралдар көмегімен тану тәсілдерін
игертуге бағытталған.
44. "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске
асырылады.
45. "Дене шынықтыру" пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз
бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене
шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық
спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында
құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
46. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі – төрт
жыл.
Достарыңызбен бөлісу: