36
Барлық пəндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ,
тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.
Бақылау жұмысы мен сынақтар аталған пəнді оқытуға бөлінген оқу
уақытының есебінен; емтихандар - аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде
жүргізіледі.
Кəсіптік оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушылардың
даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
қорытынды аттестаттау:
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау;
кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беруді қамтиды.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың
толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру
бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Кəсіптік оқу бағдарламаларын оқытуды аяқтағаннан кейін орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың мүмкін
нысандары: арнайы пəндер бойынша емтихандар тапсыру немесе дипломдық
жобаны орындау жəне қорғау немесе арнайы пəндердің бірі бойынша
қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып, дипломдық жұмысты
орындау, қорғау.
Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау
нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан артық
айқындалмайды.
Кəсіптік даярлығының деңгейін бағалау жəне мамандық бойынша
біліктілікті беру (бұдан əрі - КДДБББ) екі кезеңнен:
арнайы пəндер бойынша теориялық тестілеуден;
біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан
тұрады.
Кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне біліктілікті беруді ұйымдастыру
мен өткізуге арналған оқу уақытының көлемі бір білім алушыға кемінде 12
сағат көлемінде анықталады.
Практикалық емтихандар əрбір мамандық бойынша өндірістік алаңдарда,
қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларда, шеберханаларда немесе
оқу орталықтарында өткізіледі.
4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау жəне қорытынды аттестаттау)
бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың
ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның біліктілік деңгейіне
байланысты 6 аптаға дейін жоспарланады.
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул
уақыты 11 аптаны құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде - кемінде 2 апта.
15. Оқу пəндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың əрқайсысы
бойынша оқу уақытын курстарға жəне семестрлерге бөлу пəнаралық
байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
37
Арнайы пəндердің тізбесін анықтау мен оларды зерделеуді жоспарлау
кезінде көрсетілген пəндерді зерделеу бəсекеге қабілетті мамандарды
даярлау жəне жоғары білім берудің 1-2 курстарына арналған кəсіптік оқу
бағдарламаларымен
интеграциялау
мүмкіндіктерін
қамтамасыз
етуге
бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.
4. Білім алушылардың кəсіптік даярлық деңгейіне қойылатын
талаптар
16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды
даярлау деңгейіне қойылатын талаптар оқытуды аяқтау бойынша қызмет
көрсету жəне басқару еңбегінің кіші мамандарының біліктілігін беру
мүмкіндігін көздейді.
17. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кəсіби
ұтқырлықты, бəсекеге қабілеттілікті жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз
ететін əмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттіліктер
ретінде мазмұндалады.
18. Кəсіптік құзыреттілікке қойылатын талаптар маманның кəсіптік
қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нəтижелерін бағалауға, қызметінің
негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білімнің, шеберліктің, дағдының
белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
38
Орта білімнен кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Р/с
№
Циклдердің, пəндер мен оқу
жұмыстарының атауы
Жалпы орта білім
базасында
Техникалық жəне
кəсіптік білім
базасында*
1 ж. 6 а.
1 ж. 10а.
10 а.
1
Жалпы гуманитарлық пəндер
+
+
+
2
Əлеуметтік экономикалық пəндер
+
+
+
3
Жалпы кəсіптік пəндер
+
+
+
4
Арнайы пəндер
+
+
+
5
Білім беру ұйымдары анықтайтын
пəндер
+
+
+
6
Кəсіптік практика
Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының
көлемінен кемінде 40% болуы керек**
7
Аралық аттестаттау
+
+
+
8
Қорытынды аттестаттау:
8.1 Білім беру ұйымында оқытудың
толық курсының қорытындысы
бойынша қорытынды аттестаттау
2 аптадан артық болмауы керек
8.2 Кəсіптік даярлық деңгейін
бағалау жəне біліктілікті беру
Кемінде 12 сағат болуы керек
9
Барлығы міндетті оқуға
2304
2880
1440
10
Консультациялар
Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы
керек
11
Факультативтік сабақтар
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан
артық болмауы керек
Барлығы
2680
3312
1656
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім деңгейіне жəне оқу бейініне байланысты белгіленеді.
** оның ішінде жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша зертханалық-
тəжірибелік сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалар.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |