53
құралдар мен аудио- жəне бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз
етіледі.
ЖОО студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған
халықаралық деректер көздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық
базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Кітапхана қоры мен электронды жəне магнитті тасымалдағыштардағы
оқу əдебиеттерімен қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс.
Ақпараттық жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік
жұмысын жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады.
73. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.
Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу процесінің жалғасы жəне
тереңдетілуі болып табылады жəне кафедраларда, зертханаларда, ғылыми,
конструкторлық жəне жоғары оқу орындарының жобалау бөлімдерінде,
студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық жəне
өзге бюролар, орталықтар, ҒЗИ жəне т.б.) ұйымдастырылады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті ЖОО
профессорлары, доценттері, оқытушылары атқарады. ЖОО СҒЗЖ жүйесінің
жаппай ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлауы жəне өткізуі тиіс.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
74. Оқытудың нəтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі
(бакалавриат) негізінде анықталады жəне құзыреттілік арқылы көрінеді.
Оқыту нəтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пəннің,
модульдің деңгейінде де сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса
алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдана білу;
3) дəйектемелер құрастыру жəне зерттеп отырған саласындағы
проблемаларды шешу;
4) əлеуметтік, этикалық жəне ғылыми көзқарастарды ескере отырып,
пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды жəне интерпретациялауды
жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды жəне шешімдерді мамандарға
да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке,
əлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық жəне ұйымдастыру-
басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде
қалыптасады.
76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мəдениеті жоғары жəне дүниетанымы кең жоғары білімді
тұлғаның
қалыптасуына
ықпал
ететін
жаратылыстану
ғылымдары
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
54
(əлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пəндері саласында базалық
білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кəсіптік қызметте
ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кəсіптік қызметке жəне магистратурада білім алуды
жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
77. Əлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дəстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
əлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу жəне өзінің кəсіптік қызметінде
оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық жəне
құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халықтарының дəстүрі мен мəдениетін білу;
4) əлемнің басқа халықтарының дəстүрі мен мəдениетіне толерантты
болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) қоғамның əлеуметтік даму үрдістерін білу;
7) түрлі əлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дəлелдей
алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
10) кəсіби жəне тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
78. Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын
талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг,
қаржы жəне т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен əдістерін,
экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу жəне түсіну.
79. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында əлеуметтік,
экономикалық, кəсіби рөлдердің ауысуына, географиялық жəне əлеуметтік
ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу жəне əлемдік
экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен
процестерге бейімделе білу;
2) кəсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр
болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық жəне
ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің əр мамандығы бойынша кəсіптік
стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның əлеуметтік
сұраныстарын ескере отырып анықталады.
81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің
көлемі аясында алынған білім деңгейі əртүрлі бақылаулар арқылы
қамтамасыз етіледі.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |