Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет17/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85

41 
 
3)  студенттерді  оқыту  деңгейін  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру; 
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау; 
5)  Қазақстанның  бірыңғай  білім  беру  кеңістігінің  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз ету; 
6)  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  білім  кеңістігіне  тең 
дəрежеде 
қатысуы 
үшін 
жоғары 
білім 
туралы 
құжаттардың 
конвертациялануын қамтамасыз ету. 
6.  Қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  жоғары  оқу  орындары 
заңнамаға  сəйкес  оқытудың  түрлі  технологияларын,  оқу  процесін 
ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, əдістерін таңдай алады. 
7.  Жоғары  білім  мамандықтарының  үлгілік  оқу  жоспарлары  осы 
стандарттың  ережелеріне  сəйкес  келуі  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
құрылымына,  мазмұны  мен  көлеміне,  оқытудың  нормативті  мерзімі  мен 
студенттерді  даярлау  деңгейіне  қойылатын  талаптардың  жиынтығын 
анықтауы тиіс. 
8.  Жоғары  оқу  орны  мамандықтарының  тізбесі  бекітілген  Қазақстан 
Республикасының  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
мамандықтарының жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс. 
9.  Жоғары  білім  мамандықтары  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары 
Ұлттық  біліктілік  шеңберіне,  кəсіптік  стандарттарға  сəйкес  жəне  Дублин 
дескрипторларымен  жəне  Еуропалық  біліктілік  шеңберімен  келісілген  білім 
беру бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді. 
10.  Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  əрбір  деңгейінің 
(сатысының)  білім  беру  бағдарламасын  аяқтағаннан  кейін  студенттің  алған 
білімінің,  шеберлігінің,  дағдысы  мен  құзыретінің  деңгейі  мен  көлемін 
сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу  нəтижелеріне,  қалыптасқан 
құзыреттерге,  сондай-ақ  ЕСТS  кредит  (сынақ)  бірліктерінің  жалпы  санына 
негізделеді. 
   
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
11.  Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  білім  беру  мазмұнын 
анықтайтын  оқу  жұмыстарының  түрлерінен  қалыптастырылады  жəне 
олардың арақатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді. 
12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы: 
1)  жалпы  білім  беретін,  базалық  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдерін 
меңгеруден тұратын теориялық оқытуды; 
2)  оқытудың  қосымша  түрлері  -  кəсіптік  практиканың  түрлерін,  дене 
шынықтыруды, əскери дайындықты жəне т.б.; 
3) аралық жəне қорытынды аттестаттауды қамтиды. 
Бұл  ретте  бакалавриаттың  білім  беру  бағдарламалары  пəнді  оқытудың 
модульді жүйесі негізінде жобаланады. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


42 
 
13.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік 
кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. 
Мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік  кешендерінің  нысанын, 
құрылымын жəне əзірлеу тəртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды. 
14.  Оқу  жұмысының  еңбек  сыйымдылығын  есепке  алу  оқытылатын 
материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге  асады  жəне  оқытудың  нақты 
нəтижелеріне  қол  жеткізуге  қажетті  студенттер  мен  оқытушылардың  еңбек 
шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. 
Кредиттер 
білім 
беру 
бағдарламасының 
жекелеген 
пəндерінің 
жəне/немесе  модульдерінің  (элементтерінің)  шартты  «бағасын»  көрсетеді. 
Жалпы 
еңбек 
сыйымдылығы 
ұғымына 
лекциялық, 
практикалық 
(семинарлық),  зертханалық,  студиялық  сабақтар,  студенттердің  өзіндік 
жұмысы,  курстық,  есептік-графикалық  жұмыстар  (жобалар),  кəсіптік 
практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық жəне одан 
өту кіреді. 
15.  Теориялық  оқытудың  жалпы  еңбек  сыйымдылығы  оқытылатын  оқу 
пəндерінің тізбесімен анықталады. 
16.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 
кезінде  əр  оқу  пəнінің  көлемі  кредиттің  бүтін  санын  құрауы  тиіс.  Бұл  ретте 
пəн, əдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады. 
Ерекше жағдайда пəнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі. 
17. Дене шынықтыруды, тілдік пəндерді қоспағанда басқа əрбір оқу пəні 
қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. 
18.  Студенттер  əр  оқу  пəнін  бір  академиялық  кезеңде  меңгеріп,  оны 
аяқтаған  соң  емтихан  нысанындағы  қорытынды  бақылауды  тапсырады,  ал 
кəсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша 
дифференциалды сынақ тапсырады. 
19.  Оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  оқу  жоспарындағы  əр 
пəнге  тиісті  əріптік  жəне  сандық  таңбалар  түрінде  кодтың  берілуін 
қарастыратын пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. 
20.  Жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу 
жоспарларына қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пəндер 
міндетті  түрде  кіреді.  Оларға  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдері  («Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 
11  шілдедегі  Заңы),  дене  шынықтыру  («Дене  шынықтыру  жəне  спорт 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  1999  жылғы  2  желтоқсандағы  Заңы), 
еңбекті  қорғау  (Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  15  мамырдағы 
Еңбек кодексі) жатады. 
21.  Жалпы  білім  беретін  пəндер  (ЖБП)  циклі  міндетті  компонент 
пəндерінен  тұрады  жəне  таңдау  компоненттерін  де  қоса  алады.  Базалық 
пəндер  (БП)  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдері  міндетті  компонентті  жəне 
таңдау компонентін қамтиды. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау