Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет16/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85

39 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080  
қаулысымен
 бекітілген 
  
 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
  
1. Жалпы ережелер 
  
1.  Осы  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
(бұдан  əрі  -  стандарт)  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  27  шілдедегі  Заңының  негізінде  əзірленді,  білім  беру  мазмұнына, 
студенттердің  білім  траекториясына,  білім  беру  бағдарламаларын  əзірлеуге, 
олардың  құрылымына  жəне  студенттердің  даярлық  деңгейін  бағалауға 
қойылатын талаптарды белгілейді. 
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1)  жоғары  арнаулы  білім  -  кемінде  4  жыл  нормативті  оқу  мерзімімен 
міндетті  түрде  теориялық  оқудың  кемінде  161  кредитін  жəне  кəсіби 
практиканың  кемінде  6  кредитін  меңгертіп,  тиісті  мамандық  бойынша 
біліктілікті  бере  отырып  мамандар  даярлауға  бағытталған  жоғары  білім 
берудің кəсіптік оқу бағдарламасы; 
2) бакалавриат - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде 
теориялық оқудың кемінде 129 кредитін жəне кəсіби практиканың кемінде 6 
кредитін  меңгертіп,  тиісті  мамандық  бойынша  «бакалавр»  академиялық 
дəрежесін  бере  отырып  мамандар  даярлауға  бағытталған  жоғары  білім 
берудің кəсіптік оқу бағдарламасы; 
3)  дескрипторлар  (descriptors)  -  студенттердің  жоғары  жəне  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білімнің  тиісті  деңгейінің  (сатысының)  білім  беру 
бағдарламаларын  аяқтаған  соң  ие  болатын  білім,  білік,  дағды  жəне 
құзыретінің  деңгейлері  мен  көлемінің  сипаттамасы;  дескрипторлар  оқыту 
нəтижелеріне,  қалыптасқан  құзыреттерге,  сондай-ақ  кредиттерінің  жалпы 
санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді; 
4)  дипломдық  жұмыс  (жоба)  -  тиісті  саланың  нақты  мамандығының 
өзекті  проблемасын  студенттің  өз  бетінше  зерттеуінің  нəтижелерін 
жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы; 
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) - үлгілік оқу жоспары мен элективті пəндер 
каталогы  негізінде  эдвайзердің  көмегімен  студенттің  əр  оқу  жылына  арнап 
өзі құрастыратын оқу жоспары; 
6)  элективті  пəндер  каталогы  (ЭПК)  -  зерттеу  мақсатын,  қысқаша 
мазмұнын  (негізгі  бөлімдер)  жəне  зерттеуден  күтілетін  нəтижелерді 
(студенттердің  алатын  білімі,  шеберлігі,  дағдысы  мен  құзыреттерін)  көрсете 
отырып,  пəннің  қысқаша  сипаттамасы  берілетін  таңдау  компоненттері 
бойынша барлық пəндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі; 
7) таңдау компоненті - жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен 
постреквизиттерін  есепке  ала  отырып  кез  келген  академиялық  кезеңде 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


40 
 
студенттердің өздері таңдай алатын оқу пəндерінің жəне тиісті кредиттердің 
(немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі; 
8)  құзыреттер  -  студенттердің  оқыту  процесі  кезінде  алған  білім, 
шеберлік  жəне  дағдысын  кəсіптік  қызметте  практикалық  тұрғыдан  қолдана 
білу қабілеті; 
9)  міндетті  компонент  -  үлгілік  оқу  жоспарында  белгіленген  жəне  білім 
беру  бағдарламасы  бойынша  студенттер  міндетті  түрде  оқитын  оқу 
пəндерінің жəне тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі; 
10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) - мамандық бойынша əзірленетін үлгілік 
оқу  жоспары  мен  студенттердің  жеке  оқу  жоспарлары  негізінде  білім  беру 
ұйымы дербес əзірлейтін оқу құжаты; 
11)  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (ҮОБ)  -  оқу  мазмұнын,  көлемін, 
ұсынылатын  əдебиетті  анықтайтын  жəне  білім  беру  саласындағы  уəкілетті 
орган 
бекітетін 
мамандықтың 
үлгілік 
оқу 
жоспарының 
міндетті 
компоненттегі пəннің оқу құжаты; 
12)  үлгілік  оқу  жоспары  (ҮОЖ)  -  Қазақстан  Республикасының  жоғары 
жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  мамандықтарының  жіктеуіші  мен 
осы стандарт негізінде əзірленетін, міндетті компонент пəндерінің тізбесі мен 
кредиттердің  ең  аз  көлемін  жəне  практиканың,  қорытынды  аттестаттаудың 
барлық  түрлерін  көрсете  отырып,  пəндер  циклі  бойынша  білім  беру 
бағдарламасының  құрылымы  мен  көлемін  регламенттейтін,  білім  беру 
саласындағы уəкілетті орган бекітетін оқу құжаты. 
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына 
жəне  меншік  нысанына  қарамастан,  бакалавриаттың  тиісті  мамандықтары 
жəне  жоғары  арнаулы  білім  бойынша  білім  беру  қызметін  жүргізуге  құқық 
беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады. 
3.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындары  жоғары  білімді 
мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) даярлауды: 
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім мамандықтарының жіктеуішіне; 
2)  осы  стандартқа  жəне  жоғары  білім  мамандықтарының  үлгілік  оқу 
жоспарларына; 
3) академиялық күнтізбеге; 
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына; 
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына; 
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырады. 
4.  Жоғары  білімнің  кəсіптік  оқу  бағдарламасын  меңгеру  бойынша 
қорытынды 
аттестаттаудан 
табысты 
өткен 
тұлғаларға 
«бакалавр» 
академиялық дəрежесі немесе біліктілік беріледі. 
5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді: 
1)  студенттердің  дайындық  деңгейіне  жəне  жоғары  оқу  орындарының 
білім  беру  қызметіне  қойылатын  міндетті  талаптардың  негізінде  жоғары 
білім сапасын арттыру; 
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау