Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85


 
2.  Қазақстан  Республикасының  мектепке  дейінгі  ұйымдары  білім  беру 
қызметін: 
1)  осы  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандартына; 
2) үлгілік оқу жоспарларына; 
3) 
мектепке 
дейінгі 
тəрбие 
мен 
оқыту 
саласында 
Қазақстан 
Республикасының уəкілетті органы белгілеген тəртіппен əзірленген басқа да 
нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырады. 
3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты: 
1)  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мазмұнын,  мектепке  дейінгі 
ұйымдардағы пəндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды; 
2) тəрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары 
көлеміне,  тəрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне, 
мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  ұйымының  педагогтеріне,  оқу-тəрбие 
процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды. 
4. Стандарт талаптары: 
1)  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын əзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді: 
негізгі  құзыреттіліктерді  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  негізгі 
(базалық, вариативті); 
баланың  қызығушылығы  мен  бейімділігін  іске  асыруға  бағытталған 
қосымша; 
2)  ведомстволық  бағыныстылығына,  меншік  нысанына,  типіне  жəне 
түріне  қарамастан  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  ұйымдарында  оқу-
тəрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті; 
3) мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу 
құралдары мен əдістемелік нұсқауларды əзірлеу кезінде міндетті; 
4) мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарының жəне педагогтердің 
қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті. 
   
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
5.  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламалары  балалардың  өмір  бойына  əлеуметтік  табыстылық  пен 
бəсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  қажетті  физикалық,  тұлғалық, 
зияткерлік  қасиеттерін  дамытуға,  негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастыруға 
бағытталған. 
6. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту: 
1)  баланың  өмірін  қорғауды  жəне  денсаулығын  нығайтуды,  толыққанды 
физикалық  дамуын,  Қазақстан  Республикасы  халықтарының  ұлттық  салт-
дəстүрлері 
негізінде 
салауатты 
өмір 
салтының 
құндылықтарын 
қалыптастыруды; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015



 
2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін 
құруды жəне кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді; 
3)  тілді  жəне  ана  тілін,  қатынас  мəдениетін  дамытуды,  сауаттылық 
негіздерін меңгеруге дайындауды; 
4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын 
адамның  оң 
мінез-құлқы, 
мінез-құлық  нормалары 
мен 
ережелері, 
қазақстандық  қоғамда  қалыптасқан  халықтық  салт-дəстүрлер  мен  əдет-
ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды; 
5)  өз  Отанына,  туған  өлкесіне  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рəміздерге 
құрметпен  қарауға,  қоршаған  орта,  отбасы,  түрлі  ұлт  өкілдеріне  деген  ізгі 
қарым-қатынасқа тəрбиелеуді; 
6)  балада  қоршаған  ортаның  тұтас  бейнесі,  өзі  жəне  əлеуметтік  ортасы 
туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 
7)  баланың  танымын  дамытуды,  интеллектуалдық  іс-əрекет  тəсілдерін 
қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 
8) 
баланың 
бейнелеу, 
көркем 
тілдік, 
музыкалық 
іс-əрекетінде 
эстетикалық  сезімдерін,  шығармашылық  қабілетін  дамытуды  қамтамасыз 
етеді. 
7.  Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мазмұны  мынадай  бес  білім 
беру 
саласын 
қамтиды: 
«Денсаулық», 
«Қатынас», 
«Таным», 
«Шығармашылық», «Əлеуметтік орта». 
8.  Білім  беру  салаларының  мазмұны  ұйымдастырылған  оқу  іс-əрекеті, 
балалардың  өзіндік  іс-əрекеті  жəне  ересек  адам  мен  баланың  бірлескен  іс-
əрекеті арқылы іске асырылады. 
9. «Денсаулық» білім беру саласы 
Мақсаты:  өз  денсаулығына  саналы  қарауды,  денсаулықтың  адамға 
табиғаттың  берген  басты  құндылығы  екенін  түсінуді  тəрбиелеу,  қимыл-
қозғалыс белсенділігін дамыту жəне физикалық сапаларын қалыптастыру. 
«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 
1) дене шынықтыру; 
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология. 
10. «Коммуникация» білім беру саласы 
Мақсаты:  ана  тілінің  базалық  құндылықтарын  меңгерген,  мемлекеттік 
жəне 
басқа 
тілдерде 
мəдени-əлеуметтік 
өзара 
қатынасқа 
дайын, 
айналасындағы  ортамен  ауызша  жəне  ауызша  емес  құралдардың  көмегімен 
қатынас  жасауға  қабілетті  мектеп  жасына  дейінгі  көптілді  тұлғаны 
тəрбиелеу. 
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: 
1) тіл дамыту; 
2) көркем əдебиет; 
3) сауат ашу жəне жазу негіздері; 
4) мемлекеттік, орыс жəне басқа тілдер. 
11. «Таным» білім беру саласы 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015



 
Мақсаты:  танымдық  іс-əрекет  дағдыларын  меңгерген,  əлемнің  тұтас 
бейнесін  түсінуге  жəне  ақпаратты  өмірлік  маңызды  проблемаларды  шешуде 
қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру. 
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-əрекеті: 
1) сенсорика; 
2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру; 
3) құрастыру; 
4) экология негіздері; 
5) қоршаған ортамен таныстыру. 
12. «Шығармашылық» білім беру саласы 
Мақсаты:  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сезімдік-эмоционалдық 
саласы  мен  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  шығармашылық  ойлау 
мəдениеті мен қиялын дамыту. 
«Шығармашылық»  білім  беру  саласының  ұйымдастырылған  оқу  іс-
əрекеті: 
1) сурет салу; 
2) мүсіндеу; 
3) жапсыру; 
4) музыка. 
13. «Əлеуметтік орта» білім беру саласы 
Мақсаты:  əлеуметтік  ортадағы  жағымды  мінез-құлық  пен  қарым-
қатынасқа  қабілетті  əлеуметтік-бейімделген,  шығармашылық  тұлғаны 
тəрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тəрбиелеу. 
«Əлеуметтік  орта»  білім  беру  саласының  ұйымдастырылған  оқу  іс-
əрекеті: 
1) өзін-өзі тану; 
2) қоршаған ортамен таныстыру; 
3) экология; 
4) көркем əдебиет. 
Мемлекеттік  тілде  оқытатын  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  мен 
топтарында  «Қазақ  тілі»  пəні  ұйымның  қалауымен  басқа  пəндерге 
ауыстырылады. 
  
3. Тəрбиеленушілердің жəне білім алушылардың оқу жүктемесінің ең 
жоғары көлеміне қойылатын талаптар 
  
14.  Тəрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  апталық  оқу  жүктемесінің 
жол  берілетін  ең  жоғары  көлемі  мен  ұйымдастырылған  оқу  іс-əрекетінің 
ұзақтығы  баланың  денсаулығы  мен  психикасын  қорғау  мақсатында 
енгізіледі. 
15.  Мектепке  дейінгі  білім  берудің  барлық  жас  сатысындағы  оқу 
жүктемесі  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті 
стандартын 
əзірлеуге 
қойылатын 
техникалық 
талаптарда 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау