ИС BestProfi©
43
1
Жалпы гуманитарлық пәндер
+
+
+
………………………
2
Әлеуметтік экономикалық
пәндер
+
+
+
………………………
3
Жалпы кәсіптік пәндер
+
+
+
………………………
4
Арнайы пәндер
+
+
+
………………………
5
Білім беру ҧйымдары
анықтайтын пәндер
+
+
+
6
Кәсіптік практика
Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының
кӛлемінен кемінде 40% болуы керек**
7
Аралық аттестаттау
+
+
+
8
Қорытынды аттестаттау:
8.1
Білім беру ҧйымында оқытудың
толық курсының қорытындысы
бойынша қорытынды
аттестаттау
2 аптадан артық болмауы керек
8.2
Кәсіптік даярлық деңгейін
бағалау және біліктілікті беру
Кемінде 12 сағат болуы керек
9
Барлығы міндетті оқуға
2304
2880
1440
10
Консультациялар
Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы керек
11
Факультативтік сабақтар
Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан
артық болмауы керек
Барлығы
2680
3312
1656
Ескертпе:
* оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді.
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік
сабақтар, курстық және дипломдық жобалар.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бҧдан әрі –
стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
ИС BestProfi©
44
негізінде әзірленді, білім беру мазмҧнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге, олардың қҧрылымына және студенттердің даярлық деңгейін
бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоғары арнаулы білім – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті тҥрде
теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін
меңгертіп, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға
бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті тҥрде теориялық
оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті
мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға
бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын
білім, білік, дағды және қҧзыретінің деңгейлері мен кӛлемінің сипаттамасы; дескрипторлар
оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан қҧзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына
(сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жҧмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының ӛзекті проблемасын
студенттің ӛз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жҧмысы;
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – ҥлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы
негізінде эдвайзердің кӛмегімен студенттің әр оқу жылына арнап ӛзі қҧрастыратын оқу
жоспары;
6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмҧнын (негізгі
бӛлімдер) және зерттеуден кҥтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі,
дағдысы мен қҧзыреттерін) кӛрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау
компоненттері бойынша барлық пәндердің жҥйеленген аннотацияланған тізбесі;
7) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ҧсынатын, пререквизиттері мен
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің ӛздері
таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең
аз кӛлемінің тізбесі;
8) қҧзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және
дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тҧрғыдан қолдана білу қабілеті;
9) міндетті компонент – ҥлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру
бағдарламасы бойынша студенттер міндетті тҥрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті
кредиттердің ең аз кӛлемінің тізбесі;
10) оқу жҧмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін ҥлгілік оқу жоспары
мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ҧйымы дербес әзірлейтін оқу
қҧжаты;
11) ҥлгілік оқу бағдарламасы (ҤОБ) – оқу мазмҧнын, кӛлемін, ҧсынылатын әдебиетті
анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың ҥлгілік оқу
жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу қҧжаты;
12) ҥлгілік оқу жоспары (ҤОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін,
міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз кӛлемін және практиканың,
қорытынды аттестаттаудың барлық тҥрлерін кӛрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім
беру бағдарламасының қҧрылымы мен кӛлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекітетін оқу қҧжаты.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім
бойынша білім беру қызметін жҥргізуге қҧқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу
орындары іске асырады.