ЖОБА
«Туризм» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Туризм» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, соның
ішінде кәсіпорындардағы қызметкерлер құрамын оқытуға, білім беру мекемелерінің
қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға, қызметкерлер құрамын басқару
саласындағы міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
біліктілік – нақты еңбек функцияларын сапалы түрде орындауға қатысты
жұмысшының дайындық дәрежесі;
біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, бейстандарттығы,
жауапкершілігі және дербестігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің
дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың
біліктілігіне түскен сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық түрде
реттейтін механизмдердің жиынтығы;
салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің
құрылымдалған сипаттамасы;
сала/негізгі топ – істеп шығарылатын өнімдердің, өндіріс технологиясының, негізгі
қорлардың және жұмысшылардың кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән болып келетін
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
кәсіптік топ – ортақ ықпалдастық негізіне ие (ұқсас немесе жақын арналым,
нысандар, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) болып табылатын және оларды
орындауға арналған еңбек функциялары мен құзыреттерінің орайлас жинағын талап ететін
кәсіптік кіші топтардың жиынтығы.
кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды
орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;
кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және
құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды
айқындайтын стандарт;
кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы тиісті
құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап
ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек үдерісінің міндеттерін шешуге
бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы;
БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының
біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарт төлқұжаты
2
3. Кәсіби стандарт атауы: Туризм.
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: кең ауқымды қолданушылар тобының
қолдануына арналған: жұмысшылар – жоспарлау саласындағы мамандыққа қойылған
талаптарды түсіну, өз біліктілігін арттыру және мансабын ілгерілету үшін; жұмыс
берушілер – жұмысшыларға қолданылатын талаптарды/нұсқауларды/міндеттерді әзірлеу,
персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемдер қалыптастыру, сондай-ақ
мамандардың біліктілігін арттыру, дамыту, жоғарылату және алмастыру бағдарламаларын
құру үшін.
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: кәсіби стандарт қонақ үй
қызметтерін ұйымдастырумен және ұсынумен айналысатын мамандардың біліктілік
деңгейіне, кәсіби біліміне және атқаратын жұмыстарының мөлшеріне қойылатын
талаптарды анықтайды.
6. Жұмыс классификаторы бойынша негізгі топ: туроператорлар, турагенттер және
туризм саласында қызметін ұсынатын өзге де ұйымдардың қызметі.
Жұмыс классификаторы бойынша кәсіби топ: туристік агенттіктер мен
операторлардың қызметі.
3. Кәсіп карточкалары
7. Кәсіптердің тізімі:
Экскурсия жетекшісі – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 3 біліктілік деңгейі;
Туризм агенті/менеджері – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 3 біліктілік
деңгейі;
Билеттерді (әуе билеттерін, т/ж билеттерін) брондайтын оператор – Салалық
біліктілік шеңбері бойынша 3 біліктілік деңгейі;
Туризм нұсқаушысы – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 4 біліктілік деңгейі;
Бөлім басшысы (елге келушілер туризмі және ішкі туризм, елден кетушілер
туризмі, визалық тәртіп, маркетинг және туристік өнімді сату, әуе билеттері мен т/ж
билеттерін сату бөлімінің басшысы) – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 біліктілік
деңгейі;
Департамент директоры – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 7 біліктілік
деңгейі;
Туристік компанияның директоры – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 8
біліктілік деңгейі.
Кәсіп карточкалары осы кәсіби стандарттың 1 Қосымшасында келтіріледі.
«Туризм»
кәсіби стандартына
1 - Қосымша
3
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Экскурсия жетекшісі»
Коды:
2359
Кәсіп атауы:
Дәріс оқытушы (саяхат жүргізушісі);
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
3
БА бойынша
біліктілік деңгейі
III-II-I санаттары
Кәсіби білім деңгейі
Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық (бір жылға
дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру
ұйымының негізіндегі курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта білім
негізіндегі техникалық және кәсіби білімнің бар болуы шартымен.
Еңбек функциялары:
1) Экскурсияға дайындық.
2) Стандартты
және оқыс жағдайларда қауіпсіздікті және
экскурсияға қатысушылармен ҚТ ережелерінің орындалуын
қамтамасыз ету.
3) Экскурсияны өткізу.
4) Жеке және топпен жүретін туристерді экскурсиялық сүйемелдеу.
5) Экскурсияға қатысушыларға дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
1 еңбек функциясы
Экскурсияға
дайындық
Біліктер мен дағдылар:
1. Экскурсияның мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
2. Көптеген дерек көздерден ақпаратты жинау.
3. Компьютерді және өзге коммуникация құралдарын қолдану.
4. Экскурсия тақырыбын және экскурсиялық нысандарды жіктеу.
Білім:
1. Экскурсиялардың түрлері.
2. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері және жергілікті көрікті
жерлер.
3. Бағыттарды әзірлеу әдістемесі.
4. Көрсетілімнің және әңгімелеудің әдістемелік амалдары.
5. Экскурсияларды өткізудің ұйымдық үлгілері.
6. Экскурсиялық
қызметті
реттейтін
нормативтік-құқықтық
құжаттар.
7. Экскурсиялар мен экскурсиялық нысандарды жіктеу.
8. Қазақстанның және экскурсияға қатысушылар келетін елдердің
тарихын, мәдениетін, экономикасын біріктіретін фактілер.
2 еңбек функциясы
Стандартты және
оқыс жағдайларда
қауіпсіздікті және
экскурсияға
қатысушылармен ҚТ
ережелерінің
орындалуын
қамтамасыз ету
Біліктер мен дағдылар:
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық өткізу.
2. Коммуникациялық дағдылар
3. Оқыс жағдайлар туындаған кезде шешім қабылдау
4. Талдау жасау дағдылары
Білім:
1. Туристік бағыттардағы қауіпсіздік техникасы негіздері.
2. Бағыттағы жүріс-тұрыс ережелері.
3. Бағыттағы инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы.
4. Күйзеліс жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету
тәсілдері.
4
3 еңбек функциясы
Экскурсияны өткізу
Біліктер мен дағдылар:
1. Экскурсия қатысушыларымен өзара тиімді әрекеттестікті орнату.
2. Экскурсиялық нысандардың көрсетілімін жүзеге асыру.
3. Экскурсияны өткізу кезінде уақытты басқару.
4. Бағытта шиеленісті жағдайлар туындаған жағдайда, оларды
ауыздықтау.
5.
Экскурсия
қатысушыларының
қанағаттанушылығының
мониторингін жүргізу.
Білім:
1. Вербальды және вербальды емес сигналдар бойынша көңіл-күй
мен ахуалды анықтау тәсілдері.
2. Экскурия тақырыбының мазмұнын ашатын ақпарат көздері.
3. Қажетсіз шиеленістерді болжамдау және оларды ауыздықтау
тәсілдері.
4. Экскурсияға
қатысушылардың
қанағаттанушылығына
мониторинг жүргізу әдістері.
4 еңбек функциясы
Жеке және топпен
жүретін туристерді
экскурсиялық
сүйемелдеу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар
2. Талдау жасау дағдылары
3. Өзгермелі жағдайға бейімделу
4. Топтың сандық құрамын бақылау.
Білім:
1. Клиентке қызмет көрсету ережелері.
2. Студенттердің трансферін, жайғастырылуын және тамақтануын
ұйымдастыру тәсілдері.
3. Бақыттағы қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін күрделі
мәселелер және оларды шешу тәсілдері.
4. Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету үдерісіне қатысты қаржы
құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар.
5 еңбек функциясы
Экскурсияға
қатысушыларға
дәрігерге дейінгі
көмек көрсету
Біліктер мен дағдылар:
1. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету
2. Оқыс жағдайларда шешім қабылдау
Білім:
1. Құтқару қызметтерінің байланыс ақпараты.
2. Дәрігерге дейінгі көмек түрлері және оны көрсету тәсілдері.
3. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету кезінде қолданылатын
медициналық дәрі-дәрмек және олардың тағайындалуы.
4. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс жарақаттардың түрлері
мен белгілері.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Адамдармен тіл табыса білу.
Міндеттерді шешу кезінде орын алған жағдайларға қатысты өзінің
мінез-құлқын көрсету.
СБШ шеңберiнде
басқа кәсіптермен
байланыс
2359
Туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Туризм агенті/менеджері»
Коды:
3414
Кәсіп атауы:
Туризм агенті
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
3
БА бойынша
Санатсыз
5
біліктілік деңгейі
Кәсіби білім деңгейі
Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру
ұйымының негізінде бір жылға дейінгі кәсіби даярлық
бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқу).
Негізгі орта білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім
негізінде техникалық және кәсіби білімнің бар болуы шартымен.
Еңбек функциялары:
1) Саяхаттар, туроператорлар және басқа әріптестер бойынша
деректер қорын құру
2) Туристік өнімді клиенттің жеке қажеттіліктеріне бейімдеу
3) Туристік өнімді ілгері бастыру мақсатымен жарнаманы жетілдіру
4) Саяхатты ұйымдастыру үшін сыртқы қызметтерді сатып алу
5) Туристік өнімді сату
6) Көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету
7) Клиенттермен өзара тиімді әрекеттесу
1 еңбек функциясы
Саяхаттар,
туроператорлар және
басқа әріптестер
бойынша деректер
қорын құру
Біліктер мен дағдылар:
1. Мамандырылған бағдарламалық өнімді пайдалану.
2. Ақпаратты басқару (ақпаратты көптеген дерек көздерінен іздеу,
жинау және жүйелеу.
1. Арнайы мамандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдалану.
2. Ақпаратты басқару (көптеген дерек көздерінен ақпаратты іздеу,
жинау және жүйелеу).
3. Туризм түрлерінің халықаралық жіктелімі.
4 Іскери іс шаралардың халықаралық жіктелімі.
5. Конференц-қызметтер нарығындағы жарнамалық өнімнің түрлері.
2 еңбек функциясы
Туристік өнімді
клиенттің жеке
қажеттіліктеріне
бейімдеу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
2. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану
3. Деректер қорын қолдану
4. Туристік өнімді клиенттерге көрсету
Білім:
1. Туристік өнім түрлері.
3. Тиімді қарым-қатынас негіздері.
4. Конференц өнімінің түрлері.
3 еңбек функциясы
Туристік өнімді ілгері
бастыру мақсатымен
жарнаманы жетілдіру
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты іздеу, іріктеу және тиімді қолдану.
2. Өнімге мониторинг жүргізу және туристік өнімнің сатылуын
талдау.
3. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде.
4. Талдау жасау дағдылары.
5. Презентация жасау дағдылары.
Білім:
1. Мониторинг және талдау әдістері.
2. Нарықта қызметті алға бастырудың тиімді техникалары.
3. Шетел тілі (кәсіби әдебиетті оқу, ауызша сөйлеу).
4. Тиімді қарым-қатынас негіздері.
4 еңбек функциясы
Саяхатты
ұйымдастыру үшін
сыртқы қызметтерді
сатып алу
Біліктер мен дағдылар:
1. Құжаттаманы рәсімдеу
2. Жұмыста бағдарламалық жасақтаманы қолдану
3. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
4. Талдау жасау дағдылары
6
Білім:
1. Үшінші тараптар көрсететін қызмет түрлері.
2. Әр түрлі қызмет түрлеріне өтінімдер рәсімдеу, іс жүргізу.
3. Жеткізушілер көрсететін қызметтер сапасына қойылатын
талаптар.
4. Арнайы мамандырылған бағдарламалық өнімдер.
5 еңбек функциясы
Туристік өнімді сату
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар (сендіру, іскери келіссөз жүргізу).
2. Құжаттаманы рәсімдеу.
3. Төлем жасауға арналған жабдықты қолдану.
Білім:
1. Тиімді қарым-қатынас жасау негіздері.
2. Туристік өнімді сату техникасы.
3. Туристік құжаттаманың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын
талаптар.
4. Жіберілетін елдердегі қазіргі күнгі жағдай, саяси, әлеуметтік-
экономикалық ахуал.
5. Әлеуметтік-мәдени, діни салт-дәстүрлер.
6. Есептеме үлгілері.
6 еңбек функциясы
Көрсетілетін
қызметтің сапасын
қамтамасыз ету
Біліктер мен дағдылар:
1. Саяхат жөнінде пікір алу үшін туристердің жауабын
алу/сауалнама жүргізу.
2. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
3. Ақпаратты өңдеу бойынша талдау жасау
Білім:
1. Ақпаратты өңдеу әдістері.
2. Қызметтердің жеткізушілері мен тұтынушыларының арасындағы
құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік және
заңнамалық актілер.
3. Қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар.
7 еңбек функциясы
Клиенттермен өзара
тиімді әрекеттесу
Біліктер мен дағдылар:
1. Вербальды және вербальды емес белгілер бойынша клиенттік
психологиялық типін анықтау.
Клиенттердің қажеттіліктері мен тілектерін анықтау.
3. Қиын клиенттермен шиеленісті жағдайлардың алдын алу.
4. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
Білім:
1. Тиімді қарым-қатынас жасау негіздері.
2. Психологиялық типтердің жіктелімі.
3. Сатып алушылардың мінез-құлық психологиясы.
4. Іскери келіссөздер жүргізу техникасы.
5. Әр түрлі психологиялық типтерге және әлеуметтік-мәдени
топтарға жататын клиенттермен өзара әрекеттестік ерекшеліктері.
Шиеленісті жағдайларды шешу техникасы және тәсілдері.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Адамдармен тіл табыса білу.
Міндеттерді шешу кезінде өз мінез-құлқын орын алған жағдайларға
бейімдеу.
СБШ шеңберiнде
басқа кәсіптермен
байланыс
4211
Билеттің кассиры
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Билеттерді брондау бойынша оператор» авиаагент, туристік
операторлар»
7
Кәсіп коды
4211
Кәсіп атауы
Билеттің кассиры
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
3
БА бойынша
біліктілік деңгейі
2-3 разряд
Кәсіби білім деңгейі
Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру
ұйымының негізінде бір жылға дейінгі кәсіби даярлық
бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқу).
Негізгі орта білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім
негізінде техникалық және кәсіби білімнің бар болуы шартымен.
Еңбек функциялары
1) Клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес ұшып өтудің барынша
оңтайлы нұсқасы мен тарифін іріктеуді жүзеге асыру
2) Авиабилеттерді брондау және қайта брондау
3) Әуе билеттерін, темір жол тасымалына арналған жол жүру
құжаттарын жазып шығару
4) Пайдаланылмаған билеттерді қайтару
1 еңбек функциясы
Клиенттің
қажеттіліктеріне
сәйкес ұшып өтудің
барынша оңтайлы
нұсқасы мен тарифін
іріктеуді жүзеге
асыру
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
2. Әуе және т/ж билеттерін брондау жүйелерін қолдану.
3. Латын алфавитін қолдана отырып, жылдам әріп теру
Білім:
1. Жекелей және топпен брондау және тариф пен бонустық
бағдарламаларды қолдану тәртібі.
2. Ел нарығында ұсынылған әуе тасымалдаушылары.
3. Ұшып қонудың оңтайлы нұсқасы түсінігі (бағасы, ұзақтығы,
трансферлер).
4. Тарифтердің түрлері және оларды қолдану ережелері.
5. Ұшақтардың типтері, қызмет ету кластары.
6. Пойыздардың және жолаушы вагондарының түрлері, оның ішінде
жайлылық деңгейі бойынша.
7. Ұшып қону нұсқаларын таңдау үшін қажетті көлемдегі шетел
және қазақ тілдері.
8. Әуе және т/ж билеттерін брондау негіздері.
9. Бонустық бағдарламалардың түрлері.
10. Қосымша қызметтердің түрлері.
11. Арнайы бағдарламалық өнімдер.
2 еңбек функциясы
Авиабилеттерді
брондау және қайта
брондау
Біліктер мен дағдылар:
1. Әуе және т/ж билеттерін брондау жүйелерінде жұмыс істеу.
2. Коммуникациялық дағдылар қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде.
Білім:
1. Әуе және т.ж. билеттерін брондау жүйелері.
2. Әуе билеттерін қайта брондау ережелері.
3 еңбек функциясы
Әуе арқылы ұшу және
темір жол
тасымалына арналған
жол жүру құжаттарын
жазып шығару
Біліктер мен дағдылар:
1. Әуе және т.ж. билеттерін брондау жүйелерін қолдану.
Білім:
1. Әуе және т.ж. билеттерін брондау жүйелері.
2. Әуе арқылы ұшу және темір жол тасымалына арналған жол жүру
құжаттарын, әуе билеттерін беру тәртібі.
8
4 еңбек функциясы
Пайдаланылмаған
билеттерді қайтару
Біліктер мен дағдылар:
1. Айыппұл шаралары мен қайтарылмайтын алымдарды ескере
отырып, қайтарылуы тиіс соманы есептеу.
2. Клиентпен есеп айырысу.
Білім:
1. Әуе және т.ж. билеттерін брондау жүйелері.
2. Пайдаланылмаған т/ж жол жүру құжаттарының төлемдерін
қайтару ережелері.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Адамдармен тіл табыса білу.
Міндеттерді шешу кезінде өз мінез-құлқын орын алған жағдайларға
бейімдеу.
СБШ шеңберiнде
басқа кәсіптермен
байланыс
3414
Туристік агент
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Туризм нұсқаушысы»
Кәсіп коды
2359
Кәсіп атауы
Туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
4
БА бойынша
біліктілік деңгейі
VI-V-IV-III-II-I санаттары
Кәсіби білім деңгейі
Жоғарылаған дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша
кәсіби даярлық)
Еңбек функциялары
1) Келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша саяхаттардың
алуан түрлерін әзірлеу
2) Саяхаттардың алуан түрлерін өткізу
3) Стандартты және оқыс жағдайларда қауіпсіздікті және
туристтермен қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуын
қамтамасыз ету
4) Дәрігерге дейінгі көмек көрсету
5) Клиенттермен тиімді әрекеттесу
6) Көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету
7) Оқыс жағдайларда шешім қабылдау
1 еңбек функциясы
Келушілер туризмі
және ішкі туризм
бойынша
саяхаттардың алуан
Біліктер мен дағдылар:
1. Көптеген дерек көздерден ақпаратты жинауды жүзеге асыру.
2. Бағыттарды өту схемасы мен кестесін әзірлеу.
3. Саяхат үшін қажетті ресурстарды есептеп шығару.
4. Саяхат сметасын жасау
9
түрлерін әзірлеу
Білім:
1. Қазақстан Республикасының туризм нысандары.
2. Алуан түрлі (экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық,
этнографиялық және т.б.) сапарларды әзірлеудің және өткізудің
әдістемелік және психологиялық негіздері
3. Бағыт және жұмыс бойынша әріптестер жөнінде негізгі ақпарат
көздері.
4. Кәсіби әдебиетті оқу және бағыттың мазмұнын сауатты түсіндіру
деңгейіндегі шетел тілі.
5. Төзімділік қағидалары және табиғатта экологиялық тұрғыдан
дұрыс жүріс-тұрыс ережелері.
6. Бағыттардағы қауіпсіздік ережелері.
7. Тиімді қарым-қатынас негіздері.
2 еңбек функциясы
Саяхаттардың алуан
түрлерін өткізу
Біліктер мен дағдылар:
1. Сапардың басында ҚТ бойынша нұсқамалық өткізу, топ ішінде
міндеттерді бөлу.
2. Бағыттағы қозғалыс кестесін, тәртібін және қауіпсіздігін бақылау.
3. Аялдау орындарын ұйымдастыру.
4. Лагерь құруды ұйымдастыру.
5. Аймақта бағдарлау.
6. Коммуникациялық дағдылар.
7. Өзгермелі жағдайға бейімделу.
8. Саяхаттың түріне қарай өзгеше машықтар (сақтандыру, өзін-өзі
сақтандыру, өзендерден өткелдерді ұйымдастыру, қиын жер бедерін
еңсеру, арнайы әбзелденуді қолдану).
Білім:
1. Қазақстан Республикасының туризм нысандары.
2. Табиғатта экологиялық жүріс-тұрыс ережелері.
3. Жер бедерінің негізгі түрлері.
4. Карталар мен схемаларды қолдану қағидалары.
5. Аймақта бағдарлау қағидалары.
6. Туристік әбзелдеу түрлері және оларға қойылатын талаптар.
7. Азық-түлік шығынының нормалары.
8. Аймақ тұрғындарының дәстүрлері мен салттары.
9. Кәсіби әдебиеттті оқу және бағыт мазмұнын сауатты түсіндіру
деңгейіндегі ағылшын тілі.
10. Бағыт жөнінде негізгі ақпарат көздері.
11. Саяхаттар бойынша әдістемелік және технологиялық құжаттар.
12. Саяхаттардағы қауіпсіздік ережелері.
13. Саяхатты табиғатта өткізу амалдары.
14. Саяхаттың түріне қарай арнайы білім (сақтандыру, өзін-өзі
сақтандыру, өзендерден өткелдерді ұйымдастыру, қиын жер бедерін
еңсеру).
3 еңбек функциясы
Стандартты және
оқыс жағдайларда
қауіпсіздікті және
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар
2. Шешім қабылдау
3. Талдау жасау дағдылары
10
туристтермен
қауіпсіздік техникасы
талаптарының
орындалуын
қамтамасыз ету
Білім:
1. Туристтік бағыттардағы қауіпсіздік техникасының негіздері.
2. Бағыттағы мінез-құлық ережелері.
3. Бағыттағы инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы.
4. Күйзеліс жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету
тәсілдері
5. Төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі.
4 еңбек функциясы
Дәрігерге дейінгі
көмек көрсету
Біліктер мен дағдылар:
1. Оқыс жағдайларда шешім қабылдау.
2. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету (бұрау, қатты таңғыш салу,
жараны зарарсыздандыру және т.б.).
Білім:
1. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс жарақаттардың түрлері мен
белгілері.
2. Дәрігерге дейінгі көмек түрлері және оны көрсету тәсілдері.
3. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету кезінде қолданылатын
медициналық дәрі-дәрмек және олардың тағайындалуы.
4. Құтқару қызметтерінің байланыс ақпараты.
5 еңбек функциясы
Клиенттермен тиімді
әрекеттесу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
Білім:
1. Тиімді қарым-қатынас жасау негіздері.
2. Психологиялық түрлердің жіктелімі.
3. Психологиялық түрлерді анықтау техникасы.
4. Сатып алушылар мінез-құлқының психологиясы.
5. Әр түрлі психолоиялық түрлерге және әлеуметтік-мәдени топтарға
жататын клиенттермен өзара әрекеттесу ерекшеліктері.
6. Жанжалды жағдайларды шешудің техникалары мен әдістері
7. Іскери келіссөз жүргізу техникасы.
6 еңбек функциясы
Көрсетілетін қызмет
сапасын қамтамасыз
ету
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде
2. ДК және деректер қорын қолдану
3. Ақпаратты өңдеу бойынша талдау жасау дағдылары
Білім:
1. Көрсетілетін қызмет сапасы жөнінде ақпарат көздері.
2. Қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар.
3. Ағылшын тілі.
4. Қызметтердің жеткізушілері мен тұтынушыларының құқықтық
қарым-қатынастарын реттейтін нормативтік және заңнамалық
актілер.
7 еңбек функциясы
Оқыс жағдайларда
шешім қабылдау
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде.
2. Оқыс жағдайларда шешім қабылдау.
Білім:
1. Туризмде бәрінен ықтимал оқыс жағдайлардың типологиясы.
2. Әр түрлі оқыс жағдайлар туындаған жағдайда байланысқа шығу
қажет қызметтердің тізімі.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Міндеттерді өз бетімен анықтауды, оқыс жағдайларда шешім
қабылдауды
ұйымдастыруды,
бақылауды
және
ол
үшін
жауапкершілікті көздейтін атқарушы-басқарушылық қызмет.
Адамдармен тіл табыса білу.
11
СБШ шеңберiндегі
басқа
мамандықтармен
байланыс
2359
Дәріс оқытушы (саяхат жүргізушісі);
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Бөлім басшысы (елге келушілер туризмі және ішкі туризм, елден
кетушілер туризмі, визалық тәртіп, маркетинг және туристік өнімді сату, әуе билеттері мен
т/ж билеттерін сату бөлімінің басшысы)»
Кәсіп коды
1232
Кәсіп атауы
Бөлім басшысы
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
6
БА бойынша
біліктілік деңгейі
Санатсыз
Кәсіби білім деңгейі
Жоғары білім немесе бакалавр дәрежесі, мамандану саласында
біліктілікті арттыру сертификатының болуы керек. Бейін бойынша
жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 жыл
Еңбек функциялары
1) Өзінің даму деңгейін басқару
2) Өзінің қызметін басқару
3) Серіктестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу
4) Туристік өнімнің, туристік қызметтердің сатылуын ұйымдастыру
5) Бөлімше қызметкерлері құрамының жұмыс істеуіне жағдай жасау
6) Бөлімшенің қызметкерлер құрамын үзбей ынталандыру
7) Кәсіпорындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
8) Қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспардың орындалуын
ұйымдастыру
1 еңбек функциясы
Өзінің даму деңгейін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, соның
ішінде көптеген дереккөздерден де).
2 Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
3. Өзін-өзі бағалау.
Білім:
1. Кәсіби даму қағидалары.
2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, туристік
қызметтің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Мақсат қою тәсілдері.
4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.
5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
2 еңбек функциясы
Өзінің қызметін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Бағалау (тиімділікті, қызметті, қабылданған шешімдерді).
2. Бөлімше қызметінің басымдықтарын белгілеу.
3. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
Білім:
1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.
2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз
қызметінің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.
3 еңбек функциясы
Серіктестермен өзара
қарым-қатынас
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Келіссөз жүргізе білу.
12
орнату және оны
үзбеу
Білім:
1. Келіссөз жүргізе білу.
2. Іскерлік келіссөз жүргізу техникасы.
3. Бизнес-коммуникация негіздері.
4 еңбек функциясы
Туристік өнімнің,
туристік
қызметтердің
сатылуын
ұйымдастыру
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімшенің алдына туристік өнімнің, туристік қызметтердің
сатылуы бойынша міндет қою.
2. Бөлімшемен кері байланысты жүзеге асыру.
3. Бөлімше қызметіне баға беру.
Білім:
1. Бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес мақсаттар мен міндеттер.
2. Туристік өнімнің, туристік қызметтердің сатылуын тиімді
ұйымдастырудың әдістері, тәсілдері.
3. Ресурстар туралы сұрау салуға және есептік құжаттаманы
қалыптастыруға қойылатын талаптар.
4. Бизнес-коммуникация технологиясы.
5 еңбек функциясы
-коммуникация
технологиясы
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімше қызметін жоспарлау.
2. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
3. Бөлімшемен кері байланысты жүзеге асыру.
Білім:
1. ҚР Еңбек кодексі.
2. Бөлімше ішінде рөлдер мен міндеттерді тиімді түрде бөлу
тәсілдері.
6 еңбек функциясы
Бөлімшенің
қызметкерлер
құрамын үзбей
ынталандыру
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
2. Бөлімше қызметіне баға беру.
3. Коммуникациялық дағдылар.
Білім:
1. Ұйымның стратегиялық мақсаттары.
2. Ынталандыру менеджменті.
3. Еңбек нәтижелерін бағалау әдістері.
4. Ұйымның стратегиялық мақсаттары.
7 еңбек функциясы
Кәсіпорындағы
бірыңғай
корпоративтік
мәдениетті сақтау
Біліктер мен дағдылар:
1. Кәсіпорындағы бірыңғай корпоративтік мәдениеттің сақталуына
монитринг жүргізу.
Білім:
1. Компаниялардың корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.
2. Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.
3. Қазақстандық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты
корпоративтік мәдениет мысалдары.
4. Корпоративтік әдеп кодексі.
8 еңбек функциясы
Бөлімше қызметінің
бағыты бойынша
бизнес-жоспардың
орындалуын
ұйымдастыру
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімше қызметін жоспарлау.
2. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
3. Бөлімшемен кері байланысты жүзеге асыру.
Білім:
1. Бөлімшенің бизнес-жоспарын тиімді түрде іске асырудың
қағидалары, әдістері, тәсілдері.
2. Бизнес-жоспардың орындалуын бақылау қағидалары мен әдістері.
Жеке тұлғаның
Өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға талпыну.
13
құзыретіне
қойылатын талаптар
Компанияға шексіз берілгендік.
Корпоративтік әдеп нормаларын сақтау.
СБШ шеңберiндегі
басқа
мамандықтармен
байланыс
1210
Бас директордың орынбасары (директор)
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Департамент Директоры»
Кәсіп коды
1210
Кәсіп атауы
Бас директордың орынбасары
Салалық біліктілік
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
7
БА бойынша
біліктілік деңгейі
Санатсыз
Кәсіби білім деңгейі
Жоғары білім немесе магистр дәрежесі, мамандану саласында
біліктілікті арттыру сертификатының болуы керек. Бейін бойынша
жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл.
Еңбек функциялары
1) Өзінің даму деңгейін басқару
2) Өзінің қызметін басқару
3) Серіктестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу
4) Функция аралық өзара іс-қимыл жасау
5) Сыртқы ортаның субъекттерімен өзара іс-қимыл жасау
6) Ресурстарды қажетсіну деңгейін жоспарлау
7) Қызметкерлер құрамын таңдауға және бейімдеуге қатысу
8) Кәсіпорындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
9) Кәсіпорынның бірінші басшылығында қызметтің бағыты бойынша
бизнес-жоспарды қорғау
10) Нарықтарды талдау
11) Туристік өнімнің, туристік қызметтердің сатылуын басқару
12) Еңбек ұжымына компанияның стратегиялық даму жоспарларын
түсіндіру
13) Компанияның қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту
үдерісін басқару
1 еңбек функциясы
Өзінің даму деңгейін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, соның
ішінде көптеген дереккөздерден де).
2. Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
3. Өзін-өзі бағалау.
Білім:
1. Кәсіби даму қағидалары.
2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, туристік
қызметтің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Мақсат қою тәсілдері.
4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.
5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
2 еңбек функциясы
Өзінің қызметін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Бағалау (тиімділікті, қызметті, қабылданған шешімдерді).
2. Бөлімше қызметінің басымдықтарын белгілеу.
3. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
14
Білім:
1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.
2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз
қызметінің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.
3 еңбек функциясы
Серіктестермен өзара
қарым-қатынас
орнату және оны
үзбеу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Келіссөз жүргізе білу.
Білім:
1. Корпоративтік әдеп кодексі.
2. Іскерлік келіссөз жүргізу техникасы.
3. Бизнес-коммуникация негіздері.
4 еңбек функциясы
Функция аралық
өзара іс-қимыл жасау
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
Білім:
1. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы.
2.
Өзара іс-қимыл саласындағы кәсіпорынның нормативтік
құжаттары (реттемелер, ережелер және т.б.).
3. Кәсіпорындағы бизнес-үдерістердің ерекшеліктері.
4. Функция аралық коммуникациялардың тәсілдері мен түрлері.
5. Тиімді қатынасу, келіссөз жүргізу әдістері.
6. Даулы және жанжалды жағдайлардың алдын алу тәсілдері.
7. Кәсіпорында белгіленген мінез-құлық қағидалары мен үлгілері.
8. Кәсіпорында қабылданған саясат және өзге нормалар..
5 еңбек функциясы
Сыртқы ортаның
субъекттерімен өзара
іс-қимыл жасау
Біліктер мен дағдылар:
1. Келіссөз жүргізу.
2. Сендіру.
3. Негізді түрде қарсылық білдіру.
4. Қарсыластардың қарсылықтарын еңсеру.
5. Қызметіне баға беру.
Білім:
1. Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауға қатысты компанияның
саясаты.
2. Қадағалаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі
нормативтік құжаттама.
3. Тиімді келіссөз жүргізу әдістері.
6 еңбек функциясы
Ресурстарды
қажетсіну деңгейін
жоспарлау
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Ресурстарды қажетсіну деңгейін бағалау.
Білім:
1. Ресурстарды қажетсіну деңгейін бағалау әдістері.
2. Ресурстардың түрлері мен номенклатурасы.
3. Ресурстар саласындағы реттемелеуші нормативтік құжаттар.
4.
Ресурстарды қажетсіну деңгейінің жиынтық жоспарын
құрастыруға және ұсынуға қойылатын талаптар.
7 еңбек функциясы
Қызметкерлер
құрамын таңдауға
және бейімдеуге
қатысу
Біліктер мен дағдылар:
1. Шешім қабылдау.
2. Кері байланыс орнату.
3. Маңызды ақпарат алу үшін сұрақтар қою.
4. Белсенді түрде тыңдау.
15
Білім:
1. Қызметкерлер құрамының таңдалуын және бейімделуін реттейтін
нормативтік құжаттар.
2. Корпоративтік әдеп кодексі.
3. Біліктілік талаптары (кәсіби стандарттар).
4. Қызметкерлер құрамын бейімдеу әдістері.
5. Тәлімгер қызметінің мазмұны.
8 еңбек функциясы
Кәсіпорындағы
бірыңғай
корпоративтік
мәдениетті сақтау
Біліктер мен дағдылар:
1.
Бөлімше ішінде корпоративтік мәдениеттің сақталуына
мониторинг жүргізу.
Білім:
1. Компаниялардың корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.
2. Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.
3. Қазақстандық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты
корпоративтік мәдениет мысалдары.
4. Корпоративтік әдеп кодексі.
9 еңбек функциясы
Кәсіпорынның
бірінші
басшылығында
қызметтің бағыты
бойынша бизнес-
жоспарды қорғау
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар (сендіру, дәлел келтіру, диалогты
анық және сауатты тұжырымду, қарсылықтарды еңсеру).
2. Презентация жасау дағдылары.
Білім:
1. Тиімді қатынасу, сендіру, келіссөз жүргізу қағидалары мен
әдістері.
2. Даулы және жанжалды жағдайлардың алдын алу тәсілдері.
3. Ауызша емес коммуникация құралдары.
10 еңбек функциясы
Нарықтарды талдау
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Салыстыру.
3. Ақпаратты басқару.
4. Нарыққа мониторинг жүргізу.
Білім:
1. Жеткізушілер мен сатып алушылар нарығының құрылымы.
2. Нарықты зерттеу және оған мониторинг жүргізу әдістері.
3. Нарықтардың дамуы туралы ақпараттың дереккөздері және оны
жинау тәсілдері.
4. Нарықтардың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
5. Шығындар мен нәтижелерді талдау әдістері.
6. Компанияның бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету әдістері.
7. Нарықтық тәуекелдерді бағалау әдістері.
8. Тәуекелдерді азайту тәсілдері.
9. Нарықты зерттеу туралы есеп-қисаптарды рәсімдеуге қойылатын
талаптар.
11 еңбек функциясы
Туристік өнімнің,
туристік
қызметтердің
сатылуын басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Ақпаратты басқару.
3. Туристік өнімнің, туристік қызметтердің сатылуын басқару
жоспарлау, бақылау және ұйымдастыру.
4. Шешім қабылдау.
5. Келіссөз жүргізу.
6. Сатып алушыларға ықпал ету.
16
Білім:
1. Сатып алушыларды бағалау критерийлерін әзірлеуге қойылатын
талаптар.
2. Сатып алушыларды таңдау қағидалары.
3. Келісім-шарттың талаптарын сатып алушылардың орындауына
мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістері.
4. Тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері.
5. Тиімді түрде сату қағидалары, әдістері және технологиялары;
6. Бизнес-коммуникация технологиясы.
12 еңбек функциясы
Еңбек ұжымына
компанияның
стратегиялық даму
жоспарларын
түсіндіру
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Шешендік сөз дағдылары
3. Ықпал ету.
Білім:
1. Туристік компанияның стратегиялық менеджментінің негізгі
түсініктері.
2. Сендірудің тиімді әдістері.
3. Іскерлік қарым-қатынас әдебі.
4. Бизнес-коммуникация технологиясы.
13 еңбек функциясы
Компанияның
қызметкерлер
құрамын оқыту және
дамыту үдерісін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту кестесін жоспарлау.
2. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Туристік
компанияны
дамытудың
басым
бағыттары,
стратегиялық мақсаттары.
2. Бөлімшенің өндірістік қызметінің жоспарлары.
3. Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту нысандары мен
әдістері.
4. Жұмыс
орнында
қызметкерлер
құрамының
біліктілігіне
қойылатын талаптар.
5. Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту жоспарларын құруға
қойылатын талаптар.
6. Оқыту тиімділігінің критерийлері.
7. Қызметкерлер
құрамын оқыту саласындағы нормативтік
құжаттар.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Өзге пікірге ашықтықты көрсету, тыңдауға, талқылауға дайын болу.
Қиындыққа тап болған кезде, жақсы көңіл-күй мен тыныштықты
сақтау, сабырлы болу.
Әділдік.
Сабырлық.
Икемділік.
Адамдармен тіл табыса білу.
Жұмылғыштық.
Ымыраға келу қабілеті.
СБШ шеңберiндегі
басқа
мамандықтармен
байланыс
1210
Бірлестік пен кәсіпорынның директоры
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Туристік компанияның директоры»
Кәсіп коды
1210
Кәсіп атауы
Бірлестік пен кәсіпорынның директоры
Салалық біліктілік
8
17
шеңбері бойынша
біліктілік деңгейі
БА бойынша
біліктілік деңгейі
Санатсыз
Кәсіби білім деңгейі
Жоғары білім немесе магистр дәрежесі, Ph.d, мамандану саласында
біліктілікті арттыру сертификаты болуы керек. Бейін бойынша
жұмыс тәжірибесі – кемінде 7 жыл
Еңбек функциялары
1) Өзінің даму деңгейін басқару
2) Өзінің қызметін басқару
3) Серіктестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу
4) Тиімді шешім қабылдау
5) Тәуекелді басқару
6) Компанияның қызметін стратегия тұрғысынан жоспарлау және
оның саясаттарын қалыптастыру
7) Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасай отырып, туристік
компанияның қызметін бейімдеу
8) Өкілеттікті табыстау
9) Менеджерлер командасын құру және оның қызметін үйлестіру
10)
Кәсіпорынның
стратегиялық
мақсаттарына
сәйкес
кәсіпорынның/компанияның қызметіне мониторинг жүргізуді және
оны бағалауды басқару
11) Кәсіпорынның бизнес-жоспарының әзірленуіне басшылық ету
12) Кәсіпорындағы өзгерістерді басқару
13) Кәсіпорынның ресурстарын басқару
14) Туристік компанияда еңбекті қорғау жүйесін құру
15) Туристік компанияда сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құру
1 еңбек функциясы
Өзінің даму деңгейін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, соның
ішінде көптеген дерек көздерден).
2. Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
3. Өзін-өзі бағалау.
Білім:
1. Кәсіби даму қағидалары.
2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, туристік
қызметтің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Мақсат қою тәсілдері.
4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.
5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
2 еңбек функциясы
Өзінің қызметін
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Бағалау (тиімділікті, қызметті, қабылданған шешімдерді).
2. Бөлімше қызметінің басымдықтарын анықтау.
3. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
Білім:
1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.
2. Туристік компанияның мақсаттары мен міндеттерін ескере
отырып, өз қызметінің өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.
18
3 еңбек функциясы
Серіктестермен өзара
қарым-қатынас
орнату және оны
үзбеу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Келіссөз жүргізе білу.
Білім:
1. Корпоративтік әдеп кодексі.
2. Іскерлік келіссөз жүргізу техникасы.
3. Бизнес-коммуникация негіздері.
4 еңбек функциясы
Тиімді шешім
қабылдау
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Негізделген қорытынды шығару.
3. Салыстыру.
4. Ақпаратты басқару.
Білім:
1. Тиімді шешім қабылдау қағидалары.
2. Тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері.
3. Жоспарлау қағидалары, әдістері, тәсілдері.
4. Басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау тәсілдері..
5 еңбек функциясы
Тәуекелді басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Тәуекелді бағалау әдістері.
3. Ақпаратты басқару.
4. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Тәуекел менеджменті.
2. Тәуекелдерді бағалау әдістері.
3. Тәуекелдерді азайту тәсілдері.
4. Кәсіпорында тәуекелдерді басқаруға мониторинг жүргізетін тиімді
жүйелерді қалыптастыру қағидалары.
6 еңбек функциясы
Компанияның
қызметін стратегия
тұрғысынан
жоспарлау және оның
саясаттарын
қалыптастыру
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару.
2. Талдау жасау дағдылары.
3. Кәсіпорын қызметін жоспарлау.
4. Шешім қабылдау.
5. Коммуникациялық дағдылар.
6 Ықпал ету.
7. Келіссөз жүргізу.
8. Мақсат қою.
9. Тәуекелді басқару.
Білім:
1.
Туристік
компанияның
қызмет
бағыты
бойынша
макроэкономикалық үрдістерді білу.
2. Стратегиялық менеджмент пен маркетинг негіздері.
3. SWOT- талдау.
4. Ішкі және сыртқы ортаны талдау әдістері.
5. Туризм саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар.
6. Тәуекелдерді бағалау әдістері мен тәсілдері.
7. Стратегиялық жоспарды әзірлеу әдістері.
19
7 еңбек функциясы
Сыртқы ортамен
өзара іс-қимыл жасай
отырып, туристік
компанияның
қызметін бейімдеу
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар (сендіру, дәлел келтіру, негіздеу,
қарсыластың қарсылықтарын еңсеру).
2. Келіссөз жүргізу.
3. Жанжалдарды шешу.
4. Ықпал ету.
5. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Сыртқы ортаның факторлары;
2. Қызмет бағыты бойынша нормативтік және реттемелеуші
құжаттар (мемлекеттік нормативтік актілер және туристік
компанияның ішкі құжаттары).
3. Бизнес-коммуникациялар техникасы
8 еңбек функциясы
Өкілеттікті табыстау
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Талдау жасау дағдылары.
3. Ықпал ету.
4. Айқын міндет жүктеу.
5. Кері байланыс орнату.
Білім:
1. Өкілеттікті тиімді түрде табыстау тәсілдері мен қағидалары.
2. Бақылау әдістері мен түрлері.
3. Нәтижелерді талдау әдістемесі.
9 еңбек функциясы
Менеджерлер
командасын құру
және оның қызметін
үйлестіру
Біліктер мен дағдылар:
1. Компания мен команда қызметінің күйін талдау.
2. Жүргізілетін талдаудың негізінде шешім қабылдау.
3. Қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін оқыту, ынталандыру,
көтермелеу және жаза қолдану саласындағы кадрлық саясатты
оңтайлы түрде және дұрыс жүргізу.
4. Жұмыс көлемі мен функциялық міндеттерді анықтай отырып,
қызметті үйлестіру.
Білім:
1. Туристік компанияның миссиясы, мақсаты және стратегиясы.
2. Еңбек ресурстарын басқару саясаты.
3. Еңбек заңнамасының негізі, еңбек саласындағы нормативтік
актілер.
10 еңбек функциясы
Кәсіпорынның
стратегиялық
мақсаттарына сәйкес
кәсіпорынның/компан
ияның қызметіне
мониторинг жүргізуді
және оны бағалауды
басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Шешім қабылдау.
3. Ақпаратты басқару.
4. Кері байланыс орнату.
Білім:
1 Туризм саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.
2 Мониторинг жүргізу әдістемелері, қызмет бағыттары бойынша
тиімділік көрсеткіштері.
3 Бизнестің тиімділігін бағалау әдістері.
20
11 еңбек функциясы
Кәсіпорынның
бизнес-жоспарының
әзірленуіне басшылық
ету
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Негізделген қорытынды шығару (соның ішінде толық емес
деректердің негізінде)
3. Ақпаратты басқару.
4. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен басымдықтарын анықтау.
5. Кері байланыс орнату.
6. Кәсіпорын қызметін жоспарлау.
7. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Кәсіпорынды дамытудың стратегиялық мақсаттары, басым
бағыттары.
2. Бизнес-жоспарды әзірлеу саласындағы нормативтік құжаттама
(стандарттар, ережелер, реттемелер және т.б.)..
3. Кәсіпорын қызметінің бағыттары.
4. Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштері.
5. Бизнес-жоспарлау негіздері.
12 еңбек функциясы
Кәсіпорындағы
өзгерістерді басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Бағалау.
3. Ақпаратты басқару.
4. Келіссөз жүргізу.
5. Шешім қабылдау.
6. Коммуникациялық дағдылар (ықпал ету, қарсыластардың
қарсылықтарын еңсеру).
7. Презентация жасау дағдылары
Білім:
1. Компанияның стратегиялық мақсаттары.
2. Өзгерістерді басқару теориясы.
3. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы.
4. Тәуекелдерді басқару әдістері.
5. Ынталандыру тәсілдері.
6. Өзгерістерді енгізуге қажетті ресурстарды бағалау әдістері.
7. Өзгерістердің тиімділігін бағалау әдістері мен тәсілдері.
13 еңбек функциясы
Кәсіпорынның
ресурстарын басқару
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Бағалау.
3. Коммуникациялық дағдылар.
4. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Қажетті ресурстарды қажетсіну деңгейін бағалау әдістері.
2. Тәуекелдерді бағалау әдістері.
3. Тәуекелдерді азайту тәсілдері.
4. Ресурстарды басқару саласындағы нормативтік құжаттама.
5. Ресурстардың қолданылуы мен тиімділігін бақылау әдістері.
6. Ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру жолдары мен
тәсілдері.
21
14 еңбек функциясы
Туристік компанияда
еңбекті қорғау
жүйесін құру
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Қызметті бағалау.
3. Мониторинг жүргізу.
4. Шешім қабылдау.
5. Коммуникациялық дағдылар.
Білім:
1. Туристік компанияның еңбекті қорғау саласындағы саясаты.
2. ҚР Еңбек кодексі.
3. Нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қойылатын талаптар (соның
ішінде қадағалаушы органдармен келістіру тәртібі).
4. Еңбекті қорғау саласындағы істердің жағдайына мониторинг
жүргізу жүйесінің көрсеткіштері
15 еңбек функциясы
Туристік компанияда
сапа менеджменті
жүйесін құру
Біліктер мен дағдылар:
1. Басым міндеттерді белгілеу.
2. Коммуникациялық дағдылар.
3. Талдау жасау дағдылары.
4. Шешім қабылдау.
Білім:
1. Туристік компанияның стратегиясы мен сапа саласындағы
саясаттың өзара байланысы.
2. Құрылымдық бөлімшелер үдерістерінің өзара іс-қимыл жасау
тәсілдері.
3. Сапа саласындағы стандарттар.
4. Сапа менеджменті жүйелерінің үлгілері.
5. Қызмет сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу әдістері.
6.
Туристік кәсіпорынның сапа саласындағы нормативтік
құжаттамасы.
Жеке тұлғаның
құзыретіне
қойылатын талаптар
Мақсатқа талпынушылық.
Көшбасшылық.
Әділдік.
Сабырлық
Икемділік.
Адамдармен тіл табыса білу.
Жұмылғыштық.
Стратегиялық тұрғыдан ойлау.
СБШ шеңберiндегі
басқа
мамандықтармен
байланыс
1210
Бас директордың орынбасары (директор)
4. КС Техникалық деректері
Әзірленген
Қазақстан туристік қауымдастығы
Нұсқа нөмірі мен
шығарылған жылы
1 нұсқа, 2015 жыл
Болжалды қайта
қарау күні
2020 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |