«білім берудегі менеджмент»


Мектептiң әдiстемелiк жұмысы



жүктеу 82,3 Kb.
бет9/18
Дата26.09.2023
өлшемі82,3 Kb.
#43546
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
ЛЕКЦИЯ 2

3.3. Мектептiң әдiстемелiк жұмысы.

Әдiстемелiк жұмыс – ғылым және озат педагогикалық тәжiрибе жетiстiктерiне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негiзделген, әрбiр мұғалiмнiң, ұстаздың, тәрбиешiнiң, оқу мекемесi басшысының, бiлiм беру жүйесiнiң басқа да қызметкерлерiнiң педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсiби шеберлiгiн көтеруге (педагогтардың кәсiби өзi өзiне бiлiм берудi, өзiн өзi тәрбиелеудi, өзiн өзi жетiлдiрудi басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеруге және оқушыларға нақты бiлiм беру, тәрбиелеу мен дамытудың үйлесiмдi деңгейiне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралардың, қызметтердiң жүйесi.


Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру. Сонымен әдiстемелiк жұмыс – педагог кадрлердiң олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық жұмыс. Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру.
Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнектi өкiлдерi Н.К. Крупская, А.В. Луна-чарский педагогикалық тәжiрибенi өсiп келе жатқан ұрпақ тәрбиесiнiң теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Мака-ренконың, С.Т. Шацкийдiң, С.М. Ривестiң, В.Н. Сорока-Росинскийдiң және көптеген басқа да көрнектi педагогтардың ұлы гуманистiк идеялары негiзiнде құралған тәжiрибелерi тәрбиенiң теориясы мен практикасының бiрлiгi, мектептiң қоғам мақсат-мүдделерi негiзiнде қызмет етiп, осы мақсат-мүддеге жетудiң дұрыс жолдарын табудың үлгiсi бола бермек.
Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны келесi бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалiмнiң жалпы мәдени дайындығы, кәсiби-адамгершілік мәдениетi, жалпы мәдениеттiлігі, әдіснамалық мәдениетi, зерттеушiлiк мәдениетi, диагностикалық мәдениетi, басқару мәдениетi ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалiмдердiң әдiстемелiк, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенiң, іс-әрекеттiң дара стилiнiң қалыптасуына жағдай туғызады.
Зерттеушi педагогтар мен жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң белгiлi бiр бөлiгi арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттiгi туындады, ал ол, өз кезегiнде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерiнде ғылыми лабораториялар құру процесiне жағдай жасайды. Жаңашыл педагогтар тәжiрибесi, ең алдымен, оқыту әдiстемесiне ғылыми оқытудың нақты бiр бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжiрибе, бiрiншiден, баяндаудың әртүрлiлiгiн нақтылай түсуге, екiншiден, жаңашыл мұғалiмнiң тәжiрибесiн зерттегеннен кейiн кемшіліктерді түсiнуге көмектеседi: оқыту процесiнде оқу материалының мазмұны мен оқушылар бiлiмiн есептеу мен бақылаудың керi байланысы да бар.
Қазiргi жағдайларда қазақстандық мектептiң жаңа моделiн жасау жүрiп жатқан кезде өткеннiң және қазiргi уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжiрибесiн арнайы зерттеу керек: олардың тәжiрибесiндегi жаңа бiлiмнiң мазмұны қандай (сапасы, деңгейi), педагогиканың әртүрлi саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшiн педагог жаңашылдардың қосар үлесi қандай. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдiстемелердiң жаңашылдық тәжiрибелердің басты назарында болуы керектiгiн анықтау қажет.
Тәжiрибеде жаңа бiлiм болса (оқыту теориясы) тәжiрибенiң мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетiстiктерi деңгейiнде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткенi, ғылымда iске асырылып жатқан, бiр бiрiне қарсы, сондай-ақ бiрiн бiрi толықтырып тұрған әртүрлi тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазiргi заманғы және моральдық тұрғыдан ескiрген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсiнiктер, нақты бiлiмдер мен белгi-шарттар да кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсiндiрiп, негiздегенде терең және кең көлемде ғылымның өзiндiк рефлексиясы, шынайы, “әрекеттегi” бiлiмді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжiрибе дамудың бастауына айналады.
Мектептегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгерiп, жаңарады, олардың негiзгiлерi: мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы саясаты, заң актiлерi мен құжаттары; мұғалiмдердiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, оларды жеке тұлғалық және кәсiби-қызмет көрсеткiштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдiстемелiк сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралдық-психологиялық жағдай, әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкiндiктерi; мектеп iшiндегi педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, мұғалiмдердiң жаңашылдық ашықтығы мен белсендiлiгi, мектеп басшыларының әдiстемелiк жұмысты орындауға кәсiби дайындығының деңгейi; мектеп ұжымындағы нақты моральдық жағдай (мұғалiмдер арасындағы, мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы, мұғалiмдер мен басшылық арасындағы қатынастар).
Осылайша, әдiстемелiк жұмыстың мазмұны қазiргi мектептiң өзектi мiндеттерiмен анықталады. Бұл мiндеттер мұғалiмдердiң әдiстемелiк жағынан жетiлуi және олардың өздігінен білімін жетілдіруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуiнiң барысында жүзеге асады.
Мұғалiмдердi мезгiл-мезгiл аттестациялау олардың әдiстемелiк деңгейiнiң көтерілуін, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау – бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң мамандығының, педагогикалық кәсiбилiгi мен іс-әрекетi деңгейлерiнiң жалпы бағасы. Аттестацияның мақсаты – бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби біліктілігін жетілдірілуін, еңбегiнiң нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын даралайтын бағалаудың тиiмдi жүйесiн құру. Мұғалiмдер аттестациясы педагогикалық еңбектiң нәтижелiлiгi және оқу-тәрбие процесiнiң сапасының сараптамалық бағасы негiзiнде жүргiзiледi.
Аттестацияның, сараптамалық бағалардың ерiктiлiгi, ашықтығы, жүйелiлiгi және тұтастығы принциптерi - педагогикалық қызметкерлерге деген объективтi, дұрыс, ұқыпты және игi ниеттi қатынасты қамтамасыз етедi.
Аттестация нәтижесiнде мұғалiмге белгiлi бiр категория берiледi. Сондай-ақ, мұғалiмнiң мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық бiлiм алуы және ұстаздық іс-әрекетi де ескерiледi.



жүктеу 82,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау