Әдiстемелiк ұсыныстар титулдік парағы



жүктеу 197,92 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі197,92 Kb.
#6074

Әдiстемелiк ұсыныстар

титулдік парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

«Металлургиялық үрдістер мен кешендер» пәні бойынша



050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді оқыту бойынша


ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Әдiстемелiк ұсыныстар

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/06



БЕКІТЕМІН

ОІЖ проректор

____________Н.Э.Пфейфер

«_____»_______20__ж


Құрастырушы: аға оқытушы Г.Б. Байділдаева __________



Металлургия кафедрасы



ӘДIСТЕМЕЛIК ҰСЫНЫСТАР
«Металлургиялық үрдістер мен кешендер» пәні бойынша
050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне арналған
20__ж. «_____» ____________ металлургия кафедрасы отырысында ұсынылған хаттама №___
Кафедра меңгерушiсi____________ М.М. Сүйiндiков 20__ж. «___» _________

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады, хаттама №___, «_____» ____________20__ж.
ОӘК төрағасы ______________ Ж.Е. Ахметов 20 __ж. «___» __________

(қолы)
ЖжӘҚБ құпталған

ЖжӘҚБ бастығы _______________ А.А. Варакута, 20 __ж. «___» _________

(қолы)
Университеттің оқу-әдiстемелiк кеңесiде құпталған

20__ж. «____» ____________ хаттама №___,


Кіріспе
Металлургия өндірісінің инженер-механиктерін дайындауда оларды металлургия өндірісінің негіздерімен таныстыру (байытудан бастап, 4-5 қайта өңдеумен аяқтап), оқытудың маңызды бір бөлігі болып табылады. ӨӘК бірінші бөлігінде байыту әдістерінің негіздері мен байыту фабрикалардың механикалық жабдықтары туралы негізгі мәліметтер қарастырылған. ӨӘК екінші бөлігінде металлургиялық үрдістер мен металдарды өндіру туралы жалпы мәліметтер келтірілген. ӨӘК соңғы бөлігінде металдарды қысыммен өңдеу туралы, әсіресе прокаттау тәсілдері бойынша, негізгі түсініктер қарастырылған

Пәннің мақсаты мен міндеті:

- студенттерге студенттерге технологиялық тізбектер мен кешендерді құрастыруда творчестволық әдістерді үйретіп, студерттердің білім денгейін көтеру болып саналады;

- тізбектерді құрастырыруының ғылыми негіздерін;

- қазіргі металлургия цехтарының технологиялық тізбектері мен кешендерінің құрылымын және даму перспективаларын;

- тізбектердің оптимизациясы бойынша есептерді орындау,

- металлургия цехтарының тізбектері мен кешендеріне арналған жабдықтарды, машиналарының саны мен типтерін анықтау.

- металлургиялық өнеркәсіптің өндірісіне, ғылыми және жобалау ұйымдарына мамандар дайындау; металлургиялық өндірісіндегі өндірістің бағдар зерттеу бөлімшелерінде жұмыс істейтін мамандықтарды дайындау үшін.

- металлургия өндіріс және оның қаралатын үрдістерінің үздіксіздігінің масштабы жайлы, металлургиялық өндіріс бойындағы технологияның өркендеуінің құрылымы мен тенденция заңдылықтары жайлы, өндірістік конструкторлы жобалық және зерттеулік қайраткерлік үшін қажетті білім беру болып табылады

- металдар өндірудің бүгінгі дәрежесін, қолданатын жерлерін, тұтыну көрсеткішін, қасиетін, нарықты дамытудың тенденциясын;

- процестердің технико-экономикалық көрсеткіштері және режимдік параметрлерін, металлургиялық аппараттардың жұмыс істеуі мен құрылымдарын.

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: металлургиялық цехтарының жабдықтары және жобалау, кен өндеуге және байытуға арналған жабдықтар, мамандық бойынша емтихан, дипломдық жобаға.


«Металлургиялық үрдістер мен кешендер» пәні – кендер мен минералдар, күйдіру, тотықсыздандыру және ликвациялық балқыту үрдістерінің, ерітінділерді сілтілендіру, электролиттік тазарту және металдарды ерітіндіден бөліп алу үрдістерінің теориялық негіздерін оқыту болып табылады.



Пән тақырыптарының қысқаша мазмұны мен ұсыныстары


1-тақырып. Кіріспе. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны

Курстың тапсырмасымен мазмұны. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны. Теорияда және тәжірибеде металлургияның өркендеу тарихы. Қазақстандағы металл өндірісі. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған қажетті материалдар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], 13-14; [8], 5-13 б.
2-тақырып. Негізгі металлургиялық үрдістермен кешендер

Технологиялық сызықтармен кешендерді жобалаудың негізгі. Технологиялық сызықтардағы жабдықтарды компоновкалау. Сызық объектілеріннің арасындағы байланыс. Негізгі металлургиялық үрдістер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 113-117; [15], 15-19 б.
3-тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту

Кен. Отын. Отын түрлерінің сипаттамасы. Кенді байыту әдістері және материалдарды металлургиялық үрдістерге дайындау туралы толық түсінік.

Ұсақтау және ұнтақтау, елеу және ұнтақтау. Кеңді күйдіру. Кеңді орташалау. Кеңді материалды іріктеу. Әртүрлі фабрикалардың технологиялық сүлбесінің мысалы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 9-10 б.


4-тақырып. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған материалдар

Отын. Олардың қолдану аймағы және физико-химиялық және технологиялық құрамы.

Отқа төзімді материалдар. Отқа төзімді матариалдарды қолдану аймағы және физико-химиялық және технологиялық құрамы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 102-109; [5], 121-130 б.


5-тақырып. Шойын металлургиясы

Шойын өндірісіне арналған шикі материалдар. Тотықсыздандыра балқытуға шикі материалдарды дайындау үрдісінің толық сипаттамасы. Домна пешіндегі физика-химиялық үрдіс. Домна пешінің жұмысын басқару және үрдістің техника-экономикалық көрсеткіштері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 106-117; [5], 130-142 б.
6-тақырып. Болат өндірісі

Болат өндірісінің конвертерлі әдісі. Конвертерлі өндірістің бастапқы материалдары. Оттекті - конвертерлі өндірістің техника - экономикалық көрсеткіші.

Болаттың мартендік өндірісі. Мартен пешінің құрылысы. Мартен пешінде болатты балқытудың технологиясы. Мартендік балқытудың техника-экономикалық көрсеткіштері.

Доғалы электрпештерінде болат өндірісі. Доғалы электрпештерінің құрылғысы.

Негізгі доғалы электрпештерінде балқытудың технологиясы. Доғалы электрпештерінің жұмысының техника - экономикалық көрсеткіштері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 119-128 б.


7-тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

Үздіксіз құю технологиясын жетілдіру. Ірі ДҮҚМ қондырғыларының сипаттамасы. Жарамды және сапалы дайындама алуға қондырғының конструктивті параметрлеріне технологияның әсері. Үздіксіз құюды илемдеумен біріктіру. Қатайып үлгермеген дайындамаларды жұмсақ қармау. Жылдам суыту. Дайындама сапасын бақылау, оларды илемдеуге дайыдау. Еңбекті қорғау және қоршаған орта. Үздіксіз құюдың соңғы үлгі жасалымдары. Көміртекті және легірленген болат маркалары және топтарының құю технологиясының ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 497 б., 554 б; [16], 128 б.
8-тақырып. Мыс өндірісі

Түсті металдар өндірісі жайында ортақ мәліметтер. Түсті металдар алу әдістері. Шикі материалдарды дайындау және пирометаллургиялық әдіспен мыс алу. Концентраттарды күйдіру. Штейнге балқыту. Мысты тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.
9-тақырып. Алюминий өндірісі

Шикі материалдар және алюминий өндіру әдісі. Глинозем өндірісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.
10-тақырып. Мырыш өндірісі

Мырыш өндірісі. Мырыштың қасиеттері мен қолданылуы. Мырыш өндірісін дистилляциялаудың толық сұлбасы. Қара мырышты тазалауға арналған агрегаттар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.
11-тақырып. Титан өндірісі

Шикі материалдар және титан өндіру әдісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.
12-тақырып. Магний өндірісі

Шикі материалдар және магний өндіру әдісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.
13-тақырып. Қорғасын өндірісі

Қорғасынның қолданылуы мен қасиеттері. Қорғасынды концентратты күйдіру сүлбесі. Қорғасынды агломератты қара қорғасынға шахталы балқыту. Қара қорғасынды тазарту.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 136-185; [5], 174-182 б.
Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
3-тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

1- сабақ. Ұсақтау.

Кесектердің орташа диаметрі бойынша ұсақтаудың дәрежесін анықтау. Електің өнімділігін және електеудің әсерін анықтау.



2- сабақ. Кенді байыту әдістері. Байыту нәтижелерінің бағасы.

Темір кенін байытудың техникалық көрсеткіштерін анықтау. Магнетитті кенді байыту кезінде қалдықтағы және концентраттағы бос жыныстың мөлшерін анықтау.


10-тақырып. Мырыш өндірісі

3- сабақ. Концентраттардың рационалды құрамының есебі.

Мырыш концентраттарының рационалды құрамын есептеу.



4 - сабақ. Мырышты электролиздеу бойынша есептер

Катодты мырыштың құрамы мен шығымын есептеу. Ванна мен катодтың қажетті санын есептеу. Электролиттік цехқа келіп түсетін электролиттің көлемін есептеу.



5 - сабақ. Мырышты электролиздеу бойынша есептер

Ваннаның өнімділігін есептеу. Қолданылған электролиттің көлемін есептеу. Шламға өткен компоненттердің санын есептеу.



Зертханалық сабақтарының мазмұны
3 - тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

1- сабақ. Кен ұсақтарын кесектеу технологиясы.

Сабақтың мақсаты кен ұсақтарын шекемдеу режимін және алынған шекемтастардың қасиеттерін оқып үйрену.

Жұмыс туралы қысқаша теориялық мәліметтермен танысу, жұмысты әдістемеге сәйкес орындау, графиктерді, кестелерді құру, есептеулер, қорытындылар жасау.
7 - тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

2- сабақ. Өңсіз үлгіде құйма кесектердің қалыптасу үрдісін зерттеу.

Сабақтың мақсаты құйма кесектегі әртүрлі кристалдық аймақтардың үрдістің геометриялық ұқсастығын моделдеу арқылы жасау және оның металдың кристалдық құрылысына әсерін, сонымен қатар шөгу қуыстарының пайда болу механизімі мен физикалық біртексіздігінің дамуын көрсету.

Жұмыс туралы қысқаша теориялық мәліметтермен танысу, жұмысты әдістемеге сәйкес орындау, графиктерді, кестелерді құру, есептеулер, қорытындылар жасау.




Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі


1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі технологияда металлургияда алатын орны.

1- тапсырма. Советтік және қазақстандық ғалымдары және олардың дүниежүзі металлургиясының дамуына қосқан үлестері. Металлургиялық өндірістер туралы ортақ мәліметтер. Қара және түсті металлургия зауыттарындағы металлургиялық өнімдердің әр түрлілігі.

2- тақырып. Негізгі металлургиялық үрдістермен кешендер.

2-тапсырма. Машиналар, агрегаттар және кешендердің үздіксіз және периодтты жұмысы. Таралатын және таралмайтын ағымдар желісі, ағындағы қорды жасау желісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 113-117; [15], 15-19 б.


3 - тақырып. Пайдалы қазбаларды байыту.

3 - тапсырма. Металлургиядағы байыту үрдістерінің әсерін талдау.

«Байытудың негізгі тәсілдері» тақырыбы бойынша жасалған хабарландыру негізінде, байыту тәсілдерінің салыстырмалы талдауын жасау.

Байыту туралы толық түсінік. Байытудың гравитациялық әдісі. Байытудың флотациялық әдісі. Магнитті байыту. Электрлі байыту.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 9-10 б.


4- тақырып. Металлургиялық үрдістерді жүргізуге арналған материалдар

4-тапсырма. Отқа төзімді материалдардың түрлері және классификациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 102-109; [5], 121-130 б.


5-тақырып. Шойын металлургиясы.

5-тапсырма. Шойын өндірісіне арналған шикізаттарды дайындау. Шойын және қождың құралуы. Кокстың жануы және домна газының құралуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 106-117; [5], 130-142 б.


6 -тақырып. Болат өндірісі.

6 - тапсырма. Металлургиялық үрдістермен байланысты мәселелерді талдау.

Дәрістік сабақтарда, қосымша әдебиеттерден, интернеттен алынған мәліметтердің негізінде, металлургиялық үрдістердің проблемалары жайлы хабарландыру жасау.



7 - тапсырма. Болат өндірісінің конвертерлі әдістерінің өркендеуі. Қарапайым мартендік үрдістің әртүрлілігі. Индукциялы пештерде болатты балқыту. Электрлі металлургияның арнай түрлері. Пештен тыс тазалау. Болаттың қышқылсыздануы және легірленуі. Темір қорыту өндірісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 119-128 б.


7-тақырып. Құйма кесектердің және дайындамалардың сапасын көтерудің және металдарды құю технологиясының қазіргі заманғы жағдайы.

8-тапсырма. Құю әдістерінің классификациясы. Негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері. ДҮҚМ түрлері және олардың құрылғылары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 497 б., 554 б; [16], 128 б.
8- тақырып. Мыс өндірісі

9- тапсырма. Қазақстан Республикадағы «Казахмыс» корпорациясының жұмысын талдау.

«Казахмыс» корпорациясының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



10 - тапсырма. Мыс штейндерді конвертерлеу. Мысты тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.


9- тақырып. Алюминий өндірісі

11 - тапсырма. «Қазақстан Алюминиі» АҚ жұмысын талдау.

«Қазақстан Алюминиі» АҚ жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



12 -тапсырма. Электролитикалық жолмен алюминий алу. Алюминийді тазалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.


10 - тақырып. Мырыш өндірісі

13 - тапсырма. «Казмырыш» АҚ жұмысын талдау.

«Казмырыш» АҚ жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



14-тапсырма. Мырышты алудың гидрометаллургиялық әдісі. Концентраттарды күйдіруге (обжиг) арналған агрегаттар. Күйіндіні сілтілендіру сүлбесі. Мырыш электролизі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.


11- тақырып. Титан өндірісі

15 - тапсырма. Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.


12 - тақырып. Магний өндірісі

16 - тапсырма. Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Титан-магнийлі кәсіпорындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



17-тапсырма. Магнийді электролиттік жолмен алу. Тетрохлоридті титанды магниймен тотықсыздандыру арқылы (губчатты) губка тәріздес титан өндіру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 97-119; [5], 150-155 б.


13 - тақырып. Қорғасын өндірісі

18 - тапсырма. Қорғасын-мырышты кәсіпорындарының жұмысын талдау.

Қорғасын-мырышты кәсіп орындарының жұмысы жайлы баяндама дайындап, оны ауызша тапсыру.



19- тапсырма. Қорғасынды агломератты қара қорғасынға шахталы балқыту. Агломерат алатын қорғасынды концентратты күйдіруге арналған агрегаттар. Қара қорғасынды тазарту.

Ұсынылатын әдебиеттер: [15], 136-185; [5], 174-182 б.


Бақылау сұрақтары


  1. Қазақстан экономикасында металлургия қандай орын алады?

  2. Қазақстанда қандай металдар өндіріледі?

  3. Болат пен мыс өндірісте қайда орналасқан?

  4. Металлургия дегеніміз не?

  5. Кендерде металдар қандай түрде кездеседі?

  6. Металл өндіру әдістерін атаныз.

  7. Байыту әдістердің қандай түрлерін білесіз?

  8. Ұсақтау мен ұнтақтаудын айырмашылығы неде?

  9. Електердің қандай түрлерін білесіз?

  10. Классификация дегеніміз не?

  11. Классификаторлардың қандай түрлерін білесіз?

  12. Конценртрациялау (жинағыш) столдардың жұмыс істеу принципы неге негізделген?

  13. Отсадкалау машиналар дегеніміз не?

  14. Флотацияның ерекшелікиері қандай?

  15. Күшті магниттердің әлсіз магниттердае айырмашылығы неде?

  16. Элетрлік байыту қалай жүргізіледі?

  17. Отынның қандай түрлері металлургияда қолданылады?

  18. Көмірмен салыстырғанда кокстың қандай артықшылықтары бар?

  19. Отқа тқзімді материал дегеніміз не?

  20. отқа төзімді материалдар не үшін қолданылады?

  21. Шойын дегеніміз не?

  22. Домна пешінің құрылысы қандай?

  23. Колошниктер қайда орналасқан?

  24. Шойынды домна пешінің қай жерінен шығарады?

  25. Кауперлер не үшін қажет?

  26. Домна пешінің өнімділігін қалай бағалайды?

  27. Болат дегеніміз не?

  28. Конверторларда қандай отын қолданылады?

  29. Конверторларда болат өндірудің кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

  30. Мартен пешінің құрылысы қандай болады?

  31. Балқыту үрдісі қандай кезеңдерге бөлінеді?

  32. Электрпештің құрылысы қандай?

  33. Мыс концентраттарын не үшін күйдіреді?

  34. Штейн дегеніміз не?

  35. Қай нау қабаттағы пеште үрдістер қалай жүреді?

  36. Мысты электролизбен не үшін тазалайды?

  37. Мырыштың қандай минералдарын білесіз

  38. Қазақстанда мырышты қай жерде өндіреді?

  39. Мырыш кендерінен қосымша қанша элемент алынады?

  40. Қорғасынның балқу температурасы қандай?

  41. Агломерациялық күйдірудің мақсаты неде?

  42. Қорғасынды мыстан қалай тазартады?

  43. Магнийдың тығыздығы қандай?

  44. Магний қайда қолданылады?

  45. Сублимация дегеніміз не?

  46. Магний алудың қандай термиялық жолдары бар?

  47. Титан кендерін атаныз.

  48. Титан тетрахлоридының балқу температурасы қандай?

  49. Иодидты титан дегеніміз не?

  50. Алюминийдың балқу температурасы қандай?

  51. Қазақстанда гүлтнозем қайда өндіріледі.

  52. Криолит не үшін қолданылады?

  53. Алюминийды қалай тазартады?

  54. Никельдың балқу температурасы қандай?

  55. Файнштейн дегеніміз не?

  56. Мыстан тазарту қалай жүргізіледі?

  57. Кадмийдың балқу температурасы қандай?

  58. Кадмий қандай өндірістің концентраттарынан алынады?

  59. Электролиз қандай агрегаттарда жүргізіледі?

  60. Прокаттаудың қандай түрлерін білесіз?

  61. Ыстықтай прокаттауды не үшін жүргізеді?

  62. Прокаттау станның тізбегіне не кіреді?

  63. Созу дегеніміз не?

  64. Прокаттау арқылы алынған құбырлардың қандай түрлері болады?

  65. Кесу дегеніміз не?

  66. Штамптау дегеніміз не?

  67. Еркін соғу қандай түрлерге бөлінеді?


Әдебиет
1 Байдильдаева Г.Б. Металлургия меди и никеля: метод. указания к практич. занятиям для студ. металлургических специальностей. / сост. : Г.Б. Байдильдаева, З.Б. Каршигина, А.Ж. Таскарина. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. – 58 с.

2 Быков П.О. Разливка и кристаллизация: методические указания к лабораторным занятиям / Сост. П.О. Быков. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2008. – 26 с.

3 Валиев Х.Х. Металлургия свинца, цинка и сопутствующих металлов. Учебник / Х.Х. Валиев, Ю.П. Романтеев. – Алматы, 2000. – 441 с.

4 Воскобойников В.Г. Общая металлургия [Текст]: Учебник для вузов. 6-е изд., перераб. и доп. / В.Г. Воскобойников, В.А. Кудрин, А.М. Якушев. – М. : ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с.

5 Жукебаева Т.Ж. Металлургия: учебное пособие / Т.Ж. Жукебаева, М.К. Альжанов. – Караганда: КарГТУ, 2002. – 87 с.Муканов Д. Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития. – Алматы, 2005. – 290 с.

6 Коржова Р. В. Сырьевая база и обогащение руд. Учеб. пособие. В 2-ух частях: Ч.1 Руды и минералы. – М.: МИСиС, 2001.

Ч. 2 Технология обогащения руд. – М.: МИСиС, 2002.

7 Лузгин В.П., Казаков С.В. Металлургия стали. Внепечная обработка. Учебное пособие. – М.: МИСиС, 2003. – 47 с.

8 Николаев И.В. Металлургия легких металлов. Учебник / И.В. Николаев, В.И. Москвитин, Б.А. Фомин. – М. : Металлургия, 1997. – 432 с.

9 Сүлеймен Е.Б. Конвертерлік болат өндіру. Әдістемелік нұсқаулық / Е.Б. Сүлеймен, Э.Б. Ланевский. – Павлодар, 2005. – 360 б.

10 Таскарина А.Ж. Балқымаларды пештен тыс өңдеу. Пәннің оқуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар 050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған. Құрастырушылар: А.Ж. Таскарина, П.О. Быков – Павлодар : Кереку, 2008. – 40 б.

11 Уткин Н.И. Производство цветных металлов. – 2-е изд. – М. : Интермет Инжиниринг, 2004. – 442 с.

12 Худайбергенов Т.Е. Металлургия легких металлов: Учебник – Алматы, 2001. – 235 с.

13 Арсентьев П.П. Общая металлургия / П.П. Арсентьев, В.В. Яковлев, М.Г. Крашенинников, А.В. Зиновьев, И.П. Арсеньева. – М. : Металлургия, 1986. – 360 с.

14 Зверевич В,В., Перов В.А. Основы обогащения полезных ископаемых. – М. : Металлургия, 1985 – 480 с.

15 Красавцев Н.И. Металлургия чугуна. – М. : Металлургиздат, 1952. – 639 с.

16 Кнюппель Г. Раскисление и вакуумная обработка стали: Основы и технология ковшовой металлургии. – М.: Металлургия, 1984. – 413 с.

17 Лапицкий В.И. Металлургия стали / В.И. Лапицкий, Н.И. Ступарь, О.И. Легкоступ. – М. : Металлургиздат, 1963. – 327 с.

18 Машиностроение. Энциклопедия в 40 томах. Том IV-5 Машины и агрегаты металлургического производства. – М.: Машиностроение, 2004. –

912 с.


19 Машины и агрегаты металлургических заводов. Учебник в 3-х томах. – М. : Металлургия, 1976. – 1981 с.

20 Перов В.А., Андреев Е.Е., Биленко Л.Ф. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. – М.: Недра, 1990.

21 Севрюков Н.Н. Общая металлургия / Н.Н. Севрюков, Б.А. Кузьмин, Е.В. Челищев. – М. : Металлургия, 1976. – 568 с.

22 Троицкий И.А. Металлургия алюминия / И.А. Троицкий, В.А. Железнов. – М. : Металлургия, 1977. – 392 с.



23 Целиков А.И. Металлургические машины и агрегаты: настоящее и будущее. – М. : Металлургия, 1979 – 240 с.





жүктеу 197,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау