«білім берудегі менеджмент»


Педагогикалық ұжыммен басқару стильдерi



жүктеу 82,3 Kb.
бет8/18
Дата26.09.2023
өлшемі82,3 Kb.
#43546
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
ЛЕКЦИЯ 2

3.2. Педагогикалық ұжыммен басқару стильдерi.
“Педагогикалық басқару” ұғымы “бiлiм берудi басқару” ұғымынан кең, өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген “адам – адам” жүйесiнде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негiзгi түрiне бағынады – педагогикалық процесс субъектi іс-әрекетiн басқару.
Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты объектiсi – өсiп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекетi. Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.
Бiлiм беру мекемесiн басқару іс-әрекетiнiң басқа мекемелер немесе өнеркәсiп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуiр айырмашылығы бар. Бiлiм беру жүйесiнiң иерархиялық құрылымының әрбiр элементiнде, министрлiк болсын, облыстық, аудандық басқарушы орган (департаменттер, бiлiм беру бөлiмдерi) немесе мектептер болсын, бәрiнде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлерi кездеседi, мысалы: әкiмшiлiк, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлерi бiлiм беру жүйесiнiң шеңберiнде бiр-бiрiмен байланысты, олардың бәрi жалпы тәрбиелiк және бiлiм беру мiндеттерiн шешуге бағытталған. Егер бiлiм беру жүйесiн қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерiнiң үлес салмағы мен қатынасы әртүрлi екенiн байқауға болады. Мысалы, министрлiк, облыстық, аудан және қалалық бiлiм беру басқармасы деңгейiнде кешендi процесс ретiндегi басқару жүйенiң арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетiне қажеттi материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлiк және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Жоғары мектеп басшылары, мұғалiмдер деңгейiнде педагогикалық басқару практикалық қызмет-әрекеттерiндегi педагогикалық талаптарды тiкелей жүзеге асыру ретiнде толығырақ көрiніс береді. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету ( материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бiрақ бағынушылық мәнге ие.
Әлеуметтік психологияда ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында қарым – қатынаста, басқаруда кәсіби әрекеттің типтері: авторитарлық, демократиялық, либералдық болып бөлініп көрсетілген. Бүгінде бұлардың көмегімен мұғалімнің, ата–аналардың әрекет стильдері, мұғалімнің оқушымен қатынасының сипаты, оған қоса тәрбиелеудің типтері мен модельдері сипатталады. Тәрбиелеудің авторитарлы стильнде мұғалім оқушыларға үстемдік жасау арқылы, өзі шешім қабылдап, не істеу керектігін шешіп, оқушылардан шешімді мүлтіксіз орындалуды талап етеді. Демократиялық стиль – басқалармен бөлісіп, шешімдерді бірге қабылдауды, жұмыстар мен тапсырмаларды бөліп жүзеге саыруды, оқушылардың өзіндік көзқарастарының сипатымен ерекшеленеді. Либералды стиль – мұғалім оқушыларға шексіз бостандық береді, сабақтардың, әрекеттің түрін өздеріне таңдауға, қарым – қатынас орнатуға т.б құқық береді.
Көрініп тұрғандай, тәрбиелеудің ортақ концепциялары арасында тәрбиелеу процесінің сипатының арасында, мұғалімнің әрекеті мен тәрбие процесіне қатысушылардың арасында тығыз байланы бар. Іс-әрекетте бір стильді қолданатын адамдар сирек кездеседі. Бүгінгі концепция тәрбиелеуді – екі жақты процесс, демократиялық, адамгершілікті қатынас екендігін дәлелдеп отыр. Тәрбиеленуші тұлғасы тәрбиелеу процесінің субьекті ретінде, өзінің әрекетінің субьекті ретінде, өзінің адам болуы мен қоғам мүшесі болуына бағытталған дамуы ретінде көрінеді. Бұл әрекетте тәрбиеленуші мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі.



жүктеу 82,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау