«білім берудегі менеджмент»


-дәріс. Басқарудың тәжірибелік негіздері- 2 сағат



жүктеу 82,3 Kb.
бет12/18
Дата26.09.2023
өлшемі82,3 Kb.
#43546
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
ЛЕКЦИЯ 2

5-дәріс. Басқарудың тәжірибелік негіздері- 2 сағат
Мақсаты: студенттерді басқару ғылым және оның тәжірибесімен таныстыру.
Жоспары:

  1. Басқарудың шетелдік тәжірибесі

  2. Мектепті басқарудағы Қазақстан тәжірибесі



1. Басқарудың шетелдік тәжірибесі
Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша шетелдік ғалымдар И.П. Раченконың еңбегін; мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша Ю.К. Бабанскийдің, Л.И. Гусевтің, В.И. Журавлевтің, В.И. Загвязинскийдің, В.В. Краевскийдің, М.Н. Скаткиннің және т.б.еңбектерін; мамандықты жетілдіру бойынша Я.С. Бенционның, Г.И.Горскаяның,Л.С. Коробкованың т.б.еңбектерін; мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша Г.С. Сухобскаяның, А.С. Пискуновтың, т.б. еңбектерін атап өтуге болады.
Мектеп қабырғасынан-ақ Америкалық басқарушылар ассоциациясы жоғары сынып оқушыларына менеджмент саласында 2-3 апталық арнайы демалыс және оқу лагерьлерін ұйымдастырады. Ойын-сауық іс-шараларымен қоса менеджменттен сабақтар жүргізіледі. Бұл сабақтарды шынайы менеджерлер мен зейнеткерлер өткізеді. Олар балаларды басқарудың ғылыми бастамалары мен практикасымен таныстырады. Лагерьлер ақылы болғанмен шығынның басым бөлігін ассоциация көтереді. Бұл мектеп кезінде оқушылардың басқарушылық қабілеттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Гарвардтық мектеп ерекше орынға ие. Осы мектептің негізін салушылар, басқару – деген ерекше кәсіп және оны медицинаға немесе юриспруденцияға үйреткендей үйрету керек деген тұжырымға негізделді.
Гарвардтық бизнес мектебінде дәстүрлі сабақтарға бөлу жоқ, яғни сабақты лекция мен семинарға бөлу жоқ. Лектордың тыңдаушыларымен қарым-қатынасы тыңдаушылардың белсенді қатысуымен өзара әрекеттестік режимінде жүреді. Болашақ кәсіби менеджерлерді даярлаудың оқу процесіндегі оқыту нақты жағдаятты талдаудан тұрады. Мұндағы мақсат проблеманың тек шешу жолын анықтау ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыларды өз позициясын қорғауға, дәлелдеуге үйрету.
Гарвардтық мектептегі оқу процесінің негізі – нақты жағдаят.
Бейнекомпьютерлік оқыту. Бұл үшін компьютерге әрқайсысы бойынша күнілгері оқу бағдарламасының (екі тілдегі) алгоритміне енгізілген, нақты басқарушылық шешіміді таңдау ұсынылатын логикалық байланысқан жоғдаяттарды көрсететін, жекелеген қысқа эпизодтар жиынтығы түріндегі бейнематериалдар қамтылған дайын бағдарламаларды енгізу жеткілікті. Осы ретте интернетке қосылуды да атап өткен жөн.
Мектептегi практикалық басқару іс-әрекетiнiң бағыттары, құндылығы жағынан бiрдей емес. Мектептiң негiзгi әлеуметтiк мiндеттерiне сәйкес, ол өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының iшiнде оқу-тәрбие жүйесін басқару бiрiншi орында болу керек.
Осылайша, педагогикалық басқару – практикалық іс-әрекет, ол – тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық ж‰йені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен ќатар басқа ж±мыстыњ түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.
Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басшылық етуi бойынша қызметтерi. Мектеп басшылығының қызметтерi Қазақстан Республикасының Бiлiм беру Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi мәселелерi бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалыќ кадрлардың іс-әрекетiн реттейді. Төменде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атќаратын адамдардыњ жұмыстары келтiрiлген.
Мектеп директорының басшылық қызметi, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнай жауапкершiлiгi бар. Мектеп директорының мiндеттерi:

  • кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;

  • оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;

  • оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;

  • оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;

  • Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен уставына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;

  • ата-аналар қоғамдастығы органдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;

  • жергiлiктi қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негiзгi кәсiпорындармен iскерлiк байланыс орнату;

  • мектептегi қажеттi санитарлық-гигиеналық тәртiптi орнату, оқушылардың, мұғалiмдер мен мектептiң қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттiң басқа да түрлерi барысында еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;

  • мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

  • мектеп қызметкерлерiн жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;

  • мектептiң педагогикалық кеңесiмен келiсiп, мұғалiмдердi және мектептiң басқа да қызметкерлерiн мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметi мен мiндеттерi:

  • мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;

  • оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;

  • әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);

  • оқушылардың оқу кµлемін реттеу;

  • мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;

  • оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментініњ нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;

  • оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоѓарлату ‰шін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;

  • мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орныбасарының мiндеттерi:

  • оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру;

  • оқушылар тәрбиесiн жетiлдiру бойынша сынып жетекшiлерi мен ұзартылған күн топтары тәрбиешiлерiмен әдiстемелiк жұмысты жүргiзу;

  • оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;

  • мектептегi сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдiстемелiк бағалау, озат педагогикалық тәжiрибенi қолдау.

Мектептi жаңарту мен оған өзгерiстер енгiзу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет мiндеттерiн орындау үшiн мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық бiлiмдiлiгi, адамгершілік мәдениетi болуы, жұмыста iскерлiк пен жауапкершiлiк көрсетулерi, оқыту мен тәрбиенi жетiлдiрудiң тєсілдері мен шығармашылық әдiстемесiне ие болуы керек, мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жаңашылдық ынтасы мен озат тәжiрибесiне қолдау көрсету. Мектеп басшыларының қызметтерi әдiстемелiк жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.



жүктеу 82,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау