Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет36/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62

72
ментке есептілігі себепті президенттің кез келген актісіне өзіне тиісті министр немесе премьер-мини-
стрдің қолы қойылуы тиіс (мысалы, Австрия, Италия). Үкімет парламент тарапынан құрылатындығы-
на қарамастан, парламенттің алдында саяси жауапкершілікті əрі, егер парламент сенімсіздік вотумын 
білдіргенде, отставкаға кетуге міндетті, ал енді осыған қарамастан, іс жүзінде парламенттің қызметін 
бақылап, оған бағыт-бағдар беріп отырады. Сөйтіп, парламентарлық елдерде үкімет мемлекеттік билік-
ті  нақты  жүзеге  асыруда  ерек ше  рөл  атқарады.  Мысалы,  Италия,  ФРГ,  Индия,  т.б.  парламентарлық 
елдерде барлық атқарушылық билік үкімет басшысының қолына топталған (премьер-министр, феде-
ральдық канцлер, министрлер кеңесінің төрағасы). Бұлардың ынтасы бойынша пре зидент өте жауапты 
шешімдерді қабылдайды. Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен саяси партияның жетекшісі өзі үкімет 
бас шысы  болады  əрі  оның  құрамын  өзі  түзеді.  Міне,  осыдан  келіп,  парламентарлық  елдерде  үкімет 
саяси партиялармен тығыз байланыста болады. Осындай парламенттік жүйенің жауапкершілікті болуы 
нəтижесінде үкімет тек жеңіске жеткен саяси партиялардың жетекшілерінен құрылады (біз бұл арада 
бір партиялық үкіметті меңзеп отырмыз) /2/.
Шет елдердегі сайлау жүйесі, сайлау түсінігі.Əр мемлекеттердегі саяси режимнің əр түрлілігіне 
(оның ішіне авторитарлық, диктаторлық та кіреді) байланысты сайлау жүргізіліп отырады. Сайлау жүр-
гізілгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру қағидалары мемлекеттегі демократизмнің деңгейін си-
паттайды. Өкілдік органдарды қалыптастыру кезінде үш негізгі басты түсініктер қолданылады. Олар: 
сайлау, сайлау жүйесі, сайлау құқығы. Кең мағынадағы сайлау азаматтардың өз еркімен, бірнеше неме-
се екі кандидатты немесе саяси партияны сайлау мүмкіндігі.
Адамзат қоғамындағы ежелгі институттардың бірі сайлау институты. Сайлаудың бір нысаны қауым-
дық қоғамда, Римде құл иеленушілік қоғамында мемлекеттіліктің қағидасына ие болып, капиталистік 
қоғамдық  қатынастардың  дамуымен  республикалық  басқару  нысанының  пайда  болуымен  байланы-
сты сайлау ерекше маңызға ие болады. Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің 
ажырамас бөлігі болып табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің деңгейін анықтайды.
Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бірі сайлау құқығы. Тəжірибе жүзінде 
сайлау саяси процестің жарыс сөздігі, саяси күрестердің рұқсат берілген нысаны, оны жүзеге асыру 
кезінде конституциялық бекітудің шегінде қамтамасыз етілген құрал. Сайлау құқығы конституциялық 
құқықтың ең маңызды институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күр-
делі саяси күрес. Сайлау құқығы əдет-ғұрып тəжірибесінде қалыптасқан, адамзатқа сайлауға қатысу 
құқығын  беру  тəртібін  реттейтін  өкілеттік  билік  органдарын  қалыптастыру  тəсілдерінің  ережелерін 
заңды санкцияландырылған құқық нормаларынан тұратын конституциялық құқықтың негізгі институ-
ты /3/.
Сайлау – бұл  бұқаралық  билік  органының  құрылу  процедурасы  немесе  лауазымды  тұлғаларға 
өкілеттік беру.
Сайлауды келесі түрлерге жіктеуге болады:
-  тікелей сайлау;
-  жанама сайлау;
-  жалпы, мұнда елдің барлық сайлаушылары қатысады;
-  қосымша  жəне  бөлше,  олар  жеке  депутаттардың  алдын-ала  шығуына  байланысты  территория 
бөлігінде өткізіледі;
-  ұлттық, аймақтық, жергілікті;
-  қайта дауыс беру;
-  кезекті;
-  униноминалды (əрбір төңіректен бір тұлға сайланады) жəне полинноминалды (төңіректен бірнеше 
тұлға сайланады) яғни ол мандаттар санына байланысты;
Сайлау жүйесі – сайлау қорытындысы шыққаннан кейін мандаттарды кандидаттарға бөлу тəсілі. 
Сайлау жүйесі (жалпы мағынада) – қауымдық биліктің органдарын сайлаумен байланысты ретке кел-
тірілген қоғамдық қатынастар. Сайлау жүйесінің қызметі азаматтардың депутаттыққа кандидаттарға 
қатысты өз еріктерін көрсету бостандығын қамтамасыз ету. Əлемде сайлау жүйесі пропорциональды 
жəне мажоритарлы болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің айырмашылығы сайлаушылардың дауыстары-
ның саны мен сайланған депутаттардың санының арасындағы теңсіздіктің (диспропорция) деңгейі.
Можаритарлық сайлау жүйесі- көпшілік қағидасы жатқан сайлау мандаттарын бөлу жүйесі. Ол 
бір жəне көп мандатты төңіректерде қолданылып, 40-тан астам елдерде пайдаланылады. Ол көптеген 
ішкі жүйелерге бөлінеді.
Салыстырмалы көпшілік ішкі жүйесі- бұл басқа кандидаттарға қарағанда неғұрлым көп дауыс 
жинаған кандидат сайланады деп есептелінетін ішкі жүйе. Мұнда сайлауға сайлаушылардың міндетті 


73
қатысу минимумы бекітіледі.
Абсолютті көпшілік ішкі жүйесі- бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың абсолютті көп да-
усын жинаған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 50%+1 дауыс. Мұнда дауыс беруге 
қатысуға міндетті сайлаушылардың минималды пайызы бекітіледі.
Білікті көпшілік ішкі жүйесі – бұл білікті көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі 
жүйе, яғни 2/3, 3/4 т.б. дауыс /4/.
Пропорциональды  сайлау  жүйесі.Пропорциональды  жүйеде  депутат  партиялық  тізім  негізінде 
сайланады жəне сайлаушылар нақты партияға дауыс береді. Мəні: сайлаушылардың даусы үшін жеке 
кандидат емес, саяси партиялар күреседі; партиялар «партиялық тізімді» ұсынады, онда сол партияның 
мүшесі, сонымен қоса олардың мандатқа ие болу кезегі көрсетіледі; партиялар арасындағы мандаттар, 
олардың  арасында  партиялардың  сайлау  кезіндегі  дауыс  берушілердің  дауысына  пропорциональды 
бөлінеді, яғни партиялар көп дауыс жинаса, сəйкестелген түрде көп мандатқа ие болады. Оның ерек-
шелігі: көппартиялық пен саяси плюрализмді нығайтады; парламенттің қалыптасуына əсер етеді; саяси 
күштердің қоғамдағы орнын ашады; саяси аренадан ұсақ партияларды ығыстырмайды. Кемшіліктері: 
партияға дауыс бергенде, тек олардың басшыларын ғана біледі; нақты депутат пен сайлаушылардың 
арасында тікелей жəне кері байланыстың болмауы. Ең бірінші бұл жүйе Ұлы Француз революциясы 
кезінде ұсынылды жəне ең алғаш рет 1889 жылы Бельгиядағы сайлауда қолданылды. Қорыта айтқанда, 
қандай да ел болмасын мемлекетті басқарудағы үлкен саясатта Президенттің рөлі өте жоғары екендігі 
айдан анық. Президент сайлауын дұрыс заңға сəйкес жүргізілуі жəне ұйымдастырылуы мемлекеттің 
өсіп өркендеуіне, дамуына үлкен септігін тигізеді деген пікірдеміз.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. Нысанбаев Ə. «Жалпы ұлттық келісім жəне демократиялық даму». Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 
25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ə. Халықтың қуаты бірлікте. «Ата-заң арналары». Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-та-
мыз.
4. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалып-
тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012
5. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс». Ана тілі, 
2009 жыл 15 қазан. 
6. http://shkola-isatai.at.ua/publ/gylymi_zhumystar/bolasha_za_gerlerdi_k_sibi_a_paratty_tekhnologijaly_dajarly_
yn_zhetildiru/25-1-0-985
7. http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/26578-zangerlerdi-dajarlau-sapasy-syn-kutermejdi
КЛАССНЫЙ КОЛЛЕКТИВ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ САМООЦЕНКИ 
МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ
Сагитова Р.В.
 магистрант 1 курса специальности 6М010300 – «Педагогика и психология»
Карипбаева Ш.Т.
 старший преподаватель, магистр педагогических наук 
Государственный университет имени Шакарима г. Семей
Детский коллектив – такая группа детей, которую объединяют общие, имеющие общественно цен-
ный смысл цели и совместная деятельность, организуемая для их достижения. 
Коллектив – группа людей высокого уровня развития, отличающаяся сплоченностью, интегратив-
ной деятельностью, коллективистской направленностью [1, с. 108].
Самооценка – это стержневая характеристика личности, ее ядро. Самооценка включает в себя оцен-
ку самого себя, своей деятельности, своего положения в коллективе, своего отношения к другим его 
членам.
С поступлением ребенка в школу начинается активное приобретение навыков общения. Приобрете-
ние навыков социального взаимодействия с группой сверстников и умение заводить друзей являются 
одной из важнейших задач развития ребенка на этом возрастном этапе. Благоприятный психологиче-


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау