Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет35/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62

70
жағынан айқын ерекшеленетін, белгілі бір кəсіптің шеңберінде жиі пайдаланатын сөздер, терминдер, 
сөз тіркестері, клишелер жүйесі жəне пайдалану ережелерінің жинағы. Тілдің қызметін қарастырғанда 
тілдің конструктивті – өз ойыңды қалыптастыру; комуникативті – сөйлеу, баяндау; эмотивті – белгілі 
бір затқа, құбылысқа, жағдайға сөйлеушінің өз қатысын білдіру жəне біреуге əсер ету функциялары 
деп бөлеміз. Кəсіби тілдің қызметін осы тұрғыдан қарастыруды ұсынып отырмын. Біріншіден, кəсіби 
ағылшын тілінің конструктивті функциясын қалыптастыру үшін тыңдаушылардың өз саласы көлемін-
де кəсіби мəтіндермен танысып, өз ойларын қалыптастыра алатындай сөздік қормен қамтылуы тиіс. 
Жоғарыда айтылғандай дайын қалыптар мен терминдерді еркін танып, олар сөйлеу əрекетінің негіз-
гі бірліктеріне айналуы тиіс. Екіншіден, комуникативті функцияны атқару үшін кəсіби ағылшын тілі 
жиі қолданыста болып қана қоймай, кəсіби ағылшын тіліне толық ену қажет, яғни, сөйлеу əрекеті тек 
ағылшын тілінде болып, үйренуші «ағылшын тілінде ойлай білу» білігіне жетуі тиіс. Үшіншіден, эмо-
тивті функция жоғарыдағы екі функцияның туындысы не нəтижесі болуы тиіс. Егер кəсіби ағылшын 
тілін білу деңгейі осы қызметті атқарса, онда тыңдаушыны ағылшын тілді маман деуге болады. Заңгер 
мамандарды оқытуда, əсіресе «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша «Кəсіби бағдарланған ағыл-
шын тілі» пəнін міндетті компонентке енуі керек. Жаңа пəн кері ықпал жасап қана қоймай, қалыпта-
сқан оқыту дəстүрлерін қайта қарастыруға əкеліп соқтыруы мүмкін. Сабақ өткізу, ұйымдастыру кезеңі, 
білімді бағалау жəне бақылау шарттары, тапсырмалардың орындалуы секілді əдіс-тəсілдер қайта қа-
растыруды қажет етеді. Жаңа пəннің оқыту əдістемесіне міндетті түрде инновациялық оқыту əдістері 
еңгізілуімен қатар электронды оқулықтар, интерактивті технологиялар оқу жұмыс бағдарламасының 
негізгі құралы болып анықталуы керек деп есептеймін. 
Қазіргі таңда осы тұрғыда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік универсиетінде жалпы 
мамандық дайындауда түлектерінің құзыреттілікпен сұранысқа лайықты болуына аса мəн беріп, ше-
телдерден ілгері ЖОО-ның озық технологияларын пайдалану, жаңа оқу жұмыс бағдарламасын ендіріп, 
шет тілін мамандықтың кəсіптік деңгейінде меңгеруін міндеттеп отыр. Ол үшін шет тілінде дəріс бе-
ретін ОПҚ дайындауды басты мақсат етіп, іске асыруға кірісіпте кетті.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан  Республикасының  Президенті – Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қа-
лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14.12.2012
2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы
3. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс». Ана тілі, 
2009 жыл 15 қазан. 
4. http://shkolasatai.at.ua/publ/gylymi_zhumystar/bolasha_za_gerlerdi_k_sibi_a_paratty_tekhnologijaly_dajarly_
yn_zhetildiru/25-1-0-985
5. http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/26578-zangerlerdi-dajarlau-sapasy-syn-kutermejdi
6. http://shkolaisatai.at.ua/publ/gylymi_zhumystar/bolasha_za_gerlerdi_k_sibi_a_paratty_tekhnologijaly_dajarly_
yn_zhetildiru/25-1-0-985
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ 
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏРТЕБЕСІ
Нақыпов Балғабай Исақұлұлы
 заң ғылымдарының докторы, профессор,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президент кеңесшісі
Баетов Ерназар Көпжасарұлы
 құқық магистрі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Президент кеңесшісінің көмекші-референті
Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекет бас-
шысы деп, басқарудың ешбір нысанына қарамастан, белгілі бір елдің мемлекеттік билік жүйесіндегі 
заңды түрдегі жоғары лауазымды тұлғаны айтады. Монархия нысанында басқарылатын елдің мемлекет 
басында монарх (император, король, т.б.) отырады. Монарх билігі мирасқорлықты: тақ мирасқорлығы 
тəртібі конституциямен не басқа да бір заңдармен бекітіледі. Марокко Корольдігінің Конституциясы 


71
бойынша тəж бен тақ жəне олардың конституциялық құқығы мирастыққа жатады əрі атадан балаға «ті-
келей еркек кіндіктен таралатын желімен жəне Ұлы Мəртебелі Король Хасан П-ден бастап, тұңғыштық 
тəртібімен белгіленеді». Ал, тікелей еркек кіндіктен таралатын желімен мирасқор болмаған жағдайда, 
ер жағынан ең жақын (бүйір) еркек кіндік туыстарына мирасқа ие болу құқығы беріледі. Ал, егер де 
корольдің жасы əлі кəмелетке толмаса (18 жас), онда тəж бен тақтың конституциялық құқығын регент 
кеңесі  жүзеге  асырады.  Бұл  орган  король 22 жасқа  жеткенге  дейін  король  қасындағы  кеңес  құрамы 
корольдің ең жақын туыстары, Жоғары соттың төрағасы, өкілдер палатасының төрағасы жəне король-
дің  жеке  өз  ұйғарымы  бройынша  король  тарапынан  тағайындалған 7 адамнан  тұрады.  Қазіргі  кезде 
басқарудың  монархиялық  нысандағы  елдерде  мемлекет  басшысы  қызметін,  əдетте,  монарх  жеке  өзі 
жүзеге асырады. Дегенмен, мемлекеттер тəжірибесінде монарх сайлауы да болатынын айтып өткеніміз 
орынды. Мысалы, 1984 жылы Малайзияда мемлекет басшысына (монарх болып) Туанку Искандр əл-
Хадж  Ибни  əл-Мархум  султан  Исмаил  (Джохор  штатының  сұлтаны)  сайланды.  Енді  осы  жайларды 
анықтай  түсу  үшін  конституцияларға  жүгінейік.  Мысалы,  Испания  конституциясының 56-бабында: 
«Корольдің жеке басына қол сұғылмайды, ол ешқандай жауапкершілікке алынбайды». Сонымен бірге 
конституциясыда мемлекет басшысы лауазымындағы мирасқор монархты орнынан алып тастау жағы 
заң жолымен қарастырылмағанын айта кеткеніміз жөн. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты, 
мысалы, монархты тақтанбас тартуға мəжбүрлеу, мемлекеттік төңкеріс, лайықсыз монархты  күштеп 
жоқ ету сияқтыкүштеп жоқ ету сияқты, т.б реттердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көп елдердің 
басынан өткені де белгілі (Албания, Болгария, Ауғанстан, Венгрия, Италия, Египет, Ирак, Румыния, 
Эфиопия,  Югославия,  т.б).Басқарудың  республикалық  нысаны  елдерінде  мемлекет  басшысы  прези-
дентті сайлаудың үш жүйесі бар:
Президентті тікелей сайлау президенттік републикаларда жүргізіледі. Президенттік республикалар-
да  мемлекет  басшысы  бұл  орынға  (президенттік)  парламент  қатысуынсыз  отырады  (мысалы,  Ресей, 
Мексика,  Өзбекстан,  ВенесуэллаРеспубликасы,  Тунис  Республикасы,  Колумбия  Республикасы,  Ко-
ста-Рика  Республикасы,  т.б).  Президенттік  сайлауға  заң  бойынша  дауыс  беруге  арналған  тізімге  ен-
гізілген барлық сайлаушылар қатысады; дауыс беру нəтижесі мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша 
анықталады /1/.
Президентті жанама сайлауда президенттік республикаларда жүргізіледі. Бұл сайлау түрінде сай-
лаушылар əдетте, дауыс берушілер коллегиясын сайлайды, олар кейін президентті сайлайды. Мыса-
лы, АҚШ президенті дауыс берушілер коллегиясы арқылы сайланады. Осы елдің Конституциясының 
11-бабына сай əрбір штат осы штаттың заң шығарушы жиналысы белгілеген тəртіп бойынша дауыс 
берушілерді тағайындайды. 
Шет  елдердегі  Үкімет.  Үкімет,  əдеттегідей,  нақты  бір  мемлекеттің  атқарушы  билігі  жүйесіндегі 
жоғары алкалы орган болып табылады. Шетелдердің көптеген конституциялары Үкіметтің занды мəр-
тебесін өздерінше түсіндіріп береді. Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 70-бабы бой-
ынша Республиканың мемлекеттік билігінің жоғары атқарушы органы – үкімет болып саналады. Ал, 
Франция Республикасы Конституциясының 20-бабыңда: «Үкімет ұлттық саясатты анықтап, оны жүзе-
ге асырады», – деп жазылса, Марокко Корольдігі Конституциясының 60-бабында: «Үкімет зандардың 
орындалуын қамтамасыз етеді. Ол əкімшілікті басқарады», – деп көрсетілген. Испа ния Конституция-
сының 97-бабына жүгінсек: «Үкімет ішкі жəне сыртқы саясатты, азаматтық жəне əскери əкімшілік пен 
елдің қорғанысын басқарады. Ол өзінің атқарушылық билігін консти туция мен зандарға сəйкес жүзеге 
асырады». Дегенмен, үкіметтің мемлекет билігін жүзеге асырудағы іс жүзіндегі рөлін, сондай-ақ мем-
лекет басшысымен, парламентпен, конституциялық бақылау органдарымен жəне де абыройлы саяси 
партиялармен  арақатынасын  нақты  анықтап  беретін  ережелер  де  бар.  Мысалы,  президенттік  респу-
бликаларда үкімет парламентсіз жолмен құрылады. Айталық, АҚШ президенті үкіметті өзі түзеді, ал 
конгресс үкімет қызметіне вотум шығарып, сенімсіздік көрсетуге хакы жоқ; үкімет қызметін бакылау 
тек шектеулі түрде. Сонымен бірге президенттік республикаларда үкіметтің парламентпен партиялық 
көпшілікке де тəуелді еместігін айта отырып, үкіметтің парламент үстінен бақылауын партиялық фрак-
циялар арқылы емес, өзі тікелей жүзеге асыратынын ерекше көрсете кету жөн. Мұның басты себебі 
президенттік республикаларда (мысалы, Бразилия, Өзбекстан Республикасы, Аргентина, Боливия, Га-
бон Республикасы, Гамбия Республикасы, Заир Респуб ликасы, Венесуэла, Гватемале) президент өзі бір 
мезгілде мем лекет басшысы да əрі үкімет басшысы да болуында жатыр.
Үкіметтің рөлі парламентарлық елдерде де күшті екенін мойындамасқа болмайды. Мысалы, мемле-
кет басшысы өз міндетін тек үкімет арқылы не болмаса оның санкциясы арқылы ғана жүзеге асырады. 
Ол ол ма, мемлекет басшысының ең маңызды өкілеттігінің бірі болып табылатын парламентті тарату 
құқы мен вето құқы жəне т.б. тек парламенттің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Үкіметтің парла-


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау