Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет38/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62

76
«Дүние бір қисық жол бұраңдаған, 
Бақ тайса мал менен бас құралмаған... – деп басталатын жолдарда Адам -Қоғам-Та-
биғат ұдайы жанды қарым-қатынасқа түсетінін аңдатады. Зерттеуші оны көшпелі өмір салтының та-
биғатпен  тікелей  тамырласып  жататын  əлеуметтік-экономикалық  қалыптастырған  психология  деген 
қорытындыға келеді» деп келтірген Ақселеу Сейдімбектің пікіріне құлақ ассақ, төмендегі өлең жолда-
рынан əлі де сол психологияның үзілмеген сабақтастығын көреміз:
Дүр дүние, 
Дүрмек пе,
Дүрбелең бе?
Белгі болып қалармыз бір белеңде.
Осы өлеңді жазбай-ақ қояр едім
Жалғандығын жалғанның білмегенде...
Уақытқа қарсы дауа жоқ, өмір өтпелі деген идея «Ақ қайың» өлеңінде одан əрі жалғасын табады. 
«Мен жоғымды сенен іздеп келуші ем,
Арманымнан күдерімді үзбеуші ем.
Көктемеде, аппақ қайың, мен сені
Ақ балтырлы, көк көйлекті қыз деуші ем.
Ақын қайыңмен сырласа отырып, алдымен жайнаған шақтарды есіне алады.
Адамзаттың Анасы сен ғанасың – 
Төрле уақыт,
Төрле жыл, 
Төрле ғасыр!
Ақын бəріне төреші уақыт, бəрін адал таразылар уақыт болған соң, оны 
Адамзаттың Анасына теңейді.
Бүгін келсем, əсерің жоқ көктемдей,
Көңілге де бір жел тұрып өткендей.
Ақ балтырың бəз-баяғы қалпында,
Көйлегіңді біреу шешіп кеткендей.
Одан соң көктемдей құлпырған сəттің бұлбұл ұшып, сұрқай күзді суреттейді. Ақын табиғат мезгілін 
тілге тиек етіп, адам өмірін береді. 
Күз келген соң уақыт тартып жетегін,
Жыл құстары тауыпты өз мекенін.
...О, ақ қайың, саған қарап ұқтым мен
Өмір мəңгі көктем емес екенін» [2/253].
«Меннің» айқын сезілуі – философиялық лирикаға хас айрықша нышандар ретінде танылады. Өлең 
ақының мінезінен түзіледі немесе өлеңнен ақынның мінезі көрінеді. «Қашан көрсем де өз өлеңдерінен 
гөрі өзге бір ақынның жүрегінен жырларға туған жауһар балаша қуанып, жатқа соғып жүретін Ғалым 
ағамның бойында тасқа тұнған теңіздің тамшысындай бір əдемі мөлдір тазалық пен қазақтың бəрін 
бауырына басып аймалағысы келіп тұратын даланың мінезіндей дархандық бар» [1/180]. Бұл – жаны 
жырға құштар ғалым інінің ағасына берген бағасы.
Ал өлең өлкесінде ат басын қатар шалдырып жүрген əріптесағаның ініге берген бағасы да Ғалым 
ақынның сыршылдығын, нəзіктігін жасыра алмайды. «Мен Ғалым жырларының табиғатын көкірегінде 
қордаланып қалған шер мен шеменді қопарып тастайтын адуын күшке емес, сол шер мен шеменді си-
палап отырып сылып алатын сиқырлы күшке ие шертпе күйге теңеген болар едім» [1/180].
Аққудың қан төгілген алқымында,
Қыранның қиядағы саңқылында – 
Ғалымжан, кел екеуміз көкке кеттік,
Жасынның жан тапсырып жарқылында,
Егіліп, естен танып, шарқ ұруға [1/203]. 
Ал Серік Аңсұңқарұлының мына шумағында қос ақын өздерінің асқақ талғамын, биік мақсатын та-
ныта отырып, өмірлік позициясын айтып кетеді. Жүрген жерін жасындай тіліп, қалдырған мұрасымен 
дараланып, «жерліктерден» жоғары кету – таланттарға тəн тағдыр.
Ақын өзінің ұлтын сүйер азамат екенін ашық мойындайды:
«Жауын барын сезгесін,
Дауыл барын,
Алашым деп аян ғой ауырғаным...» [5/49]


77
Енді  осы  ұлтшыл  болу  себебін  жеткізеді.  Тілге  тиек  етіп  отырған  дауыл  мен  жауын  ұлтқа  керек 
негізгі тіректер – туған жер, атамекен; дауыл кезеңдер, жауын тамшыларындай қордаланған шер – та-
рих; жəне даладан дарыған мінез болған соң да ақын Алашым деп ауырады. Осы ойды келесі тармақта 
сабақтайды:
«Сексеуілдей тектінің
Сөнбей қалған шоғы едім...» [5/32] 
Ақынның бойында кешегі дүбірлі тұяқты естіп өскен қан, атадан дарыған рух жатыр. 
«Жалғанда жалғыз келемін,
Жанымда  жарық  жалқындар [5/17] деп  бар  саналыға  тəн  жалғыздық  тақырыбына 
соқпай кетпейді. 
«Су емес ақын дегенің – 
Сүмбіле  туса  салқындар» [5/17] Ақын  жүрегі  отты,  уақыт  оған  өз  салқынын  сала 
алмайды.
Ғалым Жайлыбай өлеңінен өзіне тəн үн – нəзік сыр, астарлы мұң естіліп тұратынын əріптестер де, 
ғалымдар да, аға, кіші буында байқайды: Өзі бұл болмысын төмендегідей жеткізеді:
«Қара өлеңімнің қарашығынан
Ыршып бір кеткен тамшымын» [5/17].
Ғалымның табиғатқа етене жақын болмысы мен дала мінезділігіне «Жылқышының баласы...» өлеңі 
жауап береді:
«Жастығымның жазира жайлауы құт,
Айдан асып асқақтап айман-үміт.
Топқа түсіп кеткенмін тоғызымда,
Тобылғы сап қамшы ұстап тайға мініп.
Байтағымның бақыты – толғағаным,
Қыран болып көгіңнен сорғаладым.
Белі шықпай бесіктен бəйге көрген –
Жыр жазбауға хақы жоқ сол баланың» [6/18]. 
Мұқағали  Хантəңірінен  нəр  алып,  Оралхан  Мұзтауға  қарап  бой  түзеген.  Ал  Ғалым  тараң  мінез 
тұларлардың арасында жүріп өскен.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Жайлыбай Ғ.Ж. Тағдырымның тамыры: мақалалар мен сұхбаттар. – Астана: Фолиант, 2008. – 248 бет.
2.  Жайлыбай Ғ. Ж. Ардакүрең. Өлеңдер. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2008. – 288 бет.
3.  Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.– Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968бет.
4.  Əбдіраш Ж. Парыз. Парасат. Пайым. – Алматы, 2001.
5.  Жайлыбай Ғ. Ж. Қарашығымдағы қара өлең. – Алматы: Жазушы баспасы,2004. – 210 бет.
6.  Жайлыбай Ғ.Ж. Тобылғыжарған: Өлең, толғау жəне поэмалар. – Астана:Фолиант, 2011. – 280 бет.
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНДА ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕСІ
Төлен Ж.М.
саясаттану Ph.D. докторы,
əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының аға оқытушысы
С.Демирель атындағы университет 
Аннотация. Мақалада қоғамның негізгі қозғаушы күші болып табылатын жастарда патриотизмді 
қалыптастырудың ерекшеліктері мен оны дамытудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар патри-
отизмнің негізгі құрамдас бөлігі ретінде адамгершілік-моральдік, рухани құндылықтар аталып өтіледі. 
Мемлекетте  жастардың  бойында  патриотизмді  қалыптастыру  жəне  оны  дамыту  арқылы  қоғамның 
тұрақтылығы мен динамикалық дамуына негіз болатыны анықталды. 
Кілт сөздер. Патриотизм, рухани құндылықтар, жастар, тəрбие 
Мемлекеттің басты құндылықтарының бірі патриотизмді дамыту, əсіресе жастардың бойында па-
триоттық сезімді, отансүйгіштікті қалыптастыру бүгінгі мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізгі 
бөлігі болып отыр. Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғам-


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау